Жаңа сабақтар

Алгебра 8-сынып


ШҚО Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылы

«Абай атындағы орта мектебі» коммуналдық

мемлекеттік мекемесінің математика пәні

мұғалімі Тураканова Айжан Абдыгануовна

Сынып: 8 Қатысқандар саны: 14 Қатыспағандар саны:1
Сабақ тақырыбы Көбейткішті түбір таңбасының алдына шығару
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Көбейткішті түбір таңбасының алдына шығару қасиетін білу, оны есептер шығаруда тиімді қолдану
Табыс критерийлері Барлық оқушылар:
· Көбейткішті түбір таңбасының алдына шығару қасиетін біледі, оларды қолданып есеп шығарады
Оқушылардың басым бөлігі:
· Көбейткішті түбір таңбасының алдына шығаруға мысал келтіреді, дәлелдемелер бойынша жауап береді
Кейбір оқушылар:
· Күрделі түбірлерді шешуде қолданылатын тиімді тәсілдерді анықтайды, қолданады, дәлелдейді
Тілдік мақсат Оқушылар:

· Көбейткішті түбір таңбасының алдына шығару тақырыбы бойынша өз ойларын еркін жеткізеді, есеп шығару кезінде қолдана алады

Негізгі сөздер мен тіркестер:

· Түбір(радикал)

Жазылым бойынша ұсыныстар:
Оқулық бойынша деңгейлік тапсырмалар
Алдыңғы оқу Сұрақтары бар қорап: Алдыңғы сабақтың соңында арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері тақырыбы бойынша қорапқа салып кеткен сұрақтарына жауап беру, талдау
Жоспар
Сабақ кезеңдері

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Мұғалімнің әрекеті Оқушылардың әрекеті
1-кезең: Қызығушылықты ояту:

(10 мин)

— ұйымдастыру

— үй тапсырмасын тексеру;

-қарастырылған тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі;

— белсенді әрекетке жұмылдырылады;

— ойлау жұмысына ынталандырылады

Амандасамын;

— Шеңберге тұрғызып, есімдері «А» әрпінен басталатындар, «Ә, Ж, Т, Ш» әрпінен басталатындар, «М, Қ, Р, С» әрпінен басталатындар деп 3 топқа бөлемін

— «Пазлы» арқылы өткен тақырыптар бойынша түсініктерін тексеремін (арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері)

Амандасады.

Шеңберге тұрады.

Есімдері бойынша топқа бөлінеді.

Пазлы құрастырады, түсіндіреді

Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін табады.

Оқулық

Пазлы

Қорапша

Маркерлер

А3 беті

Сұрақ жазылған қағаздар

2-кезең: Мағынаны ажырату:

(15 мин)

— оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады;

— жаңа білім жайлы өзіндік түсінік қалыптастырады

«Жигсо» әдісі арқылы жаңа тақырыпты өздеріне оқытқызып, бірінші топта талқылатып, одан кейін 1 оқушыны басқа топқа жіберіп түсіндіргіземін

Басқа топқа барып түсіндіретін оқушының артына топтың саны жазылған стикер жапсырамын

«Сәйкестендіру» әдісі арқылы тақырыпты түсінгендерін тексеремін. Төмендегі кесте бойынша:

Есептер Мәндері
1
2
3
4
5
Берілген тақырыптарды оқулық бойынша оқып шығады, топта талдайды. Стикерді алып, өзге топқа барып түсіндіреді.

Көбейткішті түбір таңбасының алдына шығару үшін бір көбейткіш түбір астынан шығатындай етіп жіктейді.

