Келер шақ. Болжалды келер шақ


Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,

Әйтеке би кенті , Ы. Алтынсарин атындағы

№204 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімі Ізімқұл Нәзігүл

Сыныбы: 7 В

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Келер шақ. Болжалды келер шақ

Сабақтың мақсаты мен міндеттері:

Білімділік: Етістіктің шақтары жөнінде алған білімдерін тереңдету, келер шақ, оның түрлері, болжалды келер шақтың жасалуы жайлы білімдерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны арқылы ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке, әсемдікке, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушы ойын, сауаттылығын дамыту, сөздік қорын молайту.

Мазмұнға байланысты: оқушылар іс-қимылдың қай кезде екенін білдіретін келер шақ, болжалды келер шақ туралы айта алады.

Топтағы жұмыс: жекелей, топтық іс-әрекеттерді жоспарлап ұйымдастыра алатын болады.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап,кітап және дәптермен жұмыс,ойын түрлері

Сабақтың көрнекілігі:оқулық, кеспе қағаздар, тест сұрақтары, электронды оқулық,

интербелсенді тақта, доп.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, орыс тілі, матеметика.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

— оқушылармен амандасу, түгелдеу;

— зейіндерін сабаққа аудару.

II.Топқа бөлу:Оқушыларды гүл арқылы топқа бөлу. БІЗДІҢ СЫНЫП КЕРЕМЕТ! — деген сөйлем шығады. Бүгінгі сабағымызда керемет болады деген үміттеміз.

ІІI. Үй тапсырмасын тексеру:

«Ыстық доп» ойыны арқылы өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қойылып тексеріледі. Оқушылар ортаға шығып, шеңбер құрып тұрады. Допты бір-біріне тез лақтырып, сұрақтар қояды. Осы тәсілмен етістіктің осы шағын меңгергендін тексеру.

  • Осы шақ дегеніміз не?
  • Түрлерін ата.
  • Нақ осы шақ дегеніміз не?
  • Нақ осы шақ қалай жасалады?
  • Ауыспалы осы шақ дегеніміз не?
  • Жасалу жолын түсіндір.

ІV. Жаңа сабақ:

Қызығушылықты ояту:

1. Проблемалық сұрақтар арқылы жаңа сабақ тақырыбын ашу.

А) –Оқушылар, енді назарымызды интербелсенді тақтада жазылған мақал-мәтелге аударайық.

  • Мақалды- мәтелдерді оқу.

1. Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа,

Жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа.

2. Ерлік пен бірлік жеңіске жеткізер.

3. Тозбас жасау болмас,

Бас білмес асау болмас.

  • Етістіктерді табу.
  • Етістіктердің қай шақта тұрғанын табу.

– Дұрыс айтасыздар, бұл етістіктер келер шақ тұлғасында тұр. Ал келер шақ туралы алдыңғы сыныптардан өткенімізді еске түсірейік. Келер шақдегеніміз не?

– Орындаушы әрекетті неге байланысты жүзеге асырады?

  • Дұрыс айтамыз.

В) – Сабағымыздың мақсаты қандай болмақ?

– Етістіктің келер шағы туралы ақпарат алу, өзіндік сипатын, белгілерін, жасалуын анықтау, білу, меңгеру.

Қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен кейін болатынын білдіретін етістіктің шағын келер шақ дейміз. Мысалы: Ол мектепке ерте бармақ. Сендер үйге келерсіңдер.

Келер шақ

Болжалды Мақсатты Ауыспалы

Айқын емес

Болжап көрсетеді

-ар, -ер, -р (есімше)

Етістік + + ж.ж.

-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе + С

(болымсыз етістік)

Болымсыздық мағынадан кейін болжалдан гөрі үзілді-кесілді шешім басым.

І жақта кейде –пын, -пін орнына ықшамдалып — н қолданылады. Мұндай тұлғалы етістіктер поэзияда жиі кездеседі:

Ескі бише отырман бос мақалдап,

Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.(Абай)

Болжалды келер шақ алдағы уақытта болатын іс-әрекеттің жүзеге асу, аспауын күдікті, болжалды түрде аңғартады.

Етістіктің түбіріне -ар, -ер,-р қосымшалары жалғануы арқылы жасалады.

V. Мағынаны ажырату:

Оқушыларға үлестірмелі кеспе қағаздар таратылады.

