Жаңа сабақтар

Металдардың электрхимиялық кернеу қатары, тірі а ғзалар тіршілігіндегі металдар мен бейметалдар дың биологиялық маңызы; Сан есептері: металдарды алу процесінде өнім мен бастапқы заттың массасы н есептеу


Сарсенова Ардак Конакбаевна
Қостанай қаласы М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебі
Химия пәні мұалімі Сарсенова Ардак Конакбаевна

2015 – 2016 оқу жылы, қалалық іс-тәжірибе тарату.
10 сынып
Сабақтың тақырыбы:
Металдардың электрхимиялық кернеу қатары, тірі ағзалар тіршілігіндегі металдар мен бейметалдардың биологиялық маңызы; Сан есептері: металдарды алу процесінде өнім мен бастапқы заттың массасын есептеу.
Сабақтың мақсаты:
Жаңа технология әдістері арқылы оқушылардың сабаққа
белсенділігін арттыру, өз бетінше жұмыс істеуге жұмылдыру, логикалық ойлау қабылетін дамыту, тақырып бойынша алған білімін, өз ойын жеткізе білу және функционалдық сауаттылығын арттыру.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақ әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс, жеке жұмыс
Көрнекті құралдар: интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар.

№ Сабақ барысы, кезеңдері Әдістері, уақыты Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті бағалау
1 Ұйымдастыру Көңіл-күй орнататын смайликтерді белгілету 1 мин Амандасу, психологиялық ахуал орнату Оқушылар өзара сәттілік тілеп, сабаққа назар аударады
2 Сабаққа кіру Алақанды таратып, жаңа сабақ мақсатын жазғызу 1 мин Сабақ тақырыбы және мақсатымен таныстыру Оқушылар сабақтың тақырыбын өздері анықтайды
3 Үй тасырмасын тексеру Миға шабуыл,
Есеп шығару,
Лездік тест

Тапсырмалар
1 қосымша 10 минут Мұғалім сұрақтар мен лездік тест берілгенін ауызша орындатады Оқушылар ауызша және ия, жоқ арқылы жауап береді, есепті тақтада орындайды Өз-өздерін бағалайды
4 Тақырыпқа ену үшін презентация, кластер Кластер,
Шағын презентация
5 минут алдын-ала берілген тапсырма бойынша оқушылар дайындалып келген материалмен бөліседі
5 Жаңа тақырып, топқа бөлінеді 4топ болады Бөлінген тақырыптарға дайындық, тақырыптарын баяндау 7 минут

12 минут
Мұғалім оқушыларға тасырмаларды топ бойынша береді
2 қосымша Оқушылар топпен жұмыс жасап, толығымен баяндап, қорғайды, қорғауға әр топқа 3 минуттан береді Топтық бағалау
6 Қорытындылау кезеңі Домино,
Тәж стратегиялары арқылы пысықтау

