Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және мектепп ен байланысы


Таудаева Рита Мұратқызы
БҚО, Ақжайық ауданы
Базартөбе ОЖББ мектебінің информатика пәні мұғалімі

Пәні: Информатика

Баяндама тақырыбы: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және мектеппен байланысы

Мектептің ата – анамен байланысы .
Баяндама мақсаты:
1.Оқушылармен ата – аналарға жан — жақты талдау жасай отырып, мектеп , ұстаз , ата — ана қарым — қатынасын нығайту.
2. Әр түрлі әдіс- тәсілдер арқылы олармен өткізілетін жұмыс түрін арттыру.
3. Адамгершілік , сыйластық , инабаттылық,салауатты өмір салтына тәрбиеге баулу.
Баяндама барысы:
Кіріспе
Қайырлы күн, құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бүгінгі жиналысымызда өткізгелі отырған «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және мектеппен байланысы» тақырыбында баяндама оқылады. Осы орайда бала тәрбиесінің ерекшелігі ата-аналардың балаға деген қарым-қатынасы жөнінде айтқалы тұрмын.
Қазіргі таңда мектептерде мұғалімдерді мазалайтын басты мәселе «қиын» балалар.

Алдымен осы «қиын» оқушылар дегеніміз кімдер? Олар – мектеп тарапынан ерекше , қосымша бақылауды талап ететін , тәрбиелеуге қарсылық білдіретін оқушылар.
Сонымен қоса , білім деңгейі төмен , тәртібі нашар , сабақтан көп қалатын , ұстаздардың талабын орындамайтын , адамгершілік деңгейі төмен , сыныптастарымен үнемі тіл табыса алмайтын , ұжым мәселелері қызықтырмайтын оқушылар, ойлау қабілеті кейін қалған , ашуланшақ оқушыларды қиын балалар қатарына жатқызып жүрміз.

Баланың қиын мінез – құлқының себебін іздесек, көбіне баланың өз отбасындағы ата-анамен қарым — қатысына байланысты екені анықталды.
Кей оқушылар ата — ана тарапынан ешқашан жүрек жылуын көрмей өсіп , осыған мектептегі өз тобындағы оқушылардың , мұғалімдердің кері көзқарасы қосылып , ұзаққа созылған қайғыру , ренжу жүйке ауруларына шалдықтырып , бала ашуланшақ , өмірге ызалы , тұйық қалыпқа түседі.
Ата — ана тарапынан , мектеп қабырғасынан жылылық сезінбеген жасөспірім өмірде өзін ешкімге қажетсіз деп есептеп , уайымға шалдығады , кей жасөспірімдердің ұйқысы бұзылып , түнде қорқынышты түстер көріп , иммунитеті төмендейді.
Мұндай жағдайды болдырмау үшін ата –ана не істеу керек?
Жазалау мен шектеуді шектен тыс қолданбау.
Балаға жекелей ықпал жасау керектігін ұмытпау.
Танымдық қызығын арттыру.
Баланы ағартушылықтың көптеген түрлеріне қатыстыру , бірақ жағдайды үнемі бақылауды ұмытпау.
-Әңгімелесу , түсіндіру , бірақ бірден үлгілі мінез — құлықты талап етпеу.
• Өзгерістерді бала өміріне кешенді түрде енгізу.

Мінез -құлқындағы кішкене болса да өзгерістерді бақылау.

• Бала жетістікке өзі жету арқылы бақыт пен қуанышты сезіну.
• Баламен әдепті сөйлесу.
• Балаға сену керек , әрине , бұл ең маңызды.

Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз — ата-ана.Жанұяда жақсы қасиеттер балаға сөзбен, үлкендердің үлгісімен сіңеді, дамыйды:

} адамгершілік

} бауырмалдық

} татулық

} қайырымдылық

} әдептілік

} инабаттылық

Еңбекпен тәрбиелеу

} өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызу

} оның үйренуіне көмектесу

} берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулын төзімділікпен бақылау

} істеген ісін ұқыпты , тындырымды орындауына бағыт беру

} жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіру

Бала тәрбиесіндегі басты тұлға- әке мен шеше

Балаға теріс әсер етеді

§ Жанұядағы жанжал,

§ үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы,

§ баланың көзінше басқа біреуді сөгуі,

§ біреудің сыртынан өсек айтуы

§ балалардың көзінше арақ ішу, үсті-үстіне темекі тарту т.б.

Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады Кейде сабақты жиі қалдыруға және әр түрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырғанын аңғармай да қалуы мүмкін.

Сондықтан

} Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту,

} тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру,

} табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту,

} сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік беру

} дұрыс білім алуына жағдай жасау

«Тек қана ата – аналармен бірге , жалпы күш – жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беру мүмкін» деген ұлы ғұламалар.
Осыған байланысты сіздерге сауалнама ұсынамын.

Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Иә, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау — ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала — әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.

