Абдуллаева Жадра Маутхановна


ШҚО Семей қаласы №36 жалпы орта білім

беретін мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Абдуллаева Жадра Маутхановна

Сабақ тақырыбы Лондон
Сілтеме Оқу жоспарының бөлігі
Сабақ мақсаты Лондон жайлы білу, көрнекті жерлерімен танысу. Тілдерін дамыту. Ұйымшылдыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Оқытудың нақты нәтижесі Бұрыннан таныс мәліметтерді еске түсірді. Жаңа сөздермен танысты. Лондонның көрнекті жерлерімен танысты, сурет арқылы сипаттай алды. Диалогтық қарым – қатынас болды.
Сабақтың идеясы Лондон бұрын кіші қала болса қазір әлемдегі ірі қалалардың бірі.
Сабақтың мазмұны Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау
Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңберін құру.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. Бір — біріне сәттілік тілеу

P1, P2, P3 …. ( I wish you good luck! Don’t worry! I wish you good mark! I wish you that you will be active today! Be clever! I wish you good mood! I wish you good success! I wish you the best of everything! I wish you Break a leg! Claps after each tasks.

Excellent is 5 claps

Good is 4 claps

Bad is 3 claps

Үй тапсырмасын тексеру + топқа бөлу. What was our home task?

Please take one sentences every one and search your answer.

Retell and translate the text about Astana!

Who has sentences with Kazakh translation is first group. Who has sentences with Russian translation is second group.

Claps each other
Өткенді еске түсіру + топ басшысын сайлау+миға шабуыл Reading topic about Astana — 1 group

Reading topic about London — 2 group

Listening the text. To find which country is it? Leader will be who find the country. Claps
Жаңа сабақ Theme. Aims of the lesson.
1 тапсырма New words

(Слайд+үнтаспадағы сөздердің дыбысталуымен танысып, айтып үйренеді)

1.Listen

2.Repeat

3.Read

2 тапсырма Text “London” Reading the text “London” P1, P2
3 тапсырма Do you understand? What about the text?

“Aquarium”

Speaking )мәтіннен түсінгендерін үш тілде айтады)

To talk about London each other. Let’s play “Aquarium”

Claps each other
4 тапсырма Make up the dialogue Listening. Let’s play “A bus stop”

Question <> Answer into groups

Claps each other
Сергіту сәті Dancing “Astana-London-Moscow” Dancing Very good!
5 тапсырма Watching video about 10 interesting places in London. Writing. Pair work. Look at the following slides and guess what (who) is it? Claps
Сабақ қорытындысы Quiz Matching. Picture=Vocabulary

(флипчарт)

Claps each other
Кері байланыс Opinions about lesson Әр оқушы тақтадағы үш түрлі смайликқа өз әсерлерін жапсырады. Таңдап алған смайликті өз жүзімен қайталайды. Claps each other ( толық сабаққа)
Үй тапсырмасын беру New words. Topic “London”
Бағалау

Оқушылардың сабақ бойынша білім алғандығының дәлелдемелері қамтылған рефлексивтік есеп

Мектепішілік «Үздік құрылымдық сабақ» сайысына қатысып, 7 «А» сыныбына ағылшын тілі пәнінен «London» тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Сынып ағылшын тілі сабағында екі топқа бөлініп оқытылады. Менің тобымда 12 оқушы бар. Оқушылардың білім деңгейі әртүрлі, әлеуметтік жағдайлары орташа. Барлық оқушылар топпен топ, оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтық қарым-қатынасқа түсуге дағдыланған. Сабақ үстінде белсенділік танытып, өзара ынтымақтастық орната біледі. Әрбір оқушының бойында көшбасшылыққа ұмдылу қасиеттері бар. Ойларын еркін жеткізе алады. Топ ережелерін қатаң сақтайды.

