Жаңа сабақтар

Жеке адамға қатысты іс қағаздар


Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара қаласы
№16 колледждің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы
Тұңғышбаева М.

Сабақтың тақырыбы : Жеке адамға қатысты іс қағаздар

Сабақтың мақсаты : білімділік – Жеке адамға қатысты іскерлік қарым-қатынастағы жазбаша тіл үлгілерін тани білу

Дамытушылық – білім алушылардың жеке өмірдегі қызметтерін дамытушылық тапсырмалар арқылы байқау, логикалық тапсырмалар арқылы жұмыстандыру, тәжірибелік тапсырмалар арқылы білім алушылар қызметінің әрекетін арттыру

Тәрбиелік – тапсырмалар арқылы білім алушылардың сезіміне әсер ету,жан дүниелерін байыту.

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,суреттер, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Білім алушылармен сәлемдесу, түгелдеу.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Білім алушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұрау. Білім алушылардан өткен сабақтар бойынша бірнеше сұрақ қою. (тақтада);

1 ) Ресми тілде жиі қолданылатын құжаттардың қатарына қандай құжат түрлері жатады?

2) Терминдердің қазақша баламасын түсіндіріңдер:

Адрес-мекен-жай Протокол-хаттама Мінездеме-характеристика

Анкета – сауалнама Банкет-зияпат Өтініш-заявление
Аудитория – дәрісхана Өмірбаян-автобиография Анықтама-справка
3.Хаттама, өтініш,мінездеме,анықтама сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

4. Сөйлемдегі есімдік қандай қызмет атқарып тұр.
Берген тапсырмаңызды әлдеқашан орындағанмын.
А) анықтауыш
Ә) толықтауыш
Б) пысықтауыш
В) баяндауыш

5. «Еш» есімдігі қай сөзбен тіркескенде бірге жазылады:
А) кім
Ә) жағдай
Б) уақыт
В) кітап Жаңа сабақ

Іс қағаздарын қалыптасқан үлгіде сауатты жаза білу талабы — жеке адам өміріне қатысты іс қағаздарының да шарты. Жеке адам өміріне қатысты іс қағаздарының не-гізгілері төменде көрсетілген.

Өмірбаян (аннотациялық парақ)

Өтініш

Жеке іс парағы

Анықтама

Мінездеме

Өтініш — ресми іс қағазы. Оған қойылатын талап нақтылық, дәлдік, ойды, тілекті ашып, анықтап көрсету.

№ 7 жалпы білім беретін

мектептің директоры

Р. Балғымбаеваеа

биология пәнінің мұғалімі

Ж. Асановадан

өтініш

Өмірбаян.

Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған ресми құжат. Әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т.б. қосымша мәліметтер көрсетіледі.

1.Мәтін мен жұмыс (Топтасып жұмыс жасау,жұптасып жұмыс жасау).
2.Жеке адамға қатысты құжаттармен танысу.
3.Іс-қағаздарына қысқаша түсіндірме
4 .Бұйрық тілінде жиі кездесетін етістіктер
5.Ресми іс-қағаздарының этикасы
6.Термин туралы түсінік
7.Көнерген сөздерді іс-қағаздарына қолдану
8.Ресми іс-қағаздарының стилі. Қорытындылау Сұрақ- жауап..

Сабақты қорытындылау сұрақтары:
1. Өтініш туралы не білеміз?
2. Жеке адам өміріне байланысты қандай құжаттарды білесің?
3. Қатынас қағаздарының бөліктерін ата.
4. Түсініктеме қандай жағдайда жазылады?.
5. Өмірбаян туралы не білесің?

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын

Үйге тапсырма:1. Жеке адамға қатысты құжаттарды толтыру.
2. “Іс қағаздарының адам өміріне байланысты”тақырыпқа мәтін құрастыру

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s