Жаңа сабақтар

Оқушыларды ғылыми жұмысқа дайындаудағы әдістер ім


Маңғыстау облысы. Маңғыстау ауданы, Қызан ауылы

Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп

Тарих пәнінің мұғалімі

Ізтұрғанова Айнагүл Жоламановна

Баяндама тақырыбы: Оқушыларды ғылыми жұмысқа дайындаудағы әдістерім

Адам баласынан адам баласы ақыл,

ғылым, ар, мінез деген нәрселерден озады.

Абай

Оқушы дарындылығы оның жоғары жүйке саласының туа біткен қасиетімен тығыз байланысты. Адамға белгілі бір қызметті ойдағыдай атқару мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысу қызметтің сол саласында талант деп атайды. Сонымен талантты адам дегеніміз – жоғарғы білікті шығармашылықпен жұмыс жасайтын адам. Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды адам басқаға қарағанда көп пайда әкеледі. Әрбір дарынды адам, еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді. Сонымен дарынды, таланты бала деп баланың, ата- ананың мектептің үздіксіз еңбегінің жемісін айтуға болады.

Белгілі психолог Н.С. Лейтес дарынды баланың негізгі қасиеттері мыналар деп көрсетеді:

— ұқыптылық, жинақтылық, зейіннің тұрақтылығы, еңбек ету қабілетінің жоғарылығы.

— ақыл- ой, логикалық ойлаудың тездігі, кез келген жағдайды талдап салыстыра білу.

— барлық күш- қуатты сарқа жұмсап тынымсыз еңбек етуі

Осы қағидаларды басшылыққа ала отырып кез келген баланың бойындағы қабілетті үздіксіз еңбек мұғалімнің ерінбей жалықпай үлкен ізденіспен жұмыс жасауының нәтижесін жүзеге асыруға болады.

Қабілетті балалармен жеке жұмыстарды ұйымдастыру біздің тәжірибемізде төмендегідей негізгі бағыттарды қамтиды.

1) жан – жақты зерттеу жұмыстарын жұргізу арқылы оқушылардың икемділігін, қабілеттілігін айқындау, оларды топтарға бөлу;

2) оқу үрдісінің барлық сатыларында әр түрлі топтардағы оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің және дамытудың әдістемелік тәсілдерін жасау;

3) Әр алуан мақсатта жеке дидактикалық материалдардың жүйесін құру;

4) Білімді бағалау, бақылау жүйелерін жетілдіру

Осы қасиеттерді біз мектеп тарапынан әр оқушының бойынан қалай анықтауымыз керек деген сұрақ туындайды.Осыған байланысты біз мектепте психологпен ақылдаса отырып, ата-аналардан, күнделікті сабақ өткізетін мұғалімдерден сауалнама ала отырып дарынды оқушыларды іріктеп алдық.

Оқыту мен тәрбиелеу процесінде оқушы шығармашылығын дамытудың қажеттілігі қоғам талабынан туындайды. Қоғам қашан да қабілетті адамға мұқтаж болып келген. Қоғам барған сайын күрделене түсуде. Түр сипаты мүлдем бөлек жаңа дәуір туып келеді. Сол дәуірге сай өзгеше қабілет –қасиетке ие жаңа адам пайда болады. Қазіргі кезде мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшандықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті қажет етеді және өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қана қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қабілеттілігіне икемдейді. Осыған орай, ХХІ ғасыр мектептерінде жаңа талап, жаңа заманға сай оқушылардың ғылыми қоғамының жұмыстарының жандандыру – үлкен міндет. Ғылыми қоғамның атқаратын жұмыстары оқушылардың ғылым мен техниканың немесе өнердің бір

саласын тереңдетіп оқыту арқылы танымдық белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттерін дамытуына зор ықпал етеді. Оқушылардың дарындылық қабілеттерін ашу мақсатында біздің мектепте 2011-2012 оқу жылында оқушылардың «Зерде» ғылыми қоғамы құрылды. 7секция бойынша математика,биология,тарих,химия,этнопедогогика,әдебиет бағыты бойынша жұмыс жасап келеді. келеді.Оқушылардың ғылыми – шығармашылық қоғамы өз алдына мынадай мақсаттар мен міндеттерді қойды:

