Жаңа сабақтар

Үй жануарлары


Байділда Гүлзада Құлшыққызы

«Аққайың» балабақшасының тәрбиешісі

Ырғыз ауданы

Ақтөбе облысы

Үй жануарлары

Білім беру аймағы: Таным

Бөлім: Қоршаған ортамен таныстыру

Апталық тақырыбы: Үй жануарлары.

Мақсаты: Балаларға үй жануарларының неліктен үй жануарлары деп атауын түсіндіру, олардың аттарын дұрыс атап, төлдерінің дыбыстарын ажырата білуге үйрету. Жануарлар жөнінде өлеңдер, тақпақтар, жұмбақтарды мәнерлеп жатқа айту арқылы тілдерін дамыту.
Көрнекілік: Төлдердің суреттері және бетперделері

Сабақтың әдіс — тәсілдері: Әңгімелесу, көрсету, түсіндіру. Жануарлар туралы өлең, тақпақ, мақал — мәтел айту, жаттау, жұмбақ шешу

Тәрбиешінің іс — әрекеті:

Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың?
Бұлтиып бір бүйірің,
Қай өрістен тойдың?

Секең, секең ей лақ,
Жүрмін саған кейіп — ақ.
Тыным тапсаң болмай ма?
Секеңдемей бір уақ.

Ботақаны нардың ,

Жарға неге бардың.

Тілерсегің дірілдеп,

Секіре алмай қалдың, -деп тәрбиеші айтқан кезде балалар қимыл — қозғалыстарымен көрсетеді.
Негізгі бөлім:

Тәрбиеші: — Балалар бүгінгі сабақта үй жануарлары туралы әңгімелесеміз, қане тақтаға қараңдаршы ненің суретін көріп отырсыңдар, бұл төрт түлік малдардың суреттері. Мынау ненің суреті?
Балалар: Мынау сиырдың суреті.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Ал сиырдың төлін қалай атайсыңдар?
Балалар: Сиырдың төлі бұзау.
Тәрбиеші: Дұрыс бұлар қалай дыбыс шығарады?
Балалар: Мө — мө — мө деген дыбысы бар. Ол мөңірейді.
Тәрбиеші: Сиыр бізге не береді?
Балалар: Сиыр сүт береді.

Тәрбиеші: Сүттен не жасаймыз?
Балалар: Айран, құрт жасаймыз.
Тәрбиеші: Сиыр не жейді?
Балалар: Сиыр шөп, жем жейді, су ішеді.
Тәрбиеші: Сиырды қалай шақырамыз?
Балалар: Аухау, аухау деп шақырады (хормен айтады).
Тәрбиеші: Ал мына суретте не көріп тұрсыңдар?
Балалар: Қойдың суретін көріп тұрмыз.
Тәрбиеші: Қой қалай дыбыстайды?
Балалар: Қой маңырайды, мә, мә, мә, мә деді.
Тәрбиеші: Ал қойдың төлін қалай атайсыңдар?
Балалар: Қозы, қошақан, деп атаймыз.
Тәрбиеші: Балалар мына суретте не көріп тұрсыңдар?
Балалар: Ешкінің суретін көріп тұрмыз.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, басында несі бар?
Тәрбиеші:
— Олар қайда тұрады?
Балалар:
— Қорада, үйде, фермада.

Оларды неге үй жануарлары дейді?
— Дұрыс, өйткені олар адамдардың маңайында, аулада тіршілік етеді екен.

Жақсы, балалар ендеше осы үй жануарлары туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

Аяна: Түйе сүйеді баласын

«Боташым» — деп.

«Жаудыраған көзіңнен

Тоташым» — деп.

Аяна: Түйе сүйеді баласын

«Боташым» — деп.

«Жаудыраған көзіңнен

Тоташым» — деп.
Нұрдана Н :Ешкі сүйеді баласын

«Лағым» — деп.

«Тастан-тасқа секірген

Шұнағым» — деп.