Таудаева Рита Мұратқызы. БҚО, Ақжайық ауданы, Базартөбе ОЖББ мектебінің информатика пәні мұғалімі және 8 сынып жетекшісі

Пәні: информатика Класы 9

Тақырыбы:Символдар бойынша жолдарды өндеу

Мақсаты: Символдық және жолдық шамалар туралы түсінік беру. Жаңа ақпараттық технологиялық құралдарды қолданып пәнге қызығушылығын арттыру, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту. Топта жұмыс жасай білуге үйрену

Күтілетін нәтиже: Өткен тақырыппен байланыстырады; Оқушының жеке ой-пікірінің құндылығы артады; Ақпараттарды қабылдайды, талқылайды, сабақта қолдана алады;

Кіріспе

1) Оқушылармен амандасу

2) Сабаққа қатысын тексеру

3) Топқа бөлу. Топқа бөлу үшін қолданылатын сөздер:

(1,2,3,4, string, char,ord, upcase,₰,£,¥,€, ∑, Ω) Берілген сөздер бойынша 3 топқа бөлінеді

II.Білім. Қызығушылықты ояту.

Әр топтан 3 оқушы төмендегі сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар:

1. LENGTH функциясының атқаратын қызметі не?

2. DELETE функциясын не үшін пайдаланамыз?

3. S:=’Сканер’;
D:=length(S);
Writeln(D); үзіндісінде қандай жауап шығады?

4. S:=’Конфигурация’;
S:=Copy(S,4,6);
Writeln (S); үзіндісінде қандай жауап шығады?

  1. А жолы “ПЕРНЕТАҚТА”-ға тең.

А) copy(А,6,5);

В) copy(А,7,1)+ copy(А,9,2) мәндерін табу керек.

6. А жолы «ПРИНТЕР» сөзі берілген. Функцияларды пайдаланып, төмендегі тапсырмаларды орындау керек.

А) Сөздің ұзындығын табу.

В) Сөзден «ПРИНТ» сөзін кесіп алу.

7. Программа үзіндісі бойынша ауызша нәтижені анықтаңдар.

F:=’ИНФОРМАТИКА’;

L:=length(F);

D:=copy(f,3,5);

Мағынаны тану

Символдық шамалар дегеніміз — сөз тіркестері түрінде берілген мәтін элементтері.

Символдық мәліметтермен жұмыс істеу тәсілдері. Осыған дейінгі программаларда біз тек сан

мәндерімен ғана жұмыс жасап келеміз. Ал қазіргі компьютерлерімізде кез-келген символдық

айнымалыларды өңдейтін программалар бар. Сондықтан бүгінгі тақырыбымыз бойынша ақпаратты

пернетақтадан енгізу және дисплей экранына шығаруды қарастыратын боламыз.

Бұл программада да сандық ақпаратты енгізу және шығару сияқты операторларының көмегімен

жұмыс істей аламыз.

Символдық мәліметтерді өңдеу символдық типті анықтайтын CHARтүйінді сөз арқылы жүзеге асырылады.

Әрбір символ 0 мен 127 кодтарына әмбебап таңбалар, яғни латын әріптері тыныс белгілері, басқару символдары кіреді.

Ал, 128-255 кодтарына орыс, қазақ алфавиттің әріптері орналасқан.

Символдықмәліметтердіенгізу

Паскальтіліндесимволдартізбегінентұратын тіркестікайнымалыларқолданылады.Олардыңтипінкөрсетуүшіналдыменайнымалыатауы, оданкейінтікжақшаішіндежолдыңеңұзыныкөрсетілген string түйіндісөзқолданылады.

VAR айнымалыаты: string [ жолдыңеңүлкенұзындығы ]

Тіркестікөрнек депамалбелгілері, тіркестікайнымалыларжәнефункцияатауларынанқұралған, ұзындығы 256 символдытізбектіайтамыз.

2.АКТ – мен жұмыс

І топ: «Детальдарын қосу» әдісі.

Атауы Шаманың типі Әрекеті

Chr(x) х-integer (0…255 аралығы) X санын символға түрлендіреді, Мыс: chr (90)=’Z’,Chr (162)=’в’

Ord(x) х-char Х символының бүтін сан түріндегі кодын береді, Мыс:Ord(!)=1

Pred(x) х-реттелген тип Х-тің алдыңғы коды сәйкес символды береді, Мыс: Pred(‘M’)=’L’

(char,Boolean,integer) Pred(‘10’)=’9’

Succ(x) х-реттелген тип Х-тан кейінгі кодқа сәйкес символды береді, Мыс: Succ(‘M’)=’N’