Оқушылардың мемлекеттік және шет елдік ғылым саласындағы жетістіктер туралы танымдық көзқарастарын кеңейту. Оқушыларымыз жетістіктермен қатысып келеді.Атап айтар болсам; Аудандық «Зерде» ғылыми жобасында ӘлімбаеваА.1-орын\жетекшісі;ТегісбаеваД\КелдіхановаА.1-орын \жетекшісі;Шарланова \А.ҚұлыбековаД. 3-орын \жетекшісі;Әліғұлова О.Балғабаева Ә.2-орын жетекшісі; Танашева С.Облыстық «Зерде» ғылыми жобасына Әлімбаева А.1-орын жетекшісі;Тегісбаева Д.Келдіханова А.3-орын\ жетекшісі;Шарланова А\

Республикалық «Зерде» ғылыми байқауына қатысып,Әлімбаева А 3-орын \жетекшісі;Д.Тегісбаева\ алып,жулдемен оралды.

Аудандық Үлкен Ғылым Академиясы жобасына Ә.Келдіханова \жетекшісі.С.Танашева\ этнопедогогика бағыты бойынша 1-орын,Ә.Бишеханова химия бағыты бойынша 1-орын \жетекшісі;А.Жалғасбаева\ Ұ.Шораева этнопедогогика бағыты бойынша 1-орын \жетекшісі; А.Ізтұрғанова\ Әзімбаева.А.биология бағыты бойынша 2-орын \жетекшісі;Р.Сүлейменова\орын алды. Облыстық Үлкен Ғылым Академиясына Ә.Келдіханова қатысып, ынталандырумен марапатталды. Жетекшісі; С.Танашева. Облыстық Кіші Ғылым Академиясына мындай оқушылар қатысып, А.Жеткіншек химия секциясы бойынша қатысып 1-орын \жетекшісі А.Ізтұрғанова\ Ә.Келдіханова этнопедогогика бағыты бойынша 1-орын \жетекшісі,С.Танашева\Н.Әзімбай математика секциясы бойынша 3-орын \жетекшісі; З.Заханова\ жүлделі орындаға ие болып, республикаға жолдама алды. Республикалық Кіші Ғылым Академиясына А.Жеткіншек 1-орын\жетекшісі;А.Ізтұрғанова\Ә.Келдіханова1орын \жетекшісі,С.Танашева\ Н.Әзімбай 2-орын \жетекшісі;з.Заханова\ жүлдемен оралып, «Ең үздік ғылыми жетекші» грамотасымен,кубогымен марапатталдым.

Оқушымен шығармашылық жұмыс бастамас бұрын мұғалім өзіне төмендегідей талап қойғаны дұрыс:

1. Дарынды баланы анықтауда психологпен бірлескен жұмыс жасау;

2. Ата — анасымен педагог ретінде сөйлесе білу;

3. Дарынды балаларға арнайы бағдарламалар жасау;

4. Дарынды балаға шығармашылықпен жұмыс істеу үшін жаңа, тың тапсырмалар беру, орындалуына талап қою;

5. Жаңа технология элементтерін сабақта пайдалану;

6. Тапсырманың орындалу нәтижесін қадағалау.

Оқушыларды ғылыми жоба жарыстарына дайындауда мынадай мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажет:

— Тақырыптың ғылыми құндылылығы;

— Таңдаған тақырыпты ашудағы оқушы еңбегінің сипаты, қосқан үлесі;

— Көрнекілігі мен ұсынылған материалдың сапалылығы;

— Ойын ұтымды, жағымды жеткізе алуы, сөйлеу мәнері, өзін ұстауы, аудиторияны тартуы

-Өз бетімен ізденуге,тың дүниелерге құштарлығын оятуы

— Жұмыстың көркем безендірілуі.

1.Ғылымның әр саласынан дарынды балаларды таңдап алу және олардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.

2. Оқушылардың өздігінен білімдерін көтеруге, жетілдіруге белсенді әрекет жасау.

3.Оқушы өзі таңдаған ғылым саласы бойынша өз бетінше білім – дағдыларын жетілдіру барысында жұмыс жүргізе алу.

4. Оқушылардың ғылыми – шығармашылық тобының жұмысы оқушылардың оқу үрдісін жетілдіруде және мамандық таңдауда көмегі бар.

1.Ғылыми жұмыстың әдіснамасы.

Қазіргі заманғы ғылым – еңбек іс- әрекетін адамның ойлауы мен психикалық және дене күштерінің ынталануын талап ететін бір түрі болып табылады. Ғылым іс – әрекеттің ең бір қиын да, күрделі, көп ақпараттық білімді, білік дағдыны талап ететін бір саласы болып есептеледі.