Орындалатын жұмыс қадамдары:

  1. Төмендегі сөздерден келер шақ есімше жасап және жекеше, көпше түрде жіктеу.
  2. Мақал-мәтел айту.

I топ. Бар …, өкінбе…,

II топ. Жүр…, кел…,

III топ. Ойна…, қуан…,

IV топ. Бол…, оқы… .

VI. «Білім лайнд» сайтынан тапсырмалар орындату.

VII. Оқулықпен жұмыс:

137- жаттығу.

Көшіріп жазып, болжалды келер шақты білдіріп тұрған етістіктің астын сызыңдар.

Оқушылардың білімін және жылдамдығын тексеру.

I топ ІІ топ 1. Теплица — жылыжай 1. Краски -бояу
2. Универсал — әмбебап 2. Шить платье – көйлек ту
3. знамя – ту 3. предмет – пән
4. государственный – мемлекеттік 4. тема – тақырып
5. комплекс – кешен 5. молодой – жас
ІІI топ
1.рассказ – әңгіме

2. интересный – қызықты
3. музей – мұражай

4. художник -суретші
5. дружный – тату

VIII. Сергіту сәті: «Тапқыштар» ойыны
Мақсаты: Әр түрлі тақырыптағы астарлы сұрақтарға жауап іздеу арқылы баланың логикалық ойлауын дамыту.
Тапқырларға арналған әзіл викторина
1. Елекпен су тасуға болады ма? (болады, мұз күйінде)
2. Аңшы көлде жүзіп жүрген үйректерді бір оқпен атса, көлде неше үйрек қалады? (қалмайды, бәрі үркіп ұшып кетеді)

3. Есік пен терезенің арасында не тұр? («пен» тұр)
4. Орыс күнтізбесінде ең қысқа ай қай ай? (Май- үш әріптен тұрады)
5. Қай өзен ең қорқынышты ? (Тигр өзені)
6. Страус өзін құспын деп айта алады ма? (Жоқ, ол сөйлей алмайды)
7. Нені дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды? (сабақты)
8. Жасыл доп Сары теңізге құласа не болады? (су болады)

9. Қай қолмен шәйді араластырған дұрыс? (шәйді қасықпен араластырған дұрыс)
10. Қандай сұраққа «иә» деп жауап бере алмаймыз? (ұйықтап жатырсыз ба?)
11. Жаңа жылда адамдарды жаппай құлататын табиғат құбылысы ? (мұзтайғақ)
12. Он жұмыртқа салынған себетті екі рет түсіріп алсаң нешеуі қалады? (бәрі жарылып қалады)

«Білім лайнд» арқылы танымдық фильм көрсетіп, әр топ бүгінгі тақырыпқа байланысты сөйлем құрау.

IX. Сабақты бекіту сұрақтары:

-Келер шақтың түрлерін ата? Болжалды келер шақтың жасалу жолдары қандай?

-Болжалды келер шақтың жекеше, көпше түрде жіктеп беріңдер.

X. Бағалау: 3 түрлі түсті фишкалар арқылы бағалау.

Қызыл түс — 5, жасыл түс – 4, сары түс – 3.

XI. Үйге тапсырма: 139-жаттығу.

Експо-2017”туралы эссе жазу.

Сыныбы: 7 В

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Мәтін туралы түсінік.Мәтіндерге тілдік талдау

Сабақтың мақсаты:

1Білімділік: дидактикалық мәтін жайында кеңейтілген түсінік беру;

2.Дамытушылық:мәтіннің танымдық сипатын, белгілерін, құрылымдық бөліктерін байқай алатын нәтижеге жеткізу, оқып-түйгендері жайлы ой қортыныдысын айтқызып жаттықтыру;

3.Тәрбиелік: өз елін, өзі туып-өскен мекенін сүюге баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: мәтіннің бірліктері мен белгілері туралы, дидактикалық материалдар,аудиожазба, сызба слайдтар,интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен амандасу,түгелдеу,зейіндерін сабаққа аудару.

II. Оқушылардан үйге берілген тапсырманы сұрау.

ІIІ. Кешегі өтілген сабақты жандандыру

  1. Тірек ұғымдар: сөз, сөйлем, абзац, мәтін.
  2. Проблеманы қою және оны шешу әрекеттері.

