Жаңа сабақтар

Отбасымен күзгі баққа серуен


Атырау қаласы, №15 «Балбөбек»
балабақшасының тәрбиешісі
Махсотова Сандуғаш Михатқызы.

Кіріктірілген білім саласы: «Шығармашылық» «Таным»

Кіріктіріп ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану, Сурет.

Тақырыбы: «Отбасымен күзгі баққа серуен», «Әжеге арналған түрлі –түсті орамал»

Мақсаты: Жемістер туралы білімдерін естеріне түсіріп ,жемістер бақта өсетінін ұғындыру.

Күз сыйы және саябақ деген сөздерге сөздік жұмыс жүргізу. Балаларға шаршы пішінді орамалға өрнектер салуға жаттықтыру.

Әдіс тәсілдері:

1 Сәлемдесу сәті.

2. Ғажайып сәт:

3.Жұмбақ жасыру.

4. Сергіту

4 Сұрақ –жауап.

Сөздік жұмыс: отбасы, бақ, жемістер, орамал.

Билингвистік компонент: бақ-сад, урожай-өнім, жемістер-фрукты, орамал.

Көрнекілігі мен құралдары: көкөністердің суреті, себет, түрлі түсті қарындаш (сары, қызыл) сурет дәптері.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Сәлемдесу сәті.

Кел, балалар, күлейік

Күлкіменен түлейік

Күлкі көңіл ашады

Күліп өмір сүрейік

Ғажайып сәт:

(есік қағып әже келеді)

Балалар бүгін бізге қонаққа Әйгерімнің әжесі келді, олар бір отбасында тұрады. Әйгерімнің атасы, әжесі, әкесі, анасы, апасы бар. Олар бәрі бір үйде тұрғандықтан олады бір отбасы деп айтамыз (отбасы қайталау).

Балалармен амандасады, оларды өзімен бірге саябаққа баруды ұсынады.

Балалар шаттық шеңберге тұрып амандасады:

-Қайырлы таң,

-Қайырлы күн.

Балалар қуанады қайталайды.

Ұйымдастырушы- лық- ізденістік Тәрбиеші:балалар біз бүгін әжемен бірге саябаққа барамыз.

Саяхатқа шығу үшін бірінші әженің жұмбақтарын шешейік.

Допқа ұқсайды

Қызғылт сары түсті. (апельсин)

Терісі қалың, дәмі қышқыл,

Түсі-сары,

Еті-дәрі. (лимон)

Көктемде ақ гүлге оранды,

Күзде қолға доп болып оралды (алма)

Жарайсыңдар балалар бұлардың бәрін бір сөзбен айтқанда жемістер дейміз

Жемістер қайда өседі?

-Өте жақсы! Біз сендермен жемістер бағына саяхатқа барамыз..Күз келді сондықтан да жемістерді жинайтын кез келді..

Қане балалар бәріміз автобусқа отырып саяхатқа шығайық. (саябаққа келеді)

Балалар бақ –ол жеміс ағаштары өсетін жер. (Бақ қайталап айтқызу)

Балалар қараңдаршы айналаны бәрі жеміс ағаштарына толы.

Мынау қандай жеміс?

Алма қайда өседі?

Алмаға тән белгілерді анықтау.

Билингальді компонент: бақ-сад, урожай-өнім, жемістер-фрукты,

Міне мынау алма ағашы мен сендерге алма жұлып берейін. Бұл алманың пішіні, түсі қандай?

Енді біз әжемізге алма теріп берейік.

Сергіту: «Алма баққа барайық»

Балалар алма теріп себетке саламыз.

Жарайсыңдар балалар біздің себетіміз толды енді тобымызға қайтайық.

Автобусқа отырып топқа келеді.

Әжей балаларға рахмет айтады .

Тәрбиеші балалар әжей бізді саябаққа апарды біз оған рахмет айтып сыйлыққа мынадай әдемі түрлі –түсті орамал салып берейік (орамал).

Тәрбиеші орамалдың салу жолдарын түсіндіреді.

Балаларға қиылған шаршы ақ қағаз ұсынылады, тәрбиеші оның шеттеріне түзу сызықтар жүргізу үшін нүктелер белгілеп қояды, балалар сол нүктелерді қарындашпен жоғары бөлігін екі сызықпен жоғарыдан төмен қарай қосып сызады. Орамалдың шеттері дайын болады. Енді ортасына қарындашпен дөңгелек салып ,оны бірден бояйды. Салған орамалдарын әжейге беретіндерін айтады.

Әжей жарайсыңдар балалар қандай әдемі орамалдар, сендерге көп-көп рахмет. Бүгін сендермен бірге баққа барғаныма қуаныштымын көмектескендерің үшін көп-көп рахмет. Енді мен қайтайын сау болыңдар.

Жұмбақтардың жауабын айтады (тәрбиеші көмегімен)

Жемістер қайталап айтады

«Бақ» сөзін қайталайды

Жемістерді атайды.

Алма

Ағашта өседі

Қайталайды

Қызыл, сары, дөңгелек.

Қимыл –қозғалыстарын жасайды.

Балалар орамалды салып беруге келіседі. (орамал с.қ.)

Қалай салу жолдарын тыңдайды.

Шаршы пішінді орамалды әшекейлеу үшін бұрышынан сызықтар сызады. Ортасына дөңгелек салып бояйды.

Балалар әжеймен қоштасады.

Рефлексиялық- түзетушілік Тәрбиеші керемет әдемі орамалдар салдыңдар. Түстері қандай шетіне шығармай боядыңдар.Ал шетіне шыққан болса келесі жолы әдемілеп бояуға тырысамыз. Ал бояған кезде көздері шаршағанын айтып

«Менің көздерім» деген жаттығуды жасауға ұсынады.

Менің оң көзім әдемі

(оң көзін қысады)

Менің сол көзім әдемі

(сол көзін қысады)

Жұмыс жасаған орнын жинақтауға жұмылдырады.

Балаларды мадақтайды.

Түстері сары, қызыл екендерін қайталайды

Барлығы көзге жаттығу жасайды.

Жұмыс жасаған орнын жинақтайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Маусымдық өзгерістерге арналған тапсырмаларды, орамалдың не үшін қажет екенін

Игереді: күз мезгілінің ерекшелігі туралы ұғымды, шаршы пішінді орамалды әшекейлеуді

Меңгереді: әр жыл мезгілінің ерекшелігін біліп, бояуды біркелкі тегіс жағуды.

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s