Қиын жағдайлар туындағанда берілетін ақыл – ке ңестер


Кабенова Гулжазира Сайновна

Қазақстан.Атырау облысы,Қызылқоға ауданы,Қоныстану селосы.

Жаңашаруа қазақ орта мектебі.І санатты педагог-психолог

Ата-аналарды педагогикалық-психологиялық біліммен

қамтамасыз ету- бүгінгі күннің талабы

Қиын жағдайлар туындағанда берілетін ақыл – кеңестер

1. Бірінші кезекте ата-аналарға , мұғалімдерге (кейде жағдайға

байланысты – оқушыларға да) болған жағдайдың сонша шошырлықтай ауыр еместігін, бұндай жағдайдың болатындығын, маңыздылығын ескерту қажет (көптеген балалар кейбір қылықтарды, жағымсыз іс-әрекеттерді кез-келген , үлкен болсын , кіші болсын жасында жасайды).

2. Ең маңыздысы үлкендердің бойында балаға аяушылық сезімін

оятқан жөн (ол құбыжық емес, құрбаны болып тұр)

3. Келесі кесте бойынша міндетті түрде баланы психологиялық

тексеруден өткізу керек : баланың жеке ерекшеліктерін анықтау, баланың өзін-өзі бағалауы, сынып бойынша және жанұядағы қарым-қатынастары бойынша сараптама жасау, баланың ішкі дүниесіндегі ерекшеліктеріне сараптама(баланың тілегі , қалауы , реніші , үрей – қорқыныштары)

4. Баланың қиындықтары жөнінде әңгімені , баланың өзі бастан айта

бастағанда қозғаған жөн(«Мені бәрі ренжітеді» , «Мені осы мұғалім өкпелетеді, жынымды келтіреді») Балаға тікелей сұрақ қойып қажеті жоқ( «Сен сұрамастан біреудің затына тиісесің бе? Немесе алдың ба?, «Сен үнемі шыныңды айтасың ба?»).

5. Өте тәжірибелі әріптесіңізбен ақылдасып , солардан консультация

алған жөн , арнайы оқулықтарды оқыңыз , бірақ осының барысында анық бір жағдайда саралап көрген жөн.

6. Жұмыстың ең маңызды бөлшегі , ол ата-аналар мен мұғалімдерге

берілген ақыл-кеңес.Бұл жағдайда негізгі бірінші жұмыс, ол баланың түскен , қалған жағдайын өзгертуге және үлкендердің ата-аналар мен мұғалімдердің балаға деген көзқарасын , қарым-қатынасын жақсартуға , өзгертуге күш салу.Осындай жағдайдан кейін баланың сыныптастарының көзқарасы және баланың ортаға , өзінің сыныптастарына деген қарым-қатынасы , өз-өзіне деген көзқарасы өзгереді.

ПСИХОЛОГ КЕҢЕСІ.docx

Advertisements

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s