Проблемалық ситуация жасау:

Оқушы қызметі: тақтадағы слайдтарға назар аударады.

Мұғалімнің қызметі: тақтадағы мәтіннің бірліктері мен белгілері туралы кестеге назар аудартқызады.

Мәтінніңтұтастықбірліктері

Айырықшабелгілері

  1. Сөйлем
  1. Мағынажағынантиянақталғанбірлік.
  2. Мәтіннібастапқы (төменгі) сатысы.

2.Күрделі синтаксистіктұтастық

  1. Абзац. Құрамындабірнешесөйлемібар, өзарамағыналықбайланыстағыбірлік.
  2. Мәтінніңекінші (орта) сатысы.
  1. Күрделісинтаксистікбүтіндік
  1. Бірнешеабзацтан, бөлім, тарау, параграфтанқұралатынбүтіндік.
  2. Мәтінніңүшінші (жоғары) сатысы.

Оқушыныңқызметі: Проблеманытұжырымдауүшін:

Жеке сөздер мәтін бола алам ма? Сөйлем неліктен мәтінге жатады? Абзацдегенне? Абзацнеліктенсөйлемненжоғарытұрады?

Мұғалімніңқызметі: олардақандайсұрақпайдаболғанынсұрайды. Егер сұрақ туындамаса, мұғалім сұрақты өзі қоюы тиіс.

Болжамдар:

  • Жеке сөздермәтін бола алмайды.
  • Сөйлемнің мәтінге жататын себебі: ол тиянақты ойды білдіреді.
  • Абзац дегеніміз-бірнеше сөйлемнен тұратын күрделі тұтас ой.
  • Абзацтың сөйлемнен жоғары тұратын себебі де сонда: бірнеше сөйлемнің жиынтығынан құралады.
  • Болжамның дұрыстығын дәлелдеу үшін оқушылар мысалы:
  • Қазақстан,Астана, Ақмола бұрынғы қала. (Бұл сөздер жеке тұрғанда белгілі бір тиянақты ойды білдірмейді)

Қазақстанның астанасы-бұрынғы Ақмола қаласы. (Бұл — сөйлем. Қандай қала астана болғандығы жайлы хабарлап тұр.)

Қазақстанның астанасы –бұрынғы Ақмола қаласы. Кейін Ақмола атауы өзгертіліп, Астана деп аталды. Астана сөзі барлық тілдерге еркін аударылады. Мағынасы бәріне де түсінікті. (Бұл –абзац,4 сөйлемнен құралған, тұтас бір күрделі ойды білдіреді.)

Қарсылық:

-Жеке сөздер қандай жағдайда мәтін болады?

— Кез келген сөйлемдердің жиынтығы абзац құрай бере ме?

ІІІ. Жаңа білім мазмұнын меңгерту және жаңа әрекет тәсілдерін қалыптастыру.

Жеке сөздер мағыналық жағынан байланысып сөйлем болғанда, сөйтіп тиянақты бір ойды білдіргенде ғана мәтін бола алады. Сөйлемдер мағыналық жағынан өзара байланысып, тұтас бір абзац құрайды. Бірнеше абзацтың жиынтығынан бүтін мәтін құралады.Күрделі ойлар топтамасы мағынасына қарай абзацтарға жүйеленеді.Оны жазу барысында біз жаңа жолдан, абзац арқылы жол басынан орын тастап барып жазамыз.Мұны өздерің мәтінмен жұмыс істеу барысында жиі байқайсыңдар.

Мұны өздерің мәтінмен жұмыс істеу барысында жиі байқайсыңдар.

Мәтіндермен жұмыс жасау барысында сендер тілдік талдау жасайсыңдар. Сөйлемдегі дыбыстардың, сөз тұлғалары мен қосымшалардың, сөз тіркесінің, сөйлем мүшелерінің қызметін танып, білесіңдер. Ал мәтінмен ауызша жұмыс жасау кезеңінде мәтін тақырыбын, айтылатын ойын, өзіндік пікіріңді қосып айту арқылы тіл ұстартып, өз ойларыңды мағыналы да мазмұнды, жүйелі жеткізуге машықтанасыңдар. Мәтін мазмұнымен бұл бағытта жұмыс жасау шығарма, мазмұндама жазу кезінде үлкен көмек болады.

Сөйлеу барысында ауызша және жазбаша мәтін түзіледі.

