Жаңа сабақтар

Еліміздің жастарына патриоттық тәрбие беру және Алғашқы әскери дайындық пәнінің маңыздылығы


Астана қаласы.

78 мектеп-гимназиясының

Алғашқыәскеридайындықпәнінің

оқытушы-ұйымдастырушысы

Абдикаил Бекишевич Мазатбеков

Еліміздің жастарына патриоттық тәрбие беру

және Алғашқы әскери дайындық пәнінің маңыздылығы

Бүгінгі таңда қоғам мен мемлекеттің білім беру жүйесінің алдына қойып отырған міндеттерінің бірі — жеткіншектерді Қазақстандық елжандылық пен Қазақстанда тұратын халықтардың ұлтаралық ынтымақтастығы рухында тәрбиелеу болып табылады. Бұл мәселенің көкейкестілігі қазіргі әлемді жаһандандыру жағдайында бұрынғысынанда артып отыр.

Ұлттық бірегейлікті сақтаудың басты жолдарының бірі болып жастарға патриоттық тәрбие беруде халықтың мәдени мұрасын пайдалану болып табылады.

Президенттің патриоттық сезімге толы осы ой-пікірі Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында» ең маңызды міндеттер ретінде өз Отаны Қазақстанды сүюге, азаматтық пен патриотизмге тәрбиелеу, мемлекет рәміздері мен халықтарының салт-дәстүрлерін құрметтеу» ата заң мен қоғамға қайшы келетін көріністерге төзбеу, әлемдік және Отандық жетістіктерін игеру, Қазақстанда тұратын басқа да халықтардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін, тарихын жете білу деп көрсеткен.

Патриотизм дегеніміз — Отанға деген сүйіспеншілік, әрбір азаматтың мемлекет алдындағы борышын жанқиярлықпен орындау.

Ал Қазақстандық патриотизм — Қазақстан азаматының өзін осы елдің төл баласы, нағыз азаматы ретінде сезінгенде, Қазақстанды өзінің туған елі, Отаны деп есептеген жағдайда ғана қалыптасады, дей келе, Қазақстанның патриоты қандай болу керек екенін белгілесек, онда оның ерекшеліктері мынада:

— Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады, көп ұлтты мемлекет. Барлығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне ерекше құрметпен қарайды, шын ниетімен қадірлейді. Қазақстан азаматының Конституциялық құқығын сақтайды. Әрбір ұлттың Қазақстанды ортақ үйіміз деп санай білуі.

— Қазақстанда тұратын барлық халықтар ұлтына қарамай, Отанды қорғауға дайын болу. Қазақстан халықтары Ассамблеясында қабылданған барлық шешімдердің іске асуына өз септігін тигізуі.

— Бұл әрбір азаматтың тек өзінің конституциялық борышын өтеуі ғана емес, сонымен бірге оның тұлғалық сапаларының қалыптасуы.

— Қазақстан халықтарын ұлы державалық патриоттық сезімге ұмтылдыру мақсатыңда қазақстандық ғажайыпқа сендіру, оны мақтаныш ету.

— Қазақстан Республикасының азаматының Отанын қорғауға деген оң көзқарасын қалыптастырып, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің әскер қатарында болатынына ұлттық патриоттық мақтаныш сезімін тудыру.

— Қазақстан Республикасының әскери доктринасына сай Қазақстан халқының мүддесін көздеуде патриоттық сезімдерін ояту.

«Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Заңда Отанды қорғау және Республика Қарулы Күштерінде қызмет ету Қазақстан Республикасы азаматтарының халық пен мемлекет алдындағы Конституциялық міндеті мен парызы болып табылады деп көрсетілген.

Алғашқы әскери дайындық жастарды патриотизм мен интернационализм, демокра­тиялық қоғам және оған шексіз берілгендік, Отанға және Қарулы Күштерге деген сүйіспеншілік, әскери борышты мүлтіксіз орындауға әзірлік рухында тәрбиелеуге бағытталған.

Отанды қорғау әрбір азаматтың парызы. Елімізде Отанның қорғаушысы болуды армандайтын ұлдар мен қыздар білім алуда екендігін айта кету керек. Олар Қазақстан тарихын терендетіп оқиды, алғашқы әскери дайындық сабағына аса бір ынтамен қатысып, болашақта тәуелсіз еліміздің мақтан тұтар аяулы ұлдары — Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Тоқтар Әубәкіров сынды халқының құрметті азаматы болуды армандайды.

Ғасырлар бойы халқымыз ұрпағын ізгілікке, өз елін сүюге баулып келеді. Бұл берік қалыптасқан дәстүрді ұлттық тәрбиенің өзегі, діңгегі десе де болады. «Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол» дей келіп, адамның ұлы болуы үшін кісіге «Нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» керектігін ұлы Абай да жеріне жеткізе өсиет етіп кетті. Бұл өсиет, пікірлер бүгінгі мектебімізде жеке тұлғаны патриотизм рухында тәрбиелеудің темірқазығы.

