Әлия. С. Жиенбаев


Молдаханова Лаура Аскерхановна

Шығыс Қазақстан облысы

Катонқарағай ауданы

Берел ауылы

“Берел орта мектебі” коммуналдық

мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Әлия. С. Жиенбаев.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды С. Жиенбаевтың «Әлия» өлеңдерімен таныстыру. Өлеңдердің мазмұны мен идеясын меңгерту. Әлия туралы мәлімет беру. Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту. Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу. Адамгершілік, ізгілік қасиеттерін бала бойына ұялату. Өнерді құрметтеуге, өнер адамдарын тани білуге, өнерлі болуға баулу. Әлия мен Мәншүктің ерліктерін әңгімелей отырып ерлікке , батылдыққа, отансүйгіштікке баулу.


Оқыту нәтижесі: Өленнің мағынасын түсінеді, мәнерлеп оқуға жаттығады. Жұптық жұмыс жасайды, бірін – бірі бағалауға ұйренеді.

Ресурстар (сілтеме): «Әдебиеттік оқу» оқулығы, АКТ, слайд, бейнефильмт.б

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.

Әдіс-тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері

Сабақтың байланысы: музыка, тарих

Көрнекілік: Суреттер., интерактивті тақта

Сабақтың формасы: топтық жұмыс

Сабақтың барысы Ұйымдастыру бөлімі

1. Амандасу

Бір – біріне сәтілік тілеу

Күлім қағып қолымды, 1,2,3 деп соғайын,

Қарап тұрған көршіме, қолымды мен бұлғайын.

Жылы- жылы жүзбенен маңдайыңнан сипайын,

Жылы- жылы сқзбенен, жүрегімді сыйлайын.

Ыстық алақаныммен қолыңды бер, қысайын,

Амандасып өзіңмен, ақырын бір қысайын.

Қызығушылықты ояту

2. Топқа бөліну. І топ: «Достық»

ІІ топ: «Бірлік»

3. Ережені қайталау, рөльдерге бөлу

— бағалау парағы туралы айту, түсіндіру

ІІ Үй тапсырмасы С. Машаковтың «Мәншүк» өлеңін қайталау

Топпен жұмыс:

І топ: 1) «Мәншүк» өлеңін жатқа оқу

2) Толықтыру:

Сілкінтіп …………….. жердің жүзін,

Оқ борап, …………….. қаққанда ызың.

……………… қалың жаудан тайсалмаған,

Мен көрдім пилоткалы ………………. қызын.

3) Ерлік, батырлық туралы мақал- мәтелдер жазу

ІІ топ: 1) «Мәншүк» өлеңін жатқа оқу

2) Толықтыру:

Қолында пулеметы …………………. оның,

Бойында ………………………. тасқын оның.

………………………… тізе қосып шабуылда,

Оғымен қырғын майдан …………………………

3) Ерлік, батырлық туралы мақал- мәтелдер жазу

3- ші шумағын хормен оқыту.

Әр шумағынан сұрақ – жауап алу (топтар сұрақ қояды)

1. Өлең кім туралы жырланған?

2. Мәншүктің пулеметінің аты не?

3. Мәншүк не үшін шайқасты?

4. Сенің Мәншүкке ұқсағың келе ме? Не үшін?

ІІІ. Үй тапсырма сын бекіту. І топ: Топтастыру: коллаж бойынша

ІІ топ: Сәйкестендіру.

ІІІ Миға шабуыл -Балалар, көгершін қандай құс? -Ендеше осы көгершін бізге өз сөзжұмбағын жасырыпты, бәріміз бірге шешіп көрейікші.

1. Ұлы Отан соғысына қатысқан пулеметші батыр қыз кім?

2. Мәншүк апамыз Ұлы Отан соғысында қандай қару қолданды?

3. Мәншүк апамыздың пулеметі қалай аталды?

4. Мәншүк өлеңінде зеңбірекпен қатар тағы қандай соғыс қаруы аталған?

Сергіту сәті — сергіту сәтін жасау
ІV. Жаңа сабаққа дайындық Біле бергім келеді, біле бергім Біле беру емес пе тілегі елдің

Ендеше, бүгін Әлия апамызға арнап жазылған «Әлия» өлеңімен танысамыз. -Алдымен Әлия апамыз туралы танысып алайық. –Ендеше экранға назар аударайық. Әлия Молдағұлова туралы бейнероликті көру арқылы жаңа тақырыпқа көшу.

Ү Жаңа сабақ

Түртіп алу стратегиясы

Мұғалімнің кіріспе сөзі

С. Жиенбаевтің «Әлия» өлеңін мәнерлеп оқып беру, қысқаша түсіндіру

— Өлеңді мәнерлеп оқып беру.

— Мазмұнын түсіндіру.

— Сөздік жұмыс: мәрмәр.

Дарынды оқушымен жұмыс. Автормен таныстыру:

— С.Жиенбаев туралы слайд көрсету арқылы түсінік беру

(оқушылар орындарында отырып, түртіп жазып алады)

Оқулықпен жұмыс Өлеңді тізбектегі және іштей оқыту -Барлығы өлеңді өз беттерінше бір рет оқиды, өлеңді бір- бір оқушыға оқыту. І – топ Өлеңдегі түсініксіз сөздерді табады. ІІ – топ Өлеңнің мазмұнын айтады.
Дәптермен жұмыс Мәрмәр – сәндіқ құрылысқа пайдаланылатын жылтыр тас
1. Тапсырма. Әр топ мақал – мәтелдер жазу. Олар берілген мәтінге қатысты екенін айтып көр.
2. -Әлияға арнап көптеген ақындар өлең жазған. Әлия деген әнді білеміз бе? 1977 жылы халқымыздың дара әншісі Роза Рымбаева орындаған «Әлия» әні «Жыл әні» атағын жеңіп алған. Ал әлемдік байқауда лауреат атанғанекен. Ендеше осы әннен үзінді тыңдап жіберсек. Роза Рымбаеваның орындауындағы «Әлия» әні тыңдалады.
VI.Бекіту

Топпен жұмыс

«Кір жаятын сым»

-Біз бүгін Сағи Жиенбаевтың «Әлия» өлеңімен таныстық.

— Әлия кім?

— Болашақтағы Әлия қандай болар еді?

(Оқушылар жалғастырып алып кетеді)

«Венн» диаграммасы арқылы Әлия мен Мәншүкті салыстыру

Постер жапсыру арқылы

VII. Үйге тапсырма «Әлия» өлеңін жаттау.

Осы өлеңге ән шығару.

«Әлия» кинофильмін көру

VIII. Бағалау Бағалау
IX. Қорытындылау Балалар «Өрмекші торы» ойынын ойнап жіберейік

— Өз тілектерін айтқызу

Лаура

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s