Жаңа сабақтар

Ою — өрнек және оның түрлері


Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданындағы И. Есенберлин атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі

Әбдікова Махфуза Темірханқызы

Ою — өрнек және оның түрлері.

бейнелеу өнері Сыныбы: 6

М а қ с а т ы Т а б ы с к р и т е р и і
Ою-өрнек, оның түрлері туралы мағлұмат алады, ою-өрнекті өрнектеп бейнелеуге бейімделеді. Ою-өрнек, оның түрлері туралы білді, ою-өрнекті өрнектеп бейнелей алды.

1. Оюдың бейнесін жобалап бейнелей алды.

2. Ою-өрнек туралы білді, оюдың бейнесін нақышына келтіріп орындады.

3. Ою-өрнек туралы білді, ою-өрнектің бейнесін нақышына келтіріп

орындады.

Кезеңдері Әдіс тәсілдері

7модуль

Уақыт Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау Ресурстар
1 Ұйымдастыру кезеңі 1 минут Мұғалім түрлі-түсті гүлдер арқылы топқа бөлінуге нұсқау жасады. Түрлі-түсті гүлдерді таңдап, топқа бөлінді.

1-топ, 2-топ, 3-топ, 4-топ

Түрлі-түсті гүлдер
2 Үй тапсырмасы Моншақ тізу,

басқару және көшбасшылық,СТО, оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, диалогтық оқыту, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

7 минут Өткен тақырыптарды қайталау мақсатында мошақ тізу әдісін орындауға нұсқау жасайды. Орындалу ережесімен таныстырып, әр топқа конверттерді таратады.

Моншақ тізу

Әр топқа таратылған түрлі-түсті конверттердің ішіндегі араласып жатқан түрлі-түсті бейнелеу өнері туындыларының суреттерін біртіндеп жіпке іліп, араласып жатқан кеспе қағаздардың ішінен суреттердің анықтамасын тауып суретті іліп, сосын анықтамасын қасына ілу арқылы бес суреттің анықтамаларын қасына тізіп балалар кезек-кезек қорғады. Білім биржасы Түрлі-түсті суреттер

Жіп

акциалар

3 Жаңа сабақ Мозаика, бортты журнал,

жеке жұмыс, дарынды және талантты, АКТ

басқару және көшбасшылық, оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, диалогтық оқыту, СТО

5 минут Мозаика құрастыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтаймыз.

-Құрастырылған суретте ненің бейнесі бейнеленген?

-Бұл бұйымдарды немен безендірген?

-Бүгінгі жаңа тақырыбымыз қалай аталады екен?

-Ою-өрнек және оның түрлері.

Бортты журнал әдісі бойынша әр топқа жүк журналын таратамын, жүк журналының сол жағына ою-өрнек туралы болжам жазылады. –Тақырып бойынша бұрыннан не білемін?

-Бұл туралы тағы не білуім керек? толтырып болған соң жаңа тақырып бойынша ақпарат слайд арқылы беріледі.

Ал сол жағына жаңа ақпараттан. –Бұл туралы енді не білдім?-Қандай мағызды сәттерді мен енді анықтадым?

Жүк журналы

Болжам Жаңа ақпарат
-Тақырып бойынша бұрыннан не білемін?

-Бұл туралы тағы не білуім керек?

–Бұл туралы енді не білдім?-Қандай мағызды сәттерді мен енді анықтадым?
Балалар сурет қиынды-ларын құрастырып бүгінгі жаңа тақырыпты анықтады.

-Кілемнің, әшекей бұйым, қоржын, торсықтың суретін құрастырады.

-Бұл бұйымдарды оюмен безендірген.

-Ою-өрнек.

Балалар бортты журнал әдісінің орындалу ережесімен танысады. Әр топ өздеріне таратылған флипчарттағы жүк журналының болжам бөлігінде ою-өрнек туралы қазіргі уақытқа дейін не білетінін жазады. Барлық топ толтырып болған соң, бүгінгі жаңа ақпарат бойынша слайд арқылы мәлімет алып, жаңа ақпарат кестесін толтырып, қорғады.