Қазіргі зерттеуші — ғалымның алдында кез келген ғылыми мәселені шешетін дұрыс бапты анықтау міндеті тұр. Мұндай бапты беталды іздеу көп уақыт пен күшті талап етеді, бұның өзі де көбінесе дұрыс шешімге әкелмейді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта дұрыс сұрақты қоя білу, оған жауапты анықтау қажеттілігімен ғана шектелмей, ғылыми еңбектің жемісін пайдалану нәтижелерін көре білу керек. Ғылыми жұмыстың нәтижелілігі көп жағдайда таңдалған әдіснамаға байланысты.

Ғылыми әдіснаманың үш деңгейі бар: Философиялық, жалпы ғылыми, нақты ғылымдылық. Бұлардың арасында айқын шекара жоқ, себебі олар бір – бірін алмастырып, толықтырып жатады.

Ғылыми әдіснаманың ең бір басты бөлігі – салада жаңалық ашу. Ғылыми әдіснаманың бірінші және ең нағыз талаптарының бірі – кәсіби білім деңгейін үнемі және жоспарлы түрде арттыру. Бұл мақсатқа жету үшін, мектеп қабырғасынан бастап ғылыми пәндерден өз біліктілігін көтеріп, жан – жақты білімді тұлға болуға ұмтылу.

Ғылыми жұмыстың тиімділігі көп жағдайда адам ой-өрісінің кеңдігіне, білімділігіне, жалпы ақпараттық мәдениетіне байланысты. Табиғатқа, әдебиетке , музыкаға, суретке деген қызығушылық эмоционалдық қанағат береді, ғылыми мәселелерді шешуде пайда болатын шаршағандықты сыпырып алады, шығармашылық үрдісті шапшаңдатады, күтпеген ассоциация тудырады, тасаланып тұрған заңдылықтар мен байланыстарды көруге мүмкіндік береді.

Осы қағидаларға сүйенсек жас зерттеуші сауатты, көп салалы, білімді азамат болу керек. Орта мектепте оқи жүріп қазіргі заманға лайық және жалпы білімді меңгеруге міндетті.

Ғылыми жұмыстың маңызды сәтінің бірі жаңа ой – пайым (идея) шығару және болжам (гипотеза) жасау. Жаңа, әлі белгісіз, бірақ өмірде кездесетін заңдылықты іздеу барысында ол туралы болжам жасайды, мүмкін ол дұрыс болып шығар, мүмкін жалған да болар.Гипотеза– ғылыми болжау, ғалым жұмысының айырылмас серігі. Нағыз ғалым өз жұмысын қиялсыз жасай алмайды. Қиялсыз, тапқырлықсыз, жаңа ой – пайым табу қабілетінсіз ғалым табысқа жетуі мүмкін емес.

Ғылыми заңдарға байланысты жасалған гипотезалардың бірнеше түрі болады. Олар теориялық , құрылымдық, статистикалық, динамикалық, санды және сапалы болып табылады.

Ғылыми жұмыстың мақсаты – іргелі және қолданбалы міндеттерді шешу. Іргелі ғылым табиғат пен қоршаған әлемнің ғылыми мәселелерін қарастырады, оның зерттеу пәні ретінде әлем мен бүкіл жаратылыс құрылымының жалпы заңы мен ортақ заңдылықтары табылады.

Ғылыми жұмыс, зерттеу дегеніміз — дамның еңбектену іс –әрекетінің ерекше түрі. Бұл іс – әрекет адамнан еңбекқорлық, мақсаттану, уақытша туындаған сәтсіздікті

жеңе білу қабілетін, оның интеллектуалды мүмкіндіктерін барынша пайдалануды

қажет етеді. Ғылыми еңбектің мақсаты адамзатқа осы уақытқа дейін беймәлім ақиқатты ашу, табиғат жұмбақтарына тереңірек үңілу, адамзат игілігіне пайдаланатан табиғи күштерді қолданудың жаңа жолдарын, адамды, оның ішкі яғни дене күштерін және рухани қайратын зерттеу. Ғылым аясында еңбек ету әрқашанда құрметті және мәртебелі болып саналған.

1. Ғылыми – зерттеу жұмысының бастауы.

