Рахмет саған, бастауышым!


Жұмағұлова Айткүл

О.Әлибаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Мақсаты: оқушылардың Отанға, туған жеріне, алтын ұя мектебіне деген сүйіспеншілігін арттыра түсу. Ата-аналардың мектеппен тығыз байланысын арттыру, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа, сыпайылыққа тәрбиелеу. Ұстазға,ата-анаға деген құрметті арттыру. Сыйластыққа баулу.

Көрнекілігі: «Біз осылай едік» стенд. Мақал-мәтел шарлар, ойындар. Үздік шығармалар, үлгілі дәптерлер, күнделіктер.

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар ұстаздар, қонақтар және оқушылар!

Бүгін, біз үшін қуанышты да қимас күн. О.Әлибаев атындағы орта мектептің 4«а» сыныбының бастауышпен қоштасу кешін бастауға рұқсат етіңіздер.

Кеш төрт бөлімнен тұрады.

І-«Мектепке келу» сахналық қойылым ( оқушылар шығармашылығы )

ІІ- Әдеби монтаж.

ІІІ- Жеке өлеңдер.

ІҮ-Құттақтау сөз, тілек, бата беру.

Сахналық қойылымда рөлдерде ойнағандар: Шешесі: Балдырған.

Бала: Ерғұлан.

Мұғалім: Назым.

Бала: Бармаймын, бармаймын (жылайды)

Шешесі: Жүре ғой, жүре ғой. Мектеп деген жақсы. Мен де оқығам, әкең де оқыған осы мектепте.

Бала: Атам ше?

Шешесі: Иә, балам, атаң да оқыған.

Бала: Әжем ше?

Шешесі: Әжең де оқыған. Бәріміз де осы шаңырақта оқығанбыз. Енді сен де оқисың. (баланы мектепке жетелейді)

Бала: Жоқ,жоқ бармаймын.

Жүргізуші: (оқушылар шығармашылығы)

Естігенде алғаш рет

Мектепке биыл барасың

Уайымнан қорқып мен

Шошынып-ақ қаласың

Біреу тартып алардай

Үйдегі ерке шағымды

Үгітін анам тән алмай

Бармауға салдым барымды.

Шешесі: Құлыным, ертең — ақ жігіт боласың. Әлі мектепке жүгіресің

Тарыдай боп кіресің,

Таудай болып шығасың.

(Мұғалім келеді)

Мұғалім -Келе ғой. Келе ғой. Ой, қандай жігіт!

-Өзі қандай тамаша!

-Атың кім?

Бала: -Ерғұлан

Мұғалім: Біздің Ерғұлан батыр болады. Кәне, кәне өзі отырады партаға. (Баланы партаға отырғызады). (Сахна жабылады)

Жүргізуші: Мұғалімді көргенде

Жоғалды барлық қорқыныш

Өзімді баурап алғандай

Күй кештім, рахат бір тыныш.

(Бала шешесіне жүгіріп келеді)

Бала: -Апа, мен жаңа достар таптым!

Шешесі: Құлыншағымның достары көп,

Бала: Апа, әліппеден 5, есептен 5, суреттен 5, еңбектен 5 (Бала кетеді)

Жүргізуші: Жан-жағыма қарасам,

Көп екен мендей балалар

Жетектеген әрқайсысын

Қасында бір-бір ана бар.

Осылайша аштық біз

Алғаш мектеп есігін

Мұғалімнен естідік

Әліппенің есімін.

(Бала келеді. Арада 4жыл өтті)

Бала: -Апа, мен бастауышты бітіремін. Бітіру кешіне шақырып келдім (қолында шақыру билеті бар)

Шешесі: -Рас па?

-Е, құлыным,кеше ғана емес пе еді. Өте шықты 4 жыл. Міне,бүгін үлкен жігіт болдың.

Бала: -Апа, мен енді мектептен қашпаймын. «Мектеп — кеме, білім — теңіз» екенін ұқтым апа, ұқтым апа!

