Лукпанова Нургуль Жулдыбаевна


Атырау қаласы, Ақжар селосы

№59 «Ақбөбек» балабақшасы

тәрбиеші

Лукпанова Нургуль Жулдыбаевна

Сабақтар тізімі:«Тұңғыш президент»
«Құтты болсын, Жаңа жыл!»


Мақсаты:
Жаңа 2017 жылға сай безендірілген зал ортасында түрлі — түсті жарқыраған ойыншықтары көз тартар жасыл шырша орын алған. Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, карнавалдық киімдерге назар аударту; достық қарым — қатынас ояту.
Қатысушылар: Жүргізуші, Аязата, Ақша қар, Жалмауыз кемпір, Сайқымазақ, Мешін, Тауық, балалар, ата — аналар.

Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ата – аналар, тәрбиешілер! Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіндер. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл!
Жүргізуші: Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Олай болса балалар қол ұстасып ән салайық.
Ән:«Шырша жыры»
Жүргізуші: Балалар, ортамыздағы әсем не?
Балалар: Шырша!
Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал, шыршаға арналған тақпақтарымызды айтып берейік. ( Інжу, Исмайл, Томирис)
Інжу:
Жасыл шырша орманнан,
Бізге арнайы келіпті.
Ойыншығын балалар,
Шыршаға әсем іліпті.
Исмайл:

Әсем шырша сәнденген,
Өз аңдарын күтеді.
Жаңа жылмен бірге біз,
Орманға кеп жетеді.
Томирис:

Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.

Жүргізуші: Жарайсындар, қандай жақсы тақпақтар! (шыршаның жанына жақындап келіп) бәрекелді, қараңдар балалар, шыршаның астыңда бірдеңе тұр! Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша, келіңдер, балалар, сыйлықты ашып көрейік. (көңілді муз. ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен Сайқымазақ атып шығады.)
Сайқымазақ:
Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл мен Сайқымазақпын. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап — қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жалды қарсы алайыншы, сендермен бірге ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын: «Өз орныңды тап»

Мақсаты: Ортаға 6-7 орындық қойылады, 7-8 бала шығарылып әуен жүргізіледі, әуен тоқтап қалғанда балалар орындарына отырып қалуы керек орындық жетпей қалған бала ойыннан шығады. Осылай ойын жалғасын тауып ойналады.

Жүргізуші: Ой балалар жарайсыңдар.

Жүргізуші: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар, ата — аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің жаңа жылдық мерекемізге кім жетпейді?
Балалар: Аяз ата, Ақшақар.
Жүргізуші: Кәне, онда Аяз атаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.
Балалар: Аяз ата, Аяз ата (деп 2 рет айтқанда, есік ашылады да, Жалмауыз кемпір кіріп келеді.)

Жалмауыз кемпір: Ойбай мыналарды қара! Неге бақырып жатырсыңдар?!
Жүргізуші: Ал, сен неге амандаспайсың? Әдептілер алдымен амандасып алады дегенді білмейсің бе? Мұны тіпті мына бүлдіршіндерімізде біледі. Ал, саған тіпті ұят. Саған ешкім үйреткен жоқ па?
Жалмауыз кемпір: Амандасу? Мыналарма амандасып білетін?

Жүргізуші: Сен қайдан шықтың? Біз Аяз атаны шақырып едік қой?!
Жалмауыз кемпір: Ал, мені мерекеге неге шақырмайсындар? Аязата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба алмайды ха — ха — ха (деп қарқылдап күледі)
Жүргізуші: Неге жасадың? Аяз ата, Ақшақарсыз қандай жаңа жыл қарсы аламыз?
Жалмауыз кемпір: Ә, солай ма! Аяз атаны көргілерің келсе алдымен маған өнерлеріңді көрсетіңдер, содан соң Азя атаның келуіне көмектесемін.

Жүргізуші: Балалар енді не істейміз? Олай болса ортаға кішкентай қояндарымызды шақырайық, өнерлерін көрсетсін.

Би: «Қояндар» (Дидар, К.Расул, Парасат, Дархан, Бекасыл, Жігер, Айсұлтан, Алішер, С.Ғазиз, Ермұрат)

Алыстан Аязатаның дауысы естіледі.
Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар келе жатыр ғой деймін, шақырайық, қол соғайық.
Балалар: Аязата, Ақшақар!
Аяз ата:

Амансың ба, ұлдарым,

Амансың ба, қыздарым

Қандай әсем жүздерің

Қандай мөлдір көздерің

Керемет бір ән тыңдап,

Келіп тұр-ау демалғым.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе? Аяз ата қош келдіңіз! Шаршаған боларсыз жайғасып отырыңыз. Балаларымыз сізге арнаған тақпақтары мен әндері бар соны тамашалаңыз. Балалар Аяз атамызға ән айтып берсек қалай болады. Олай болса балалардың орындауында.

Ән: «Аяз ата»

Аяз ата: Жарайсыңдар! Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!
Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!
Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)
Балалар: Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат.(қолдарын шапалақтатады) Шырша жарқырайды.
Аяз ата: Балалар, менің қарша қызым қайда жүр екен, кім тауып береді екен маған?

