Жаңа сабақтар

Ағашты қолмен өңдеу арналған құралдар


Атырау облысы Индер ауданы Есбол селосы

Кулагино ұлттық гимназиясы

Мусаев Алмат Қисметоллаұлы

Технология пәні мұғалімі

6 сынып № 5 сабақ Күні___________

Сабақтың тақырыбы: Ағашты қолмен өңдеуге арналған құралдар

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қолмен өңдеуге арналған құралдар ағашты таныстыру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың икемділігін, іскерлігін, шеберлігін қалыптастырып, ұқыптылыққа баулу.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға еңбек және эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Сарамандық сабақ.
Сабақтың оқыту әдісі: Әңгімелесу, сарамандық және өз бетімен жұмыс істеу.
Көрнекілік: Балта, ара, балға, сүргі, қашау, стусло т.б

Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ:
Ағаштан бұйым жасағанда әр түрлі аспаптар қолданылады. Оларға балта, қолара, балға, сүргі, қашау, ағаш балға, қол бұрғы, бұрыштық, стусло, бұрағыш, тістеуік пен қысқыш.Балта— ағашты бөлшектеп жару немесе қашау сондай-ақ ағаш шабуға арналған құрал. Ағаштан бұйым жасаған кезде ағаш ұстасының және ағаш шеберінің балтасы жиі қолданылады. Ағаш ұстасының балтасы – ағашты бастапқы өңдеуге арналған. Ал ағаш шеберінің балтасынан кішірек. Оны ұсақ бөлшектерді өңдеуге арналған үшкір ұшы болады.

Қолара – ағаш материалын кесуге арналған ара. Олар бойлай және көлденеңкесуге арналған аралар деп бөлінеді.

Балға — шеге қағу үшін, сондай-ақ басқа да жұмыстарға пайдаланылады. Балға екі бөліктен тұрады. Негізгі болып соққыш бөлігі саналады, ол ауыр металдар қорытпасынан жасалады.

Ағаш бетін тегістеу үшін сүргіні қолданады. Сүрінің 3 түрі бар: Шерхебель — ағаштың бастапқы қатпар қабатын өңдеуге арналған, Әр-түрлі сүргілер – тазартып сүргілеуге арналған, Фуганок – ұзын ағашты соңғы өңдеуге арналған.

Қашау – тазалап, өңдеу үшін қажет. Сондай — ақ ұста қашауының бірнеше түрі бар, оларды жүзінің еніне байланысты айырады.

Ағаш балға – ағаштан немесе резеңкеден жасалған болуы мүмкін. Ағаш балға қашаумен жұмыс істегенде қолданылады, оның сабы ұстауға ыңғайлы болады. Ағаш балғаны қолдану кескіш аспаптардың сабын бүлдіруден сақтайды.

Қол бұрғы – әр қилы диаметрлі саңылаулар бұрғылауға арналған құрал.

Стусло – бөлшектерді тура және қисық бұрышта (45◦) кесу үшін қажетті жабдық.

Бекіту:

1. Балға не үшін қолданылады ?

2. Қол ара қалай қолданған жөн ?

3. Ағаш балға не үшін керек ?

Сабақты қорытындылау.

Үй тапсырмасы: §4,17-22 бет

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s