Жаңа сабақтар

Мен таңдаған жол


Астана қаласы

44 орта мектептің

Педагог-психологі

НурмановаБагланМанаповна.

Тақырыбы : Мен таңдаған жол

Мақсаты: Кәсіптік бағдар таңдау бойынша психологиялық қолдау көрсету.Мамандық “ құндылығы туралы түсініктерді кеңейту. Мамандық таңдау, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру.

Құрал-жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, ақ парақтар, маркерлер

Жоспар:

  • Мамандық таңдауда ұстанатын ережелер
  • Ең-ең… (ойын)
  • «Мен қаладым» сұрақнаманың қорытындысымен таныстыру
  • Мамандықты тап (ойын)
  • Мейірімділік алаңы (жаттығу)

Барысы:

1 Кіріспе сөз

Жүргізуші: «Кәсіп таңдау тек қана болашаққа үңілу емес, ол өзіңнің ішкі жан-дүниеңе үңілу…» Сәлеметсіңдер ме балалар! Бүгінгі тренингіміздің тақырыбы «Мен таңдаған жол

2.Ойланайық, пікірлесейік

Жүргізуші: Мамандық дегенді қалай түсінесіз? (слайд)

3«Мамандық таңдауда ұстанатын ережелер»

  • Мектептегі оқу пәндері нақты мамандық емес. Пәнге деген қызығушылық оған байланысты жұмыстың ұнайтынын білдірмейді.
  • Қалаған мамандықтың мазмұнына көңіл аудару.
  • Егер мамандық сенің досына ұнаса, саған ұнайды деген қорытынды жасауға болмайды.
  • Мамандықтың мазмұны, қызықты қырлары, жұмыс тәртібі мен жағдайы туралы сұрақтарға жауап бере алғанда ғана сенің таңдаудағы ой-ниетің салмақтана түспек.
  • Сән қуып, мамандық таңдаудық қажеті жоқ.Оқуды тәмамдап, жұмыс істегенше, ол мамандық сәннен шығып қалуы мүмкін.
  • Алдағы өмірлік жоспарың қандай болмасын, шетел тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істеуді игерген аса пайдалы.
  • Заманның ағымына қарай кейбір мамандықтар тез ескіріп, оның орнын жаңа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез келген жағдайда қосалқы таңдаған мамандық болу керек.
  • Мүмкіндігінше таңдаған мамандықтың өзіңнің денсаулық жағдайыңа тура келетін- келмейтіндігі жөнінде кеңес алған жөн.

(Оқушылар мен ата-аналар арасында ережелер туралы пікір алмасу жүргізіледі)

4. «Ең-ең…» (ойын)

Оқушылар 5 топқа тренингтің басында бөлініп отырады. Әр топқа

парақшалар таратылады. Ол парақшаларда келесі жазулар болады :

  • ең жасыл мамандықтар
  • ең ақшалы мамандықтар
  • ең таза мамандықтар
  • ең көңілді мамандықтар
  • ең тәтті мамандықтар

2-3 минуттың ішінде топтың ішінде ақылдасып мамандықтардың тізімін құру керек және де топтың мүшесі тізімдерімен таныстырып шығады.

5.Әңгімелесу, сұрақ жауап

-Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек деп ойлайсыңдар?

-жақсы маман болуы үшін адам нені білуі және нені үйренуі қажет?

-Сен қандай маман болуды армандайсың? Неліктен?

— Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыңдар?

— Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?

— Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?

Жүргізуші:

Мамандық таңдау- өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Талдау жасау оңай емес. Ең бастысы-адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді. Сондықтан икемі, қызығуы, бейімі бар мамандықты таңдай білу, өзіне, қоғамға тигізетін пайдасын ойлау, мұндай еңбектен шабыт туатыны, ол өнімді еңбекке ұласып, табыс әкелетінін білу керек.

6. «Мамандықты тап» (ойын)

Тренингке қатысушыларға карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысу керек. Қалғандары мамандықты табу керек.

Хирург

Фабрика басшысы

Хатшы

Кітапханашы

Банк қызметкері

Сатушы

Мұғалім

Бухгалтер

Слесарь

Сварщик

7.Сауалнама:

1.Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады деген дұрыс па?

А) ия Ә) жоқ

2. Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты ма?

А) ия Ә) жоқ

3. Мамандық адамның қабілетіне, бейімділігіне байланысты ма?

А) ия Ә) жоқ

4. Отбасы мен достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға бола ма?

А) ия Ә) жоқ

5. Қартайғанда да мамандық таңдауға бола ма?

А) ия Ә) жоқ

6. Жақсы білім алу үшін, қымбат оқу орнына түсу керек пе?

А) ия Ә) жоқ

7. Ақша болса, мамандық қажет емес деген пікірмен келісесің бе?

А) ия Ә) жоқ

8. Мамандық таңдаудағы басты өлшем- қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестілігі ме?

А) ия Ә) жоқ

9. Таңдайтын мамандығыңды болашақ табысың анықтай ма?

А) ия Ә) жоқ

10. Мамандық таңдау- күн көрістің қамы ма?

А) ия Ә) жоқ

11. Мамандық таңдауда психологтың көмегі қажет пе?

А) ия Ә) жоқ

8. Психодиагностика:

Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетің баршылық. Сенен үздік администратор шығады, бірақ саған өзіннің кәсіптік мамандығыңды менеджментпен байланыстырмауға ұсыныс айтамын.

Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай- ақ шығармашылық қабілетін, ой- өрісің дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналаңа қабілетті адамдарды жинай аласың. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.

Шеңбер.Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесің,басқаның ауыртпалығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың және саған менеджмент саласындағы мамандықтар сәйкес келмейді. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.

Үшбұрыш . Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігің бар.Саған менеджмент саласын меңгеру ұсынылады.

9. Рефлексия: 1…3 көздеріңізді жұмып іштеріңізден менімен бірге айтыңыздар:

Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін.

Масқатыма жеткізер- уақытыма сенемін.

Достық іспен қасты да- жеңеріме сенемін,

Ақыл, сана білім мен- өнеріме сенемін.

Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,

Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!

Қорытынды:Ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер бүгінгі кездесуде апайларымыз бен ағаларымыз айтқан ақыл кеңестерді жадыңызда ұстап ілім- білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі -болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s