Жаңа сабақтар

«Жаса тәуелсіз Қазақ Елім» атты тәрбие сағаты

Каримова Айгүл Өтелбайқызы-бастауыш сынып мұғалімі

Ақмола облысы

Аршалы ауданы

Херсонов негізгі мектебі

Мақсаты:Тәуелсіздік қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу, болашаққа сеніммен қадам басу, жас ұрпақты отаншылдыққа,адамгершілікке,елжандылыққа,отанына қызмет етуге тәрбиелеу

Көрнекілігі:Осы тақырыпқа байланысты слайдтар,қазақ елі рәміздері,Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдер, Президент еңбегі туралы слаид.

Барысы :

1жүр:Құрметті қонақтар!

Бүгінгі сынып сағатымыз киелі де қымбатты еліміздің тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналады.

(Салтанатты әуен ойналады.«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» деген жазу шығады.)

1жүр:Тәрбие сағатымымызды елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының сөзімен бастағымыз келіп отыр «Садағаңт кетейін,айналайын халқым!Сенің мүддең жолында бойда қуат,ойда нәр бәрін аянбай сарп етуге пейілимін, қандай да қасіретке қабырғасы қайысса да, қаймықпай төзе білген, қажырлы да қайсар қазақ халқының алдында мен басымды иемін… Менде Қазақтың елдігін, ҚР-ның мемлекеттік тәуелсіздігін нығайтудан басқа мақсат та,арман да жоқОсы елдің Президенті ретінде де, осы ұлттың перзенті ретінде де дәйім көңілімнің төрінде тұратыны-туған халқым»

2жүр:Қазақ ұлты тарихында көптеген қиындықты бастан кешті, аяусыз шабуылға ұшырады, қырғыннан қырғынға, басқыннан басқынға талайт азапты көрді.Дегенмен, қазақ елі атына сай әрқашанда азаттыққа қол жеткізу үшін талпынды, осы жолда күресті. Талай батырларымыз бен ұлт қайраткерлеріміз тәуелсіздікті арман етіп,ұлттық мақсат ретінде аманат етті.

(Көрініс «Ата-бабам аңсаған тәуелсіздік»)

Хан ордасы Абылай хан тағында отыр,жан-жағында Қабанбай,Бөгенбей сынды қолбасшылар отыр

1-батыр Қабанбай:

-Бұқар жырау келді!

2-батыр:Бөгенбей

-Арқаның ардагерін қарсы алайық!

(Бұқар жыраудың өзі кіреді.Абылай хан түрегеліп амандасып оң жағынан орын береді.)

Бұқар жырау:Армысың Абылай!

Абылай хан:Армысың Бұқар баба?!

Бұқар жырау:Армысыздар жарқындарым?!

Қабанбай,Бөгенбай:-Армысыз,Бұқар баба?!

(Бұқар жырау сәл ойланып, тамағын кенеп Абылайға қарап айтады.)

Бұқар жырау: Біз бармыз-ау хан ием.Қазақтың халын айтсаңшы, сол мендегі зар, сол мендегі затыран.Қандыауыз жоңғар қазағымды құл қылғысыт келеді.Қайран қазақтың халі өте нашар ,Абылай! Не қылмақ ойың бар а Абылай?

(Ортада үнсіздік)

Бұқар жырау: Абылайға түйіле қарап:Бар сенгеніміз сенсің,Абылай.Баста мына еліңді.

Бөгенбай:-Қарт баба дұрыс айтады.

Абылай хан: ойға берілгендей отырып қалады да: Ақиқатты ғана айтасың-ау жырауым!Қазақтың бостандығы үшін бүгін осы Ақордаға жиналып отырмыз.

Бөгенбай:картаны көрсетеді.

-Уа, хан ием!Міне, мына жерде біз Қалдан Сереннің әскеріне соққы береміз.Бүкіл үш жүздің әскері,міне,осы тұстан кеп қоршайды.

Қабанбай: -Көрсін сонда қалың шүршіт осы қақпаннан құтылып!Хан ием, қазақтың шүршітте кеткен қанды кегі бар.Құдай қаласа қазақ елі азат болады!

Бөгенбай:-Хан ием,аттанайық жорыққа!

Барлығы:-Аттанайық,Аттанайық.

Бұқар жырау: -Бұдан былай исі қазақ Абылайдың туы астында жиналуы керек!Қазақтың халі қыл үстінде тұр ағайын!

Бөгенбай:-Иә жырау.Табанды боламыз!Жауға құл болғанша өлгеніміз жақсы!Аттан,аттан!

(Көрініс бітеді,сахнаға оқушылар шығады)

1 оқушы:Республика!Ерікті ел-Қазақстан!

Келді ақыры көп күткен күн алыстан

Келді алыстан аңсатып, армандатып,

Торды бұзған менде бір мәз арыстан.

Желдей еркін,түздей кең таңдай азат

Мен қазақпын дегенде қандай ғажап.

Мақтан етсін халықтар халықтығын.

Жетер сан жыл шеккені малдай азап.

