Жаңа сабақтар

Қайта оралған бақыт


Мен Наурызали Айгүл Нұриманқызы
Астана қалалық №84 мектеп – лицейінің кітапхана меңгерушіс

Қайта оралған бақыт.

Қайрат жұмыстан қайтып келе жатқан. Кенет қарсы беттен алды –артына қарамай жүгіріп келе жатқан қыз баламен соқтығысып қалады.

  • Не деген тәрбиесіз қыз едің? Тым болмаса алдына қарамайсынба? – деп қызды білегінен ұстап алады да,- Қане, кешірім сұра, бүйтуге бола ма екен? – деді. Аңдап қараса, қыз көз жасы көлдей болып жылап тұр. Қайрат өзі сасып қалды.
  • Кешір, қатты айқайлап жібердім бе? Ата — анаң қайда? Мұндай кеште қалай жалғыз жүрсін?

Кішкентай қыз жылауын тияр емес. Біреуден қорқып қашып келе жатса керек, демін баса алмай өксіп – өксіп қояды.

  • Ағатай мені кешіріңізші?…. Менің анам …. менің анам ….. дей бергенде сылқ етіп талып қалды.

Қайрат тез арада жедел жәрдем шақырып, бейтаныс 10 жасар қызды ауруханаға алып барады. Дәрігер кішкентай қыздың әбден әлі кетіп, шаршаған және тамақтанбағандықтан талып қалғандығын айтып, Қайратқа:

  • Қызыңыз тәуір болып кетеді, тек оған дұрыс күтім мен тыныштық керек, — деп ескертті. Дәрігердің « қызыңыз» деген сөзі жанына бір түрлі жағымды естілді, әйсе де шындығын айтуды ұйғарып, бірінші рет бұл қызбен жолыққанын айтып берді.

….. Палатаның бір бұрышында жатқан қызға бірден көзі түскен Қайрат оның жанына барып, қалін сұрады. Ол болса ризашылығын білдіргендей жымиды да, көзін жұмып, ұйықтап кетті.

Қайрат кішкентай қыздың жағдайын дәрігерден сұрап, үйіне алып кететін болып келісті. Мұндай ала-сапыран уақытта үйде уайымдап жатқан жұбайы Әсемді тіптен ұмытып кетіпті. Кішкентай Кәусармен бірге үйге енгенде Әсем аузын ашып қалды. Қайрат әйеліне;

— Бұл Кәусар, жолдан кездестіріп, онымен бірге ауруханаға баруға тура келді. Әзірше осында болады, — деп қысқа қайырды.

— Иә, көшеден кездестіргеннің барлығын үйге алып келесің бе сонда?—деп күйеуіне қарады Әсем.

— Сабырлы бол, тамақтан кейін сөйлесерміз, — дей салды да, Кәусарға қарап: — Женгеңнің сөзіне көңіл бөлме, тамағыңды жақсылап іш, -деп еміренді.

Бір бөлмеге төсек салып берген Әсем Кәусарды жатқызып жатып әке-шешесін сұрастырып еді, мен анама барғым келеді, бірақ қорқамын деп жылап жіберді. Бейкүнә балақайдың жылағанынан Әсем өзі шошып кетті, бұндайды күтпесе керек. Амалсыз: — Жақсы, қызым, жылама! Ертең анаңа барасын, ал қазір ұйықтай ғой, — деп жұбатып, үстіне көрпесін жауып, бөлмеден шықты. Қайрат та осыны күтіп отырғандай жарының бағанағы сұрағына жауап беруге бекінді…

Таңертеңгілік үшеуі таңғы астарын ішіп, Қайрат жұмысқа жиналды. Үйде Кәусар Әсеммен қалатын болды. Біраз уақыттан соң Әсем өзін мазалаған ойдың түбіне жетпек болып Кәусарды сөзге тартты:

— Анаңа барудан неге қорқасың Кәусар?

-Менің әкем кеше анамды ұрды. Ол мені де ұрды, бірақ анам араша түсіп, сосың… — деді көзі бақырайып.

-Әкең неге анаңды ұрды? Әлде анаң бірдеңе істеп қойды ма?

— Жоқ, анамның еш кінәсі жоқ. Әкем күнде арақ ішіп, үйге кеш келетін. Кеше де мас болып келген еді, анамды себепсіз соққыға жыға бастады. Мен « Ұрмашы, әке! Анама жақындамашы! Мен сізді жек көремін!» деп едім, мені шапалақтап ұрып қалды. Анам мені көтеріп алып кетпек болып еді, оны да ұрып жіберді. «Сендер мені адам қатарына қоспайсыңдар. Білемін, мен ішемін, бірақ, сендердің не айтып, не қойғандарыңды білемін. Мен сендерді өлтіремін, иттер!» деп анамның мойнынан ұстап алды. Анам болса: «Қаш, қызым, қаш бұл жерден! Тезірек кет!» деп бар даусымен айқайлап жіберді. Мен үйден қалай шығып кеткенімді білмеймін. Қайрат ағаны қағып кеткен кезімде ғана есімді жидым,- деп өксігін баса алмай солқылдап жылап жіберді Кәусар.