Мәтіндердің ерекшеліктері
Сөйлеу формасына қарай Сөйлеу мақсатына қарай
Монологтік(жеке), диалогтік(жұптық) мәтіндер.

Сөйлеу мәтіні сипаттау,хабарлау,пікір айту,баяндау, ой толғау түрінде жүзеге асырылады.

Ауызекі сөйлеу, ресми ісқағаздар (өтініш,мінездеме, өмірбаян, т.б.),публицистика

( мақала, хабар ақпарат,т.б.), көркем әдебиет ( өлең, әңгіме, ертегі, т.б.) стиліндегі, ғылыми мазмұндағы мәтіндер

( баяндама, реферат, пікір, т.б.).

Мәтіндердің тақырыбы әртүрлі, мағыналық мәні мен жазылу ерекшелігі(стилі) болады. Мәтіндегі стиль өзіне тән сөздерді қолдану ерекшеліктерімен айқын танылады.

Жаңа ұғымдар:

Сөйлем- мәтіннің төменгі сатысы;

Күрделі синтаксистік тұтастық- мәтіннің орта сатысы;

Күрделі синтаксистік бүтіндік- мәтіннің жоғары сатысы.

Мәтінге бір автордың, тіпті оқушының да жазған шығармасы, я шығарманың үзіндісі немесе музыкалық шығарманың жазылған сөздері, басылған мақаланың, ауызша жасалған баяндаманың тұтас мазмұны жататындығы әңгімеленеді.Бүтін мәтін( бүтін өлең, мақала, әңгіме т.б.) күрделі синтаксистік бүтіндік деп, мәтінді құрайтын абзацтар күрделі синтаксистік тұтастық деп аталады.

IV.Шығармашылық тапсырма:

Сахабаның ұлы (аудиожазба тыңдату)

Мәтін сөзінің неше абзацтан,қанша сөйлемнен тұратындығы тапқызылып, оның күрделі синтаксистік тұтастық, не күрледі синтаксистік бүтіндікке жататындығы анықтатқызылады.

V. Шеберліктер мен дағдыларды қалыптастыру.

Мәтін сөзінің мазмұнын жазып шығу оқушыларға тапсырылады.

Бір күні хазірет Омар (р.а.) ойнап жүрген балаларды көреді. Алайда бір баланың ойынға қатыспай, шетте тұрғанын байқайды. Қасына барып:
– Балақай, сен неге ойнамайсың? – деп сұрайды. Бала болса:
– Уа, мұсылмандардың әміршісі! Аллаһ тағала «Адамдар мен жындарды тек қана мені танып, маған құлшылық етсін деп жараттым» дейді. Біз ойнау үшін жаратылған жоқпыз ғой?! – деп таңқаларлық жауап қайырады.
Хазірет Омар балаға: «Жасың әлі кіші емес пе?» – дегенде, ол:
– Уа, мұсылмандардың әміршісі! Мен үйде анамның от жаққанда әуелі кішкентай шырпыларды тұтататынын байқадым, – деп жауап береді.
Хазірет Омардың көңілін толқытып, көзіне жас алдырған бұл бала – ғалым сахаба Абдуллаһ ибн Зүбәйрдің (р.а.) ұлы болатын.

VI.Кітаппен жұмыс.

16-жаттығу.

Мәтіннің мазмұныны айтыңдар.Мәтінде неше абзац бар және әр абзац неше сөйлемнен тұрғанын түсіндіріңдер.

19-жаттығу.

Төмендегі сұрақтар негізінде шағын пікір жазыңдар. Өз жазбаларың қандай стильге тән деп ойлайсыңдар?

  1. Өзің оқып жатқан мектебің жайлы қандай мәлімет берер едің?
  2. Қандай пәндерді қызыға оқисың?
  3. Сыныпта неше оқушы бар?
  4. Өз сыныбыңның қандай жетістіктерімен мақтанар едің?
  5. Жаныңды түсінетін досың туралы пікірің қандай?
  6. Сыныпта қай оқушыны үлгі тұтуға лайық деп есептейсің? Қандай қасиеттерімен ерекшеленеді деп ойлайсың?

VII.Сабақты қорытындылау.

«Сиқырлы қоржын» ойыны.

Фонетика нені зерттейтін ғылым саласы?