Қарулы Күшіміздің алдыңғы сапында қазақ жастарының тұруы, олардың бір кісідей ынтымақпен топтасуы, Ата заңымызда көрсетілген қасиетті борышын, перзенттік парызын орындауы — Отанға, Атамекенге деген сүйіспеншіліктің, негізгі мазмұны, имандылық пен адамгершіліктің негізгі белгісі мен басты өлшемі.

Ал, мектепте жастарға әскери патриоттық тәрбиені жеткізу үшін және әскери қызметті түсіндіру мақсатында алғашқы әскери дайындық оқытушы-ұйымдастырушысы тағайындалған. Қарулы Күштердің қатарында әскери қызметшілердің құрамын білімді және спортпен шыңдалған, жүрегінде от жалындаған азаматтармен толтыру үшін мектеп жастарына әскери жетекшінің әскери патриоттық тәрбиені түсіндіруінің (әскери тақырыпта әңгімелер қозғау, әскери кездесулер өткізу және т.б.) және әскери патриоттық тәрбиеге қатысты іс-шаралар ұйымдастыруының (әскери спорт жарыстары, әскери ойындар және т.б.) пайдасы көп.

Әскери патриоттық тәрбие — жас өренді Отанды қорғауға ұдайы әзір болуға моральдық және дене бітімі жағынан даярлау болып табылады. Әрбір жасөспірім жасынан «Қазақстан — менің Отаным», «Ол мен үшін жауапты болғаны сияқты, мен де ол үшін жауаптымын», — деген қарапайым ойды меңгеруі керек.

Жастарға әскери патриоттық тәрбиені тереңдету үшін әр аудандағы, әр қаладағы әскери бөлімдер мектеппен байланысты үзбеуі керек. Мектептерде оқушылардың әскери киім киюі әскери патриоттық тәрбиелеудің негізгі кілті. Мүмкіншілік болып жатса, оқушыларға әскери киім тіктіріп, оны дұрыс киюін қадағалау қажет.

Алғашқы әскери дайындық пәні — Қазақстан Республикасыныың азаматтарын Қарулы Күштерде, басқа да әскер және әскери құрамаларда қызмет етуге дайындайтын мемлекеттік жүйенің негізгі құрамы болып табылады. Алғашқы әскери дайындық пәнімен әскери-патриоттық тәрбие тығыз ұштастырыла отырып, жастардың әскери істі жақсы меңгеруіне, төтенше жағдайларда қорғанудың тәсілдері мен құралдарын дұрыс пайдалана білуіне ьқпал етеді.

Әскери қызметшілердің жалпы міндеттерін оқыту арқылы жастарға Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын қатаң сақтауға және әскери жарғылардың талаптарын орындау, әскери антқа адал болу, өз халқына жанқиярлықпен қызмет ету, өз елін қасық қаны қалғанша қорғау, өз Отанының патриоты болу, адал, тәртіпті болу, кәсіп білікті ұдайы меңгеру, өз жолдасын бағалау, киімді ұқыпты кию деген секілді көптеген жақсы қасиеттер түсіндіріліп, оларды бойларында қалыптас­тырады.

Жастарды әскери патриоттыққа тәрбиелеу — орта білім беру оқу орындарынан, яғни мектептерден басталады. Мектеп – мұғалімнің басшылығымен жас ұрпаққа білім беру, тәжірибе мәселелері жүзеге асырылатын оқу-тәрбие мекемесі, халық ағарту жүйесінің негізгі буыны. Мектептерде жастарды жасына және сыныбына сәйкес үшке бөледі: бастауыш сынып оқушылары, орта сынып оқушылары және жоғарғы сынып оқушылары.

Әскери патриоттық тәрбие — жас өренді Отанды қорғауға ұдайы әзір болуға моральдық және дене бітімі жағынан даярлау болып табылады.

Жастардың әскери-патриоттық тәрбие теориясын және практикасын меңгерулері, Отанды қорғау және Республика Қарулы күштерінде адал борыштарын өтеу, оның халқы алдындағы азаматтық жауапкершілігін кәміл ұғынулары — оқу орындарының педагогикалық ұжымының аса маңызды бір міндеті болып табылады.

Пәннің міндеті келешекте Отанын, жерін, елін қорғай алатын, ұлттық намысы мол, жігерлі ұл-қыз тәрбиелеу, әскер қатарына сауатты, моральдық жағынан дайын азамат даярлау. Сабақ барысында ұжымдық қорғаныс жұмыстарына, сабақтан тыс уақытта жаттығу жұмыстарын өткізуге аса көңіл бөлінеді. Ұжымдық қорғаныс жұмыстары алғашқы әскери дайындықты оқытудың негізгі бір бөлімі. Оқушылар теориялық сабақта алған білімдерін ұжымдық қорғаныс жұмыстары кезінде іске асырып, өздерінің білімдерін, біліктілік дағдыларын арттырады.