Жүргізуші: Үйреніп әріп, хат танып

Жазу, сызу әлемін

Сыныпқа үлкен өтпекпіз

Әліппенің алып сәлемін.

Ән: «Мектебім»

1-оқушы:

Әлі есімде мектепке келгеніміз,

Келгеніміз, сыныпқа енгеніміз.

Жасқаншақтап, тосырқап тұрған шақта,

Өзің болдың ұстазым сенгеніміз!

Ұқсаттың да сіз бізді балаңызға,

Ұқсатып ек, біз сізді анамызга…

Жақын тарттық, біртіндеп бауыр бастық,

Жүргеніңді ұнатып арамызда.

Кеп-кешегі тосырқау қайда калған?

Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.

Мерейің бе, ұстаздық жүрегің бе?

Жан дүниесін баланың жайлап алған.

Жатсынады мейірімді ана кімді?

Ең жақынның бірі едім бала күнгі.

Аяз ата болып ең қартқа айналып,

Ұмытпаймын сондағы Жаңа жылды.

Тон киіп түрге енсең де өзге мүлдем,

Тұрсаң да араласпай сөзге бірден.

Ә дегенде, бәрібір біліп қойдық,

Мейірім төгіп тұрған көздеріңнен.

Куанышын еселеп дала бүгін,

Келіп қапты тағы да Жаңа жылым.

Аяз ата өзіңіз болған ұстаз,

Кетер емес есімнен бала күнім….

Айналаға бейбіт күн нұры тұнып,

Бақыт құсын балдырған жыр ұшырып.

Өздеріңізге балам да шәкірт болды,

Жатыр әне, құттықтап гүл ұсынып!

Бар баланың сенгені өздеріңіз,

Сол сенімді ақтаумен өрледіңіз.

Кұтты болып ұстаздар, Жаңа жылың,

Жана берсін жасампаз еңбегіңіз!

Жана берсін еңбегің жана берсін,

Мерейіңе шәкірттер қана берсін!

Айнала балалар мен гүлге толып,

Жаңа жылың зор бақыт ала келсін!

1 оқушы: Алдыңа келіп ұстазым.

Тұңғыш қалам ұстадың

Күлімдеген көзіңнен

Мейірімнен сезінген

Сипадың да басымнан

Әліппені ұсындың

Бақытымның осыдан

Басталғанын түсіндім.

2 оқушы: Үйретіп алғаш әліппені

Мұғалім ғылымға жол салып берді.

Адамның ой- арманы мақсаттары

Оқудың сәулесінен жарық көрді.

3 оқушы: Алғашқы қонырау тосын бізге,

Күмістей сыңғырлауы есімізде

Ұстазым жарқын жүзді, ақыл сөзі

Шырақтай жарық төккен кешімізге.

4 оқушы: Жаны асыл ұстаздарды еске алыңдар,

Жаңа сыр ашатұғын жас жалыңдар.

Шәкірті жаман екен дегізбеңдер,

Санасы биік, адал дос табыңдар.

5 оқушы: Құттықтап бүгін мен

Мереке күнімен

Ойыма нәр алам

Сен берген білімнен.

6 оқушы: Мұғалім мені білмейтін

Бағбандай бапкер адамдар

Құлпырып жылда гүлдейтін,

Гүлбағы балғын балалар.

7 оқушы: Мұғалім қажып талмайды,

Іздейді даңғыл саған жол

Жақсыны ғана таңдайды,

Қамқорың, саяң аман бол!

8 оқушы: Кей кезде де мұғалім

Қайғырмайды өзі үшін

Біздер үшін қуанып,

Қызарады біз үшін.

Ән: «Ұстазым»

ІІІ- Жеке өлеңдер.

ІҮ-Құттақтау сөз, тілек, бата беру.

Ата-аналар құттықтап, бата берді.

Қарағанды облысы,

Жаңаарқа ауданы

Ш.Ералиев ауылы

Рахмет саган, бастауышым . Айткуль.doc

Advertisements

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s