Лексика қай саланы зерттейтін ғылым?

Орфоэпия дегеніміз не?

Орфография дегеніміз не?

Әдеби тіл қандай тіл?

Әдеби тілдің нормаларын ата?

Мәтін дегеніміз не?

Мәтін қалай жасалады?

Кез келген сөздер тізбегін мәтін дей аламыз ба?

VIII.Сергіту сәті

«Сөз тапқанға қолқа жоқ» ойыны.Қойылған сұрақтарға берілген әріптерден басталатын сөздермен жауап беру. (А,Е,Т,Ш,Л,Н)

  1. Сенбүгіннешедетұрдың? А
  2. Сенқандайүйірмегебарасың? Е
  3. Демалыс күніңде қандай қызықты жағдайлар болды? Т
  4. Сенің сырлас досыңның аты кім? Ш
  5. Қандай пән ұнайды? Л
  6. Сенің бүгінгі көңіл күйің қандай? Н

Ү.Үйге тапсырма.

1. Ескі: 19-жаттығу.

Жаңа:20- жаттығу.

2. Ережені оқу.

YII.Бағалау.

Сыныбы: 7 «В»

Пәні: қазақ әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқанов «Балуан Шолақ» повесінен үзінді

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:жазушының өмірі туралы деректер бере отырып, «Балуан Шолақ»әңгімесінің мазмұнын меңгерту,кейіпкер бейнесін ашу.

Тәрбиелік:Ер жігіттің бір басына жететін осынша өнерді бойына жиған Балуан Шолақтай жан-жақты өнер иесі болуға, оқушыларға ана тілін сүюге, құрметтеуге, білімділікке, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық:оқушылар өз ойын жетік жеткізе білуге, ойлау, пайымдау қабілеттерін және өнерді бағалай білуге, талантты дарынды болуға шақыра отырып, жан-жақты қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі : Жаңа сабақ

Сабақтың типі:жаңа білімді игерту сабағы.

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, баяндау,ой қозғау, қызығушылықты ояту.

Сабақтың көрнекілігі: 7-сыныпқа арналған оқулық, С.Мұқановтың шығармалар жинағы, слайд, «Bilim land» сайты арқылы жұмыс жасау, интербелсенді тақта,слайдтар.

Пәнаралық байланыс:тарих

Сабақтың жүрісі:

I.Ұйымдастыру бөлімі.

1.Сәлемдесу.

2.Оқушыларды түгендеу.

3.Оқушыларды сабаққа бейімдеу.

4.Оқу құралдарын түгелдеп тексеру.

5. Топқа бөлу.

Психологиялық дайындық. Мотивация. Оқушылар бір-бірінің қолдарын ұстап,көздерін жұмып,жақсы тілектерін арнайды. Сонан соң, оқушыларды топқа бөлу. Оқушыларды әдемі де әсем гүлге теңеу. «Біздің сынып керемет!» деген сөйлем шығады. Яғни, оқушылар сендер үнемі мектебіміздегі керемет сынып атанып жүре беріңдер.Оқушылар 3 топқа бөлінеді.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

« Алтын микрофон» ойыны арқылы сұрақтарға жауап алу.

М.Әуезов «Көксерек»

1. Қасқырлар ұясын адамдар неге талқандады?

2. Бірінші бөлімдегі қасқырлар іс-әрекеті мен екінші бөлімдегі адамдар іс-әрекетінде ұқсастық бар ма? Қайсысы қаталырақ?

3. Көксерек Құрмаштан гөрі ақ қасқырмен неге бауырласты?

4 .Ауыл адамдары ала алмаған Көксеректі Аққасқаның жеңу себебі не? Жазушы осы арқылы не айтпақ болған.

III. Жаңа сабақ: 1. «Қызығушылықты ояту» стратегиясы. «Bilim land» сайты арқылы бейне жазба көрсету.( С.Мұқанов пен Балуан Шолақ туралы)

XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінін бірі – академик жазушы Сәбит Мұқанов. Бүкіл шығармашылық жолы кеңес өкіметінің билік құрған жылдарымен тұспа-тұс келген ол өз заманының көкейкесті тақырыптарын шығармаларына арқау етті. Әдебиеттің барлық жанрында еңбек етті. Қоғамдық мәселелермен айналысты.

