Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы


Аманова Фарида Накыпбековна

16 колледж МКҚК

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

ОҚО, Шардара ауданы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Білім алушыларды Ілиястің шығармаларымен таныстыру, еркін ойлауға үйрету.

Дамытушылық: ізденгіштік қасиеттерін арттыра отырып, дәлелді пікір айтуға үйрету, ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылықен жұмыс істей білуге, өзінше тұжырымды ой айта білуге үйрету.

Тәрбиелік: Қазақ халқының ұлттық мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін құрметтеуге, бағалауға баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, география, матиматика

Көрнекілігі: Ілиястің слайд, тест, үнтаспа

Ұйымдастыру кезеңі: (2 минут)

Білім алушыларды түгелдеу, тексеру, оқу-құралдарын қадағалау, сынып тазалығына көңіл бөлу.Олардың көңіл-күйіне, денсаулығына баса назар аудару.

Үй тапсырмасын тексеру (15 минут)

Ой шақыру:

Буын — өлең жолындағы дауысты дыбыстардың саны. Буынақ өлеңдегі дауыс толқындарының арасы. Әр бунақ екі,не үш немесе төрт буыннан да тұрады. Қазақ өлеңі екі үш, аралас бунақты болады. Он бір, сегіз, жеті, алты аралас буын түрлері бар.

Сергіту сәті::

«Қазаққа» деген өлеңінен үзінді өлеңінің құрылысына талдау жасау Қара өлең ұйқасы

Келді теңдік, туды теңдік басыңа,
Қатын, еркек, кәрі менен жасыңа.
Туысқандық, құрдастыққа асыға –
Алалықты араңдағы жой, қазақ!

«Шұғаның белгісі» шығармаға сатылай кешенді талдау

Тақырыбы:

Авторы:

Әдеби жанры

Кейіпкерлер

Шығарманың композициялық құрылысы

а) Оқиғаның басталуы

б) Оқиғаның дамуы

в) Оқиғаның шиеленісуі

г) Оқиғаның шарықтау шегі

д) Оқиғаның шешімі

Өткен сабақты пысықтау

Тест

  1. «Үш бәйтеректі» ата?

А) А. Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уалиханов

Б) І. Жансүгіров, Б.Майлин, С.Сейфуллин *

В) М. Дулатов. М.Мақатаев. Ж. Аймауытов

  1. Бейімбеттің шын есімі?

А) Жармағанбет

Б) Бейімбет

В) Бимағанбет*

3. «Мырқынбай», «Түйебай» кімнің әңгімілері?

А) М.Дулатов

Б) Б. Майлин*

В) С.Көбеев

4 «Шұғаның белгісі» шығармасы қандай үлгіде жазылған?

А) драма

Б) проза*

В) поэзия

5. 1914-1915 жылдары қазақ зиялыларының Ғалия медресесінде түңғыш шығарған

Қолжазба журналы қалай аталады?

А) «Қазақ»

Б) «Садақ»*

В) «Еңбекші қазақ»

6. «Шұғаның белгісі» кімнің атынан баяндалған?

А) Қасым*

Б) Әбдірахман

В) Есімбек

7. Шығармадағы табиғат көрінісі қалай аталады?

А) портрет

Б) пейзаж*

В) проза

8. «Шұғаның белгісіндегі» хат тасушы бала?

А) Базарбай*

Б) Қасым

В) Айнабай

Жаңа сабақ: Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы ( 20 минут)

