Жас ақын тәрбиеші


Қарақия ауданы, Жетібай ауылы,

«Ғарышкер» балабақшасы

Ертилиева Бибігүл Мұхамедқызы

Жас ақын тәрбиеші

Әрбір адамның өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы- ол өзінің кейінгі ұрпақтары. Ал ата-ананың міндеті әр перзентіне дұрыс тәлім-тәрбие беру. Тәрбие отбасынан бастау алып, әрі қарай мектепке дейінгі ортада жалғасын тауып жатады. Бүгінде мектепке дейінгі мекеме педагог-тәрбиешілерінің басты міндеті әлемдік өркениетке ұмтылып, тәуелсіздіктің тұғырын биікке көтеретін Қазақстан Республикасының болашағы жас бүлдіршіндерді білімді, тәрбиелі етіп тәрбиелеу. Сондай тәрбиешілердің бірі біздің «Ғарышкер» балабақшамызда мектепке дейінгі бүлдіршіндерді тәрбиелеуде өзіндік үлесін қосып, ұжымдастарымен ата-аналар алғысына бөленіп жүрген жас тәрбиеші Сиыхова Күнсая Нұрмұхамбетқызы.

Күнсая Нұрмұханбетқызы 1992 жылы 20 қарашасында Маңғыстау облысы, Тұпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылында дүниеге келген. 1999-2008 жылдар аралығында Ақшұқыр ауылында М.Әбдіхалықов атындағы мектепте орта білім алады. 2008-2012 жылдары Ақтау қаласының Маңғыстау гуманитарлық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» факультетінің «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» біліктілігін үздік дипломмен бітіреді. Өзінің болашақ мамандығын бала тәрбиесіне арнаған Күнсая 2013 жылдан бері балабақшамызда тәрбиеші қызметін жоғары деңгейде атқарып келеді. Елімнің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпақтың бойына адамгершілік пен еңбексүйгіштікке, ұлттық салт-дәстүрімізді қастерлей білуге тәрбиелеп, білімі мен өнегесін кішкене бүлдіршіндерге арнап келеді. Тәрбиешінің сөйлеу мәнері, балалармен қарым-қатынасы жылы шырайлы, өзіне балаларды тез баурап алады. Мектепке дейінгі балалардың шығармашылығын дамытуда түрлі ашық ертеңгіліктермен оқу іс-әрекеттерін үнемі түрлендіріп, жүйелі өткізіп отырады.

Талдырмаш қыз Күнсаяның бойында әкенің қанымен, ананың ақ сүтімен дарыған ерекше ақындық қасиеті де бар. Жүрегінен шыққан өлең- жыр шумақтары жүлделі орындарға да ие болып үлгерді. 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткізілген Қарақия аудандық ақындар мүшайрасында «Қазақ хандығына 550 жыл» өлеңі жүлделі ІІ орынды иеленді. Сонымен қатар туған жерге, бас қаламыз Астанаға да арнаған жыр шумақтары және балабақша бүлдіршіндеріне арнаған өлеңдері тәрбиешінің шығармашылығын шыңдай түсуде.

Өз ісін жетік меңгерген Күнсая Нұрмұханбетқызына бөбектер бойына ізгі қасиеттер қалыптастыруда шығармашылық табыстар тілейміз. Әрдайым Отанға, туған жерге деген патриоттық өлеңдері көбейе берсін және жүлделі орындарға ие бола берсін демекпіз. Шығармашылығыңа әрқашан сәт-сапар тілейміз. Күнсая Нұрмұанбетқызының «Туған өлкем –Маңғыстау», «Жырлаймын сені, Астана!» өлеңдерін газет бетіне ұсынып отырмын.

Туған өлкем-Маңғыстау!

Маңғыстауым – киелі өлкем, алтын далам,

Теңізің де, көлің, суын алтын маған.

Қымбат маған әрбір уыс топырағың,

Аққуың да, қарғаң да ұшқан қарқылдаған.

Ойың терең, қырың биік – “Маңғыстауым”,

Жер кіндігі аталған әр қыстауың.

Жер жаннаты айналдың көшкен елге,

Қия алмай сенде ғана қалғыштадым.

Жұмбақ жайлап, аңыз өрген киелі өлкем,

Сені бәрі, ұшқан құс та сүйеді екен.

Жусан иісі аңқыған кең даламның,

Мәртебесін мен жырыма тиек етем!

Пәк қой шіркін, тіпті тасы да,

Таулары да ішіне сыр бүкпеген.

Киелі өлке Маңғыстауда тудым демек,

Қасиетті топырағына кірмек денем.

Біздің халық қазақ тілді қор қылмаған,

Сыйлаған «Ана тілін» құрметпенен,

Халқымның табанынан су кеткенмен,

Елімнің жүрегінен жыр кетпеген!

Жырлаймын сені, Астана!

Астана! Сен-аппақ қалам, сыр қалам,

Сен кешкен жол, тарихы бар бұрғалаң.

Қалам ұстап, мен ақынмын дегендер,

Елбасы мен Астананы жырлаған!

Астана! Сен-ел тірегі, асқақ ән,

Өзгешесің, ерекшесің басқадан.

Ел сенімін ақтар алтын Ақордам,

Игі істер бір өзіңнен бастаған!

Жырлаймын мен бұл қаламды мақтана,

Келіп қонар құсы мұнда бақ қана.

Жастардың орындалған бар арманы,

Арман қала, бір өзіңсің-Астана!

Елордасы, ел жүрегі-Астанам!

Тұла бойың мейірімнен аспаған.

Құттықтаймыз жасыңызбен Елбасы,

Туған күнің құтты болсын, Бас қалам!

Газетке мақала.docx

Advertisements

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s