Жаңа сабақтар

XVIII-XIX ғасырлардағы Ресейдің Қазақстандағы әкімш ілік реформалары


Астана қаласы

70 мектеп-лицейінің

Тарих пәні мұғалімі

УмировБагланБердибаевич

Сабақтың тақырыбы: XVIII-XIX ғасырлардағы Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформалары.

Сабақтың мақсаты: XVIII ғасырдың жиырмасыншы жылдарына қарай патша үкіметі Қазақстандағы хандық билікті жоятынуақыт жетті деген қорытындыға келгенін,өйткені хандық биліктің сақталуы өлкені шаруашылық тұрғысынан кең көлемде отарлауға кедергі келтіргенін оқушыларға жан-жақты түсіндіру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Сабақтың типі: аралас
Әдісі: әңгімелеу, сұрақ – жауап, БжС технологиясы.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, дүниежүзі тарихы
Көрнекілік: бағалау кестесі, слайд.
Сабақтың барысы:

1 Ұйымдастыру Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз беріледі.
2 Оқушылардың субъектілік тәжірибесін өзектендіру. Бірінші белгілеу. Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады. Өткен сабақ тақырыбы бойынша қарама-қарсы сұрақ қою.

Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы.

1.XIX ғасырдың ортасында қазақ жерлері үшін кімдердің арасында талас күшейді?

2. Қазақ тұтынушылары орыс көпестерінен қандай тауарлар сатып алған?

3.Ресей көпестері Түркістан өлкесінен қандай тауарлар сатып алды ?

4.1839жылғы орыс билігінің 5 мың қолмен Хиуаға жорығы немен аяқталды?

5.Орынбор генерал-губернаторы В.А.Обручев Жанқожа батырмен қатынас орнатып қандай бекіністерді салды?

6.1850 жылы Жанқожа батыр Орыс қолының көмегімен Қоқандықтардың қай бекінісін алды?

7.Орыс әскерлері 1851жылы Қаскелең өзені бойындағы Қоқандықтардың қандай бекінісін басып алды?

8.1853 жылы орыс әскерлері Қоқандықтардың қай бекінісін басып алды?

9.1854 жылы Кіші Алматы өзені бойында салынған бекініс?

10.Жетісу әскери-губернаторы Колпаковский шаруаларды қай жерлерден шақыртты ?

11.Ресей әскерлері 1864 жылы Түркістанға неше бағыттан шабуыл жасады?

12.Қоқан әскері құрамындағы қазақ қолын кім басқарды?

13.Орыс әскерлері құрамындағы қазақ қолын кім басқарды?

14.1865 жылы орыс әскерлері жаулап алған Түркістандағы ірі саяси және сауды орталығы?

3 Қабылдауды ұйымдастыру Екінші белгілеу

Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады.

Есте сақтауға уақыт нормативі 21 сөз- 2мин 30 секунд.

Тірек сөздер:1)Зекет, 2) Хараж, 3) Округ, 4) Болыс, 5)Ауыл , 6) Жарғы, 7) Ағасұлтан, 8)Сұлтан, 9)Старшын, 10)Бөкей, 11)Уәли, 12)Шерғазы, 13)дистанция, 14)Қоқан, 15)Хиуа, 16)Бұхар, 17)1822ж , 18)Гуернатор, 19)Орынбор, 20)Сібір, 21)1824ж,

4 Ұғынуды ұйымдастыру Жаңа тақырып. XVIII-XIX ғасырдағы Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформалары.

Оқушылар оқулықтан бір парақты 3 минут ішінде оқып шығуы тиіс.

5 Түсінудің алғашқы тексерілуі Үшінші белгілеу Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады.

Мәтін бойынша қарама – қарсы сұрақтар қойылады.

1.Ұлы жүз қазақтарының қай аудандары өз тәуелсіздігін сақтады?

2.XVIII ғасырдың соңында қай елдер қазақ жерін бөліске салу үшін нақты әрекеттерге көше бастады?

