Жаңа сабақтар

«3 цифрымен танысу . Цифрды заттың санымен сәйкес тендіру. Жыл мезгілдері (күз)


Атырау облысы Исатай ауданы

Аққыстау ауылы «Балдырған » бөбекжай-

балабақшасының жоғарғы санатты

тәрбиешісі Өтеғалиева Гүлнар Мүтиқызы

Тақырыбы «3 цифрымен танысу . Цифрды заттың санымен сәйкестендіру. Жыл мезгілдері (күз) .
Мақсаты Математикалық жұмбақтарды көрген мәліметтер негізінде шешуге үйрету: 3цифрын 3 санының таңбасы ретінде таныстыру : Нүктелерді қосып , 3 цифрын салуды үйрену : Өзге цифрлардың арасынан 3 санын табу : 1 ,2 , 3 цифрларын санын сәйкестендіру,3 санын қанша бірліктен тұратынын ажырата білгізу. Балалардың жыл мезгілі білімін пысықтау(күз ):
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап,түсіндіру, ойын, құм терапиясы,мантессори технологиясы
Қажетті құрал-жабдықтар Үлестірмелі материалдар, сандар, цифрлар карточкасы,ойынға қажетті суреттер, құм, жіп, жылжымалы тақта,құрастырмалы сандар,аудиожазба.
Іс-әрекет кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық –қозғаушылық Шаттық шеңбері

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылсын

Құтты қонақ келіпті

Төрімізге еніпті

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің бастауы

Ал кәнекей бәріміз

Сәлем берейік үлкенге

Сәлеметсіздерме апайлар!

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, өлең жолдарын тәрбиешімен бірге қайталайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Тәрбиеші балалардан апта күндерін сұрайды.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз айларын атайықшы.

-Күз мезгілінде ауа-райы қалай болады?

-Күзде қандай жұмыстар жасалады?

-Көкөністерге нелер жатады?

-Көкөністер қайда өседі?

-Жемістер қайда өседі?

-Күз туралы тақпақ білеміз бе

Балалар ,жарайсыңдар! Күз туралы толық түсінік алдық деп ойлаймын.

Математика ұйымдастырылған оқу қызметінде біздер сандармен танысамыз.Олай болса, өткен сандарымызды еске түсірейікші.

Осы кезде ішке «1» саны кіреді.

-Балалар,бізге қандай сан келді?

-«1»- саны неше бірліктен тұрады?

Олай болса алдарыңдағы сандар арасынан «1» санын көрсетіңдер.

«1» -санына сәйкес заттарды көрсетіңдерші.

-Жарайсыңдар, балалар.

-1 санынан кейін қандай сан?

Ішке «2» -саны кіреді.

-«2» -саны неше бірліктен тұрады?

-2- санын көрсетіңдерші

-2-санына сәйкес келетін заттарды көрсетіңдер.

-Балалар «2» саны «1» санынан кейін тұрады.

«2» саны досын іздеп келіпті.Ендеше балалар, біз бүгін «2» санынан кейін тұратын «3» санымен танысамыз.

Ішке «3» саны кіреді

-Балалар, бұл сандарды біз бұрыннан да білеміз.Есімізге түсірдік.Енді біз «2» санының досы көршісімен танысамыз.Ол «3» саны.Үш санының таңбасы алфавиттегі 42 әріптіішіндегі «З» әрпіне ұқсас келеді екен.Үш саны үш бірліктен тұрады.Үш санын көрсетіңдерші.Үш санына сәйкес заттарды көрсетейік.

-Балалар тура санаған кезде 1,2,3, болып саналады.Қолымызбен үш санын көрсетейік.3 саны қай саннан кейін тұрады?

Алдарыңдағы сандарды ретімен орналастырыңдар.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз

Алма ағаштан алма теріп

Себеттерге салайық

Себетімізді қолға алып

Бақшамызға қайтайық

-Енді балалар,бүгінгі өткен үш санына байланысты ойша есептер шығарайық.

1.Алма ағашта үш алма

Жерге түсті екеуі

Ағашта қалды нешеуі?

-Ағашта алмалар көбейді ме азайды ма?

2. Сымда отыр бір торғай

Қасына келді қос торғай

Сымда болды қанша торғай?