Нұрасыл:Жылқы сүйеді баласын

«Құлыным» — деп.

«Тұлпар болып жүгірер

Жұлыным» — деп.
Аружан: Сиыр сүйеді баласын

«Торпағым» — деп.

«Қараңғыға баспаған

Қорқағым» — деп.

Нұрдана С : Қой сүйеді баласын

«Қоңырым» — деп.

«Ештеңені білмейтін

Момыным» — деп.

Даян: Салбыраған әукесі,

Мұңды жердің еркесі.

Зеңгі баба баласы,

Сиыр деген – мен болам.

Бекарыс: Мал өсірсең ,қой өсір,

Өнімі оның көл-көсір.

Асылжан: Сиырды теппейді,

Сүтті төкпейді.

Ерасыл: Құнан атқа жеткізер.

Ат мұратқа жеткізер.

Айша: Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (қой)

Нұрила: Таптым, таптым, тап жорға,

Табаны жалпақ боз жорға. (түйе)
Тәрбиеші:
— Өте жақсы балалар онда біз бүгін ойын ойнап көрейік. Ойынның аты «Төлдерін тап» деп аталады (бейне ролик көрсетіледі).

Сергіту жаттығуы: Қошақаным.

«Үлкен — кіші» дамытушы ойыны:
Сиыр қандай?
Бұзау қандай?
Ол қалай дыбыс шығарады?
Жылқы қандай?
Құлын қандай?
Ол қалай дыбыс шығарады?
Рефлексивті – қорытындылау:
— Балалар, бүгін біз қандай жануарлармен таныстық?
— Неге оларды үй жануарлары деп атайды екенбіз?
— Үй жануарлардың төлдерін қалай атайды?
— Үй жануарлары қалай дауыстайды?
— Адамдарға қандай пайдасы, беретін өнімі бар?
Сабаққа жақсы қатысқан балаларды бағалау. Мақтап — мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Үй жануарларын ажыратып, төлдерін білу керек. Қойылған сұрақтарға толық, әрі нақты жауап бере білу керек.
Болу керек: Қызығушылықтары, ынталары болу керек.
Істей білу керек: Үй жануарларын дала жануарларынан ажыратып, бөлек жинай білу керек.

Байділда Гүлзада Құлшыққызы

«Аққайың» балабақшасының тәрбиешісі

Ырғыз ауданы

Ақтөбе облысы

Астана әсем қала!

Тәрбиеші:Астана тойы- біздің ғасырлар бойы аңсап келіп қолымыз жеткен тәуелсіздігімізді баянды ету, қазақ елін біріктіру, жетістігімізді әлемге паш ету тойы болып отыр.Балалар Астана –еліміздің бас қаласы. Әр елдің баласы өз Отаны, туған жері туралы біліп, оны көркейтіп, қадірлей блу керек.Астана қаласының төбесінен қарайтын биік мұнара- Бәйтерек жасалды.Біз осы елдің болашақ патриоттарымыз.Үлкендеріміз жасап берген жолды алдағы уақытта жалғастырушылар-біз, осы қаланың бас құрлысшысы Нұрсұлтан Назарбаев атамыз екені даусыз.

Ендеше» Астана әсем қала» атты ертеңгілімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Тірлігіне шырай берген кім десең?

Ол- Нұрсұлтан бақ жұлдызын,

Сол азамат болмағанда, ағайын-

Бүгінгідей қуанбас ең, күлмес ең.

Мақсатына жету үшін алдағы,

Әу бастан-ақ дұрыс жолды таңдады

Сол азамат Нұрсұлтаның емес пе?

Орындаған балалардың арманын.

Хор: Әнұран.

Тәрбиеші: Астанам-бағы биік асқарымсың

Астанам-мәңгі жарық аспанымсын

Астанам -әсем қала, ел арманы,

Астанам қайда жүрсем мақтанышым.-дей

Отырып келесі кезекті балалардың тақпақтарына береміз.