Ғылыми – зерттеу жұмысы өзекті проблемалардан бастау алатындығы баршамызға мәлім. Адамдар сонау алғашқы қауымдық құрылыстың өзінде табиғаттың, жаратылыстың тылсым дүниелеріне үңілген. Әр түрлі саланы зерттейтін ғылымдардың барлығы да адам баласының «білсем», «танысам» деген ынталарынан туындаған. Жұмбақ дүниелер проблеманы туғызған, ал проблемалар бір ғылым саласының тууына, дамуына ықпал еткен.

Проблеманы іздеудің ең оңтайлы жолы – бір нәрсені әр түрлі жағынан көре білу; дайын тұжырымдардың өзіне де сыни көзқараспен қарау, басқа шешімін іздеу, оны табуға еңбектену болып келеді.

1.3 Зерттеудің әдіс – тәсілдері, оны ұйымдастырудың жұмыс жоспарын жасаудың тиімді жолдары

Зерттеу жұмысы – шығармашылық үрдіс. Оның барысында өзгертулер, толықтырулардың болып тұруы заңды құбылыс. Зерттеу жұмысына, ең алдымен жоспар жасап алу керек. Жұмыс жоспары «Не істеу керек, қандай жолдары бар, қандай әдістер дұрыс ? » деген сұрақтарды қамтиды.

— Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттер тізімін жасау.

-Ғылыми жұмыстарға үңілу.

— Тәжірибелі ұстаздардан ақыл –кеңес сұрау.

— Интернетке жүгіну,әдебиеттерге шолу,баспасөз материлдарын қарау

— Үнемі бағамдау, байқау, іздеу, жинақтау жұмыстарын жүргізу.

— Тәжірибе жүргізу,оның барысы, нәтижесін жүйелі түрде талдап отыру.

— Қорытынды жасау.

— Бейне материалдар, слайдтар жасау.

— Жұмысты қорғауға дайындалу. Әр мұғалімнің аса маңызды міндеттерінің бірі әр оқушының бойындағы қабілетті, икемділікті көре білу болып табылады. Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет. Әрбір дарынды адам, еңбекке бейім, шығармашылык тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді. Осы қасиеттерді біз мектеп тарапынан әр оқушының бойынан қалай анықтауымыз керек деген сұрақ туындайды. Сонымен дарынды, таланты бала деп баланың, ата — ананың мектептің үздіксіз еңбегінің жемісін айтуға болады. Қандай дарынды бала болмасын, оның барлығы өз бетімен ғылыми жұмыс жазуға, зерттеу, ізденіске бара алмайды. Ол үшін мұғалімнің көмегі, ақыл- кеңесі қажет. Ғылыми жүмыстың нәтижелілігі көп жағдайда таңдалған әдіснамаға байланысты.Сондықтын мектеп ішінен іріктеп алған дарынды оқушыларымызбен

ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуді үйреткен шакта бірінші — теориялық әдіснамалардың түрлерін, жаңа ой- пайым шығаруға, ғылыми болжам, салыстыру, талдау жасауды үйрету. Екінші -дұрыс тақырып таңдап, проблемалар туғызып, оны шеше білу. Үшінші — жоба кұрылымын дұрыс құра білу, оны қорғау әдістерін үйрету. Бұл оқушылармен үнемі қосымша жұмыс жасау. Күрделі тапсырмалар, зерттеулер беру. Логикалық тапсырмаларды жиі ұсыну. Әр сабақта олардың ой-өрістерінің өсуіне жағдай жасау. Оқуға деген белсенділіктерін дамыту, арттыру. Адамгершілікке, жақсы қасиетерді бойларына сіңіріп өсулеріне ықпал жасау. Ғылыми жұмысты жазу, іздену тер төгетін еңбекті қажет ететіні түсінікті. Ал оны қорғау да өте күрделі мәселе. Сонымен қатар, әр оқушы ғылыми жұмыстарды жазғанда күнделік жүргізгені дұрыс. Осыған орай, мектептерде оқушылардың ғылыми қоғамының жұмыстарын жандандыру — үлкен міндет. Бүгінгі ұрпақ – тарихи кезеңде өмір сүріп, ұлттың, елдің, жердің болашағы үшін үлкен жауапкершілік міндетін арқалап отырған ұрпақпыз..Ғасырлар бойы бабаларымыздың арманына айналған Тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, егемендікті еншілеген ұрпақпыз.. Олардың болашақта ұлттық дәстүр мен салт-сананы берік сақтайтын, саналы да парасатты болып өсуінің бір кілті ұстазда деп білемін.

Advertisements

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s