Жаңа сабақтар

Отбасы-бақыт мекені


Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тайсойған ауылы

Ғ.Сланов атындағы орта мектеп

өзін-өзі тану пәні мұғалімі

Қазмағанбетова Айымгүл Төлеуқызы

Тақырыбы: Отбасы-бақыт мекені

Мақсаты:«Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді, отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету.

Міндеттері:

-отбасының негізі өмірдің ұйтқысы, киелі қасиетке ие болу сыры туралы түсініктерді кеңейту;

-отбасы тірлігі мен құндылықтарын атап, қадір-қасиеті туралы

философиялық астарына назар аудару;

-отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, алдағы өмірге даярлау.

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: татулық, бірлік, махаббат, бауырмалдық, жарастық.

Түрі:тренинг

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, сұрақ-жауап, мақал-мәтелдің жалғасын табу, видеоролик, постер қорғау, рефлексия.

Көрнекілігі:мультимедиялық тақта, постерлер, түрлі түсті маркерлер, смайликтер.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

а)оқушылармен амандасу

ә)оқушыларды түгендеу

б)5Т ережесін еске түсіру.

2.Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».

-Денелеріңізді түзу ұстап, ыңғайланып отырыңыздар. Аяқ-қолдарыңызды айқастырмаңыздар. Қолдарыңызды өздеріңізге ыңғайлы етіп, бос еркін қойыңыздар. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңізші:Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады.

Нұрды құлақтарыңызға қарай бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен тек жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын! Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын! Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын! Нұр менің ішімде! Мен Нұрмын!». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз….

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Енді ақырын жаймен көзіңізді ашуға болады.

1)Тыныштық сәтінен қандай әсер алдыңыз?

2)Өзіңді жайлы сезіндің бе?

3) Сен расымен де бойыңдағы жаман әдеттерден арылып, жақсы бала болуға дайынсың ба?

3.Мұғалім сыйы. «Соқыр ана» бейнекөрініс.

Талқылау сұрақтары:

1) Бейнекөріністен қандай ой түйдіңдер? Баланың әрекеті туралы не айтасыңдар?

2)“Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада”

дегенді қалай түсінесіздер?

3) Отбасы құндылығының негізі неде деп ойлайсыңдар?

4)Ананың баласына деген махаббатының риясыздығын қайдан көруге болады?

5) “Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің…!” дегенді қалай түсінесіңдер?

4. «Жалғасын тап» мақал-мәтелдердің жалғасын табу.

1.Алып анадан туады, ат биеден туады.

2.Ана алдында құрмет, ата алдында қызмет.

3.Ата-ананың қадірін-балалы болғанда білерсің, ағайынның қадірін-жалалы болғанда білерсің.

4.Ана сүтін ақтамағанды, ешкім жақтамайды.

5.Атадан өсиет, анадан қасиет.

6.Ағайынның алтын сарайынан, ананың жыртық лашығы артық.

7.Ұяға отыз үйден тыю, қызға қырық үйден тыю.

8.Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.

9.Баланың ұяты әкеге, қыздың ұяты шешеге.

5.Тапсырма

Берілген ой тұжырымдарды оқы. Бір шешімді таңдап ал. Оны неліктен таңдап алғанынды түсіндір. Жеке шешім деген бағанға өз ойыңды жаз.

Шешімдер Жеке шешім
1. Отбасындағы бақытты өмірге мен де жауаптымын.
2. Отбасы жарастығы үлкендерге ғана байланысты.
3. Отбасы жарастығына әрқайсымыз жауаптымыз.
4. Отбасы жарастығы өзара сыйластық пен құрмет болған жағдайда туындайды.
5. Отбасындағы жарасым бақыт, қуаныш, шаттық әкеледі.

6. «Бақытты отбасы» моделін құру.

Мұнан кейін оқушыларға кірпіштерден «Бақытты отбасы» моделін жасау тапсырылады.

-Жанұя бақыты мен берекесі неде? Бұл сұраққа жауап бере отырып, үйдің қабырғасын көтереді.

-Жанұям маған не береді? Бұл сұраққа жауап бере отырып, үйдің шатырын салады.

-Міне, балалар, сендер сыйластыққа толы, сүйіспеншілігі мол «Бақытты отбасы» шаңырағын жасадыңдар. Осы шаңырақта көңілді де қуанышты, қызықты да жақсы өмір сүру өз қолдарыңызда.

Бір-біріне мейірімділігі

8.Қорытынды

Туысқандық, бірлік ұғымдарын тудырушы
Отбасындағы сүйіспеншілік
Отбасы
Кішкене бір мемлекеттік орта
Барлық ағайынды жақындастырушы
Ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы
Ұрпақ өрбітуші ерекше ұя

9.Соңғы тыныштық сәті.

Енді бір сәт тынышталып, көзімізді жұмайық. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңіз бен жақсы ойларыңызды естеріңізге түсіріп көріңіздерші. Ол өздеріңізбен қалу үшін жүректеріңізге сақтаңыздар.

Одан ары қарай біз әдемі етіп салынған жол үстінде келеміз. Ол жол бізді бір үлкен үйге апарды. Біз баяу жүріп отырып, үй иесінің бар ықыласпен отырғызған гүлдеріне көз тастаймыз. Міне, үйге де келіп қалдық, бапалдақпен үйге енеміз. Үй ішінен жаңа піскен нанның иісі келіп тұр. Бұл үйдің сендерге де ұнайтындығына күмәнім жоқ. Енді ақырын көзімізді ашамыз.

10.Рефлексия

Осыдан кейін бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңіз туралы алдарыңыздағы стикерлерге жазып, парталарыңның бір шетіне жапсырып қоюларыңызға болады.

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s