— Жылама, бәрі жақсы болады. Біз сені ешкімге бермейміз, — деп Әсем Кәусардың көз жасын сүртіп жұбатты.Кешке жұмыстан Қайрат келгенше екеуі тіл табысып кетті.Осылай Кәусар бұлардың үйінде бір аптадай тұрды. Қайратты көптен толғандырып жүрген ойы – бала асырап алу еді, өйткені Әсемнің бала көтере алмай жүргеніне неше жыл болды? Ендігі сол мәселе шешімін табатындай көрінді. Ол Кәусарды асырап алғысы келеді,тек Әсемнің не келісіп, не келіспейтінін білмейді. Бұл ойын оған қалай айтарын да білмейді. Бір күні жұмыстан келіп, кешкі асты ішіп болған соң ақыры жұбайымен ашық сөйлесуді ұйғарады.Әсем де жарынан дәл осы сөзді күтіп жүргендей іштей қуанып қалады. Тек «Кәусардың әкесін қайтеміз? Ол бізге қызын бере ме?» деген сияқты сұрақтар қояды. Қайрат болса: – бұның бәрін заңмен шешеміз, ең бастысы Кәусардың келісімі керек. Ал, әкесін түрмеге қамайтын шығар.Ертең Кәусардың өзімен сөйлесейік, — дейді.

Ертесіңе Кәусарды жандарына алып, үшеуі ұзақ сөйлеседі. Өз анасының о дүниелік болғаның бала жүрегімен сезіп жүрсе керек, әкесіне қайта баруды қаламайтын. Мұндай хабар Кәусарды қатты қуантады. Бүгінгі күн олардың өмірлеріндегі ең бақытты күн болды. Қайрат пен Әсем бала асырап алғысы келсе, Кәусар өзіне қамқоршы болатын адамдарды іздейтін, сол себепті де бәрі оңай шешілді. Кәусар жаңа мектепке оқуға барады, өзіне достар табады. Ал, Әсем бір жылдан кейін жүкті болып, дүниеге ұл әкеледі. Қайрат Кәусарды алып,әкесінің қолынан қаза болған анасының бейітінің басына барып, жан тыныштығы үшін құран оқиды. Ал, арақты жолдас еткен әке өз қылмысы үшін жазасын тартады…

Ғаламтор және кітап — ғұмыр

Шара мақсаты: Өскелен ұрпаққа жаңа технологияны меңгерте отырып, кітаптың пайдасын насихаттау. Колледж студенттерін кітаханаға тарта отырып, кітап пен ғаламтордың айырмашылығы жөнінде түсінік беру;

Түрі: Ғаламтор және кітап туралы пікір сайыс.

Көрнекілігі: Слайдтар, цитаталар, нақыл сөздер.

Кітапханашы: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, студенттер, қонақтар!

Бүгінгі өткізгелі отырған ғаламтор және кітап атты пікір сайысымызға қош келдіңіздер. Кітап біздің рухани құндылығымыз, теңдесі жоқ байлығымыз болса, ал ғаламтор жаңа жахандық ақпраттық даму технологиясы болып табылады.

Сайысымыздың ережесінің бөлімдерімен таныстыра кетсек, қойылған сұрақтарымызға ойымызды жинақтап, еркін, толық дәлелді түрде жауап беру қажет. «Сұңқар» (жақтаушы жақ). Лашын (қарсы даттаушы жақ)

Ең қасиетті сөздердің бірі- кітап сөзі. Кітап- білім нәрімен сусындатар сарқылмас қазына, рухани байлықтың қайнар көзі, рух дәрумені. Білім бұлағы саналатын кітаптың қастерлі қасиетін таныған шығыстың жарық жұлдызы Әлішер Науаи «Кітап- ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» деген бағалы сөздерін айтып кеткен екен. Қазақтың бас ақыны Абай атамызша айтсақ «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып білуге».

Кітапханамызға келушілер саны өте көп олардың дені кітапхананың ғаламторға қосылуға арналған компьютерін қалағанынша қолданады.

Еңдігі сөз кезегін сайысшыларға ұсыналық.

Қазіргі жастарымызға кітап оқығаннан көрі пайдасы бар ма?

«Сұңқар»(жақтаушы жақ): Біздер күнделікті сабақтан соң оқытушылардың берген тапсырмаларын кітаптан оқығанды жөн көреміз. Өйткені: кітапты парақтап оқи отыра берілген тапсырмаға жан – жақты толық мәлімет алып ойымызға ұзақ сақтай аламымыз.

Лашын (қарсы даттаушы жақ): Біздің ойымызшакітапты парақтап уақытынды алғанша тез жылдам ғаламторды ашып, керек мәліметтерімізді шұғыл түрде өзімізге ыңғайлы етіп дайын күйде ала аламыз.

Кітапханашы: Жастарды кітап оқуға қалай баулығанымыз жөн деп ойлайсыздар?

