Жаңа сабақтар

Табиғат бұрышындағы құстарды бақылау


Атырау қаласы
№15 «Балбөбек» балабақшасының тәрбиешісі
Махсотова Сандуғаш Михатқызы

Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық»

Оқу қызметі: Жаратылыстану, Сурет салу.

Тақырыбы: «Табиғат бұрышындағы құстарды бақылау» «Торғай»

Мақсаты: Балаларды жанды табиғат өкілдерімен таныстыруды жалғастыру. Сөздік қорларын «құстың жүні, мамығы» «қанат», деген сөздерімен толықтыру. Құстардың суреттерін көрсету арқылы зейіндерін және білуге деген құштарлықтарын арттыру. Жанды табиғат өкілдеріне деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

Құстардың үнін, қимыл-қозғалысын бейнелеп, дене бөліктерін ажырата білуге үйрету. Құстардың бейнесін сала білуге үйрету, сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру. Құстарға қамқорлық жасап, қорғай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: Көрсету, сұрау, түсіндіру, сұрак, жауап

Керекті құралдар: Құстардың суреттері, түрлі-түсті қарындаштар.

Билингвальды компонент: құстар-птицы

Кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Табиғатты тамаша

Көз тоймайды қараса,

Табиғатты аялап,

Жүрейікші жараса.

Балалар өлеңді бірге қайталайды.
Ұйымдастырушылық ізденістік. Балалар көздерімізді жұмып таза ауада демалайық.

(Үнтаспадан құстардың дауысы естіледі).

Балалар бұлар нелердің дауысы?

Міне балалар бүгінгі оқу іс-әрекетінде құстар туралы әңгіме жүргіземіз.

Құстардың тіршілігі туралы әңгіме жүргіземін. Құстар жылы құстар және қыстап қалатын құстар болып екіге бөлінеді. Күн суытып, жәндіктердің көпшілігі қырылып қалады, кейбір жәндіктер ағаштапрдың қуыстарына тығылады. Осылайша құстардың жемі азаяды. Осыған байланысты құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Жылы құстарына жабайы үйрек, тырна, көкек, ұзақ, қарлығаш жатады.

Құстардың бір бөлігі күзде ұшып кетпей, сол жерде қыстап қалады. Оларды қыстап қалатын құстар деп атаймыз. Оларға: қарға, көгершін, торғай, тоқылдақ жатады.

Құс-табиғат байлығы. Байлықтың көзі. Құстарды әркез қорғай білу керек. Олар ағаштардан, өсімдіктерді, зиянды жәндіктерден, құрттардан тазартады. Сол таза ауамен адам баласы-мына біздер дем аламыз.

Балаларға құстардың қалай ұшатынын, дыбысын, қимыл-қозғалысын көрсетемін.

Балаларға құстардың бейнесін салуды ұсынамын. Дайын сурет үлгісі бойынша құстардың денесі сопақша, дөңгелекке, тұмсығы, қанаттары, құйрығының үшбұрышқа ұқсайтындығын түсіндіремін.

Балаларға дайын торғайдың суреті салынған дәптерді таратамын. Дәптердегі торғайдың суретін бояуды тапсырамын. Бояу қарындашпен тегіс, біркелкі бояу тәсілін көрсетемін.

Сергіту сәті.

Торғай болып ұшайық,

Ұшып-ұшып алайық.

Бүркіт болып аң аулап,

Қыран құс боп самғайық.

Балалардан қандай сурет салғанын сұрап, жақсы сурет салған балаларды мадақтаймын.

Балалар көздерін жұмады.

Құстардың дауысы.

Балалар суретке қарап құстардың дене бітімін сипаттап айтады.

Дайын торғайдың суретін түрлі-түсті қарындашпен сызықтардың шетіне шығармай бояйды.

Өлең жолдарына сәйкес қимыл жасайды.

Кім қандай сурет салғаны жайында өз ойларын айтады.

Рефлекстік — түзету Қорытынды бөлім

Оқу қызметін қорытындылау.

Балаларды мадақтау.

Күтілетін нәтиже :

Біледі: құстарды қорғап, қамқорлық жасау керектігін;

Игереді: жыл құстары мен қыстап қалатын құстарды;

Меңгереді: құстың суретін сызықтың сыртына шығармай біркелкі бояуды;

Advertisements

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s