Редактормен кездесу


Жамбыл облысы Шу ауданы Көктөбе ауылы
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
«Жамбыл атындағы шағын орталықты орта мектебі» КММ
Тарих пәні мұғалімі: Джумабеков Данияр

21 қаңтар 2017 жылы Жамбыл облысы Шу ауданына 45minut.kz басылымы, Серпіліс ақпараттық қолдау орталығы, Серпіліс.кз газетінің редакторы Ізгілік Нағиев мырза келді. Алыс жолдан ауылдың қарапайым мұғаліміне көңіл бөліп, пікір алмасуға жол сапарлап келген ізгі жанды Ізгілік ағаны өзім вокзалдан күтіп алдым.

Қазақы дәстүрдің қазығы ауыл деп білемін. Сол ауылда өскен ауылдың қарапайым қазағы ретінде ауылыма шақырып мейман болмай, дастарханымнан ауыз тимей, еш қайда жібермейтінімді айттым. Ізгілік аға жәй ғана күліп келісті. Ізгілік ағамды қонақ етіп, сөйтіп дастархан басында біраз ойда, көкейде жүрген көп сұрақтарыма жауап ала отырып ұстаздардың ұлағатты істерін насихаттау үшін, жас ұрпақ оқушының келешегі үшін, көңілде жүрген, кемелі келген бірақ тасымаған ойларыммен бөлістім.

Маған ұнағаны, Ізгілік ағаның: «Білім саласындағы барлық мәселені ақшаға тіреуге болмайды, барлығын ақшамен шешетін қоғамда құндылықтың құны көк тиын» — деген ой түйіні қатты ұнады. Пікіріміз, ойымыз бір жерден шыққанына іштей қуандым.
Ізгілік аға қазақтың жазылмаған заңын берік ұстанған азамат екендігін көрсетті, қонақ кәде ретінде маған сенім артып 45minut.kz Республикалық газетінің бір бумасын ала келіпті. Газеттің әр айдағы номерлері мен 2017 жылғы қаңтар айында әдістемелік мотивацияларым жарияланған номерін оқып қуандым. Бұйырса, Шу ауданы мұғалімдеріне тегін тарататын боламын.

Сонымен қатар, үш ұйқтасам түсіме кіріппе, 45minut.kz Республикалық басылымының тілшісі болам деген. Маған үлкен сенім артып Жамбыл облысы бойынша «БАҚ тілшісі — PRESSA» дегенді айғақтайтын төсбелгіні тақты. Мұны өз басым ұстаздар үшін жариялап жүрген мақалаларым мен мотивацияларым әдіс тәсілдерімді жоғарғы дәреже де бағалап берді деп қабылдадым. Бұдан да ары сенім үдесінен шығу үшін серпіліс қадам жасауыма қағидат болады дегім келеді.

Ізгілік аға және «Сарапшылар» ватцап арнайы тобы арқылы пікірлесе отырып «Үздік сабақ-2017» байқауына біраз өзгерістер енгізетін болдық. Ол туралы барлығы ақпараттық хатта толық қамтылған. Яғни, байқаудағы бейне түсірілім 2 минут пен 15 минутқа дейінгі аралықты қамту керек. Әр кімнің сабақты түсіру шеберлігіне қарай болу керек. Бейнетүсірілімде сабақтың мақсаты мен мазмұны, қолданылған методика толық көрінуі керек. Жеңімпаздарға жүлде ретінде медальдар беріледі. Қатысу диплом, медаль, сертификаттарды алу тегін, ұстаздар үшін қол жетімді. Яғни комерциялық бағыттағы байқау емес, мұғалімдер мен ұстаздардың шығармашылығын насихаттау бағытындағы байқау. Бұл байқау басқа байқаулардан өзгеше, бәрі тегін және ашық байқау болмақ.

Advertisements

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s