Жүргізуші: Қане балалар олай болса Ақша қарымызға тақпақтарымызды айтып берейік. (Аделина, Нұрмұхан, Сабина, Айсұлтан, Айшабибі, Қ.Айкөркем)
Аделина:
Мұздан моншақ тағынып,
Күміс қырау жамылып.
Ортада тұр Ақшақар,
Көптен күтіп сағынып.

Нұрмұхан:
Кел билейік сенімен,
Деймін тартып жеңінен
Еріп кетпе Ақшақар.
Адамдардың демімен.

Сабина:
Міне тағы келіп тұр,
Жаңа бір жыл балалар.
Жадыратып жер үстін
Төрімізге ол шыққан.
Айсұлтан:
Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап,
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап.
Айшабибі:

Жүзімізге күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз.

Қ.Айкөркем:

Күтіп жүрген қанша біз,

Сүп-сүйкімді қарша қыз,

Баршамызға нансаңыз,

Алып кепті бал сағыз

Аяз ата: Бәрекелді, бәрекелді. Менің Ақша қарым қазір келіп қалар, мынадай тақпақтардан кейін кідірмес.
Жүргізуші: Ал, балалар Ақшақар деп шақырайықшы.

Балалар: Ақшақар! (музыкамен Ақшақар кіреді)
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Орманды көктей өтіп жеттім — ау сендерге. Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Ой менің кішкентай ұлапқарларым отыр ғой, сендермен би билегім келіп тұр.

Жүргізуші: Кішкентай Ұлпақарларымыздың орындауында.

Би: «Ұлпақарлар» (түгелдей қыздар)

Сағат тырсылы естіледі.

Аяз ата: Уа, халайық, өткен жылмен қоштасайық,

Жаңа жылмен достасайық.

Мешін мен Тауық келеді.

Жүргізуші:

Өткен жылға ырзамыз

Өсе түсті бойымыз

Қандық талай сырға біз

Мешін жылға мың алғыс!

Мешін: Тауық досым, жаңа жыл иесі өзіңсің, жаңа жыл кілтін қабыл ал!

Тауық: Рахмет, досым.

Мешін: Сау болыңдар, балалар! Келесі кездескенше!

Тауық: Мен жаңа жыл –Тауықпын

Жаңалыққа құмармын

Жамандықты қуамын

Уәдемде тұрамын

Мереке жыл болсын деп

Ойын-сауық құрамын

Биылғы жыл-тоқшылық

Болмайды еш жоқшылық.

Жүргізуші:

Жаңа жыл жол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрлет, төрлет жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын.

Кәне, балалар, олай болса бәріміз Аяз атамен бірге шыршаны айналып «Аяз ата» әнін жақсылап айтайық.
Ән: «Аяз ата»

Жүргізуші:Ал, балалар, тұрмайықЖаңа жылымызға арнаған тақпақтарымызды айтайық. (Дархан, Жігер, Еркежан, Асылжан, Кәусар)

Дархан:
Жаңа жыл, жаңа жыл

Жаңа жылда, жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Жадырап барлық бала жүр.

Жігер:
Жаңа жылмен, жаңа жылмен,
Құттықтаймыз әрине.
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрін де!
Еркежан:
Жаңа жылды қарсы алдық

Мініп алып күймеге

Менде бүгін ән салдым

Араластым биге де.

Асылжан:
Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып

Келеді елге сапардан

Аяз ата оралып

Кәусар:

Жүзімізде күлкі ойнап .

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа-жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз.

Тауық: Ой, қандай ақылды балалар маған арнап тақпақтар айтып жатырсыңдар көп рахмет. Енді бәріміз ойын ойнасақ деймін.

Ойын: «Қар жинау»

Мақсаты: Ортаға екі топқа бөлініп балалар шығады, қарды қай топ тез жинайды сол жеңімпаз болады.

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балаларымыз тағы тақпақтарын айтқысы келіп тұр олайболса ортаға (Алтынзере, Ермұрат, Нұртас, Х.Ғазиз, М.Айкөркем, Дидар)
Алтынзере:

Далада қар борайды,,
Ақ мамыққа орайды.
Ермұрат:
Мұз болады қатады,
Жап — жалтар боп жатады.

Нұртас:
Қыс келді, Қыс келді.
Ақтарып ақ қарды.
Х.Ғазиз:
Жаңа жыл, жаңа жыл

Сені күттім елендеп

Өзіңменен ілесіп

Аяз ата келер деп.

М.Айкөркем:

Келді тағы жаңа жыл

Қуантумен біздерді

Аяз ата келеді

Құттықтауға біздерді

Дидар:

Қызыл ала шапаны,
Сағындым Аязатаны.

