Жаңа сабақтар

Қатігездік пен мейірім (Қойылым)


Астана қаласы

44 орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Джусупбекова Дарига Ашировна

Тақырыбы: Қатігездік пен мейірім (Қойылым)

Мақсаты: Балалардың бойына мейірімділік пен әдептілікті ұялату, бір-біріне кішіпейіл, кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: Кейіпкерлердің киімдері, ойыншық, сөздер жазылған плакаттар.

Барысы:

Автор: Бұл оқиға балабақшадағы бір топта болды. Қатігездік әр топты аралап өзіне лайық бұзық, тілазар баланы байқап, әрқашан сол Назымды тәртіпсіз, әдепсіздіке баулыйды.

Бала: Зын-зын машинам қатты жүреді. Кел, Диас бірге ойнайық.

Қатігездік: Ұялмай бар да екеуін бір итеріп ойыншығын тартып алып, жерге соғып дөңгелегін сыңдыршы!

Назым: Менің ойыншығым, ешқайсың ойнамайсыңдар.(Шашындағы резинкаларын жұлып- жұлып алады)Дөңгелегін сындырам.

Дияс: Бұл ойыншық сенікі емес қой, неге жұлып алдың, апай айтты емес пе, өтінемін маған бере тұршы деп, сұрап алу керек- деп ойыншықты ала бергені сол-ақ екен.

Назым: Айғайлап жоқ, бұл ойыншықты маған мамам әперген-дейді ашуланып.

Өтірік қуанып: Өтірік айта салу оңай, көрдіңдер ме, балалардың бәрі мені жақсы көреді.

Шыңдық: Өтіріктің құйрығы бірақ тұтам. Өтірік айу жаман әдет, бақшадағы балалар бұны біледі.

Назым: Бақшадағы ойыншықтардың бәрі менікі-дейді қызғанып.

Қызғаныш: Тек мені ғана атап, ешкіммен бөліспеймін, тәйірі.

Ашу мен Ыза : Жоқ мына қызға ашу мен ызам келіп тұр- деп шыдамсызданып шығып кетеді.

Ұят: Менің ойыншығым деп ұялмастан өтірік айтуын қаршы!

Сабыр: Бұл қыз әлі бала емес пе, бәріміз қатігездікке не істей аламыз?

Жауапкершілік: Біз барлық балаларға жауаптымыз, Назымды қатігездіктен қорғау керек. Ақыл бізге төре болсын.

Ақыл: Айтылған қасиеттер баланың бойында мейірім арқылы дариды.Мейірім: Балаларды қатігездікке итермелейтін ең әуелі ата-анасы. Өйткені ойыншықты бермесе жұлып тартып ал, ол бір персе, сен екі пер-дейді. Заманына сай жұлып, жұлқынып тұру керек дейді.«Бесік жырын» айтпақ түгел, «ботам» деген сөз мейірімі қасиетінен ажырап барады емес пе?Баланың ойын, миын улап жатқан шет елдік мултьфилмдер, компютерлердегі ойындар атыс-шабыс оңай көрінеді. Туған күні немесе жалақы алып баласымен дүкен аралағанда баланың қалағаның әпереді. Әрине теледидардан көрген мультфилмдердің жұғымсыз ,жағымсыз кейіпкерлері «спанжибоп», «бетмэн», «человек поук» т.б ұлттық тәрбиені алып қарамағанда бала санасына қонымды дүние жоқ. Сүйішпеншілік: Балалар өзін, ата-ана мен достарын, қоршаған ортасын сүю үшін сүйішпеншілік, махаббат керек.

Мейірім: Ақыл, сабыр, махаббат, сүйішпеншілік, жауапкершілік, ұят, шыңдық ,ұқыптылық , достық арқылы қане Назымға жылу сезімін берейік. (Шеңбер арқылы бір-бірінің қолдарынан ұстайды) Қатігездік: Жоқ, жоқ, айтылған қасиеттер мына қыздың бойында болса мен басқа жақтағы балабақшаны аралайын. (Шығып кетеді)

Назым: Ұялып, кешірім сұрайды. Балалар бір-біріне кешірім етеді.

Advertisements

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s