3. Ұлы жүздің батыс бөлігі қараған Ташкентті кім биледі ?

4.Ташкентті Қоқан билеушісі Әлім хан қай жылы басып алды ?

5. 1806 жылы Хиуа тағына кім отырды?

6.Қоқанға қарсы 1821 жылы басталған Ташкенттегі көтеріліс қай жерлерді қамтыды?

7. Сібір қазақтары жөніндегі жарғы кімнің басшылығымен дайындалды?

8. Орынбор қазақтары жөніндегі жарғы кімнің басшылығымен дайындалды?

9.Орта жүзде қандай хандар қайтыс болған соң хан сайланбады?

10. Кіші жүздің соңғы ханы?

11. Болыстар қандай негізде аталатын болды ?

12. Отаршыл әкімшілік приказдар мен болыстарды басқаруға сұлтандармен қатар кімдерді тарта бастады?

13.Кіші жүзде ауыл старшынынан бастап басқарушы сұлтандарға дейін кім тағайындады?

14. XIXғасырдың ортасында қанша дистанция болды?

6 Алғашқы бекітуді ұйымдастыру Төртінші белгілеу. Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады.

Сын тұрғысынан сұрау. XVIII-XIX ғасырдағы Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформалары.

1.Қоқан хандарының билігі солтүстік батыста Қармақшы елді мекеніне дейін жетті?

2. Қазақ билеушілерінің Хиуаға қарсы күреске Ресей мен Бұхар ханынан көмек сұраған өтініштері қолдау таппады?

3.Тентектөре бастаған көтерілісшілер саны 12 мыңға жетті?

4.Орта жүз жері сыртқы окруктерге бөлініп Омбы облысына қарайтын болды?

5.Болыстық бөлу аумақтық емес рулық негізде жүрді?

6. Ағасұлтандарды үш жыл мерзімге сұлтандармен қатар қара қазақтан шыққан адамдар да сайлайтын?

7. Округ 15-17 болыстан тұрды?

8. Болыстар 13-15 ауылдан тұрды?

9. Ауыл 60-80 шаңырақтан тұрды?

10. Ағасұлтан болыс сұлтандары, старшандар әр үш жыл сайын сайланып отырды?

11. Батыс бөлікте Кіші жүздің Әлімұлы бұтағы мен арғын,қыпшақтар тұрды?

12.Орта бөлікте Кіші жүздің Байұлы бұтағы рулары тұрды?

13. Шығыс бөлікте Кіші жүздің Жетіру және Әлімұлы бұтағының аз бөлігі тұрды?

14.Кіші жүзде басқарушы сұлтандар, бастықтар, старшындар үш жылға сайланды ?

7 Талдау Бесінші белгілеу.

Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады.Оқытылатын тақырып бойынша тақырыптық сөздік қорды тексеру.

Тақырып бойынша эссе жазу.

Оқытылған тақырып бойынша сөздік қорды тексеру (ТСҚ) тексеру жүргізіледі. Сөз қысқартылмаған түрде, түсінікті етіп жазылады. Шығарма түрінде жазуға рұқсат беріледі. Әр бір сөз сөйлем мүшесі болуы керек. Норматив бойынша 63 сөзден тұратын шығарманы 5 минут уақытта жазу керек.

8 Рефлексия Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Ұнаса үш рет қолымызды шапалақтайық.

9 Бағалау Журналға баға қою келесі норматив бойынша жүзеге асырылады:

-4-5 белгі – 5ұпай.

-3 белгі- 4ұпай.

-2 белгі- 3ұпай.

-1 белгі- 2ұпай.

10 Үй тапсырмасы 4 белгіден кем алған оқушылар үйге тапсырма алады.

Тапсырма.1822,1824, 1867,1868, 1886,1891 жылдардағы реформалардың мазмұны мен мақсаты жөнінде мәліметтер дайындау.

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s