Жаңа сабақтар

Жарасымды қарым-қатынас


Астана қаласы

Әлкей Марғұлан атындағы

40 орта мектеп психологы

Мыңбаева Лариса Жақсыбайқызы

Пәні: Өзін-өзі тану.

Тақырып: «Жарасымды қарым-қатынас»

Құндылық: Дұрыс әрекет, ішкі тыныштық.

Қасиеттер: адалдық, мейірімділік, кеңпейілділік, парасаттылық.

Мақсаты:

  • Қазақ халқының ұлттық дәстүріндегі «үлкен» мен «кіші» арасындағы сыйласымды қатынасты ұлттық құндылық ретінде таныту. Оқушылардың арасындағы қарым-қатынасын анықтау.

Міндеттері:

  • «үлкен» мен «кіші», «ел ағасы», деген сөздердің мәнін ашу;
  • «үлкен» мен «кіші» арасындағы сыйласымды қатынастың мәнін ұғындыру;
  • өзінен үлкенді сыйлауға, құрметтеуге, ин+абатты болуға тәрбиелеу.
Сабақ барысы Ресурстар, мәліметтер
Ұйымдастыру кезеңі

  1. Тыныштық сәті

«Әдемі гүл» оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.

  1. Үй тапсырмасы: «Жастық жігерім-жақсылыққа» эссе жұмысын дәптерлерін тексеру, сұрау
  1. Әңгімелесу «Пікірлесейік»
  • Жарасымды қарым-қатынас дегенді қалай түсінесіз?
  • Кез-келген адаммен қарым-қатынас жасау үшін адамға қандай қасиет керек деп ойлайсыздар?
  • Ол қасиеттер өз бойыңызда бар ма?
Оқушылармен бірге талдау.
  1. Жаңа ақпарат

«Қазақтың ұлттық дәстүрінде кіші адам үлкен адамды сыйлауға міндетті. Үлкен адам алдында әдеп сақтау, қайырымды-рақымды болу, кіші адамға сай мінез-құлық көрсеру, жас адамның адамгершілік қасиетінің көрінісі. Қазақ халқы «кішілік те кісілік» деп, кішілік әдептілікті, ізгілікті, сыйласымдылықты көрсететін қасиет деп жоғары бағалайды»

Оқушылар үлкендерді қадірлеу, сыйлаудың ұлттық дәстүріміздегі талқылауға жатпайтын қағида әрі парасаттылықтың белгісі екендігін түсіндіру.
  1. Мәтінмен жұмыс

«С. Б. Дорженовтың ізімен» жазылған мәтін бойынша сұрақ-жауап.

— Қазақ халқының үлкенді құрметтеуге байланысты қандай рәсімдері бар?

— «Ақсақал», «Ел ағасы» деп кімдерді атаған?

Талқылау
  1. Назар аударайық

С. Ақатайдың «Қазақ баласы амандықтан соң бейтаныс адамның жасын сұрайды. Ол этикет – халық этикасының ең аз бөлігі. Сұхбаттас адам өзінен үлкен болып шықса, ерте бастан інілік ізгілімді білдірейін, үлкен болып шықса, кес-кестемейін деген ниет сездіру. Ал үлкен болып шықса, ағалық кәденің орны бөлек. Ағасын отырғызып қойып, інісі сөйлегеннен безу кенжелеп туғандарды тілін жаттықтыру үшін шығарылған жаңылтпаш емес, көргенсіздікке тосқауыл болатын әдептіліктің жанашыры»

  1. «Отбасылық қарым-қатынас туралы видеоролик»
Ата-анамен баланың үй жағдайындағы қарым-қатынасын талқылау.
  1. Дәйексөз

А. Линкольннің

«Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым-қатынасы»

Дәйексөзді талдап, саналы да сыйласымды қарым-қатынас тек адамзатқа ғана бұйырған қасиет деген ой тұжырымдалады. Оқушылар қазақ халқының дәстүріндегі үлкенді құрметтеу әдебіне байланысты қағидаларды жалғастырады.
  1. Дәптермен жұмыс «Өз-араңызда қандайсыз?» тест.
Өміріміз айналамыздағылармен тығыз қарым-қатынастан құралған. Өкінішке орай арада кейде түсінбеушілік, ұрыс-керістер болады. Себебі неде? Қате кімнен?Осы сұрақтарға жауап табу
  1. Шығармашылық жұмыс:

«Мектептегі ұстаз бен оқушының арасындағы қарым –қатынас туралы», «Депутат» тренингін өткізу

  1. Үй тапсырмасы

Дәптерден 1-тапсырма ұсынылады.

Үлкендерді құрметтеп, қадір тұту, адамдар арасындағы ілтипатты да сыйласымды қарым-қатынастарға байланысты айтылған нақыл сөздерді жазып келу.
  1. Қорытынды: Жүректен жүрекке: Тренинг «Оқушылардың бір-біріне жылы лебіздері» білдіру.
Advertisements

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s