3.Отырғыздым үш ағаш

Жайқалып өсті екеуі

Өспей қалды нешеуі?

4.Қолымдағы алманы

Үш досыма сыйладым

Қолымда алма қалмады

Қолымдағы алманың

Нешеу сонда болғаны

Қимылды ойын:«Сандарды топтастыр»

Шарты:музыка әуенімен балалар қозғалып тұрады.2,3,1 сандары көрсетілген кезде балалар 2,3,1 болып топтасып қалады.

-Ойын ұнады ма балалар?

-Балалар үш саны қай саннан кейін тұрады?

Ендеше тура санайық

Жарайсыңдар балалар. Ендеше кері санайық.

Тәрбиеші балаларды орталықтарға бөледі.Бірінші орталыққа жіптен 1санын 2 санын 3 санын құрастыруды тапсырады.Екінші орталыққа сандарды құм бетіне салуды тапсырады.Үшінші орталыққа қиындылардан сандар құрастыруды,келесі орталыққа нүктелерді қосу арқылы санды жазуды,келесі топқа жылжымалы тақта арқылы сандарды жазу тапсырылады.

-Жарайсыңдар балалар өте жақсы

Балалар сұрақтарға жауап береді.Апта күндерін атайды.

-Күз мезгілі.

-Қыркүйек, Қазан, Қараша.

-Ауа-райы құбылмалы болады,жаңбырлы, салқын болады.

Егін жинау, шөп шабу науқаны басталады.

-Картоп, жуа, сәбіз, қызылша.

-Көкөністер бақшада өседі.

Жемістер ағашта өседі.Алма ағашы, алмұрт, жүзім жемістерге жатады.

Айкөркем:

Жел тынымсыз гуілдеп

Болып кетті тым бұзық

Шуылдайды тал терек

Жапырағын жұлғызып

Саябек:

Ағаштардан жамырап

Ұшты жерге жапырақ

О, алақай тамаша

Шашу шашты жапырақ

Рахим:

Келші,келші алтын күз

Келші ,келші жарқын күз

Мерекені жалғастырып

Ойнап, күлші алтын күз

Балалар өткен тақырыпты естеріне түсіреді.

-«1»- саны

«1»-саны 1 бірліктен тұрады.

Балалар 1 алманы көрсетеді.

-«1» -санынан кейін «2» саны тұрады.

«2»- саны 2 бірліктен тұрады.

Балалар 2-санын көрсетеді.

2-қызанақты көрсетеді.

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Балалар алдарынан 3 санын тауып көрсетеді. 3 санына сәйкес затты 3 қиярды көрсетеді.

«3»- саны «2»- санынан кейін тұрады.

Балалар сандарды орналастырады.1,2,3

3,2,1

Балалар өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

Балалар есептің жауабын айтады.

Алма ағашында 1 алма қалды.

Балалар жауабы.

Ағашта алмалар азайды.

Сымда 3 торғай болды.

Торғайлар көбейді.

1 тал өспей қалды.

Ағаштар азайып жатыр.

3-алма болған

Балалар ойынды қызыға ойнайды.

-Ойын ұнады

3 саны 2 санынан кейін тұрады.

1,2,3 тура санайды. Балаларды ретімен орналастырамыз.

3,2,1- балаларды кері санау.

Балалар орталықтарға бөлініп тапсырмаларды қызыға орындайды.

Рефлексиялық-түзетушілік Тәрбиеші балалардың бүгінгі оқу қызметінен алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Ендеше көңіл-күйлеріңді смайликтер арқылы көрсетіңдер.Балалар бірауыздан көңілді смайликті көрсетті.

Тәрбиеші балаларды мақтап ,мадақтады. .Белсенді балаларды атап өтеді. Ұйымдастырылған оқу қызметін «Күз жомарт» әнімен аятайды.

Балалар бүгінгі оқу қызметінен алған әсерлерін көңіл күйлерін әңгімелейді.

Көңіл күйлерін смайликтер арқылы көрсетеді.

Тәрбиеші мақтап мадақтағанға мәз болысады.

«Күз жомарт» әнін хормен орындайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: 1,2,3 санын цифрын түсіне біледі;

Игереді:3 санының үш бірліктен тұратынын, заттардың көп аз ұғымдарын:

Меңгереді: 3 санының жазылуын санын.

Advertisements

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s