Бесбар-мақ Қоржын-ның

Зергерлік бұйым

Кілем

Торсық суреттері

Флипчарт-тар

юломастерлер

24 минут Бүгінгі жаңа тақырып бойынша тапсырманы сиқырлы сандықшадан әр топтың топ басшылары алады. Сиқырлы сандықша төрт топқа төрт түрлі тапсырма кеспе қағаздарға жазылған. 1-топ өсімдік тектес ою, 2-топ ғарыш тектес ою, 3-топ геометриялық ою, 4-топ жануар тектес ою бейнесін нақышына келтіріп бейнелеу тапсырылады.

Жеке жұмыс барысында сақталуы тиіс критериймен таныстырады.

-дұрыс үйлестіру

-композициялық шешімін анықтау

-тепе-теңдікті сақтау

-түстік үйлесімділігін табу

Сарамандық жұмыс бойынша тапсырманы әр топ басшысы сиқырлы сандықшадан кеспе қағазды алып оқып, топ болып, өздеріне түскен ою түрінің бейнесін нақышына келтіріп орындайды.

Критерийлер:

-тепе-теңдікті сақтау

-дұрыс үйлестіреді

-композициялық шешімі анықтайды

-түстік үйлесімділігін ескереді

түрлі-түсті қаламдар

фломастерлер

өшіргіш

сызғыш

түрлі-түсті

суреттер

бүктемел-ер

сиқырлы сандықша

4 Сабақты пысықтау Көрме, үй салу, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, талантты және дарынды 3 минут Жұмыстарынан галереяға көрме жасауға нұсқау жасайды.

Жаңа тақырыпты пысықтау мақсатында 1-топқа үй салу, 2-топқа домино, 3-топқа шеңберлі сұрақтар, 4-топқа жалғасын тап әдісін орындауға тапсырма береді. Орындалу ережесін таныстырып, кеспе қағаздарды таратады.

Үй салу.

Бүгінгі сабақ туралы өз ойларын қағаз бетіне жазады.

Сынып жұмыстарынан галереяға көрме жасап салыстырып бағаларын береді. Жаңа тақырып бойынша білімдерін1-топ үй бейнесін жаңа тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы салады, 2-топ домино құрастырады, 3-топ шеңберлі сұрақтар, 4-топ жалғасын тап әдістерін толтырда.

Шеңберлі сұрақтар.

Балалар кері байланыс жазады.

Бес балдық жүйе

Білім

биржасы

Түрлі-түсті суреттер

флипчарт

түрлі-түсті акциалар

маркерлер

5 Үйге тапсырма 2 минут Ою-өрнек бейнесін бейнелеу. Күнделікке үй тапсырмасын жазады. күнделік

2015 — 2016 оқу жылында 23-ақпан 2016 жылы «Жеке тұлғаның функционалдық сауаттылығын жетілдірудегі диалогтік оқытудың мүмкіндіктері» атты облыстық әдістемелік семинарына Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы «Ордабасы ауданының білім бөлімі мемлекеттік мекемесі Батыр ата аулындағы «І.Есенберлин атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қараспан аймағының модераторымен бірлескен «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБАИ ұйымдастыруымен және Республикалық «Өрлеу Білім-Ғылым Технология» www.orleu.kz порталының ақпараттық қолдауымен өткізілген семинарда 6-сыныптың қатысуымен өткен «Ою-өрнек және оның түрлері» атты сабақ өттім.

Семинар уақыты 6-сынып ұзақ мерзімді жоспардың сәндік-қолданбалы тарауының алғашқы тақырыбы «Ою-өрнек және оның түрлері» тақырыбына сәйкес келді. 6-сыныпта жалпы жиырма оқушы бар.

Жоғарына аталған тақырып бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары жоспарға сай жасалып, мектеп директоры Н.Сембек тексеріп, бекітілді.

Сабақтың мақсаты: Ою-өрнек, оның түрлері туралы мағлұмат алады, ою-өрнекті өрнектеп бейнелеуге бейімделеді.

Т а б ы с к р и т е р и і: Ою-өрнек, оның түрлері туралы білді, ою-өрнекті өрнектеп бейнелей алды.

