Жаңа сабақтар

Теледидар.Телехабар бағдарламаларындағы бейне


Ақтөбе облысы, Темір ауданы

№2 Шұбарқұдық қазақ-орыс орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Тумышева Г.Б. 8б-сынып

1.Сабақтың тақырыбы:Теледидар.Телехабар бағдарламаларындағы бейне
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Етістіктің өткен шағы туралы мәлемет бере отырып, жаттығу жұмыстарын жүргізу.
Дамытушылық: оқушыларды мәнерлеп,орфоэпиялық норманы сақтап сөйлеуге дағдыландыру. Оқушының дүниетанымын,ойлау қабілетін арттыру. Жазба тілі мен ауызша тіл байлықтарын, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды тілді құрметтеуге баулу,олардың қазақ теледидарына деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,түсіндіру, «Сөзтеру» әдісі

Пәнаралық байланыс: орыс тілі,әдебиет.
Сабақтың көрнекілігі: бағалау парағы, қосымша әдебиет, мультимедиялық тақта, видеоролик,слайд.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.Сабақтың мақсатын, жүру барысын хабарлау.
II. Мұғалімнің сөзі:
— Сәлеметсіңдер ме, оқушылар!

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру: «Мен күн болсам, …» әдісі

Топқа бөліну: «Тілшілер», «Бағдарлама жүргізушілер» (кеспе қағаздар алу арқылы)

Бүгін сіздер өз өздеріңізді «Бағалау парағы» арқылы бағалайсыздар.

Үй тапсырмасы: «Домбыра тарихы»

Бекіту: — Домбыра тарту үлкен өнер. Қазірге кезде домбыра тартуды үйрену үшін арнайы мектептерге жазылуға болады немесе үйде домбыра тартатын адам болса, зейін қойып, қолға алсақ, үйреніп алуға болады.

  • Қане, балалар кімнің үйінде домбыра аспабы бар?
  • Көбіне домбыра тартып, ән айтуды қайдан көреміз? (Теледидардан)

Олай болса, бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Теледидар.Телехабар бағдарламаларындағы бейне».

  1. Жалпы теледидар деген не? (Оқушылар жауабы)

Тапсырма: Мен оқыған мәтіннің етістіктерін теріп, жазып алыңыздар. Теледидар
1958 – ші жылы телевизия Қазақстанда пайда болды. Сол кездегі республика астанасы –Алматы тұрғындары 8 наурыз күні тұңғыш рет өз экрандарында Қазақ теледидарының алғашқы дикторлары Зулхия Жұматова мен Нейля

Омарованың дидарын көрді.Олар көпшілікті Алматыда теледидар хабарларының басталуымен, ал әйелдер қауымын мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Содан соң «Үкімет мүшесі» атты көркем фильм көрсетілді. Осылай, қазақ топырағында «көгілдір экран» деген атпен өнердің жаңа түрі – теледидар өмірге келді.
Жазып алған етістіктерді қарап шығыңыздар. Олар қай шақта тұр?

Ендеше, біз бүгін етістіктің өткен шағымен жұмыс жасаймыз. (слайд)

2. Екі топқа «Теледидардың пайдасы мен зияны» тақырыбында постер қорғау.

Әр оқушы өзінің тобына берілген тапсырма бойынша дәптерге бір сөйлем жазады. Етістікті тауып, қай шақта тұрғанын айтады.

3 . Сергіту сәті: Көз жаттығулары (видеоролик)

4. «Жаңалықтар» әдісі: Төмендегі тақырыптар бойынша хабар

дайындаңдар.

І топ: 1.Спорт жаңалықтары. ІІ топ: 2. Ауа райы болжамы.

5. «Сөзтеру» әдісі бойынша «Теледидар», «Бағдарлама» сөздерінен сөз құрау.

6. «Бағалау парағы» нәтижесімен танысып, оқушыларды бағалау.
7.Үй тапсырмасы: «Сүйікті теледидар бағдарламасы» атты тақырыпқа өткен шақ етістіктерін пайдалана отырып, шығарма жазу.

8. Рефлексия: «Сұхбат» әдісі Тілшілер және Бағдарлама жүргізушілер:

Бүгінгі сабақта не үйрендік?

Қай тапсырмада ерекше қиналдыңыз?

Сабақ сізге ұнады ма?

Келесі сабақтың калай өткенін қалайсыз?

Мұғалім: Маған бүгінгі сабақ өте ұнады. Белсенділік танытқан оқушы(лар)…..

Келесі сабақтарда ………… атты оқушы(лар) белсенділік көрсетсе екен деймін.

Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні Үй тапсырмасы Мәтінмен жұмыс Постер «Жаңалық-тар» Сөзтеру Бағасы
1 Уасила
2 Ануар
3 Виктор
4 Сергей
5 Влада
6 Рашида
7 Анель

1 — копия.docx

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s