Бастапқы тобына қайтып келеді

Сәйкестендіруді орындайды, түсіндіреді

Есептер Мәндері
1
2
3
4
5

«1»-«3»

«2»-«5»

«3»-«4»

«4»-«1»

«5»-«2»

3-кезең:

Ой-толғаныс:

(15 мин)

— анализ, өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтері арқылы жеткізеді;

— синтез, бір-бірімен ой бөліседі

— сабақ қорытындысы

Оқулық бойынша:

1 топ: №70, 73

2 топ: №71, 73

3 топ: №72, 73

Дұрыстығын топтардың дәптерлерін алмастыру арқылы тексертемін (1 топ 3 топтың, 2 топ 1 топтың, 3 топ 2 топтың есептерін тексереді)

Берілген есептерді шығарады.

№70

1.

2.

3.

4.

№71

1.

2.

3.

4.

№72

1.

2.

3.

4.

№73

1.

2.

3.

4.

Есептерді тексереді, дұрыс қателігін талқылайды

Келесі оқуға арналған тапсырмалар

(үй тапсырмасы)

№ 80 шығару, түрлендіру бойынша 3 есеп құрастырып келу
Қосымша ақпарат 7 сынып бойынша 10-нан 99-ға дейінгі натурал сандар квараттарының кестесі
Саралау — Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделіндіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау — Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін орындау. АКТ құзыреттілік. Құндылықтармен байланыс.

Үлгерімі жақсы оқушылар үлгерімі төмен оқушыларға көмектесіп, бірлесіп жұмыс жасауды жоспарлаймын. Қабілеті жоғары оқушыларға есептің тиімді жолымен шығарып көрсетуін жоспарлаймын. 1. БББ кестесі: (өзін-өзі бағалау)

Бұрыннан білемін Білдім Білгім келеді

2. Төртсөйлем: (топты бағалау)

1. Қасиет бойынша пікір жазу;

2. Дәлел келтіру

3. Мысал жазу;

4. Қорытынды айту;

3. Бағалау парағы:

Аты жөні «Пазлы»

Үй тап.

«Жигсо» саб.түсіндіруі «Сәйкес

тендіру»

Есеп шығару Қорыт.баға
1
2
3
4
5
Информатика пәнімен байланысты. Қауіпсіздік нормалары сақталған. Интернеттен «түбір» туралы мәліметтер әкелді. Интербелсенді тақтаны пайдалану
Оқушы оқу мақсатына жетті, себебі: Оқушы оқу мақсатына талпынды, себебі:
Үздік оқитын оқушылар үлгерімі төмен оқушыларға көмектесті, топтың ережесін сақтап, бірлесіп жұмыс істеді. Төмен деңгейлі есеп шығарғандар орташа деңгейлі тапсырманы орындауға, ал орташа деңгейлі тапсырманы орындағандар жоғары деңгейлі тапсырмаларды шығаруға тырысты.
Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Оқу неге бағытталған болды? Жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Сабақтың мақсаттары шынайы болды, себебі қойылған мақсаттарды қолжетімді етіп қойдым, оны сабақ барысындағы оқушылардың белсенділігінен көрдім. Бүгін оқушылар квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру бойынша көбейткішті түбір белгісінің алдына шығару қасиетін, осы қасиетті пайдаланып есепті шығару алгоритмін білді. Оқу тақырыпты түсінуге, есептер шығара алуға, тақырып бойынша мысалдар келтіріп, оларды дәлелдей алуға, оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе алуға бағытталған. Жоспарлаған саралау тиімді болды, себебі үлгерімі жақсы оқушылар үлгерімі төмен оқушыларға көмектесті, топ ережесін сақтай отырып, бірлесіп жұмыс жасады. Қабілеті жоғары оқушылар есепті тиімді жолмен шығара алды. Уақыт біраз асып кетті, стратегияларды азайту керек екен. Негізі №79 есепті де шығаруға алған болатынмын, бірақ уақыттын жетпеуіне байланысты алып тастадым.
Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. «Жигсо» (бір-біріне түсіндіргенде)

2. «Бағалау парағы» (топ басшысының)

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. «Пазлы» (үй тапсырмасын сұрауда тиімді болды)

2. «Сәйкестендіру» (сабақты түсінгендерін тексеруде)

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s