Сабақтың тақырыбы оқу жоспарына сәйкес таңдап алынды. Сабағымды конструктивті тәсіл бойынша жоспарладым. Сонымен қатар сабағымның мақсатын нәтижеге бағыттап қойдым. Сабақтың әрбір кезеңіне Бағдарламаның жеті модулімен ықпалдастырып, нұсқаулықтағы ғалымдардың пайымдауларына сүйене отырып өткізуге тырыстым. Әрбір сабақтың өтілуіне жағымды жағдай туғызу үшін шаттық шеңберінің маңызы өте зор. Сондықтанда сабағымды шаттық шеңберіне тұрғызудан бастадым. Оқушылар өтілетін сабаққа бір-біріне Don’t worry! I wish you good mark! I wish you that you will be active today! Be clever! I wish you good mood! Good luck! I wish you every success! I wish you the best of everything! Break a leg! деп сәттілік тіледі. Сабақта уақытты тиімді және ұтымды пайдалану мақсатында үй тапсырмасын сұрау мен қатар топқа бөлу әдісін қатар ұйымдастырдым. Үй тапсырмасы «Astana» мәтінін аудару мен әңгімелеу болғандықтан оқушылардың қолдарына үш тілде жазылған сөйлемдерді тараттым. Қолдарындағы сөйлемдердің дұрыс аудармасын табу үшін «жұбыңды тап» ойыны ойнатылды. Оқушылар жұптасып сөйлемдерін оқыды. Қолдарындағы сөйлемнің жазылған тіліне байланысты екі топқа бөлінді. Егер сөйлемнің аудармасы қазақ тілінде болса І топ, сөйлемнің аудармасы орыс тілінде болса ІІ топ. Үй тапсырмасын сұрау мен топқа бөлудегі бұл әдістің таңдалып алыну себебі оқушылардың арасында диалогтың қарым-қатынас сабақтың алғашқы кезеңінен басталғаны дұрыс деп ойлаймын. Сонымен қатар бүгінгі күннің талабына сәйкес үш тілділікті кірістірдім.

Сабақта топ мүшелерінің жауаптары мен белсенділіктерін назарда ұстап, формативті бағалау кезеңдерінде топ басшысының рөлі маңызды. Сондықтан өткен тақырыптарға шолу кезеңі мен топ басшысын сайлау әдісін қатар өткіздім. І, ІІ топқа жеке-жеке өткен тақырып бойынша жасырын мәтін оқыдым. Мәтіннің қай мемлекет жайында айтылғанын тапқан оқушы топ басшысы болып сайланды. Біріншіден бұл сабақтың уақытын ұтымды пайдалануыма жақсы әдіс болса, екіншіден сабағымда тыңдап-түсіну (аудирование) жүзеге асырылды. Бұл тапсырманы орындау барысында сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқытуды басқару және көшбасшылық, талантты және дарынды балаларды оқыту модульдерінің ықпалдасуын байқадым.

Топ басшылары анықталғаннан кейін әр топқа сабағымыз әр кезең соңында «шапалақ соғу» арқылы топтар бір-бірін бағалайтынын ескерттім. «өте жақсы» — бес шапалақ, «жақсы» — төрт шапалақ, «нашар» — үш шапалақ.

Vocabulary. Сөздік. Жаңа сабақтың тақырыбы «London». Жаңа сабақ оқушыларға сабақтың жаңа сөздерін меңгертуден басталды. Оқушылар аудио видео арқылы Лондонның көрнекті жерлерінің атауларымен және тағы басқа жаңа сөздермен танысты. Сөздердің дыбысталуына, жазылуына ерекше назар аударылды, суретінен көре отырып тілдері жаттықтырылды, суретпен жұмыс жүргізілді (флипчарт). Сабақтың бұл кезеңінде АКТ-ны тиімді пайдалана алдым деп ойлаймын.

Reading. Оқу. Мәтінмен жұмыс. Оқушылар интерактивті тақтадағы мәтінді оқып танысты. Екі оқушы мәтінді дауыстап оқып берді.

