Жаңа сабақтар

Paint графиктік редакторы. Негізгі түсініктер. Іск е қосу. Құрал- саймандар тақтасы. Палитра. Сурет с алу кезеңдері


Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Қалыбай ауылы
Қалыбай негізгі мектебінің информатика
пәнінің мұғалімі Баудиярова Сәуле Нұрлыбекқызы

Қалыбай негізгі мектебі.

Баудиярова Сәуле Нұрлыбекқызы

5- cынып информатика.

Сабақтың тақырыбы: Paint графиктік редакторы. Негізгі түсініктер. Іске қосу. Құрал-

саймандар тақтасы. Палитра. Сурет салу кезеңдері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларды редактормен жұмыс істеуге үйрету. Графикалық ақпаратты

жасау туралы түсінік беру;

Тәрбиелілік:Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;

Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру .
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма беру.

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

  • Дискеттерді пішімдеу дегеніміз не?
  • Дискеттерді пішімдеу әрекеті қалай орындалады?
  • Дискеттерді пішімдеудің неше түрі бар? Олардың айырмашылықтары қандай?
  • Дискетке объектілерді көшіру әрекеттері қалай орындалады?

Жаңа түсініктер:

ДК-нің мәтіндік те, графикалық та ақпаратты өңдеу мүмкіндігі бар. Мұндай ақпаратты өндеудің қарапайым құралы стандартгы Windows’98 операциялық жүйесі болып табылады. Раіnt графикалык редакторы дегеніміз не? Б9л редактор растрлық бейнелермен (көптеген бөлек түрлі-түсті нүктелерден — пикселдерден тұратын) жұмыс істеуге арналған, сондықтан әрбір суретке қатаң анықталған орын беріледі (өлшем). Сонымен бірге бекітілген түстер саны қолданылады.

Графикалық редактор графикалық бейнелерді жасауға және редакциялауға арналған.

Редактор:

  1. Құрал-саймандар мен бояуларды қолдана отырып, сурет салуға;
  2. Суретгерді бөлек бөліктерден құрастыруға;
  3. Суретке мәтінді енгізу және қалыптастыруға;
  4. Бар графикалық объектілерді түзетуге;
  5. Схемаларды сызуға және т.б. мүмкіндік береді.

Paintбағдарламасын іске қосу. Пуск => Программы => Стандартные =>

Графическийредактор Раint

Редакторды жүктегеннен кейін экранда әдеттегідей, тақырып жолынан, меню мен жұмыс үстелінен тұратын терезе пайда болады. Менюді пайдалана отырып, терезеде құрал-саймандар тақтасын, палитраны және қалып-күй жолын жарықтандыруға болады. Егер жұмыс ортасының өлшемі терезе өлшемінен үлкен болып берілсе, онда жұмыс ортасының төменгі және оң жақтарында айналдыру жолақтары пайда болады. Қалып күй жолында меңзердің пикселдердегі координаттарын байқауға болады.

СУРЕТ САЛУ КЕЗЕҢДЕРІ

Құрал-саймандар тақтасы жұмыс аймағының сол жағында орналасады және онда мынандай құрал-саймандар бар:

  • суреттің ерікті аймағын белгілеу;
  • суреттің тік төртбұрышты үзіндісін белгілеу;
  • суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған өшіргіш;
  • тұйық контурды құю;
  • суреттен түс тандау;
  • экрандағы бейненің өлшемін өзгертуге арналған масштаб;
  • жіңішке сызықтарды сызуға арналған қарындаш;
  • ерікті сызықтарды сызуға арналған кисть (қылқалам);
  • түрлі түсті нүктелерді салуға арналған бүріккіш;
  • мәтінді енгізу мен қалыптастыруға арналған жазу (әріптердің пішіні мәтін атрибуттарының тақтасының көмегіменөзгертіледі, ол меню арқылы шақырылады);
  • түзу сызықтарды салуға арналған сызық;
  • қисық сызықтарды салуға арналған қисық (алдымен түзусызық саламыз, содан кейін екі рет сызық қисықтығынбереміз, бұл маустың сол жақ батырмасын басып жылжьпу
    арқылы орындалады);
  • тікбұрыш, көпбұрыш және эллипс — қажет фигураны салуға мүмкіндік беретін құрал-саймандар, фигура дұрыс салынуы үшін (шаршы, шеңбер) маусты жылжытқанда Shift пернесінбасып ұстау керек.