Әйгілі ақын, драматург, сөз зергері Ілияс Жансүгіров бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында (қазіргі Алматы облысы, Ақсу ауданы) туған. Ілияс жас күнінен бастап ән мен күйге, өлең-жырға құмар болып өседі. Жас Ілияс ұлы Абайдың поэзиясымен танысқаннан кейін өзінде бір ерекше сергектік, сілкініс, жаңалық сезінеді. Өз үйінде әкесінен хат танып,молда алдын көрген Ілияс жүйелі түрде білім алмақ болып Алматыға келеді, мұғалімдер институты жанындағы қысқа мерзімді курста оқиды. Жас азамат Қазақ ағарту институтында, Жетісу облыстық «Қосшы» комитетінде, губерниялық оқу бөлімінде, «Тілші» газетінің редакциясында қызмет етеді, ауыз әдебиеті үлгілерін жинайды. Газет — журналдарда алғашқы өлеңдері басылып шыға бастайды. 1928 жылы «Сағанақ» деген тұңғыш кітабы шығады. Ілияс Жансүгіров 1925-1928 жылдары Москвадағы Коммунистік журналистика институтына түсіп, орыс, Европа классиктерінің шығармаларын тереңдеп оқиды. Бұл тәжірибе ақын талантының жарқырай ашылуына әсер етеді. Елге оралған соң «Еңбекші қазақ» газетінде істеп, 1934-1935 жылдарда Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы болады. 1935-1937 жылдары көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін басқарады. КСРО жазушыларының I съезіне қатысады. Қазақ поэзиясының ерен жүйрігі, «қазақ поэзиясының Құлагері» 1938 жылы жазықсыз жазаға ұшырайды. Ол 1927-1938 жылдары өндірте жазып, поэзия, проза, драматургия, сын, аударма саласында жиырмадан астам кітап шығарып, артына мол әдеби мұра қалдырды. Ақынның эпикалық шығармаларындағы бейнелеу тілінің байлығы, сонылығы, стиль өрнегі, құйылған сөз тасқыны, адуынды күші Ілияс Жансүгіров ті қазақ халқының сүйікті қаламгерлерінің бірегейі етті. Еңбектері Жансүгіров өлең жазуды 1912 жылы бастаған. Оның «Балдырған», «Қызыл жалау» атты өлең дәптерлері кейін, 1957 жылы Ұлттық кітапханадан табылды. Жансүгіровтың баспа бетін көрген алғашқы туындылары – «Сарыарқаға», «Тілек» деген өлеңдері. Бұлар 1917 жылы Семейде шығып тұрған «Сарыарқа» газетінде жарияланған. 1923 жылы «Сана» журналында «Мерген Бөкен» әңгімесі басылып шықты. Осыдан соң Жансүгіров өлеңдері «Тілші», «Ақжол», «Кедей еркі» газеттерінде жиі жарияланып жүрді. Осыдан былай қарай Жансүгіров халқына қаламы ұшталған, терең ойлы, талантты ақын ретінде мәшhүр болды. Жансүгіров шығармаларының бастау алар арнасы – қазақ халқының бай ауыз әдебиеті, Абай поэзиясы, орыс және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілері. Оның шығармалары сан салалы, көп қырлы. Жансүгіров халықтың бай фольклорын жинасуға, оның озық үлгілерін халық игілігіне айналдыруға, басылып кітап болып шығуына үлкен үлес қосқан. Олардың озық үлгілерін өзі жазған мектеп оқулықтары мен хрестоматияларына енгізіп, мектеп оқушыларының халықтық тарихынан, өткен өмірінен хабардар болуына зер салған. Жансүгіров әдебиет сынына да араласып, әдеби көркем сын жанрының дамуына ат салысты. Ол А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, Н.А Некрасовтың, М.Горькийдің, Г.Гейне мен В.Гюгоның, Ғ.Тоқайдың, К.Лахутидің шығармаларын қазақ тіліне аударып, қазақ әдебиетінің әлем әдебиетімен байланысын кеңейтті. 1936 жылы А.С.