«Сұңқар»(жақтаушы жақ: ) Қазіргі кезде жастарымыз өздері ұнатқан шығармаларды өзі қалаған кітапханаларынан алып оқуына болады.Ол үшін барлық жағдай жасалған

Лашын (қарсы даттаушы жақ):Қазіргі жастар кітапханаларға барып уақыттарын сарп еткенше ұялы телефонға бірлік салып тез арада ғаламторға кіріп қалаған шығармаларын ала алады.

Кітапханашы: Өскелен ұрпақтарымыз электронды кітаптармен баспадан басылып шыққан кітапты оқудан дәстүрлі түрдегі оқулықтарды оқудың айырмашылығы неде?

«Сұңқар»(жақтаушы жақ:) Жаңа технологиялық жетілу жағдайына байланысты жастарымыз электронды кітапты оқығанының өзіне шүкіршілік етеміз. Соның өзінде де электронды оқулықтардан көрі кітаптарды оқығанымыз жөн. Себебі; кітаптарымыз әрқашанда қолымызда ал электронды кітап компьютердің көмегімен жүзеге асады.Егер ол жағдай болмаса, электронды кітапты қолдана алмайсың.

Лашын (қарсы даттаушы жақ):Қазіргі XXI ғасыр қақпасында жаңа технологиялардың тамаша жетілгендігі сонша, электронды кітап жүзеге асуда. Бұл жүйенің пайдасы ұшан теңіз себебі, дайын топталған барлық шығармаларды компьютердің көмегімен тез және дайын күйінде ала аламыз, аса бір ізденісті талап етпейді әрі уақыт үнемділігін қамтамасыз етуге көмектеседі.

Кітапханашы:Қазіргі таңда кітаптан көрі ғаламторға әуесқой жастар рухани майдан аланынан алыстап кетті.Мұнын түбі неге әкелмек?

«Сұңқар»(жақтаушы жақ:) Білім жолын қуып, әрдайым рухани азығын көркем шығармадан іздеген адам нағыз білімдар адам.Білімдар адам атану үшін еңбектену қажет.Кітапты оқи отыра тіл мәдениеті жетіліп көркем сөздік қоры жетіледі.Сондықтанда кітапты мол оқыған дұрыс деп есептейміз,және де ғаламторға әуестенбеу қажет депесептейміз.

Лашын (қарсы даттаушы жақ): Қазіргі жастарымыз кітап оқып көз майын тауысқаннан көрі,ғаламтордын пайдасы мол деп ойлайды.Себебі: ғаламторға кіре отырып, барлық көркем шығармаларды дайын жан – жақты қолдана аламыз. Сондықтан да ғаламтордың пайдасы көл –көсір деп ойлаймыз.Жастармыздың ғаламторға әуестенуі қазіргі ақпарат құралдарының дамуына байланысты қалыпты жағдай деп есептейміз.

Кітапханашы: Екі жақ тарапынан сіздердің ойларыңызша кітапты немесе ғаламторды мәдени құрал, рухани азық ретінде қабылдаудың пайдасы жөнінде өз ұсыныстарыңызды білдіре кетсеңіздер.

«Сұңқар»(жақтаушы жақ:) Ғаламтордың немесе кітаптың көмегінсіз-ақ өздеріңіз айтып отырған мәдени құрал, рухани азық ретінде қабылдағанымыз жөн емес. Себебі; барлық мәдени құрал, рухани азық, сөз маржаны кітапта құралған деп ойлаймыз.Алдағы уақытта қатарлас үзенгілестерге айтарымыз немесе ұсынысымыз оқыған, білімді, тәжірибелі жетілген маман болып түлеуіміз үшін, күнделікті кітаптарды оқып отырғанымыз жөн. Білімге ұмтылған жас ұрпақтың табылар жері осы кітапхана болуы керек. Жаңа технологиялар заманыңда да кітап адамның ішкі жан дүниесіне, ой өрісіне ықпал етіп мұқтаждығын қанағаттандыратын бірден бір рухани азығы болып қала бермек. Сондықтан кітапхана, колледж құрамында жан-жақты қосымша біліммен тәрбие берер мәдени орындардың бірі және бірегейі болып саналады.

Лашын (қарсы даттаушы жақ): Қазіргі таңда білім қорын молықтыруды ғаламторсыз көзге елестету мүмкін емес сияқты, қоғам ғаламторды қарқынды қолданады. Ғаламтор ақпараттық мәдениет пен салауаттылықты қалыптастырудың уақыт ағымына сай құралы. Өскелең ұрпақ үшін ғаламтордың көмегі зор деп ойлаймыз.Жастардың бойына рухани сезімді ұялату отбасынан басталады. Ғаламтор қанша жерден уақытты үнемдегіш ерекшелігімен ғасырдан ғасырға жылжып келеді. Санамызды ояту үшін ғаламторда жақсы, тек пайдалы ақпарат құралдарын көріп ойымызға тоқиық.

Кітапханашы: Кітап адам өміріндегі ең қажетті құндылық және ондағы білімді заман талабына сай жүйе арқылы бойымызға сіңіріп, сол арқылы өз — өзімізді тәрбиелей аламыз. Әрине ғаламтор заман талабы, ал кітап біздің рухани байлығымыз сондықтан көп кітап оқып кітапхана

Advertisements

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s