Жаңа сабақтар, Жаңалықтар

ҰСТАЗ ЖОЛЫ


Несіпкүл ӨТЕБАЕВА, Түркістан қаласы.

Татьяна Леонидовна Попова Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгер қаласында 1972 жылы дүниеге келген. Өсе келе мектепті бітіре салысымен жігерлі, білімге құштар тас-түйін мақсаты бар жалынды жас қыз Түркістан қаласындағы педучилищеге түсіп педагог мамандығына ие болды. Ол қасиетті қалада қалуға біржолата бел буды. Бастауыш сынып мұғалімі ретінде жұмыс істей жүріп сырттай жоғарғы оқу орнын да тәмамдады. Ең бастысы — сонау туған жерінен бастау алған «Ұстаз болсам» деген балапан арманы орындалды.

Сөз еткелі отырған тұлға Татьяна Леонидовна Попова Түркістан қаласындағы Некрасов атындағы №9мектеп-гимназияда 26 жыл бойы тапжылмастан бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарып келді. Тәуелсіз еліміздің тірегі – білімді ұрпақ екенін санасына құйып келген жан осы уақытқа дейін Түркістан қаласындағы Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияға өзінің еңбекқорлығымен сүбелі үлесін қосып келді.

Ол сабақ жүргізуде инновациялық технологияның жолдарын, белсенділікті арттыру әдістерін тиімді қолданып келеді. Ол тез шешім қабылдай білетін, өзіне жауапкершілік ала алатын, иландыра білетін, педагогикалық іс-тәжірибесі шыңдалған тұлға. Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында оқып келіп бірінші (ілгері) деңгей дәрежесін иемденген.

Танымдық қажеттілігі жоғары шығармашыл мұғалімнің еңбек жолын бағдарласақ, мектептегі кәсіби құрылымдарға әрдайым мұрындық болып әріптестеріне жаңа серпін беріп жүреді. Жоғары санатты Т.Л.Попованың еңбек жолына үңілсек, толағай табыстарға жеткен. Әрдайым республика, облыс, қала көлеміндегі семинарларға белсенді түрде қатысады. Атап айтсақ, 2016жылдың қараша айының соңғы онкүндігінде өткізілген «Білім – болашаққа бастар жол»тақырыбында ақпараттық ғылыми практикалық республикалық семинарда «Интерактивные объединение сообщества в образовательном процессе» тақырыбында шеберлік сабағын өте жоғары деңгейде көрсете білді. Қазақстан республикасы бойынша «Білім болашаққа бастар жол» ақпараттық ғылыми практикалық республикалық топтамасында «Создание сетевых сообществ, как условие успешного обучения и воспитания учащихся» тақырыбындағы еңбегі жарияланды. Осы тұрғыда Т.Л.Попова Қазақстан Республикасының 25жылдығына орай ерен еңбегінің нәтижесінде №9мектеп-гимназия директоры Ж.А.Орынбаеваның ұсынысымен Республикалық «45minut.kz» басылымы, Республикалық «Серпіліс» газетінің редакторы І.Б. Нағиевтің тарапынан «Шығармашыл, тәжірибелі ұстаз» төсбелгісін кеудесіне жарқырата тақты. Сондай-ақ, ол тынымсыз еңбектің нәтижесінде Түркістан қалалық мәдениет және тілдерді дамыту орталығының, ОҚО бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының, облыстық білім басқармасының, қалалық білім бөлімінің, «Өрлеу» біліктіліқті арттыру орталығының, мектеп әкімшілігінің алғыс хаттары мен мақтау қағаздарына бірнеше дүркін ие болған жан. Мектептің барлық шығармашылық жұмыстарына ат салысып, жанын салып жұмыс істейтінінің куәсіміз. Мысалы, infourok.kz халықаралық олимпиадасына орыс тілі пәнінен оқушылар дайындағаны үшін расталған хат және «Intolimp.org» ұйымдастыруымен өткізілген «Қоршаған әлем» халықаралық жобасы бойынша жеңімпаздар даярлағаны үшін алғыс хат иеленді.

Ол шәкірттерін ізгілікке, білімге баулып республикалық, облыстық, қалалық ғылыми жобаларға, байқауға, сайыстарға қатыстырып жүрген жан. Соңғы оқу жылындағы шәкірттерінің жетістіктеріне тоқталсақ, халықаралық «Русский медвежонок» сайысында Н.Н.Казначеева Іорын, М.Худайбергенова ІІорын, «Кенгуру» халықаралық интеллектуалдық байқаудан Іорынды С.Дінмұхаммед, М.Худайбергенова, ІІ орынды Ж.Кентай, А.Бабаев, С.Абдурахманова, ал республикалық «Ақ бота» инттеллектуалдық марафонынан Ж.Кентай ІІ орын алған. «Intolimp.org» ұйымдастыруымен өткізілген «Қоршаған әлем» халықаралық жобасынан М.Худайбергенова І орын, «Мега-Талант» халықаралық олимпиада жобасына қатысқан С.Дінмұхаммед, М.Садиков жеңімпаздар атанды. «Снейл» білім қоғамдастығы ұйымдастырған «Кірпі» байқауынан орыс тілі пәні бойынша А.Бабаев Іорын, Ж.Кентай, С.Карим ІІ орынды қанжығаларына байлаған. Бұл нәтижелер тізбектеле береді, жетістіктің бір бөлшегі осы.

Еңбек — әр азаматтың өмір ескерткіші, елінің рухани қазынасы. Некрасов атындағы №9мектеп-гимназияда 26 жыл бойы еңбек атқарған Татьяна Леонидовна Попова 2017 жылдан бастап педагогикалық еңбек жолын Мағжан Жұмабаев атындағы №15 мектеп- гимназияда жалғастыруда.

Татьяна қазақ отбасының сыпайы, инабатты келіні. Ғибрат ететін анасы (енесі) Назгүл зейнеткер -ұстаз. Уақытысында кеңестер одағы кезеңінде мұғалімдер съезінің делегаты болған. Арман болса арқа сүйер өмірлік жары. Дәмелі есімді перзенті №15 мектеп- гимназияда білім алып жүр. Ол отбасында аяулы жар, асыл ана, биязы келін, ардақты жеңге болып саналады.

Көкте күн ортақ, аспанда ай ортақ, жерде жақсы адамдар ортақ. Ерекше құрмет тұтатын жаны нәзік, жүрегі таза, парасатты, мәдениетті, кішіпейіл Татьяна Леонидовна Попова әріптесіме алдағы уақытта да барлық күш-қуатыңды жұмылдырып ұстаздық жолыңды абыроймен жалықпай жалғастыра бер демекпін.

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s