Жүргізуші: Кішкентай аяз аталарымыздың орындауында

Би: «Аяз ата» (Нұрмұхан, С.Расул, Исмайл, Әділхан, Асылхан, Ильяс, Шерәлі. Мейірбек, Нұртас, Х.Ғазиз)
Аяз ата мен Ақшақар сыйлықтар таратады.
Ақшақар: Мінекей, балалар, сендермен қоштасатын да кез келді. Сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді, әдемі бала екенсіңдер.
Аяз ата:
Жаңа жылда, балалар, тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан, мықты болу өзіңнен.
Ақшақар:
Жаңа жылда, балалар, тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық қастарыңда болмасын.
Сау болыңдар, балалар

(Аяз ата, Ақшақар өз тілектерін білдіріп, шығып кетеді).

Жүргізуші: Келесі жылы біз сізді сағына күтеміз. Қош болыңыздар!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Құтты болсын, Жаңа жыл!» ертеңгілігіміз

аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата — аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!

Тұңғыш президент күніне арналған тақырыптық оқу қызметі
Тақырыбы: «Тұңғыш президент»

Мақсаты: Балаларға «тәуелсіз», «егемен» сөздерінің мағынасын кеңінен түсіндіре отырып,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

«Тұңғыш президент» мерекесі жайлы айта отырып,бүлдіршіндерге

елбасының жасаған еңбектері жайлы жалпы ұғым беру. Отанға, елбасына

деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрсету.

Сөздік жұмысы: егемен, тәуелсіз, елбасы.

Көрнекіліктер: Елбасының суреті, слайд, мақал-мәтел.

Оқу қызметінің кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Мотивациялық қозғаушылық Балалар бүгінгі оқу қызметіміз ерекше болмақ. Бізге қонаққа апайлар келіпті, қане барлығымыз шаттық шеңберін құрып апайлармен амандасайық.

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы таң балалар,

Қайырлы таң апайлар.

Сәлеметсіздер ме!

-Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын айту.

Балалар шеңберге жиналып, өлеңді тәрбиешімен бірге қайталайды.

Барлығы тұрып әнұранды айтады.

Ұйымдастырушылық кезең Балалар бүгін бізде тақырыптық сабағымыз «Тұңғыш президент» деп аталады.

— Балалар, Отаныңыз қалай аталады?

-Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?

— Қазақстан Республикасының бас қаласы қандай?

— Жарайсыңдар, балалар, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Алматы облысында дүниеге келген. Мектепті жақсы оқыған, ұшқыш болуды армандаған екен.
-Олай болса, президентмізге арнап тақпақтарымызды айтып берейік.

Айшабибі:

Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды,
Ешқашанда орынсыз
Шешімдері болмайды.

С.Расул:
Елбасы елді қорғайды
Халық қамын ойлайды,
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.

— Өте жақсы балалар, келесі менің білгім келетіні, Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер ме?
— Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы 1992 жылы маусым айында бекітілді. Тудың авторы: Ш. Ниязбеков.
— Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы 1992 жылы 4 маусымда бекітілді, авторы: Мәлібаев және Уәлиханов.
— Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің әнін жазған Шәмші Қалдаяқов сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Келесі балаларымыздың тақпақтарын тындайық.

Нұрмұхан:

Естісін ел үніңді,

Дүние түгел естісін.

Тәуелсіздік туыңды

Биік көтер, жас ұлан!

Кәусар:

Мереке бүгін ұлы күн,

Бабалар рухы көксеген.

Азатты елдің ұлымын.

Теңескен төбем көкпенен.

Алтынзере:

Көк байрақтың бетінде

Қыран бүркіт қанатты

Сол қырандай еркіндеп,

Бала өседі талапты

Батырхан:

Тәуелсіздік- ел болу

Ынтымақпен өрге озу.

Еркін және өзге елмен,

Терезесі тең болу.

— Жарайсыңдар, балалар, шаршап қалған болармыз, сергіту сәтімен бір сергіп алайық.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Қолды белге қояйық.

Бір отырып, бір тұрып,

Орнымызды табайық.

Егеменді ел болып, тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәт — Қазақстанның әр азаматы үшін қуаныш, тарихтың үлкен бетбұрысы болғаны анық. Осының бәрі — еліміздің тұңғыш президенті — Н. Ә. Назарбаевтың арқасында!
Бүгінгі президент күніне арналған тақырыптық ашық оқу іс — әрекетімізді аяқтаймыз.

— Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы.

— Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев.

Астана қаласы

Балалар тапақтарын айтып береді.

— Қазақстан Республикасының рәміздері: ту, елтаңба, гимн.

Балалар сұраққа өз білгендерін айтады.

Балалардың тақпақ айтуы.

Балалар сергіту сәтін қимылмен орындайды.

Рефлексиялық-түзетушілік. Балаларға сұрақ-жауап арқылы оқу-іс әрекетін қорытындылау.

-Біз бүгін не туралы әңгімелестік?

Атамекен дегеніміз не екен?

Балаларды мадақтау

Балаларға сұраққа жауап береді.

Отан туралы әңгімелестік, тақпақ жаттадық.

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: Президенттің халық үшін, елі үшін еңбек ететінін білуі тиіс;

Болуы қажет: Отанға, елге, елбасына деген құрметтің болуы қажет;

Жасай алады: Өз беттерінше, өз ойларын айта біледі,сөздік қорлары мол.

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s