1. Оюдың бейнесін жобалап бейнелей алды.

2. Ою-өрнек туралы білді, оюдың бейнесін нақышына келтіріп орындады.

3. Ою-өрнек туралы білді, ою-өрнектің бейнесін нақышына келтіріп

орындады.

Балаларды түрлі- түсті қызыл, сары, алқызыл, көк түсті ортасына төрт түрлі оюлар жабыстырылған гүлдерді ұсынып, оқушылар өздері таңтап қызыл түсті гүлдер 1-топқа, сары түсті гүлдер 2-топқа, алқызыл түсті гүлдер 3-топқа, көк түсті гүлдер 4-топқа бөлініп отырды. Сабақ жоспар бойынша өткенді қайталау мақсатында «Моншақ тізу» әдісін орындауға нұсқау жасап, орындалу ережесі мен бағалау критерийін ескерттім. Моншақ тізу әдісі түрлі-түсті өнер түрлері мен жанрлары, бейнелеу өнері құралдарының суреттері мен жанр аттары мен өнер, құралдарының аттары жазылған кеспе қағаздар салынған кеспе қағаздар әр топқа бес сурет және бес ереже аттары жазылған араластырылып конвертке салып төрт топқа үлестірілді. Әр топ өздеріне берілген конвертті ашып ішіндегі суреттерді рет –ретімен қойып, араласып жатқан ереже аттары жазылған кеспе қағаздардың ішінен суреттердегі бейненің ережесен тауып жіпке тізбектеп өзкізу арқылы орындады.Осы орайда (МАН 39 бет). Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру мен қатар, олардың білім деңнейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Выготскийдің оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Моншақ тізу әдісінде сұрқ қою. Сыныпта сұрақ қоюдың үлгісі «бастама-жауап-кейінгі әрекет» (БЖӘ) нысаны бойынша, бұл модель әңгімеге сыныпта бастам жасайтын және де оны бақылап отыратын адам мұғалім болатын жағдайларды көрсетеді.(Мерсер 1995).Оқушылардың білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау техникалары көрініс тапты. Бағалау критерийі бойынша әр оқушы бір-бір суретті қорғайды. Қорғау барысында суреттің анықтамасын жобалап айтса сары акция, суреттердегі өнер түрінің анықтамасын толықтырып өнер түрін, онымен айналысатын суретшіні кім деп атайтынын, ол өнер түрінде қандай құрал-жабдықтар керек екендініге дейін айтылса өте жақсы жасыл акция арқылы бағаланды. «Моншақ тізу» әдісі «Білім биржасы» акциалары арқылы жасыл акция — өте жақсы,

сары акция – жақсы.

қызыл акция – қанағаттанарлық деген бағаланды.

Моншақ тізу

Жаңа тақырыпты ашу «Мозаика» құрастыру арқылы жүзеге асырылды.

Әр топқа конверттер таратылды баллар онда араласып жатқан сурет қиындыларын құрастырып орындады.

-Ал балалар ненің суреті құрастырылды?

Мұғалім әр топтан жеке-жеке ненің суреті бейнеленгендігі туралы сұрап шығады. 1-топта қоржын,

2-топта зергерлік әшекей бұйымдары,

3-топта кілем,

4-топта торсық бейнесі құрастырылды.

-Бұл бұйымдарды қалай атаймыз?

-Сәндік-қолданьалы өнер бұйымдары.

-Бұйымдар немен әшекейленіп, безендірілген?

-Оюлармен?

-Ендеше бүгінгі жаңа сабағымыздаң тақырыбы: Ою-өрнек және оның түрлері деп аталады балалар.- деп сабақтың мақсаты мен нәтижесін таныстырып өттім.

Жаңа тақырыпты «Бортты журнал» әдісі арқылы танысты. Бұл әдіс бойынша әр топқа «»Жүк журналдары» үлестірілді.

Жүк журналы

Болжам Жаңа ақпарат
-Тақырып бойынша бұрыннан не білемін?

-Бұл туралы тағы не білуім керек?

Advertisements

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s