Upcase(x) х-char Латын және орыс алфавитінің кіші әріптерін сәйкес

бас әріптерге айналдырады

ІІтоп: «Сәйкестендіру» тесті

Length(s) S жолынан бастап көшіру

Copy(s) S айнымалы тұрған орындар бойынша біріктіру

Delete(s) Сөздерді бір-біріне тіркеп жазу

Consat(s) S жолынан бастап өшіру

Insert(s) S жолдың ұзындығын анықтау

ІІІтоп: Салыстыруға берілген тапсырмалар
‘program’ < ‘PROGRAM’ true
‘SAM’ = ‘SAM’ true
‘SAM’ > ‘SAM’ true
‘BBB’ < ‘BB’ false
‘TAM1’ > ‘TAM2’ false

Мыс1: «Сая» және «жай» сөздерін біріктіріп «Саяжай» сөзін шығару

PROGRAM ESEP1;

VAR A:STRING[3];

B:STRING[3];

C:STRING[7];

BEGIN

A:=’Сая’;

B:=’жай’;

C:=CONCAT(A, B);

WRITELN(‘C=’,C);

END.

Нәтижесі: C=Саяжай

Мыс2: «Диван» сөзіндегі «в» әріпінің орнын анықтау

PROGRAM ESEP2;

VAR A:STRING[6];

B:STRING[1];

C:Integer;

BEGIN

A:=’Диван’;

B:=’в’;

C:=Pos(B,A);

WRITELN(‘C=’,C);

END.

Нәтижесі: C=3

Мыс3: Кез келген мәтіндегі кіші әріптерді бас әріптерге ауыстыру.

PROGRAM PRAKT3;

VAR I:BYTE;

P:STRING;

BEGIN

READLN(K);

FOR I:=1 TO LENGTH(K) DO

P[I]:=UPCASE(K[I]);

WRITELN(‘K=’,k);

END.

Нәтижесі: transport

K=TRANSPORT

Компьютермен жұмыс

1-топ: «Кітап» және «хана» сөздерін біріктіріп «Кітапхана» сөзін шығару

PROGRAM ESEP1;

VAR A:STRING[5];

B:STRING[4];

C:STRING[10];

BEGIN

A:=’Кітап’;

B:=’хана’;

C:=CONCAT(A, B);

WRITELN(‘C=’,C);

END.

Нәтижесі: C=Кітапхана

2-топ: «Компьютер» сөзіндегі «ю» әріпінің орнын анықтау

PROGRAM ESEP2;

VAR A:STRING[10];

B:STRING[1];

C:Integer;

BEGIN

A:=’Компьютер’;

B:=’ю’;

C:=Pos(B,A);

WRITELN(‘C=’,C);

END.

Нәтижесі: C=6

3-топ: Кез келген мәтіндегі кіші әріптерді бас әріптерге ауыстыру.

PROGRAM PRAKT3;

VAR I:BYTE;

P:STRING;

BEGIN

READLN(P);

FOR I:=1 TO LENGTH(P) DO

P[I]:=UPCASE(P[I]);

WRITELN(‘P=’,P);

END.

Нәтижесі: informatika

P=INFORMATIKA

Сергіту сәті

Бекіту. «Кім шапшаң?» Get.kahoot-мұғалім, kahoot.it – оқушы.

Тест.

1. UPCASE функциясының қызметі?

А) бас әріптерді сәйкес кіші әріптерге ауыстырады

Ә) латын және орыс алфавитінің кіші әріптерін сәйкес бас әріптерге ауыстырады

Б) символдарды санау

В) символдарды алфавит бойынша реттеу

2. POS (s1, s2) функциясының қызметі?

А) s1 жолы s2 жолының бір бөлігі болатындығын (болмайтындығын) анықтау

Ә) s2 жолы s1 жолының бір бөлігі болатындығын (болмайтындығын) анықтау

Б) s2 жолын s1 жолынан бөліп алу

В) s2 жолы s1 арасындағы бос орынды қою

3. Concat (s1, s2,…, sn) функциясының қызметі?

А) s1, s2,…, sn мәндерін кері реті бойынша шығару

Ә) s1, s2,…, sn мәндерін реті бойынша біріктіру

Б) s1, s2,…, sn жеке-жеке қиып алу

В) s1, s2,…, sn жеке-жеке жолдарға жазу

4. s1 жолы s2 жолының бір бөлігі болатындығын анықтау үшін … функциясын қолданамыз.

А) Concat

Ә) Length

Б) Pos

В) Upcase

5. s1, s2,…, sn жолдарын реті бойынша біріктіру үшін … функциясын қолданамыз.

А) Concat

Ә) Length

Б) Pos

В) Upcase

Үйге тапсырма

«Ақша» және «қар» сөздерін біріктіріп «Ақшақар» сөзін шығару

«Ақпарат» сөзіндегі «р» әріпінің орнын анықтау

«архитектор» сөзіндег кіші әріптерді бас әріптерге ауыстыру.

Бағалау. (Әр топ өздерін бағалайды).

Рефлексия (смс арқылы).

сабак 9 символдар бойынша жолдарды өңдеу.docx
Баяндама ата-ана жиналысы.docx

Advertisements

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s