1.Р.Зере.Астана қаласы,

Астана –Бәйтерек,

Астанаға қайтар өрлеп,

Қияға самғағандай.

2.Қ.Меруерт.Қанатын кең сермеп,

Қаланы ән тербеп,

Әлемді шарлағандай,

Астана қаласы.

3.Данияр. Аспан жер арасы,

Жұлдызбен жалғанғандай,

Сарыарқа даласы,

Есілдің жағасы,

Көрген жан таңғалғандай.

4.Шерхан.Астана, Астана!

Ел тілегі-бас қала!

Астана, Астана!

Ел жүрегі-Астана!

5.Дамира.Отан-қуат, нәр береді.

Отан-ұран, Отан-туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

6.С.Меруерт.Болашаққа бастаған,

Шарықтайды асқақ ән.

Елордасы Отанның-

Мақтанышым Астанам.

Тәрбиеші: Би болады әрқашан да қыздарда

Жылуынан жібінді мұздарда

Мың бұралып билегенде кім жетер

Биші әсем біздің сұлу қыздарға –дей отырып ортаға биші қыздарымызды шақырамыз.

Тәрбиеші:Ақ сәуле нұр болып тарайды,

Күндіздей жарық айнала.

Жымиып көктен қарайды.

Аспанда жүрген ай ғана .

Астана сазды үнімен

Сызылтып әнге салады.

Кірпігін ілмей түнімен

Ақ таңды қарсы алады.-дей отырып балалардың тақпағын тыңдаймыз.

7.Санжар.Сарыарқаның төсінде.

Төне түсіп Есілге,

Бой көтеріп Астана

Ілесті өмір көшіне.

8.Дамира.Қарыштап алға бас қадам.

Отанымның жүрегі,

Елорда-менің Астанам.

9.Аслан.Алтын орда-Астана

Ғасыр үні- бастама.

Есіл бойын ен жайлап,

Көз тартады бас қала.

10.Мира.Тудым, өстім Отан үшін

Отанымды сүйем жастан,

Отан үшін-қуат күшім,

Жыр жазамын бір тынбастан.

11.Мырза.Жайнаған Астана,

Самал желдей жас қала.

Жарқырай бер мәңгі, Астана,

Күлімдеген жас қала.

12.Мерей.Астана-арман қала,

Бағы бар жанған қала.

Тұрады ол жап- жас болып,

Мен үлкен болғанда да.

Астана- сұлу қала,

Біз оны анамыздай.

Сүйеміз шынында да.

Тәрбиеші:Көтерді шаңырақ Астанам асқақ,

Жаңарып қалам, жасарып далам!

Басыңнан серпіп бодандық жүгін,

Кетпейді ойдан Отандық ұғым.

Арыстан жүрек, айбынды елім,

Таниды сені бар әлем бүгін.-дей отырып енді қорытынды бөлімде сөзжұмбақ «Астананы» шешіп көрейік.

1.Мәжіліс өтетін ғимарат (Ақорда)

2.Астана қай өзеннің бойында орналасқан?(Есіл)

3.Қала рәзімі.(Бәйтерек)

4.Астананың бұрынғы атауы.(Ақмола)

5.Астанадағы ескерткіштердің бірі кімге қойылған?(Абай)

Балалар, біз бүгін сендердің талап- талғамдарыңа, өнерлеріне, отансүйгіштіктеріне өте риза болып көңіліміз шаттануда. Шуақты күндерің көп болсын «Астана — әсем қала» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

«Бәйтерек» құшақ жайған көшем жаңа,

Астана қарқын алды, өсер дара.

Есілдің жағалауын жарқыратқан

Аққудың ұясындай әсем қала.

Құлшынған күншығыста жас қалаға

Батасын берді Алатау бастап алға.

Егемен елге ерекге нұрын шашқан.

Тілейміз құт, береке Астанаға!

Сау болыңыздар барлықтарыңызға рақмет!

Advertisements

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s