Жаңа сабақтар

Рәміздер –тәуелсіздіктің белгісі


Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласы

Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық

коледжінің Алғашқы әскери дайындық пәнінің ұйымдастырушысы

Сексенбаев Пердехан Аббасұлы

Сабақтың тақырыбы: Рәміздер –тәуелсіздіктің белгісі

Жүргізуші:

Армысыздар, ұлан-ғайыр жері бар, ұлы мұратты Елі бар, бабалар жазған ұлы тарихы бар, көреген көсемі мен ұрпағы көз тіккен ұлы болашағы бар дана халықтың ұрпақтары!

Көк туым көтерілді бағым жанып,

Елтаңбам төрт әлемге танылды анық.

Шырқадым гимнді бар дауыспен,

Арманым Ата заңым қабылданып.

ҚР-нің Мемлекеттік Гимні орындалады.

«Рәміздер –тәуелсіздіктің белгісі» деп аталатын мерекелік сайысымызға қош келдіңіздер!

Сайысымыздың ережелері:

Бүгінгі сайысымыз ІІІ кезеңнен тұрады.

1. Қатысушының әр дұрыс жауабы 10 ұпаймен есептеледі.
2. Жауапқа он бес секунд уақыт беріледі, одан кейінгі жауаптар қабылданбайды.
І кезең — тапсырманы қорғау.

ІІ кезең – Дода.

ІІІ кезең — Кім көп біледі? — деп аталады.

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,

Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз,дей келе әділ қазыларды таныстырайық:

1. Мектеп директоры – Жакенбай Шәріпхан Қажытайұлы

2. ДҒӘЖО- Ештанаев Жазыбек Опиұлы

3. ДТЖО-Шабкенова Самал Жамалиқызы

4. Тарих пәнінің мұғалімі- Карбоз Нағашыберген Ерденұлы

Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір сайыс болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ сұрақ болсын,-деп, І кензеңді бастаймыз.

І кезең — тапсырманы қорғау

3 топтың топбасшылары жасырылған тапсырманы қорғайды:

  1. Гимн
  2. Ту
  3. Елтаңба

(интербелсенді тақтадан көрсетілген рәміздердің бірін таңдап, тарихымен таныстырады)

Мен — қазақпын мың өліп, мын тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

ІІ кезең – Дода

Ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру. Берілген ұяшықтың қалағанын таңдай алады, ұяшықтарда 10,20,30 ұпайлы сұрақтар жасырылған.

ІІІ кезең — Кім тапқыр?

Бейнетаспадан үш топқа үзінді көрсетіледі.Берілген тапсырмаға тез жауап беру керек.

ІҮ кезең – топбасшылар сайысы

Жұмбақ жасыру.

Оқушы болсаң жақсы, жылдам зерек,

Ондайлар Отаныма өте керек.

Тәуке хан жазған екен заң жинағын,

Тапсаңдар болғандарың асқан зерек.

(Жеті жарғы)

Мерекең құтты болсын ұстаздарым,

Оқушы, келді – кетті бар достарым.

Тәуелсіздік заңының қабылданған ,

Жылын тап мықты болсаң,біз тосалық.

( 1991 жыл)

Жақсы ел заң шығарып игілікті,

Депутат заң шығарып билік қыпты.

Парламент палатасы нешеу екен,

Таба алсаң бұл жауапты игі екен.

( 2)

Интербелсенді тақтадан бала Жамбылдың «Қазақ тілі» өлеңін тыңдату.

Жаның қамауда қалғанда, арың талауға түскенде араша болған Тәуелсіздік! Барың тоналғанда, асылың жоғалғанда қайтарып берген Тәуелсіздік! -бабаларымыздың қанымен келген Тәуелсіздігіміз, елдігімізді айқындайтын рәміздеріміз, ананың ақ сүтімен дарыған ана тіліміз — бізге аманат!

Сөз қазылар алқасына беріледі.

Қорытынды:

Уақыттың ұлы көшіне ілесіп, ілгері ел болу жолында өзінің тұтастығын, болашаққа деген үкілі үміті мен сенімін қасиетті бойтұмардай қастерлеп сақтай білген қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы – тәуелсіздікке қол жеткізіп, ата-баба алдындағы парызымыз өтелген бақытты ұрпақпыз деуге болады.

Мен жастарға сенемін.

Алаш айбыны ұраны,

Алаштың олар құрбаны –

Мен жастарға сенемін, -деп Мағжан Жұмабаев атамыз айтқандай бүкіл күш- қуаты мен жастық жігерін, махаббатын туған халқына арнайтын жастарға сенейік!

Advertisements

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s