Жаңалықтар

Ұстазымызды өзгеше таныстыратын уақыты келді


Арыс қаласының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Ж.Байғұттиева атындағы өнер мектебінің тәрбие
ісінің орынбасары Темірхан Әбдіков

Қазіргі уақытта ұстаз мәртебесі мен беделі, оның біліктілігі жайлы отандық БАҚ беттерінде көп талқыланатын маңызды тақырыпқа айналды. «Ұлт болашағы — ұрпақ десек, ұрпақ — болашағы ұстаздардың қолында » екені қай кезде де белгілі. Сондықтан да, кейбір сайттар ұстаздың қоғамдық өмірі туралы жазады, кей бірі сабақ беру әдісі мен тәжірибесін жазады. Ал бүгінгі ұстаз тегін қоғамдық жұмыс күшіне айналды, сенбіліктер де, түрлі әлеуметтік-көпшілік жұмыстар да қосалқы маманның міндетін атқарып жүр деп дабыл қағатындар да аз емес.
Көптеген БАҚ-ды оқыған кезде ұстаздар өмірдегі ең төменгі деңгейдегі және құқы бұзылған қоғам мүшесі ретінде таныстырылады. Дегенмен, қазіргі заманда ұстаз дегеніміз кім және дәрежесі қандай деген сұраққа нақты жауап беретін уақыты келді.
Өзімізден бастасақ, қазіргі орта буын өкілдері, оқушы болған кездерінде ата-аналар тарапынан ұстаз мәртебесі туралы тәрбиелік жұмыстар жүргізілетін. Себебі, біздің ата-аналарымыздың назарында ,ұстаз — беделі биік және өмірлік тәжірибесі бай, жоғары сауатты маман еді. Ұстазды қадірлеу және жоғары бағалау , болашақ ұрпақты тәрбиелеуде маңызды екенін ата-аналарымыз түсінген еді. Осындай тәрбие алған біз ұстаздарды қадірлеп, дәрежесін одан әрі көтере түсуіміз қажетті еді. Керісінше, біз ұстаздарды тиісті дәрежеде қадірлей алмайтын болдық. Бұған не себеп? Тәрбие мәселесінде олқылылық жіберіп алдық па, әлде ұстаз деген атқа кір келтіретін ұстаздар көбейді ме? Жоқ, болмаса ұстазды менсінбейтін шәкірттер, ұстаздың кім екенін танығысы келмейтін ата-ана көбейді ме?
Шынтуайтына келгенде, мұның барлығы біздің ұстаздарымызды жан-дүниесін түсініп, тиісті дәрежеде тану мүмкіндігін жіберіп алуымызда. Яғни, ұстаздарымызды БАҚ-та берілетін ақпараттар арқылы ғана танып білуімізде. Қазіргі уақыттағы ата-аналар көпшілігі жоғары білімді, оқыған немесе өздерін білімді санайтын адамдар.
Десе де көбіміздің ұстаздардың беделі мен біліктілігі туралы білетініміз тек қана ,БАҚ-тың айналасындағы ақпараттар ғана. Әрине, қазір мектепке, университеттерге барсаңыз, сабақ беруге қатысып көрсеңіз, ұстаздың жоғары білімді және кәсіби маман екенін көруге мүмкіндігіміз бар. Кабинеттерде ұстаз және оқушы жетістігі, көркемдік материалдармен көрініп тұр. Бұл жетістікті көретін ұстаздар мен оқушылар ғана. Ал, ұстаздың еңбегінің нәтижесін нақтылайтын және жалғастыратын Ата-ана бұл жетістіктерден ешқандай хабары жоқ.
Ұстаз туралы ақпарат жетіспеушіліктен Ұстазды тиісті дәрежеде сыйлай білу жетіспейтіні белгілі. Сондықтан, Ұстаздарымызды кәсіби жағынан жаңаша танытып, қоғамда Ұстаз мәртебесін өзгеше танытудың уақыты келді. Олқылықтардың орнын толтырып, мұғалім беделін көтерудің нақты жолдарын көп болып ойластырсақ екен ? Серпін медиа ақпарат орталығы ұстаздардың қолдаушысына айналып, озық ұстаздардың заманауи сабақ үлгілерін кеңінен насихаттауды қолға алып отыр. Ұстаз -шәкірттің ізінде,қылыштың жүзінде жүретін халық. Ол мектепте де, көшеде де елге үлгі болуы керек. Бұл жиырмасыншы ғасырдың ұстазының тұлғасы болатын. Бүгінгі ұстаздың бейнесі, болмысы, парасат-пайымы , ұлттық бояуын бұзбай , көрген көз сүйсініп, әр бір ісінен, сөйлеген сөзінен үлгі алатын жан болуы қажет болатын.

Біз ұстаздар қауымы, білім саласында нені жоғалттық, не ұттық ? Атымызға затымыз сай ма? Ойланайықшы?

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s