Төрлет,құтты,Жаңа жыл


Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қожакент ауылы
«Аялы алақан « бөбекжай балабақшасының тәрбиеші
Қожамұратова Әмина

Ертеңгілік

Тақырыбы: «Төрлет,құтты,Жаңа жыл»

Мақсаты: «Балаларға жаңа жыл мерекесін дәстүрлі емес жолмен мерекені өткізуге үйрету»

Дамытушылық: Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту,ой өрістерін кеңейту.

Тәрбиелік: Көпшілік ортада тәртіпті,инабаттылыққа үйрету.

Безендірілген шырша бөлмесіне балалар музыка әуенімен кіреді.

Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамықты бөлеп алды маңайды

Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді

Бақыт,шаттық молшылық әкелсін

Бәрімізге мына жыл арайлы

Құтты болсын ағайын жаңа жылың тағы да

Ертеңгілік басталсын

Балдырғанның тобында.

Құрметті балалар,ата-аналар,ұстаздар ,қонақтар.Жаңа жыл мерекесіне арналған «Төрлет,құтты,жаңа жыл» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

-Балалар Шырша әдеміме? Шыршаға кандай қонақ күтеміз. Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық. АЯЗ АТА деп балалар айқайлайды. Мыстан кемпір кіріп келеді. ОЛ балаларға дүрсе қояды. Шыршаны айналып, қызыға қарайды.Шыршаны жұлып еліне әкетпекші болады.

Жүргізуші: -Апа қойыңыз.Біздің қонағымыз болыңыз. Топқа ертегілер әлемінен адасып бауырсақ кіреді.Артынан түлкі кіреді.Т үлкі айтады: -Бауырсақ бұл маңда не кылып жүрсің. Сондай тәтті едің.Сені жегім кеп тұр.Қарным аш,-дейді.Бауырсақ айтады: Жаңа жылға қонаққа бара жатырмын, адасып қалдым. Сен түлкі кәзір заман өзгерді. Қазіргі кезде бауырсақ түлкіні жейді. Бауырсақ түлкіге таап береді.Түлкі сасқалақтап қашып кетеді. Бауырсақтың алдынан Аяз ата кездеседі. Аяз ата бауырсақты ертіп келеді.Аяз атамен бауырсақ балалармен амандасады.

Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар қайда дейді?.Кәне Аяз атаның өзінен сұрайықшы, балалар?

Аяз ата Ақшақарды таппай қалғанын айтады.Сол кезде мыстан кемпір өзінің Ақшақарға айналдыруын жалынып сұрайды.Аяз ата өзінің сиқырлы таяқшасымен перденің астында оны Ақшақарға айналдырады.Ақшақар амандасады.Аяз атаның көмегімен шыршаның шамдарын жарқыратады.

Қуант бізді таңырқат, ,

Шамдарыңды жарқырат.

Жүргізуші:-Аяз ата біздің балаларымыздың өнері көп.Сізден сыйлық күтуде! Жоғары шығып отырыңыздар.

Шырша айналған көңілді балалар «Жаңа жыл» әнін шырқайды

Әлмағамбет Ақнұрдың орындауында «Шыршаға бардық» әні

Жүргізуші:Бауырсақ,жолда не көрдің?Бауырсақ:Жолда шыршалардың биін көрдім.

Шыршалар биі

Кәусар:

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып.

Сабрина:

Жаңа жыл,жаңа жыл

Жаңа жылға,жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр

Бегайым:

Тоғайда бауларда

Ақ күміс жамылды

Далада тауларда

Өзіңді сағынды

Дінмұхамед:

Тауда туып,тауда өсіп

Шырша келді ортаға

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз

Бексұлтан:

Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағынған

Міне,сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған

Қамза:

Аяз ата келіп тұр

Бізге сәлем беріп тұр

Тақпақ айтқан балдарға

Сыйлықтарын беріп тұр.

Жүргізуші:Бауырсақ,жолда тағы не көрдің?

.Бауырсақ:Аяз ата мен бірге Солтүстік мұзды мұхитқа бардым.ол жақта пингвиндерді көрдім.

Би: «Пингвиндер» биі

Динар:

Қалып едік сағынып,

Күтіп алдық жабылып

Жолын қойдық жарық қып

Шыршаларға шам іліп

Алихан:

Жаңа жылда,балалар

Тек қуаныш көріңдер

Ауырмаңдар ешқашан

Мықты болып өсіңдер

Нұрай:

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады қатады

Жып-жылтыр боп жатады.

Ринат:

Жаңа жылды қарсы алдым,

Мініп алып кемеге

Мен де бүгін ән салдым

Араластым биге де.

Әбдіғани Сабринаның орындауында «Шырша жыры» әні.

Жүргізуші:Ескі жыл есірке,

Жаңа жыл жарылқа.

Енді,балалар ескі жылмен қоштасып,

Жаңа жылды шақырайық.

Хормен Жаңа жыл,жаңа жыл,жаңа жыл

Жаңа жыл (Тауық) балалармен амандасып,мешінмен қоштасады.

Оңалбек:

В лесу родилась елочка

В лесу она росла

Зимой и летом стройная

Зеленая была

Самат:

Әкем таңдап әкелді

Ең әдемі шыршаны

Жұпар иісі аңқыды

Апамды да,мәз қылды.

Толғанай:

Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұрта да

Аяз ата сағынған

Сәлем берді жұртына.

Рауан:

Әдемілеп бізілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай әсем шыршамыз

Жолдықожа Бегайымның орындауында «Аққоян» әні

Ән айтып , би билеп , тақпақ айтып мәз болған балалар Аяз атадан өз сыйлықтарын алды.Аяз ата оларды мадақтады.

Қорытынды:Көрермен болып отырған ата аналар балаларға өз ризашылықтарын білдірді.

Алғыс хатпен ата аналар төрайымын мадақтайды.

Әлихан:

Настоящий Дед Мороз

Дарит нам игрушки

Он на санках из привез

Из своей избушки

Ақнұр:

Оралдың өлкеме

Жаңа жыл армысың

Оранды ақ көрпе

Асқар тау,қарлы шың

Ән:Жолдықожа Бегайымның орындауында «Жаңа жыл» әні

Осымен біздің ертеңгіліміз өз мәресіне де жетіп қалыпты,көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет.Жаңа жыл сіздерге зор денсаулық,мол бақыт алып келсін. Жаңа 2017 жыл мерекелі, берекелі болып, мерейіңіз үстем, беделіңіз биік, абыройыңыз асқақ болуына тілектеспін! Ізгі ниетпен, балабақша ұжымы!
Жаңа 2017 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа 2017 жыл бақыт, шаттық, қуаныш, құт — береке әкелсін! Жаңа 2017 жылда ырыстарың көп болып, табыстан табысқа жете беріңдер! Жаңа 2017 жылдағы жоспарларың іске асып, тілектерің орындалсын!

Осы «Балдәурен» тобының демеушісі Әбсаттаров Ерланды марапаттау.

Ата-аналарға тілек.

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s