Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-д иалогі


Меденова Клара Сарсенбаевна
«Бейнеу кешкі мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Меденова Клара Сарсенбаевна

Сабақтың тақырыбы: Әзілхан Нұршайықовтың
«Ақиқат пен аңыз» роман-диалогі

Сабақтың білімділік мақсаты:Оқушыларға жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру «Ақиқат пен аңыз» романының мазмұнын, ерекше жазу стилін, кейіпкерлер әлемін танытып, білімдерін кеңейту;
Тәрбиелік мақсаты: Бауыржан Момышұлының қаһармандық және азаматтық бейнесі арқылы оқушыларды батырлыққа, отаншылдыққа, адалдыққа тәрбиелеу;
Дамытушылық мақсаты: Тақырыпқа байланысты сұрақтар мен тапсырмалар орындатып, оқушылардың ой- өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі :ақпараттық, жаңа білімді меңгеру
Сабақтың әдісі: ой қозғау,сұрақ-жауап,талдау
Көрнекілігі:Интерактивті тақта, Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» роман-диалог, кеспе қағаздар
Бейне материал: (Б.Момышұлының өз дауысы)
Сабақтың барысы.
I.Ұйымдастыру кезеңі:
а)Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу, зейіндерін сабаққа аударту.
ә) Сыныпты (бір түрдегі стикерлерге топ атауларын жазып, тақтаға гүл немесе күн түрінде жапсырып қойып , оқушыларға таңдату арқылы) топқа бөлу.
І-топ «Ақиқат»
ІІ- топ «Аңыз»
ІІІ- топ « Диалог»
Топтарға тапсырма: «Адасқан сөздер» әдісін қолдана отырып, топ атауларының мән- мағынасын ашу.
б) Сабақтың тақырыбы ,оның мақсат –міндеттерін таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:
«Жылдар жырлайды» әдісін қолдана отырып, үй тапсырмасын сұраймын .
1922 жыл — ШҚО, Жарма ауданындағы Келінсүйегі деген жерде дүниеге келген.
1941-1945 ж.ж – Ұлы Отан соғысына қатысты .
1956 жыл- алғашқы әңгімелер жинағы «Алыстағы ауданда» шықты.
1964 жыл- « Махаббат жыры» повестері
1977 жыл- «Автопортрет» әдеби портреттер
1970 жыл- « Махаббат қызық мол жылдар» романы
1976 жыл- « Ақиқат пен аңыз» роман –диалогі
1980 жыл- «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогі үшін Қазақ КСР-інің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы берілді.
2011 жыл- ақпан айында дүниеден өтті.
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту:
Бейне материал: (Б.Момышұлының өз дауысы)
Бейне материалда тамашалап, алған әсерлерімен бөлісу. Топтастыру арқылы батыр бабамыздың өсиетін,ерліктерін талдау.
Жаңа сабақ
Әзілхан Нұршайықовтың қай туындысын алып қарасақта терең ойлы, мән-мағыналы, тәрбиелік мәні зор туындылар. Біз бүгін жазушының «Ақиқат пен аңыз» романына тоқталамыз. Ақиқат пен аңыз — Әзілхан Нұршайықовтың қаһармандық рухтағы шығармаларының бірі. Роман-диалог 1978, 1980, 2009 жылдары жеке кітап болып жарыққа шықты.
Қысқаша мазмұны
Бұл шығармада Ұлы Отан соғысының даңқты каһарманы, гвардия палковнигі Бауыржан Момышұлының азаматтық, ерлік тұлғасын мүсінделеді. Баукеңнің сонау балауса жастық шағынан бері, Совет Армиясының үздік мектебінде шыңдалу кезіңіне, Ұлы Отан соғысының отты жылдарынан бастап күні бүгінге дейінгі ұлағатты өмір жолын шынайы фактілер аясында қызғылықты баяндайды. Романның жазылу формасы да ерекше: бүкіл оқиға автор мен кейіпкердің диалогі арқылы өтеді.
Шығарманың басты кейіпкері
Бауыржан — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик. Шығармада Бауыржан өзі айтқанынан қайтпайтын, тәкаппар, өр мінезді кісі болғанын көрсетеді. Жас кезінен бастап әкесінің сөздерін жадында сақтап өскен адам. Өлсе де өтірік айтпайтын, жамандық ойламайтын ақ жүректі кісі болған. 1928-1930 жылдары бастауыш мектепте ұстаздық етеді. Біраз уақыт аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы ретінде қызмет атқарады. Аудандық милицияда 6 айдай жұмыс істейді. 1932 — 1934 жылдар ар�
�лығында Қызыл Армия қатарына қызмет етеді. 1933 жылы полк мектебін бітіреді. Міне, өмірге осындай тамаша туынды әкелген Әзілхан Нұршайықов әлем әдебиетіндегі алып тұлға. Оқырман қауым ардақтап, қадір тұтатын, көпшілікті өзіне үйіре алатын, көпке үлгі бола білетін жазушы қазақ халқы үшін қашан да биікте.

Топтарға тапсырма :
Тақырыпқа сатылай кешенді талдау жасау .
Сабақты қорытындылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
• Бұл романның аты «Ақиқат пен аңыз» деп аталу себебі неде?
• Ә. Нұршайықовтың соғыс тақырыбындағы шығармасының шынайылығы?
• Б. Момышұлының өмірде қатаң, сұсты болғаны белгілі. Сөйте тұра
Ә. Нұршайықовтың сол кісіден барып сұхбат алуы қандай адам екенін көрсетеді?

IV.Үйге тапсырма беру.
1. Бауыржанның қанатты сөздерін тауып, мән-мағынасын ашып, өз сөзімен жеткізу.
2. Роман- диалогты оқып, батыр бабамыз жайлы қызық дерек табу.
V.Оқушыларды бағалау
Сабақ барысында, белсене қатысып отырған топқа қошемет көрсетіп, смайликтер беріп отырдым. Смайликтер саны бағалау сәтінде қаралады.
Қызыл түс – «5»
Сары түс- «4»
Көк түс – «3»
Сабаққа жақсы белсене қатысқан оқушыларды мадақтау.

Advertisements

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s