Жаңа сабақтар

Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрес сияның n-ші мүшесінің формуласына есептер шығару


Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы

Жалпы білім беретін Абай атындағы орта мектебі

Пән мұғалімі: Харесова Гулжазира Салымжановна

Күні: _2.12.2016

Пән: алгебра

Сынып: 9

Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласына есептер шығару./3сабақ/

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Арифметикалық прогрессияның анықтамасымен, берілу тәсілдерімен және оның жалпы мүшесімен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушыны ұқыпты тыңдауға, практикамен ұштастыруға, тез шешім қабылдай білу мақсатында өз білімін нақты көрсете алуға дағдыландыру.

Тәрбиелігі: Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру, математикалық мәдениетке тәрбиелеу, жиелі түрде жұмыс істеуге, өз ойын дәл, тиянақты айта білуге үйрету.

Сабақтың түрі:қорытындылау сабағы

Сабақтың көрнекілігі: слайд, парақшалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу

ә) Оқушылар тізімін тексеру

б) Сабақтың мақсатын нұсқау

Сабақтың барысы:

1.Үй тапсырмасы

2.Ой қозғау

3.Ой толғау

4.Сергіту сәті

5.Қорытындылау

6.Бағалау

Бүгінгі қорытындылау сабақ тәуелсіздіктің 25 жылдығымен байланыстырылып құрастырылған.1991 жылдан бастап араға 10 жыл сала отырып,әр жылдың өзіндік тапсырмаларын орындау. Оқушылар 3 топқа бөлінді.

1991 жылы І.Үй тапсырмасы Тест тапсырмасы

2001 жылы ІІ. Ой қозғау Математикалық лабиринт

2011 жылы ІІІ.Ой толғау Кітаппен жұмыс

2016жылы IV. Сергіту сәті, қорытындылау

Әр жылдың тапсырмаларын орындау арқылы тәуелсіздіктің 25 жылдығына қол жеткізу.

І.Үй тапсырмасын тексеру. Тест тапсырмасы (тест жауаптары координаталық жүйеде көрсетілген)

1.Натурал аргументті функция…………

А) сандар тізбегі В)мүшелері С) тұрақты сан

2. Тізбектің қанша түрі бар?

А)6 В)5 С)3

3.Арифметикалық прогрессияның айырымы қандай әріппен белгіленеді?

А)S В)d С)a

4.Тұрақты тізбекті тап?

А)1,2,3,4…п В)3;6;9;…3п С)5;5;5;5….

5.аn=а1+(n-1)×d мына формула қалай аталады?

А)сандар тізбегі В)қасиеті С)n-ші мүшесінің формуласы

Тест жауабы:

ІІ Ой қозғау. Математикалық лабиринт (3 топ 3түрлі фигура тапсырмасын орындайды)

ІІІ.Ой толғау Кітаппен жұмыс

І топ.

177 есеп. 106 саны 10;14; …арифметикалық прогрессисының мүшесі бола ма? Прогрессия мүшесі болған жағдайда реттік нөметрін көрсет

ІІ топ.

178есеп. .(аn) арифметикалық прогрессияның мүшелері

а10=1,9 және a16=6,1; d-? а1-?

ІІІтоп.

179 есеп. .(сn) арифметикалық прогрессияның мүшелері

с5=8,2; с10=4,7; d-? а1-?

IV. Сергіту сәті, қорытындылау Математикалық вальс

Бұл бөлімде топтарға араластырылып сұрақ парақшалары беріледі, қалғандарына жауаптары беріледі. Сұрағы барлар өздерінің парларын тауып, ортаға вальс билейді. Вальс біткесін, парлары бойынша парақшаның артындағы сөзді құрастырады. «Тәуелсіздікке 25 жыл !!»

деген сөйлем шығады.Оқушылар тәуелсіздік туралы өз ойларын ортаға салды.

Үйге тапсырма:181.183

Бағалау

Advertisements

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s