Ц дыбысы мен әрпі


Молдаханова Лаура Аскерхановна

Шығыс Қазақстан облысы

Катонқарағай ауданы Берел ауылы

«Берел орта мектебі» КММ жоғары
санатты бастауыш сынып мұғалімі

Сауат ашу

Тақырыбы: Цц дыбысы мен әрпі.

Мақсаты:

1. Ц дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету. Цирк туралы түсінік беру. Ц артикуляциясына көңіл бөлу

2. Ц дыбысы қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы оқушылардың білімі мен тілін дамыту. Логикалық ойлау қабілетін дамыту.

3. Адамгершілікке, ептілікке, достыққа, ұжымдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ц- жазба және баспа түрі, Ц дыбысынан сөздер суреті, карточкалар, цирк, аңдар суреті.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Саяхат сабақ

Әдіс-тәсілдері: Көрнекілік, ойын, әңгімелеу

1) Ұйымдастыру:

— Мақсатын хабарлау.

Ардақта тіліңді,

Ал одан білімді.

Өз тілің үйретер

Өнерді, ғылымды.

Тіліңсіз – білім жоқ,

Білімсіз – күнің жоқ.

— Бүгінгі сабақта біз саяхатқа барамыз.

— Сендер тапсырмаларды дұрыс орындап, дұрыс, жақсы оқуға тырысыңдар.

2) Билет алу:

Ең алдымен баратын жерімізге билет алуымыз керек. Оны бізге ақшаға еміс, білімге сатады екен. Кәне, үй тапсырмасын тексеріп жіберейік.

Щщ дыбысы мен әрпі.

— Әріпті тақтаға жазу.

— Мәтінді оқу.

— Мазмұнын айту.

— Суреттер бойынша атын жазу (тақтада, орнында)

Билет тарату.

3) Пілдің тапсырмасы:

Цц дыбысы мен әрпімен танысу.

Бұл әріпті қалай ғана тапқан,

Аяғына ілініпті қақпан.

Аяғында болмаса егер қақпан,

П дер едім шалқасынан жатқан.

— Баспа және жазба түрін таныстыру.

— Артикуляциясына көңіл аударту.

— Суреттер көрсету арқылы атату.

— Цирк сөзіне дыбыстық талдау жасату.

4) Аюдың тапсырмасы:

— «Аюға көмектесейік» ойынын ойнау.

— Сөздер оқу.

Мәтінді мұғалім оқуы.

— түсінік беруі.

— Оқушылар оқуы.

— Тізбек бойынша оқу.

5) Клоунның тапсырмасы:

«Шар жару» ойыны.

— Карточкалардағы әріптерді пайдаланып, екі сөз айту.

6) Иттің тапсырмасы:

— Дәптермен жұмыс.

— Тақтада Ц жазылуын, элементтерін көрсету.

— Оқушылардың дәптерге жазуы.

7) Маймылдың тапсырмасы:

Ойын: «Өз есіміңді құрай біл»

Ойын: «Ұйқасын тап»- өз есімдерінің ұйқасын табу.

8) Фокусшы – сиқыршының тапсырмасы: (қорытынды)

— ББҮ карточкасын толтыру

— Карточкаларын аударып қою.

— Сөзді оқу: Жақсы азамат болып өсіңдер!!!

9) Бағалау

10) Үйге тапсырма беру

Advertisements

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s