Speaking. Сөйлеу. Оқушылар «London» тақырыбындағы мәтін бойынша түсінгендерін қабылдау деңгейлеріне және сөйлеу деңгейлеріне байланысты үш тілде әңгімеледі. Оқушылардың көпшілігі ағылшын тілінде Лондонның астанасы Ұлы Британия жайлы, көрнекті жерлері жайлы еркін айта білді. Қабілетті оқушылар ерекше байқалып тұрды. Бұл тапсырмада оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілді. Сонымен қатар оқушылардың дегейлері анық байқалып тұрды. Оқушылардың түсінгендерін, Лондон жайлы білгендерін бір-біріне түсіндіру, бірлескен оқу ортасын құру, бірін-бірі оқыту мақсатында «Аквариум» стратегиясын қолдандым. І топ аквариум болып шеңбердің сыртына тұрса, ІІ топ балықтар болып шеңбердің ортасына кіріп қарама-қарсы тұрды. Бір біріне білгендерін айтып түсіндірді. Қозғалу еркіндігі тек балықтарда болды. Аквариум болып турған оқушылар тек тыңдады. Бірер минуттан кейн рөлдері ауысты. «Аквариум» сратегиясы арқылы оқушылар бірін-бірі оқытып, диалогтық оқыту жүзеге асырылды.

Physical time. Сергіту сәті. Астана-Лондон-Масква әніне би.

Listening. Тыңдалым. Оқушылар әр қайсысы жеке ноутбуктен құлаққап киіп, «Лондонға саяхат» жайлы диалог тыңдады. Диалогты тыңдап болған соң топтар арасында «Автобус аялдамасы» стратегиясы қолдана отырып ойын ойнатылды. Лондонның «Double Decker» автобусы бейнеленге постерды бір-біріне беру арқылы диалогты ретімен құрады. Диалог аяғына дейін құралып біткеннен кейін топ басшылары рөлдік ойынға түсті. Дұрыс жауаппен салыстырылды. «Автобус аялдамасы стратегиясында» оқтыңдап түсінумен (аудирование) қатар топтық диалог, жұптық диалог қалыптасты. Оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріле келе алдарына конвертте қосымша көмекші сөздер ұсынылды.

Writing.Жазылым. Оқушылар видео көре отырып Лондонның көрнекті жерлері мен тағы басқа сөздерді тізбектеп жзып отырды. Тапсырма жұптық жұмыс арқылы жүргізілді.

Conclusion. Қорытынды. Оқушыларың алған білімдерін көру мақсатында әр оқушыға ломинанталған А4 парақтары ұсынылды. Әр оқушы слайдта көрсетілген суреттің атауын жазып көтеріп отырды. Нәтижесінде оқушылардың сөздік қорларына тағыда қосымша сөздер қосылғандығы байқалды. Үйге тапсырмаға Лондон жайлы топик жаттауға, сөздерді жаттауға берілді. Сынып белсенділері мен ағылшын тіліне деген қызыгушылықтары жоғары оқушыларға қосымша «Лондонға саяхат» тақырыбына диалог құрауға тапсырма берілді.

Оқушыларымыздың өзіндік ерекшеліктерін танып-білуге баса назар аудару керектігі жайлы деңгейлік курс Бағдарламасы арқылы оқып білдік. Сондықтан оқушыларымның өзін-өзі бағалауына, өзіндік деңгейін анықтауына жағдай туғызып, сабақтарымның соңында үнемі кері байланыс ұйымдастырып отырамын. Осы сабағымда кері байланыс ретінде үш түрлі көңіл күйді білдіретін смайликтерді алдым. Жаңа сабақтың нәтижесінен оқушылардың алған әсері мен өзінің алған білімін смайлик арқылы көрсетті. Яғни, оқушы өз көңіл күйіне сәйкес смайликті таңдап, ондағы келбетті жүзімен көрсетті. Кері байланыстыі бұл түрі сабақ соңында оқушыларға шат күлкі мен көтеріңкі көніл күй силады.

Сабақтың әрбір кезеңінде топтар бір-біріне шапалақ арқылы бағаларын беріп отырса, соңында екі топ бір-біріне толық сабаққа баға берді. Топ мүшелерінің бағалауын толықтыра келе жиынтық баға қойылды.

Осы сабағымда оқушылардың белсенділігі мен ынталылығы ұнады. Сабағымда қолданылған тапсырмалар мен стратегиялар арқылы мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Себебі сабақтың қорытынды бөлімінде оқушылардың білімдері байқалып тұрды. Сабақта оқушылардың қызығушылығы артып, білім деңгейінің өсуіне диалогтық оқытудың маңызы зор болды.

Advertisements

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s