Жаңа сабақтар

Өнерлі бала сүйкімді


Астана қаласы

Әлкей Марғұлан атындағы

40 орта мектептеп психологі

Орынбасарова Ардақ Кеңесқызы

Тақырып: «Өнерлі бала сүйкімді»

Құндылық:дұрыс әрекет

Қасиеттер:мейірімділік, таза ниеттілік, адал еңбек.

Сабақ мақсаты:«Өнер» ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Оқушыларға әсемдік, сұлулық арқылы риясыз сүйіспеншілік мәнін ұғындыру;
  • Рухани-адамгершілік білім берудің алғашқы қадамына жетелеу, өзін тани білуге тәрбиелеу;
  • Оқушылардың өнерге қызығушылықтарын, сүйіспенщіліктерін арттыру

Сабақтың типі: Ашық сабақ

Сабақтың әдісі: таныстыру, жаңа сабақ

Ресурстар: (суреттер, оқулық, кітап)
Сабақ барысы:

1.Ұйымдастырукезеңi. Тыныштық сәтi. Джеймс Ласт музыкасы қойылады.

Тренинг «Жылуыңмен бөліс» Оқушылар көздерін жұмады. Олар қос алақандарын бір-біріне қосып ұстап, іштерінен жақсы тілек айтады. Мұғалім әр оқушының алақандарына жүрекшелердің ішінде жақсы тілек жазылған стикерлерді, береді, оқушылар көздерін ашып, оқиды. Осы тренингтің жалғасы, өз топтарына жайғасады. «Ақындар», «Бишілер», «Әншілер», «Спортшылар» деп төрт топқа бөлінеді.

2.Үй тапсырмасын тексеру

Балалар, қайырлы, күн! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын.

Оқушылардың дәптерлерін тексеру, үй тапсырмасына берілген «Дәме» М.Гумеровтің әңгімесін бойынша сұрақ- жауап.

  • Анасы Ақылбекке неліктен тесіле қарап қалды?
  • Анасы оған неліктен ренжіш білдірді?
  • Ақылбек қандай күйге түсті?
  • Ақылбектің ұқыпсыздығы неден көрінеді?
  • Ақылбек ұқыптылыққа өзін қалай тәрбиелейді?
  • Ақылбекке қандай ақыл айтар едіңдер?
Ескерту
3.Дәйексөз.

«Адамның сәні – өнер, білім, ақылы.»

Жетес шешен

4.Жаңа сабақ

Өнерлі болу адам баласына тән. Талпыну, талаптану әркімді өнерлі етеді. Ол үшін талмай еңбектену, іздену қажет. Қоршаған әлемді шығармашылықпен көркемдеп бейнелеу көрінісі өнер деп аталады. Адамның өнерпаздығы оның қабілеті, шеберлігі, іскерлігінен көрінеді.

4.«Өнерлінің өзегі толмас» деген видеороликті тамашалайық.

5. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

Төрт топ бойынша оқушылар өз өнерлерін көрсетеді.

1. «Ақындар» Тобы; Қадырхан: Абайдың өлеңі, «Көзімнің қарасы», Нұрбақ, Мұхамедәлі «Анашым» өлеңі, Жанерке «Сегіз аяқ».

2. «Бишілер» Тобы; Жәнібек Дариға «Қара жорға» биі, Шәкәрім Аяулым, Индира «Испанский» биі, Наргиза «индиский, Мани мани»

3. «Әншілер» Тобы; Әйгерім, Жансая, Аружан, Жанель, Қарақат «Босторғай» әні

4. «Спортшылар» тобы; Санжар, Бейбарыс каратеде қолданатын іс әрекеттерді көрсетеді.

Дәптерермен жұмыс

Сен қандай өнерді жақсы көресің? Дәптердегі 20 сабақтағы 37 беттегі, 1-тапсырамын орындаймыз.

6.Топпен ән айту.

Өтебай Тұрманжанов

«Бәрі жақсы өнердің»

Киім тіккіш жаман ба?!

Шипагер есмші маман да,

Бәрі керек адамға.

Астықсыз өмір болған ба?!

Астық егіп өсірген

Тракторшы жаман ба?!

Осымен өнер тамам ба?!

Кең далаға көсілген,

Мыңғыртып мал өсірген

Шопан ата жаман ба?!

Осымен өнер тамам ба?!

Өрнектейтін өнерді

Өнердің бәрі көңілді!

Қолы алтын шебердің,

Бәрі жақсы өнердің!

7.Үй тапсырмасы.

«Құмға салған сурет» әңгімесін оқып келу. Дәптермен жұмыс

8.Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Бүгінгі ашық сабағымызды қорытындылаймыз. Өнерлерің өрге бассын деймін.

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s