2оқушы: -Мен қазақпын қаныммен сүйегіммен

Сән-салтанат салтымды сүйемін мен

Бақ орнатам басына моланың да

Мұрагермін оған да иемін мен.

Мен қазақпын биікпін байтақ елмін.

Қайта тудым,өмірге қайта келдім.

Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске

Айта бергім келеді,айта бергім.

1 жүр: Абай атамыздың «Қалың елім қазағым», Қадыр Мырза-әлінің «Атамекен»,Жұмекен Нәжімеденовтың «Менің елім» сияқты жүздеген, тіпті мыңдаған шығармалары ұрпақтың санасына азаттықты ел болуды, ту көтеруді, батырлық пен қайраткерлікті насихаттап отырды.

Ән «Атамекен»

Күй «Сарыарқа»

2 жүр:-1996 жылы желтоқсанда отты оқиға болды.Сол оты оқиғадағы жастар ерлігі Тәуелсіздігіміздің бастауы болды.1986 жылы қазақ жастары «Ел намысын аяқ асты етпеймін» деп бейбіт шерудің алдыңғы сапында болды. Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев,Ләззат Асанова сияқты біртуар ұл-қыздар өздерінің жас ғұмырларын сарп етті.Олардың есімдері халық жүрегінде мәңгі сақталады.Желтоқсан оқиғасынан бері 30 жылдай уақыт өтіпті.1 минут үнсіздік.

1 жүр:-Азаттық үшін туылған ақтық бұлқынысы желтоқсан жаңғырығына айналып әлемді дүр сілкіндірді.Сол сілкіністен бастау алған азаттық күресі 1991 жылы Тәуелсіздік болып салтанат құрды.Бұл қазақ халқы үшін,әрбір қазақстандық үшін үлкен оқиға,зор қуаныш.

2жүр:Тәуелсіздік елдің тілегі-бейбітшілік,тыныштық,келешегі-білімді ұрпақ.

Ән «Елім менің»

Ән «Туған жер»

1жүр:-Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген 25 жылдың ішінде дамыған нарықтық экономикаға өтіп үлгерді,өзіндік даму жолына таңдау жасады.Елдің әлеуметтік саяси, экономикалық дамуындағы табыстары ҚР-ның Президенті Н.Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты.

3-оқушы:-Мен қазақпын,ұланымын елімнің.

Мен қазақпын тірегімін жерімнің.

Ұланымын туын,көкке көтерген.

Болашаққа алға бастап жетелер.

Міне осындай егеменді еліміз

Кең жазира ұлан байтақ жеріміз.

Туған елін,туған жерін сүйетін.

Біз қазақтың ұланымыз еріміз.

4-оқушы:Білім-өмір шырағы.Қазіргі заман-білім мен ғылым заманы.Ақыл мен сананың білім мен біліктің бәсекеге түсер ғасыры.Біз осы заман түлектеріміз.Ертеңін ойлайтын, болашаққа үмітпен қарайтын ел болғандықтан,елбасымыз шәкірт біліміне ерекше көңіл бөліп отыр.

5-оқушы:-Біз еліміздің экономикасын,мәдениетін білімін көтеретін азаматпыз.Жаңа дәуір көшін жалғастыруға,халқымның әл-ауқатын арттыруға, еліміздің көркейіп нығаюына үлес қосуды басты борышым деп санаймын.

6-оқушы:-Мен қырандай биікте қалықтаған елдің ұланымын.Тәуелсіздік таңы тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді жаңғыртты.Қасиетті Ата заңым қабылданды, аспан түстес байрағым,елтаңбам, әнұраным дүниеге келді.

7-оқушы:-Біз қазақпыз-мен бақыттымын,өйткені дербес елім тәуелсіз жерім,ана уызымен қанға сіңген қасиетті қазынам-ана тілім бар.

Ең бірінші бақытым-халқым менің

Соған берем ойымның алтын кенін

Ол бар болса мен бармын қор болмаймын

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

Би «Гүлдер»

1 жүр:-Біз ежелден ер деген даңқы шыққан халықпыз, кең байтақ жеріне бірлігі жарасқан алуан ұлт-ұлыстан тұратын біртұтас халықпыз.

2 жүр:Мемлекетті аяққа тұрғызу қай кезеңде болса да оңай шаруа болмағаны анық.Осы кезеңде елбасы талай сынақтан сүрінбей өтіп, еліміздің келешегін келісті ету жолында тынбай еңбек етіп ,толағай табысқа қол жеткізді.

1 жүр:-Әуел бастан марғаулыққа жаны қас Н.Ә.Назарбаев елімізді дамыған елдер қатарына қосу үшін «Қазақстан-2050 жол картасы » «Индустриялды-инновациялық даму» бағдарламаларын қабылдап жүзеге асырылуда.

2жүр: -Асқақтаған Астанасы бар қарыштаған Қазақстан қазіргі кезеңде тек бірлікпен болашаққа сенімді қадамдармен адымдар барады. Бар жарқын жетістік пен көзайым жақсылық ұзағынан сүйіндірсін.

Бәрі бірге: Жаса,тәуелсіз Қазақ елі!

Хор: «Жаным қазақ»

Advertisements

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s