Жаңа сабақтар

Жыраулар поэзиясы


Т. Дастыгулов

«Бейнеу кешкі мектебі»КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Жыраулар поэзиясы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: XIV — XVIII ғасырдағы жыраулар поэзиясы және жыраулардың өмірбаяны туралы білімдерін жинақтап, кеңейтіп, пысықтайды, толықтырады;
2. Дамытушылық: Жырларды мәнерлеп, сауатты, нақышына келтіріп оқи білуге баулиды, танымдық деңгейін көтереді, ой — өрісін, логикалық, есте сақтау, ойлау және шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді, тірек сызбаларды қолданып ауызша тілді дамытады, сөздік қорды молайтады;
3. Тәрбиелік: Жыраулардың жырын оқу арқылы ұлы адамдардың өмірін өнеге ете отырып, адам бойындағы жақсы қасиеттерді, (ақылдылық, тапқырлық, адамгершілік, татулық) қалыптастыру, отансүйгіштікке, елін қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ, теориялық білімді қайталай отырып, ауызша тілді дамыту.
Сабақтың әдіс — тәсілдері: сұрақ — жауап, әңгімелеу, сыни тұрғыдан ойлау
Сабақтың жабдығы: кестелер, Бұқар жыраудың, Қазтуғанның, Асан қайғының портреттері, «Жыраулар» тақырыбына байланысты қосымша материалдар мен буклеттер, таблицалар, карточкалар, компьютер, интерактивті тақта
Сыныппен жұмыс түрі: даралап, жұппен, ұжымдық
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Зымыран сұрақтар
1. Шешендік сөз дегеніміз не?
2.Шешендік сөздерге не жатады?
3.Қазақтың шешендерін атаңдар.
4.Төле би кім?
5.Төле би қай кезде өмір сүрген?
6.«Не тәтті?» әңгімесін кім мазмұндайды?
Жаңа сабақ: Жаңа сабақты бастамас бұрын ең алдымен мына түсініктерге назар аударайық:
● Толғау дегеніміз – қазақ әдебиетінде ақындар шығармашылығында, әсіресе жыраулар поэзиясында жиі орын алған жанр. Толғау өлеңде ақын өмір, қоғам, адам тіршілігі, жақсылық, жамандық т. б жайлы ақыл — өсиет, насихаттық тұрғыда ой қозғайды.
Сөздікпен жұмыс (сөз тіркестерін құрып, сөйлем құру )
Мәтінмен жұмыс (Мәтіннің абзацтарын кезекпен оқыту)
Мәтін бойынша түсінгенімізді қайталайық:
● Жырау дегеніміз — өз жанынан жыр шығарып айтатын, суырып салма ақындық қасиет пен шешендік қасиеті қатар сақталып жататын дарынды ақын, дуалы ауыз шешен, ақылгөй дана, ойшыл адамдар.
● Жыршы – жыр айтушы, таратушы, көптеген эпостық жырларды жатқа білетін, дайын репертуары бар айтқыштар. Жыршылар домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен мақаммен, әнмен айтады.
● «Жыр -(көне түркі тілінде «иыр») деген сөзінен шыққан. Жыраулар өз шығармаларын ақыл — нақыл, өсиет түрінде айтқан.
● Жырау әдебиетінің негізгі өкілдері: Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марқасқа, Қазыбек, Ақтамберді, Бұқар және т. б
● Шалкиіз жырау — қазақ әдебиетіндегі тарихындағы жыраулық поэзияның атасы болып саналады.
«Ой толғаныс»
Осы жыраулардың Абай, Жамбыл сияқты ақындардан қандай ерекшелігі бар? Венн диаграммасын құрастыру