Өмір жолы. Сәбит Мұқанов 1900 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жерде дүниеге келеді. Қазір бұл ауыл Сәбит Мұқановтың есімімен аталады.

1954 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі болып сайланады. 1968 жылы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанады. Бірнеше съездерге делегат, басшы органдардың мүшесі болып сайланады.

1973 жылы қайтыс болады.

Балуан Шолақ Баймырзаұлы – қазақтың атақты халық әнші-композиторы, айтыскер-ақын, ат үсті ойынының түрлі тәсілдерін меңгерген ерекше өнерпаз, күш өнерін көрсеткен спортшы, жауырыны жерге тимеген балуан.

Балуан Шолақтың шын аты – Нұрмағамбет Баймырзаұлы. Жас күнінде тсаусағын үсітіп алуына байланысты халық «Балуан Шолақ» деп атап кеткен.

1864 жылы Мойынқұмның Хан тауының маңында дүниеге келіп, 1919 жылы қайтыс болған. Ақмола облысындағы Тасты өзенінің бойында жерленген.

Оның ішіндегі ең сүбелісі – Сәбит Мұқановтың «Балуан Шолақ» повесі.

Он төрт жасында күреске түскен Балуан Шолақ салдық құрып, төңірегіне өнерлі жастарды жинаған.

Шығармалары: «Ғалия», «Дікілдек», «Дүние», «Жатық», «Құлан кісінес», «Сентябрь», «Желдірме», «Кенже қоңыр», «Қос перне» т.б

IV. «Bilim land» сайты арқылы тақырыпқа байланысты тапсырмалар орындату.Глоссарий

Шоқы — Биік жота, төбе. Қол жеткен табыстың, жетістіктің шыңы.

Сүбелі — Ең жақсы, маңдай алды, таңдаулы. Епсекті — Епті, оңтайлы, ыңғайлы.

Тебінгі — Тоқым қысқа болғанда аяқ киiм мен шалбаp балағын қоpғайтын, ер-тұрман құрамына қатысты әбзелдердің бірі. Сүйретпе — Аpба, шана бара алмайтын ойлы-қырлы жеpлеpде көлiкке жегiп шөп, отын, т.б. зат таситын құpал.

ҚоналқаҚонып шығатын жеp, түнейтiн оpын.

Тегеурін Екпiн, қаpқын, пәpмен. Пұт Салмағы 16 килогpамға тең ауыpлық өлшемi.

1 топқа:Бірнеше дұрыс жауапты белгілеңіз.

Балуан Шолақ Баймырзаұлы кім екенін белгілеңіз.

әнші-композитор айтыскер-ақын

кенші спортшы

балуан

2 топқа: Бос орынға қажетті сөзді қойыңыз.

Балуан Шолақ әр қалада жұртты таңғалдырып

кг салмақтағы тасты көтерген.

Қажетті сандар:

955, 1010, 1100, 1050

3 топқа: Дұрыс, бұрысынбелгілеңіз.

дұрыс бұрыс
Балуан Шолақтыңшынаты – НұрмағамбетБаймырзаұлы.
Балуан ШолақалғашқыкүресіндеТүйебалуаннанжеңіліпқалады.
Жаскүніндесаусағынүсітіпалуынабайланысты
халық «Балуан Шолақ» депатапкеткен.
1864 жылыМойынқұмның Хан тауыныңмаңындадүниегекелген.
Көкшетауқаласындаөткенбірүлкенжиында
100 пұт (1000 кг тарта) кірдіңтасынкөтеріп, дүйімжұрттытаңқалдырған.

3 топқа берілетін тесттер. Сабақмазмұнынабайланыстыберілген тест тапсырмаларынорындаңыз.
Тест тапсырмалары 10 сұрақтантұрады

«Қарулықатын» дегенсөзкімгеқатыстыайтылғанынкөрсетіңіз.

А) ҚалампырғаB) Оразкүлге

C) АйғанымғаD) Гүлбаршынға

ШешесіНұрмағамбеттіеркелетіпқалайатайтынынбелгілеңіз.

А) НұрланымB) Нұрымым

C) НұржанымD) Нұрмағамбет

Нұрмағамбеталғашретөзініңбалуандығынтанытыпкімдіжеңгенінкөрсетіңіз.

А) ПаңНұрмағамбеттіB) Түйебалуанды

C) ТоқсанбайбалуандыD) Ақансеріні

НұрмағамбеттіңШолақдепаталусебебінеденекенінкөрсетіңіз.

