Жаңа сабақтар

Психолог және мен


Астана қаласы

Әлкей Марғұлан атындағы

40 орта мектеп психологы

Мыңбаева Лариса Жақсыбайқызы

Психолог және мен

Адам өмірі, оның ішкі жан дүниесінің әсемділігі, адам психологиясының қалыптасуы, адамзат қоғамының өркендеп гүлденуі ең алдымен білімнің даму деңгейіне байланысты. Ұстаздар қауымының сенімді тірегі, көмекшісі, сондай — ақ білімге ұмтылған әр баланың ішкі жан дүниесін түсініп, олардың танымдық деңгейлерінің дамуына бірден — бір ықпалын тигізіп, оларды өмірге психологиялық жағынан дайындайтын мектеп психологы. Бұның өзі мектеп психологының жұмысы, бүгінгі таңда мектепке, балаға, мұғалімге, ата — аналар үшін қажет екендігінің дәлелі.

Мен өзімнің психолог екенімді мақтан тұтамын. Осы мамандықты тандағаныма менің анам көмек берді. Себебі анам бірнеше жыл мектепте ұстаз болып қызмет етеді. Жоғары оқу орнын бітірген соң жеке меншік ортада психолог болып қызмет еттім, қазіргі таңда «Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектептеп» психолог болып жұмыс атқарып жатырмын. Мектепте қызмет атқарғандағы түсінігім тәрбие мектеп қабырғасынан басталады. Жұмыстың бас бағыттары; жасөспірімдермен, келеңсіз отбасылардан шыққандармен, жұмыссыз азаматтармен бала тәрбиесімен айналысатын ата-аналармен жұмыс жасау. Олармен әңгімелесу, тестілеу, тренинг, сауалдамалар, видео роликтар көрсету, сурет салдыру сияқты әдістерді қолданамын. Мектептің педагогикалық ұжымы психологпен тікелей байланыс орната отырып, баланы түсініп оларды психологиялық жағынан зерттеп біліп түрлі бағытта жұмыстар жүргізіледі.
әрбір адамның өзінің құпия жұмбақ сырлары болады. Сол жұмбақтың кілтін тауып, жүрек кілтін аша білу, әрбір жүректің құпия сырын оқи білу мен қалаған мамандықтың ғажайып тылсым сыры. Қазақта «Тән ауруы жазылар, жан ауруы жазылмайды» — деген сөзде үлкен мән-мағына бар. Бүгінгі күні тән ауруын дәрігердің шипасы емдесе, ал жан ауруын психолог маман емдей алуға болады деген ойдамын. Әр адамның жүрегіндегі мұңды сезіп, дұрыс жол сілтей білу, адамнан тек мамандықты талап етпейді, адамға деген мейірімділік пен төзімділік, табандылық туындайды.
Қазақта жан ғылымын ерте меңгерген. Оған халықтың даналық сөздеріндегі ойлары дәлел болмақ. Мысалы «Аурын жасырған ауырмай өледі», «Жақсы сөз — жарым ырыс» деген мақал — мәтелдер дәлел. Сондықтан әрбір оқушы бала кезден досын, ұжым мүшелерін, өзі өмір сүрген ортадағы адамдарды құрметтеп үйренуі қажет. Бүгінгі отбасындағы әр бала тәрбиесі өте күрделі. Себебі, ата – ананың балаға деген махаббаты өзімшілдікке бейімдеп тәрбиелеуде. Ал бала – қоғам мүшесі.Қоғам мүшесі ешқашан жеке болмауы тиіс.
Маған тәртібі ауыр оқушы кездесті, ол оның адамға деген аяушылдығы, өзімшілдігі, түсүнуі болмайды. Себебі ата — ананың жалғыз қуанышы өзі болатын. Басқалар үшін де солай деп ойлайтын. Тест, түрлі әңгімелер, тренингтер, оң нәтижесін берді. Баланың бақытты болуы ата-анаға қатты байланысты. Бала өздігінен бала болмайды. Сол үшін баланың санасын оятып, жүрегіне әсер ететін сөзбен ұқтыру керек. Сондықтан баланың жасына, қызығушылығына қарап оның ұжымы жайында әңгіме пікірталас өткізіп отырған жөн. Бала әрқашан ата- анасын оны жақсы көреді, жақсы сөз естігісі келеді, мейірімді көздерді көргісі келеді. Мысалы: Әкесі ұлымен сырласып, табиғатты, отанды, нәзік жанды қорғауды, ерінбей еңбек етуді үйретсе, ал анасы қызына тәрбиелі, өнегелі, инабатты, мейірімді, кішіпейілді болуды айта отырса біздің болашағымыз ашық та жарқын болады.Ең маңызды қасиет ол мәселені шығармашылықпен шешетін терең интуицияның болуы, сондықтан мен өз мамандығымның қоғамға қажеттілігін сезіне отырып, ерекше жақсы көремін және де мықты психолог болу үшін барлық күш- жігерімді салуға дайынмын.

Advertisements

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s