«Поэзия» стратегиясы. Жыраулар поэзиясында синтаксистік параллелизмге, дыбыс үндесулеріне, ішкі ұйқасқа құрылған өрнектер де аз емес. Арнау түріндегі сөз қолданыстар да баршылық. Жыраулар өз поэзиясында терең философиялық ойды бейнелеу үшін өлеңдерінің ұйқас, ырғақтарын сол мақсатқа орай алған. Оған бірнеше мысал келтірейік:
Жабағылы жас тайлақ,
Жардай атан болған жер.
Жатып қалған бір тоқты,
Жайылып мың қой болған жер. (Қазтуған)
Жырау «ж» дыбысын тамаша сөйлете білген. Дауысты дыбыстарды да шебер қолдана отырып, жыраулар өлеңнің музыкалық сазын күшейткен. Шын көркемдік тәсіл арқылы олар оқушысын шығарманың ішкі иірімдеріне ендірумен қатар, эмоциялық әсерін үстей түскен. Мысалы, Жиембет жырау:
Еңсегей бойлы ер Есім,
Есім сені есірткен,
Есіл менің кеңесім,
Ес білгеннен, Есім хан,
Қолыңа болдым сүйесін, –
деп тәж — тағына есірген Есім ханның қылығын ашу үшін «е» дыбысынан өрнек жасап сөйлеткен.
Егер сендер XXI ғасыр жыраулары болғандарыңда не жайлы жырлар едіңдер? (егемендік туралы, бірлік туралы, отансүйгіштікке шақырар едім)
«Ой қорыту стратегиясы » өткенді тұжырымдап қорыту.
Тест сұрақтарына жауап беру
1. Жыр қандай сөзбен айтылады?
а) жатқа
в) жазбаша
с) көркем
д) қара
е) қаратпа
2. Шешендік сөздер бұл —
а) ауыз әдебиетінің бір саласы
в) өлең
с) тақпақ
д) жыр
е) мақал — мәтел
3. Шешендік сөздерге не жатады?
а) әңгімелер
в) мысалдар
с) суреттер
д) жырлар
е) тілектер, даналық сөздер
4. Жыраулар поэзиясы қай ғасырларды қамтиды?
а) 12 — 18 в) 13 — 18 с) 15 — 18 д) 5 — 10 е) 18 — 20
5. Қазақтың жыраулары кімдер?
а) Абылай
в) Төле би,
Қазыбек би,
Әйтеке би
с) Абай
д) Мұхтар
е) Ыбырай
6.«Жырау» деп кімді айтады?
а) ғалымды в) данышпан адамды с) терең мағыналы, ой толғайтын кемел ақынды д) ұрысқа, соғысқа е) патриоты
7. Жыраулар поэзиясы қай ғасырдан бастап өріс алады?
а) 5 в) 8 с) 15 д) 17 е) 18
8. Шешендік сөздер дегеніміз не?
а) үлгілі ойлар, тұжырымдар в) мақалдар с) сөздер д) түйіндер е) әндер
9) Жыраулар поэзиясының атасы:
а) Асан қайғы в) Бұқар с) Қазтуған д) Шалкиіз е) Жиембет
2 — нұсқа
1. Жыраулар поэзиясы қай ғасырларды қамтиды?
а) 12 — 18 в) 13 — 18 с) 15 — 18 д) 5 — 10 е) 18 — 20
2. Шешендік сөздер дегеніміз не?
а) үлгілі ойлар, тұжырымдар в) мақалдар с) сөздер д) түйіндер е) әндер
3. Жыр қандай сөзбен айтылады?
а) жатқа в) жазбаша с) көркем д) қара е) қаратпа
4. Жыраулар поэзиясының атасы:
а) Асан қайғы в) Бұқар с) Қазтуған д) Шалкиіз е) Жиембет
5. Шешендік сөздерге не жатады?
а) әңгімелер
в) мысалдар
с) суреттер
д) жырлар
е) тілектер, даналық сөздер
6. Шешендік сөздер бұл —
а) ауыз әдебиетінің бір саласы
в) өлең
с) тақпақ
д) жыр
е) мақал — мәтел
7. Жыраулар поэзиясы қай ғасырдан бастап өріс алады?
а) 5 в) 8 с) 15 д) 17 е) 18
8. «Жырау» деп кімді айтады?
а) ғалымды
в) данышпан адамды
с) терең мағыналы, ой толғайтын кемел ақынды
д) ұрысқа, соғысқа
е) патриоты
9. Қазақтың жыраулары кімдер?
а) Абылай в) Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би с) Абай д) Мұхтар е) Ыбырай

Үйге тапсырма беру. Жыраулар туралы мәлімет жинау.
Бағалау.

Advertisements

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s