А) аяғынсылтыпбасқаннанB) шолақбалуандыжеңгеннен

C) бала кезіндесаусағынүсітіпалғаннанD) бақайынүсітіпалғаннан

Балуан Шолақтыңлақапатынкімқойғанынкөрсетіңіз.

А) түйе БалуанB) анасы

C) паңНұрмағамбетD) қыпшақтар

Нұрмағамбеткеастабіркеліншектіңсыйға не бергенінкөрсетіңіз.

А) орамалB) сурет

C) белбеуD) қамшы

Балуан Шолақтыңшынаты —

А) ПаңНұрмағамбетB) НұржанКерей

C) НұрмағамбетҚыпшақD) НұрмағамбетБаймырзаұлы

Балуан Шолақата-бабасыныңтуыпөскен, кіндікқанытамған Шу өңірінеқайжылыкелгенінкөрсетіңіз.

А) 1910B) 1913

C) 1909D) 1911

Балуан Шолақ Шу өңіріндеболғансапарындақандайсалмақтыкөтергенінкөрсетіңіз.

А) 1020 кгB) 1060 кг

C) 1050 кгD) 1010 кг

С.Мұқановтың «Балуан Шолақ» шығармасықайжылыжарияланғанынкөрсетіңіз.

А) 1945B) 1941

C) 1942D) 1946

V.«Алтын микрофон» арқылы оқушылардан интервьюалғанбілімдерінбекіту.

1. Балуан деген атақты Шолаққа кім берді?

2. Ақынның өмірінде ерекше орын алатын тұлға?

3. Не себептенақынқудалауғаұшырады?

4. Балуан Шолақтыңқайтысболғануақыты?

5. Қандайшығармаларыментанысболдыңыздар?

VI.Рефлексия: Постер қорғау. Стикерлерге жазып, бәйтерекке талына ілу.

Сабақ қандай қызығымен есіңде қалды? Қандай әсер алдың?

VII.Үйге тапсырма:«Алып-анадан туады» тақырыбында эссе жазып келу.

Ойынның мақсаты: Сөздік қорды тексеру, молайту.

Ойын шарты:2 топтан екі оқушы шығып тақтада берілген сөздердің аудармасын тауып жарысады. Қай топ бірінші болса, сол топ жеңімпаз атанады.

I нұсқа
1 Родина –Отан
2 гимн – әнұран
3 знамя – ту
4 государственный – мемлекеттік
5 комплекс – кешен
6 краски – бояу
7 шить платье – көйлек тігу
8 предмет – пән
9 тема – тақырып
10 молодой – жас
II нұсқа
1 Родина –Отан
2 столица – астана
3 герб – елтаңба
4 гостиница – қонақ үй
5 музей – мұражай
6 рассказ – әңгіме
7 интересный – қызықты
8 пластилин – ермексаз
9 художник -суретші
10 дружный – тату

Жәрмеңке

Ойынның мақсаты: ”Күз” тақырыбын пысықтау, ойыншыларды өз бетімен еңбектенуге дағдылдандыру.

Ойын шарты: Жәрмеңкеде әр түрлі жеміс-жидектер, көкөністер сатылады делік, бұларды сатып алу үшін тақтадағы тапсырманы орындау керек.

1. Әсел жәрмеңкеге келді.

2. Жәрмеңкеде_______,________, сатылады.

3. Айжанға_______,_______және________керек.

4. Айжан екі килограмм_________және_____бір килограмм сатыпалды.

5. Ол жәрмеңкеде Жаннұрды кездестірді.

6. Жаннұр екі килограмм ______ сатып алды, т.б.

Тақырыбы: Айна
Мақсаты: Баланың зейіні мен байқампаздығын әрі әр түрлі дене қимылдарын жетілдіру.
Әр бала – «айна» болады. Жүргізуші әр айнаға бір барып, сол «айнаға» қарап, түрлі қимылдар жасайды. «Айна – бала» сол қимылдарды үлгіріп, әрі дәл қайталауы керек. Ең дұрыс «айна-бала» – жүргізуші болады. Ойын осылай қайталана береді.

