Мамандыққа қиялмен саяхат


Астана қаласы

44 орта мектептің

Педагог-психологі

Нурманова Баглан Манаповна.

Тақырыбы:«Мамандыққа қиялмен саяхат»

Мақсаты: Оқушылардың қиялын дамыта отырып, болашаққа мақсат қоя білуге үйрету. Таңдаған мамандықтарына сенімділігін анықтау және басқа мамандықтарға шолу жасата отырып, таныстыру.

Өткізілген сынып: 9-11 сынып оқушылары

  1. «Кел, танысайық!» жатттығуы.

Қатысушылар өзі туралы айтады. Мәселен, «Мен-Айнұр, педагогпын. Сыпайымын, әдептімін, сымбаттымын» деп таныстырады.

  1. «Менің білгім келеді» анкета толтыру, таныстыру. Ата-ана мен бала бірге отырып, мынадай 3сұраққа жауап жазады (сөзбен, сурет арқылы):
  1. Менің отбасым
  2. Менің жақсы мінезім, жағымсыз мінезім
  3. Менің мамандығым

3.«Мамандықты тап» ойыны. Тренингке қатысушылар карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысу керек. Қалғандары мамандықтарды табу керек (дәрігер, фабрика басшысы, хатшы, кітапханашы, банк қызметкері, сатушы, мұғалім, бухгалтер, сварщик).

4. «Жарнама» ойыны.

Оқушылар екі топқа бөліне отырып өз топтарын таныстырады. Ереже бойынша әр топ өз қатысушыларының мамандығын, жұмысқа деген қабілетін, тұлғалық ерекшеліктерін таныстырады. Ал екінші топ комиссия мүшері бола отырып бірінші топты бақылайды. Ойын шарты бойынша топтар кезектеседі.

5.«Бос микрофон» (рефлексия). Қатысушылар тренингтен алған әсерлері туралы пікір бқліседі.

Қорытынды:

Ж.Аймауытов айтқандай: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе». Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл өте жауапкңершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдау әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Өз – өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?( деген сұрақ қоя отырып, жауапты таба білу керек. Өз ісіне сенімді дұрыс таңған адам ғана жетістікке жетеді.

Осымен бүгінгі тренинг –сабағымызды өз шегіне жетті, қатысқандарыңызға, тыңдағандарыңызға, рахмет!

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s