Жаңалықтар

«ПЕДАГОГТАРДЫҢ БАҚ-ПЕН ЖҰМЫС ЖАСАУЫ» ТРЕНИНГІ БАҒДАРЛАМАСЫ


«Серпін» Медиа орталығы атынан Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында білім мекемелерінде ұстаздар арасында «Педагогтардың БАҚ-пен жұмыс жасауы» тақырыбында республикалық семинар дәрістері басталды.

2014 жылдан бастап елімізде «Серпін» мемлекеттік әлеуметтік бағдарламасы жұмыс істейді. Бағдарламаның мақсаты — халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы (Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) жастарды кадр жетіспеушілігін бастан кешіріп отырған Қазақстанның шығыс, солтүстік және орталық өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру болып табылады.

«Серпін» әлеуметтік даму ұлттық қоры үйлестіру кеңесінің төрағасы, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасының орынбасары Мұрат Абдуламитұлы Әбеновтың қолдауымен 2017 жылдан бастап «Серпін» Медиа орталығы қызмет атқаруда.

«Серпін» Медиа орталығы қызмет бағыты «Серпін» мемлекеттік әлеуметтік бағдарламасын ақпараттық қолдау және насихаттау, ҚР бойынша білім және экономика саласындағы жағымды жаңалықтарды, атқарылып жатқан іс-шаралар ақпараттарын, білікті ұстаздар мен кәсіпкерлерді республика және халықаралық көлемдегі басылымдарда БАҚ арқылы насихаттау және жариялау болып табылады.

«Серпін» – Республикалық Бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде өзіндік орны бар ауқымды медиа-орталық. Біздің орталықта 10 (Он) біріккен ұйым бар, оның құрамына 2 (Екі) халықаралық, 3 (Үш) республикалық журнал, Республикалық әдістемелік-педагогикалық «Serpin Education» журналы, Республикалық «Серпіліс» газеті, Республикалық «45minut.kz» басылымы, Metodist.kz Республикалық порталы, Отандық бизнесті дамыту әрі дәріптеу мақсатында құрылған Халықаралық «Қазақ brands» журналы т.б. кіреді. Барлық мақала қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарияланады.

 

«ПЕДАГОГТАРДЫҢ БАҚ-ПЕН ЖҰМЫС ЖАСАУЫ» ТРЕНИНГІ БАҒДАРЛАМАСЫ

Ұйымдастырушы: «СЕРПІН» МЕДИА ОРТАЛЫҒЫ
Уақыт: 50 минут

Қатысушы 1 жыл көлемінде мақала/ашық сабақтарын «Серпін» Медиа орталығының 10 (Он) БАҚ құралдарында ақысыз/тегін жариялайды.
Сертификатта тіркелу нөмірі жазылады. 2 тілде: қазақ, орыс.

Ұстаздар жетістігін бірден 10 басылымда жариялауға мүмкіндік жəне қатысушылар сертификат тегін алады.

Ұйымдастыру сәті:
Тіркеу
Топқа бөлу
Таныстыру
Түсінік беру:
Мақала деген не?
Мақаланың түрлеріне тоқталу
Топтық жұмыс: Ақпараттық / жаңалық / жазу
Белгіленген бір тақырып төңірегінде
Мақала құрылымы туралы түсінік
Тақырып
Лид
Кіріспе бөлімі
Негізгі бөлім
Қорытынды
Тақырыпқа байланысты фотосурет дайындау
Фотосуретті түсіру, таңдау, сапасын қарау, жолдану әдебі
Электронды поштамен жұмыс: pressa@serpin.kz
«Серпін» Медиа орталығының негізгі сайттары мен газет-журналдары
Сайттар легі
Газет-журналдар
Материалдардың қабылдануы
Ұстаздардың материалдарының БАҚ-та жариялануы, кері байланыс орнату
«Ашық сабақ», «Серпін Education» жинақтары туралы
Көлемі, талабы
Сұрақ-жауап, ұсыныс, пікір алмасу
Марапаттау, естелікке фотосуретке түсу

ОҚО облысы бойынша тренинг өткізілетін орындар:

1. Шымкент қаласы (24-25 қаңтар)
2. Арыс ауданы (26-27 қаңтар)
3. Отырар ауданы (28 қаңтар)
4. Түркістан қаласы (29 қаңтар)
5. Кентау қаласы (31 қаңтар-1 ақпан)
6. Созақ ауданы. Шолаққорған (2-3 ақпан)
7. Бәйдібек ауданы. Шаян (4-6 ақпан)
8. Ордабасы ауданы. Төрткөл (7-8 ақпан)
9. Қазығұрт ауданы (9-10 ақпан)
10. Сарыағаш ауданы (11-13 ақпан)
11. Жетісай (14-15 ақпан)

Advertisements

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s