— салынған кескінді болдырмау үшін Ctrl+Z пернесін басу керек.

Палитра.

Палитра жұмыс аумағынан төмен орналасқан және түстер жиынтығынан басқа (түрлі түсті шаршылар), негізгі және фонның түстерін көрсететін түс индикаторы бар. Түстер маус батырмасын қажетті түсте басу арқылы тандалынады. Оң жақ батырмамен — фонның, ал сол жақ батырмамен негізгі түсті тандаймыз. Өшіргіш кескінді фон түсімен өшіреді. Тікбұрыш, көпбұрыш және эллипс таңдалған режімге байланысты, фон түсімен боялуы мүмкін. Палитраны өзгерту үшін, оған маустың оң жақ батырмасымен екі рет шерту керек.

Сурет салу тәсілдері.

Маустың сол жақ батырмасын басу арқылы құрал тандаймыз. Егер қажет болса, сызықтар қалыңдығын, түсін, оның конфигурациясын немесе қажет режімді, мысалы, эллипсті таңдаймыз. Маустың сол жақ батырмасын басып отырып, сурет саламыз. Мәтінді енгізгенде аддымен жазу, қаріп, оның өлшемі және басқа атрибуттары орналасатын жерді белгілейміз.

Меню.

Меню алты пункттен тұрады, оларды маустың батырмасын басу арқылы тандауға болады. Менюдің әр пункті созылған бағыныңқы менюден тұрады. Меню арқылы терезенің түрін, жұмыс аймағының өлшемін өзгертуге, суреттің бөлігін көбейтуге, суреттің белгіленген бөлігінің түсін өзгертуге, еңкеюін ауыстыруға, суретгі сақтау немесе қалпына келтіруге, суреттің экранға беру режимін өзгертуге (масштаб), суреттің бір бөлігін көшіруге жөне оны алмасу буферінде сақтауға (ақпаратты уақытша сақтауға арналған жадтың арнайы аймағы) болады.

Өзіңді тексер! Тест

1 .Paint сөзі ағылшын тілінен қалай аударылады?

А) Жобалау в) Оқу, кітап с) Сурет, сурет салу д) музыка

2. Барлық растрлық кескіндер неден тұрады?

А) кішкене тіктөртбұрыштардан в) нүктелерден с) Сызықтардан д) символдардан

3. Қандай пішімдегі кескіндер ең сапалы болады?

А) .bmp в).jpg с) .png д).gif

4. Paint программасын қалай іске қосамыз?

А) Бастау Барлық прогараммалар Стандарттық Paint

В) Бастау Стандарттық Paint

С) Менің құжаттарым Менің суреттерім Paint

Д) Жұмыс үстелі Қоржын Paint

5. Алдыңғы саптың түсуін өзгерту үшін не істеу керек?

А) Түстер тобында негізгі тіркеме бетіндегі Цвет 1 батырмасын басып, түс таңдау.

В) Түстер тобында Негізгі тіркеме бетіндегі Цвет 2 батырмасын басып, түс таңдау.

C) тышқанның сол жақ батырмасынмен Палитрадағы түсті шерту

Д) Esc пернесін басу

Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Paint графиктік редакторының атқаратын қызметі қандай?
  • Paint графиктік редакторын қалай іске қосамыз?
  • Paint графиктік редакторының тезесінің бөліктерін атаңыз
  • Сурет салу әдістері қалай орындалады?
  • Түстер палитрасының қызметі қандай?
  • Меню жолының қызметі қандай?

Үйге тапсырма: оқулықтағы 14 тақырыпты оқу.

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s