3 қосымша 5 – 6 минут Мұғалім сабақты қорытындылау үшін тақтаға оқушыларды шақырады, сұрақ-жауап түрінде өткізіледі Берілген сұрақтарға белсене қатысады Топтық бағалау
7 Рефлексия Не алды, не білді, қағазға түсіріп, ортаға шығады, жапсырады 2 минут
1 қосымша
Миға шабуыл: 1. Бейметалдардың периодтық жүйедегі орны; (оң жақ жоғары бұрышында, ІІІ – VIII A топтарда орналасады) 2. Металдардың периодтық жүйедегі орны; (сол жақ төменгі бұрышат, І – ІІІ А топтарда және барлық қосымша топта орналасады) 3. Металдардың сыртқы электрондық қабатындағы электрондар саны (1ē — 3ē) 4. Бейметалдардың сыртқы электрон қабатындағы электрон саны
(4ē — 8ē) 5. Бейметалдар қандай ұялас электрондардан тұрады (р – элек) 6. Металдардың ұялас электрондары (s,p, d, f – элек) 7. Период бойынша элементтердің қасиеті қалай өзгереді 8. Атомдардың электрондарды беру немесе қосып алу қасиеті қандай факторларға тәуелді 9.Не себепті металдардың кристалдық торында «электрон газы» түзіледі 10. Жай зат күйінд�
� металдар мен бейметалдарға қандай химиялық байланыс түрлері тән 11. Бейметалдар қандай жағдайда тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді 12. 1s22s22p63s23p1 қандай элемент, периодтық жүйедегі орны, валенттілігі, тотығу дәрежесі Есептер:
1.Молярлық массасы 186 г/мольге тең, оксидтік формуласы R2O түзетін элементті анықтап, периодтық жүйедегі орны мен оған тән қасиеттерін атаңдар.
2. 33,6 г металл хлормен әрекеттескенде үшваленттілік көрсетеді, және 97,5 г хлорид түзілді. Осы металды анықтаңдар.
3. Құрамында 5% қоспа бар 90т марганец (IV) оксидін алюминотермиялық әдіспен тотықсыздандырғанда алынған марганец массасын табыңдар.
Ия, жоқ
1. Металдардың атом радиусы бейметалдарға қарағанда үлкен болады ия
2. Металдар тек тотықтырғыш қасиет көрсетеді жоқ
3. Бейметалдар тек негізгі топшада орналасқан ия
4. Металдардың барлығы бөлме температурасында оттегімен әрекеттеседі жоқ
5. Сынап қатты металл жоқ
6. Хлор жай зат күйінде газтәріздізат ия
7. Ең қатты металл осмий жоқ
8. Ең ауыр металл хром жоқ
9. S- элементтер металдардың типтік өкілдері ия
10. Алтын және мыс күмістей ақ түсті металл жоқ

2 қосымша
1 – топ

Литий, барий, мырыш, мыс металдарын оттегі, су, азот, күкірт, хлормен реакциясын жазып, жүру жағдайын ашып түсіндіріңдер.

2 – топ

Литий, мырыш, мыс, алюминий, қорғасын, темірдің қышқылмен, тұздармен реакциясының жүру жағдайын ашып көрсетіңдер.

3– топ

1.Вольфрам — электр шамдарының қыл сымын жасауға қолданылатын, сирек кездесетін әрі қымбат металл. Вольфрамды таза алу үшін WO3 сутекпен тотықсыздандырады, ал, сутекті темір мен күкірт қышқылын әрекеттестіріп алады:
Fe + H2SO4 = FeSO4 + H2
200кг вольфрам алу үшін қанша темір мен күкірт қышқылы қажет?
2. Мыс (ІІ) оксидінен 320 г мыс алу керек. Осы реакцияны жүзеге асыруға қажетті сутек алу үшін судың қанша грамын айыру қажет?
3. 17,7 г никельді оттек ағынында никель (ІІ) оксиді түзілгенге дейін қыздырып, оны тұз қышқылының артық мөлшерімен өңдеді. Түзілген ерітіндіге тұнба түзілгенше натрий сульфидінің ерітіндісін қосты. Түзілген тұнбаның массасын табыңдар.

4 – топ

Тірі ағза құрамындағы металдар мен бейметалдарды анықтап, биологиялық маңызын ашып көрсетіңдер.

3 — қосымша
«Домино»

сүйек пен тістің түзілуі/организмдегі сұйықтықты реттейтін элемент
дене массасымен салыстырғанда 4%/
қалқанша бездегі элемент
ИОД/ СОҢЫ
кем дегенде 5 г/ағзада
фтор қандай процестерге қатысады
БАСЫ/ересек адамдағы микроэлементтің мөлшері
Натрий/макроэлементтер шамамен қанша болады

«Тәж»

Калий

Көміртек

Алюминий

Металдық кристалл тор

110 элементтің Қазақстанда 99-ы бар,
70-элементтің қоры бар,
60-астамы өндіріске енгізілген

10 сынып, металдар.docx

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s