Күн шуағы


Байзақ ауданы Бұрыл ауылы

«Бәйтерек» балабақшасының

тәрбиешісі:

Тазабекова Мерзім Дүйсенкуловна

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: Күн шуағы

Мақсаты: Балаларға күн шуағының бүкіл тіршілік иесіне ерекше қажет екенін түсіндіру.Күн туралы түсінігін қалыптастыру. Ұқыптылыққа зерек болуға тәрбиелеу.

Әдіс тәсіЛ.Түсіндіру,сұрақ жауап,практикалық.

Көрнекілігі: Суреттер,желім,слайд.

Іс әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс әрекеті Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбер:

Балалар кане күн сияқты дқңгеленіп тұрайықшы.

Үлкенге де Сіз,

Кішігеде Сіз

Бар адамға құрметпен

Бас иеміз біз.

Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс әрекетімізде «Қөгалдағы балапандар» тақырыбын өткен болатынбыз., бүгінгі ашық оқу іс әрекетіміздің тақырыбы «Күн шуағы»

Мақсаты: Күн шуағының бүкіл тіршілік иесіне ерекше қажет екенін түсіндіру.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көкөтем мезгілінде қанша ай бар?

Дұрыс айтасыңдар.

Осы кезде қоянның жылаған дауысы шығады.

Балалар мұнда біреу жылап отырған сияқты.

Неге жылап отырғанын сұраймыз ба? Мұнда қоян жылап отыр! Қоян сен неге жылап отырсың?

Қоян: Мұнда үнемі қараңғы болып тұрады. Мен қараңғыдан қорқам.

Тәрбиеші: Расында да бұл жақта қараңғы екен. Тіршілік жоқ сияқты. Енде ше бізге жылуын шуағын беретін бір нәрсе жетіспейді.

Жұмбақ

Ақ сандығым ашылды,

Ішінен шуақ шашылды.

(Күн)

Ия, балалар өте дұрыс айтасыңдар, жұмбақтың шешуі күн екен.

Қоян сен біздің балалармен мұнда жүрші, іс әрекетімізге қатысып көр. Сонда қорыққаның басылып, көңілің көтеріледі. Осы кезде қонаққа күн келеді.

Слайд

Күннің тіршілік иесі екені туралы балаларға толық мағлумат беру.

Күн:

Балалармен қонақтармен амандасады.

Ал балалар сендерге енді бір тапсырмам бар: алдарыңдағы ақ параққа менің бейнемді желіммен жапсырып бересіңдер ме?

Қауіпсіздік ережесі:

Желімді аузымызға салмаймыз;

Бейберекет әр жерге жақпаймыз;

Жұмысты аяқтаған соң қол сүрткішпен қолымызды сүртеміз.

Ал балалар жұмысқа кірісейік.

Сергіту сәті

Топ,топ,топ басайық

Жалаудан күн жасайық

Жас жаса алтын күн

Жаса жаса жарқын күн.

Тәрбеши балалардың жұмыстарын тексереді. Осы кезде күн мен қоян балалармен қоштасып шығып кетеді.

1.Балалар бүгін біз ненің суретін жабыстырдық

2.Күннің түсі қандай болады екен.

3. Күннің пішішін кім айтады.

Тәрбиеші: Балаларды жеке жеке мақтап,мадақтау.

Күн адамдарға бүкіл тіршілік иесіне нұрын шашып, жылуын сыйлайды екен.Әрбір атқан таңымыз күндей шуақты болсын! Балалар сендер де күннің нұрына бөленіп, үлкен азамат болыңдар деген тілекпен бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу іс әрекетімізді аяқтаймыз.

Балалар дөңгелене тұра қалады.

Балалар қимыл әрекет арқылы қайталап айтады.

Көктем

Үш ай бар

Ия

Балалардың жауабы

Ия

Балалар тапсырманы орындайды.

Сергіту сәтін қимыл арқылы жасайды.

Күннің

Сары

Дөңгелек

Балалар қуанышты сезімге бөленеді.

Балалар топқа барады.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: Балалар күннің суретін жапсыра алды.

Түсінеді: Күннің дөңгелек пішінді сары түсті екенін түсінеді.

Қолданады: Балалар желімді дұрыс қолдана алады.

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s