Тақырыбы: Балық, құс, аң
Мақсаты:
Жүргізуші ойыншылардың жанына барып жаймен ғана «балық, құс, аң»- деп айтып-айтып келеді де, бір ойыншының жанына барған кезде дауысын қаттырақ шығарып:
-Балық!(немесе аң, құс) –деп айтып қалады. Сол мезетте ол ойыншы бірден өзі білетін кез-келген балықтың атын айтып үлгеруі керек. Айта алмай қалса ол ойыннан шығады. Ойын ең соңғы ойыншы қалғанша жалғаса береді.

А)Психологиялықсәт

Атадан жақсы ұл туса,

Есіктегі басын төрге сүйрер.

Атадан жаман ұл туса ,

Төрдегі басын жерге сүйрер. (Шәңгерей)

Мен қара құстан туған қалықпан,

Сөйлер сөзге жалықпан. ( Махамбет)

«Жанды сөз»

І.Жансүгіров.

Ұйықтап жатқан көңілді өлең түртер

Қайғы,зарын,қуанышын жақсы тінтер.

Жүрегімнің айнасын шаң басқанда,

Орамалым осы өлең бетін сүртер.

Түртер,тінтер,сүртер.

Жақ Көпше
І Барар Ойнар Болмас
ІІ Барарсың Ойнарсың Болмассың
ІІ Барарсыз Ойнарсыз Болмассыз
ІІІ Барар Ойнар Болмас
Жасалу жолдары Мысалы
Етістіктіктің түбіріне -ар,-ер,-р+жіктік жалғау. Ойла-р-мын, көр-ер-мін, де-р,

әпер-ер т.б.

Болымсыз етістік+с+жіктік жалғау Аудар+ма+с+пын, киме+с, кет+пе+с

Хормен оқушыларға болжалды келер шақтың жіктелуін айтқызу.

Жақ Жекеше
І Қуанармын Жеңермін Өкінбеспін
ІІ Қуанарсың Жеңерсің Өкінбессің
ІІ Қуанарсыз Жеңерсіз Өкінбессіз
ІІІ Қуанар жеңер Өкінбес
Жақ Көпше
І Қуанармын Жеңермін Өкінбеспін
ІІ Қуанарсың Жеңерсің Өкінбессің
ІІ Қуанарсыз Жеңерсіз Өкінбессіз
ІІІ Қуанар Жеңер Өкінбес
Жекеше
Соңғы

дыбыс

Жақ

Дауыссыз Дауысты Жіктік жалғауы Буын
I. Мен -ар +мын Жуан
-ер +мін Жіңішке
II. Сен -ар +сың Жуан
-ер +сің Жіңішке
II. Сіз -ар +сыз Жуан
-ер +сіз Жіңішке
III. Ол -ар Жуан
-ер Жіңішке
Жекеше
Соңғы

дыбыс

Жақ

Дауыссыз Дауысты Буын
I. Мен бар+ар+мын оқы+р+мын Жуан
кел+ер+мін сөйле+р+мін Жіңішке
II. Сен бар+ар+сың оқы+р+сың Жуан
кел+ер+сің сөйле+р+сің Жіңішке
II. Сіз бар+ар+сыз оқы+р+сыз Жуан
кел+ер+сіз сөйле+р+сіз Жіңішке
III. Ол бар+ар оқы+р Жуан
кел+ер сөйле+р Жіңішке
Көпше
Соңғы

дыбыс

Жақ

Дауыссыз Дауысты Жіктік

жалғауы

Буын
I. Біз -ар +мыз Жуан
-ер +міз Жіңішке
II. Сендер -ар +сыңдар Жуан
-ер +сіңдер Жіңішке
II. Сіздер -ар +сыздар Жуан
-ер +сіздер Жіңішке
III. Олар -ар Жуан
-ер Жіңішке
Көпше
Соңғы

дыбыс

Жақ

Дауыссыз Дауысты Буын
І.Біз бар+ар+мыз оқы+р+мыз Жуан
кел+ер+міз сөйле+р+міз Жіңішке
II. Сендер бар+ар+сындар оқы+р+сыңдар Жуан
кел+ер+сіндер сөйле+р+сіңдер Жіңішке
II. Сіздер бар+ар+сыздар оқы+р+сыздар Жуан
кел+ер+сіздер сөйле+р+сіздер Жіңішке
III. Олар бар+ар оқы Жуан
кел+ер сөйле+р Жіңішке
Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s