Патриоттар даярлаудағы жауапкершілікті неғұрлым терең сезініп, бар мүмкіндікті пайдаланып, шыныққан да, шымыр отансүйгіш азаматтар даярлау ісінде алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдеріне үлкен талап қойылады, сондықтан оларға өз ісінің жетік маманы болу жеткілісіз, сонымен қатар білімді, тың ақпараттардан хабары мол болуы шарт.

Қазақ халқының тәрбие жүйесінде жас ұрпақты, қоғам мүшелерінің Отанға, халқына, елге, жерге деген сүйіпеншілікке тәрбиелеп, мұны олардың бойына сіңіріп қалыптастыру жетекші орын алады. Өйткені Отан, халық, ел, жер деген ұғым өте ауқымды.

Оқу орындарында Әскери патриоттық тәрбие жүргізудің көптеген түрлері қолданылады.

Соның бір маңыздысы, тарихи тұрғыда қалыптасқан және ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын белгілі бір қоғамдық, құрылыстан туындаған «Жауынгерлік дәстүрлер» болып табылады.

Қазақстанда жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеудін арнайы формалары мен әдістері қалыптасуда. Олар жеткіншек бойында жоғары деңгейдегі азаматтық сезім мен Отанын қорғауға дайындық үрдісін мақсатты түрде жүйелі қалыптастырады, дара тұлғаға Қазақстан халқының және оның Қарулы Күштерінін дәстүрін бойына сіңірген тәрбие береді.

Жалпы әскери-патриоттық тәрбие беруде өзара байланысты екі мәселе қарастырылуы тиіс:

— бірінші, тұлғаның арнайы құралдар көмегімен үйлесімді дамуын қамтамасыз ету;

— екінші, Қазақстан Қарулы Күштерінін әскери дәстүріндегі Отанды қорғау сияқты әлеуметтік тәжірибеге сүйену, жеткіншектерді ерлік, патриоттық негізінде тәрбиелеу.

Жастар әлемдегі әскери-саяси жағдайларды түсініп, өзінің бұған қатысты көзқарастарын дәлелдеуді үйрену керек. Болашақ Отан қорғаушы тұлғасын қалыптастыруда олардын білімі мен өмір тәжірибелеріне сүйене отырып тарихи шындық негізінде тәрбиеленген жөн.

Патриоттық тәрбие тәрбиенің барлық бағыттарымен бірге жүзеге асырылады. Патриоттық тәрбиенің соңғы нәтижесі ретінде патриоттық сана өз Отанын өркендету жолындағы күресте, оны нығайту мен қорғау жолындағы іс-әрекетте көрініп, бағаланады, сөйтіп сол арқылы тиісті ерлік жауынгерлік және ұлттық дәстүрлерді түзе отырып, кейіннен тәрбиелеуші факторға айналады.

Қазіргі жалпы білім беретін мектептер өмірінде болып жатқан бетбұрыстардың ішінде оқыту мақсатының біршама өзгеруіне сай тәрбие технологиясына да жаңа ұстанымдар енуге тиіс. Толыққанды педагогикалық үрдісті іске қосып, шәкірттануды жолға қою үшін оқыта отырып тәрбиелеу, тәрбиелей жүріп білім беру ұстанымдарын жүзеге асыруды басшылыққа алғанымыз орынды. Абай «білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» дегенде «көкірегінде көзі бар», «жүрегі — айна, көңілі — ояу» жастарға арнайды, яғни тәрбие мен оқудың жігін ашпайды, олардың тиімділігі екі жаққа да -ұстаздарға да, шәкірттерге де бірдей ортақ екеңдігін көрсетеді.

Елімізде өскелең ұрпақтардың Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту және одан әрі арттыру мақсатында мынандай ұсыныстар айта кету абзал. Қазіргі кезде жас жауынгерлердің әскери қызметі туралы видео фильмдер шығарылуы тиіс, телеарнада арнайы әскери жаңалықтар қызметі жұмыс жасау қажет. Мемлекеттік тілде әскери кітаптар шығарылуы керек. Ең маңыздысы Қазақстанның барлық облысында телеарнада апта сайын немесе ай сайын көрсетілетін «Алғашқы әскери дайындық — әскери патриоттық тәрбиелеудің маңызды түрі» атты телебағдарлама ашылуы тиіс. Ол телебағдарламада әр каладағы, әр аудандағы әскери дайындық сабақтарын, өткізіліп жатқан тәрбиелі іс-шараларды, ұйымдастырылған кездесулерді және үлгілі мұғалімдерді, үлгілі әскери адамдарды үлгілі сарбаздарды осы телебағдарламада — көрсету керек. Сонымен қатар, қайтадан еліміздегі әскери-патриоттық бағыттағы клубтардың жұмыстарын жаңғырту. Яғни, қандай да әскери сала болмасын Құрлық әскері, Әуе қорғанысы, Ішкі әскері, Шекара қызметі тағы да басқа әскери ұйымдармен өз көлемінде тығыз бірлесе әрекеттесу мәселесін алға қою.

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s