Жаңалықтар

SERPIN.KZ сайты туралы


Құрметті Ұстаздар және Ата-аналар!

www.serpin.kz — Серпін сайты жаңадан жұмысын бастады және  «СЕРПІН ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АССОЦИЯСЫ» сайты ретінде жұмыс жасайды. Ассоциация дегеніміз қауымдастық. Яғни, білім саласында қызмет етіп жүрген білікті, білімді мамандардың бірлесіп бір мекеме атынан ортақ мүдде үшін бірлесе қызмет атқаруы. Ортақ мүддеміз білім саласы.

Ассоцияция негізгі мақсаты: Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға көмек көрсету және Серпін жобасын қолдау. Қауымдастық мүшелерінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, қауымдастық мүшелерін мемлекеттік органдарда, Қазақстан Республикасының аумағында коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда ұсыну;

Яғни, Республика деңгейінде білім беру саласын қолдау және сол бағыттағы қоғамдық және кәсіби қызметтерді атқару. Қызметтер туралы кеңірек түсіндіріп жазар болсақ:

  1. Серпін жобасы туралы түсіндіру және қолдау жұмыстарымен айналысады. Мысалы, Серпін жобасымен қалай оқуға болады, қандай құжаттар керек, оқыған кезде қандай жеңілдіктер мен міндеттер бар, оқу бітірген соң жұмысқа орналасу қалай болады т.б барлық сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік болады.
  2. Ұстаздар үшін қажетті кәсіби және тәжірибелік, құқықтық бағытта қолдау көрсетуге мүмкіндік жасалады. Мысалы, Аттестацияда қандай құжаттар керек, аттестация қалай тапсырылады, сабақ қалай өткізіледі, білім саласындағы реформалар мен жаңалықтар туралы пікірлесу, кәсіби ұстаздардың тәжірибесін пайдаланып білім жетілдіру т.б барлық сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік болады.
  3. Құқықтық бағыт дегеніміз — Оқушылар, студенттер, ұстаздар үшін құқықтық анықтамалық ақпараттар жарияланады және Ассоцияция тарапынан құқықтық қолдау көрсетіледі. Арнайы заңгер маман білім саласындағы құқық бағытында жұмыс атқарып, заң шеңберінде жұмыстар атқарылады.
  4. Қауымдастық мүшелерінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, олардың жалпы мүліктік және өзге де мүдделерін таныту мен қорғау, жеке алғанда Қауымдастық мүшелерін мемлекеттік органдарда, Қазақстан Республикасының аумағында коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда ұсыну қызметтері атқарылады. Яғни, Ассоцияцияға мүше болу және бірлесе қызмет атқару көптеген мүмкіндіктерге жол ашады.

Қазіргі уақытта «СЕРПІН ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АССОЦИЯСЫ» құжаттары әзірленіп, тіркеуге жіберілді. Тіркеуден алдын қауымдастықты таныстыру және үйлестіру қызметтері атқарылуда.

Тіркелгеннен соң «СЕРПІН ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АССОЦИЯСЫ» алғашқы жиынын өткізіп, алғашқы мүшелерімен таныстырамыз.

Білім саласына жаңа серпін беретін серпілісті жобаға бірге атсалысып, бірге қызмет атқаруға шақырамыз. Ұсыныстар бойынша redaktor@serpin.kz почтасына хабарласуға болады.

Advertisements

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s