Пушкиннің 100-жылдығына Ілияс Жансүгіров «Евгений Онегин» романын аударып өзінің кітабына еңгізген. Бірақ соғыс жылдары ол роман басқа кісінің атымен шығыпты. Ілияс Ж. ақталғаннан кейін оның туыстары соттасып сол романды Ілияс Ж. аударғаның дәлелдеді. Республикада бірнеше мектеп, көше, аудан, шаруашылыққа, Талдықорған қаласындағы Жетісу Мемлекеттік университетіне оның есімі берілген. Сол қалада ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби-мемориалдық мұражай жұмыс істейді. Қазақ әдебиетіндегі орны Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі туындылар берген әмбебап дарын. Әсіресе ол өзінің аса қуатты суреткерлік талантын поэзия жанрында көрсетіп, күллі қазақ әдебиетінің мақтанышына айналған туындылар берді. Ілияс әдебиетке халық фольклоры дәстүрінен, аз оқуымен және біршама кештеу — 20-жылдардың басында келді. Бірақ ол сол кездің өзінде халық өмірін жетік білетін, қазақ тілінің байлығын тамаша меңгерген бозбала еді. Өте қабілеттілігі мен ізденгіштігінің, жігерлілігінің және жаңадан құрылып жатқан қоғамның қоңыртөбел ортадан шыққан талапты жастың оқып, білім алуына жылы қабақ танытуының арқасында, ол біршама қысқа уақыттың ішінде тез жетіліп, аршындап алға озды. Алматы, Ташкент, Мәскеу оқу орындарында жақсы мағынасындағы қомағайлықпен білім алды, өз бетімен де көп оқыды, орыс және әлем классикалық әдебиетін зерттей оқып, үздік туындыларын орыс тілінен қазақшаға аударды. Осы аралықта жазуға да төселіп, қоғамдық жұмыстарға, әдебиет ісіне белсене қатысты. Алғашқы жинағы 1928 жылы 34 жасында жарық көрген Ілияс 5-6 жылдың ішінде қатарынан арындап алға озып, Абайдан кейінгі дәуірдің аса көрнекті ақынына айналды. Прозалық, драматургиялық талантты кесек туындыларын айтпағанда, «Күй», «Күйші», «Құлагер» сияқты классикалық шығармалар тудырды. Ілияс поэзиясы — ойға — қанат, сезімге нәр беретін, ешқашан ескірмейтін, мәңгі жас поэзия. Қазақтың Абайдан кейінгі замандағы аса дарынды да арынды ақыны Ілияс Жансүгіровті, әдетте, өзі шалқар шабыт, керемет құштарлықпен көсіле жырлаған Ақан серінің Құлагеріне ұқсастырады. Айтты-айтпады, екеуінің дүлдүлдігінде ғана емес, тағдыр-талайында, қайғылы өлімдерінде де ұқсастық бар. Бәйгенің алдын бермейтін қас жүйріктерге ғана тән намыскерлікпен жанын сала зымырап бара жатқан Көктұйғынды омыраулап, кең тыныспен жүйткіп келе жатқан Құла пырақ межелі жер -Жыландысайға еңкейісте, үстіндегі баланың тізгінін босатып, тақымын сәл қымтып қалуы мұң екен, жұлдыздай аға жөнеледі. Сол сәтте қалтарыстан тап берген қарақшы кер құланы маңдайдан айбалтамен періп өтеді де, қайран тұлпар қара жер қақ айырылғандай гүрс етіп құлап қала береді. Кемеліне келіп, ақындық бәйгесінде арындап алға шыққан шағында Ілияс та тоталитарлық жүйенің құрбаны болып, мұрттай ұшты. Әйтсе де әмбебап дарын айналасы 10 жылда проза мен драматургияда, әсіресе поэзияда әдебиетіміздің алтын қорына жататын айтулы туындылар беріп, артына аса мол көркем мұра қалдырды.

Сабақты бекіту: Фонетиканы матиматикалық талдау жасау (5 минут)

От жақтырды жауратып

Шыңылтар күзгі тымырсық.

Маздаған от болмаса,

Кемпір мен шал ыңырсып.

Берілгені: Шыңылтар – 8 о

Қатаң 2 (ш,т,)

5 =

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s