Қысқы бейне


Павлодар облысы, Ақсу қаласы
«Балапан» бөбектер бақшасы
тәрбиеші
Темиргалиева Лайла Ержановна

Сабақ тақырыбы:« Қысқы бейне»

Сабақ мақсаты:Картинадағы сурет бойынша байланыстырып әңгіме құрастыру.

Топ:Ересек

Әдіс –тәсіл:ӨТШТтехнологиясы (өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы )

Білім саласы:« Қатынас» ересек

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: « Қысқы бейне»

Мақсаты: Картинадағы сурет бойынша байланыстырып әңгіме құрастыру.

Міндеттері:

Білімділік: қимыл әрекеттер арқылы орман мекендеушілерінің көрсету

Дамытушылық: байланыстырып әңгімелеуге,ой-қиялын дамыту

Тәрбиелік: аң- құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.

Билингвалдық компонент: аң- hunting құс-bird

Сөздік жұмыс: жым –жырт, тыныштық ,көркем,маңайы сұлу,әсем әуен.

Қажетті көрнекілік: қыс мезгіліндегі көріністерді бейнелейтін картиналар, ӨТШТ технологиясы бойынша алгоритмі бейнеленген карточка кесте,көрсету таяқшасы.

Алдын алажұмыс: Табиғаттың өзгеруін бақылау,қыс мезгіліндегі көңіл көтеру кезеңін әңгімелеу,Шығармашылық әңгіме оқу: Екі аяз,Қыс келді,жұмбақ шешу,жаңылтпаштар оқу.

Тәрбиешінің іс әрекеті Балалардың іс әрекеті
Уәждемелік түрткілік. Жұмбақ шешу:

-Дұрыс айтасыңдар қыс мезгілі.

-Қалай ойлайсыңдар, неге Қыс қамын жаз ойла,-деп немесе Қыс арбаңды,

Жаз шанаңды сайла дейді.

Мағынасын қалай түсінесіңдер?

Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Қыс мезгілінде қысқы ойындар, іс-шаралар түрлерін білесіңдер?

Қыс мезгілінде әр түрлі ойындар ойнайсыңдар.Бүгін мен сендерге өздеріңе таныс картина Қысқы көңіл көтеру, іс шаралары атты әңгіме құрастыруға шақырамын.

Қыс

Мақал –мәтелдің мағынасын талдайды.

Қар жауады,күннің көзі аз болады, желді,боранды күндер көп болады.

Коньки,шаңғы тебу,қар лақтырысып ойнау

Ұйымдастырушылық ізденістік. I. Картина құрамын анықтау:

-Жылдың қай мезгілі бейнеленген?

Ауа райы қандай?

-Суретті картинаға мұқият қарап нелер бейнеленген?

-Қандай заттар түрлерін көріп тұрсыңдар?

-Үлкен адамдар не істеп жатыр?

-Балалар не істеп жатыр?

-Үлкен адамдар мен балалар қалай киініп алған?

-Суретші картинадағы адамдардың көңіл күйлерін қалай бейнелеген?

Картинаға қараған кезде бейнесіне және құралдарына мұқияттылық таныту керек.

Сергіту сәті:

II.Картина суреттерін бір-біріне қажеттілігіне сай қосу:

-Сиқыршы картинадағы заттарды қосады.Ұлдар мен-шананы,балалармен-аққаланы,баламен-конькиді,үлкен адамдар мен-шаңғыны,торғай мен-бұтаны,қармен-ағаштарды,коньки мен мұзды.

III.Картина суретіне өзшын көз қарасымен бейнелеу, талдау, әңгімелеу:

-Балалар егерде сендер мына картинаның ішінде жүрміз деп елестетіп,мұқият қарап,ауасымен тыныс алып,қолдарыңмен түртіп көріңдер.

Шығармашылық тапсырмалар беріледі…

Сиқыршы: Мен келіп естіп тұрмын…

Сиқыршы: Мен келіп көріп тұрмын…

Сиқыршы: Мен келіп қолыммен ұстап,сезіп тұрмын…

Дидактикалық ойын: Жыл мезгілдері

VI.Осы шақтағы бейнені бейнелеу:

Енді балалар картина бойынша әңгіме құрастырамыз.Қандай кейіпкерді әңгімелейтіндеріңді таңдаңдар.Әңгімеге ат қойыңдар. Әңгімені неден бастайтындарың,қалай жалғастыратынын,немен әңгіменің аяқталатынын туралы ойланыңдар. Бір-бірлеріңнің әңгімелеріңді қайталап айтпайтындай бақылап,назар аударыңдар./топта

сып 2-3бала әңгімелейді.

Қыс мезгілі. Өйткені қар жауып жатыр,адамдар қысқы киімдерін киген ағаштар бұталары қар бейнесіне бөленген,өзендер мұз болып қатып қалған ауа рауы суық,аяз желді күн.

Үлкен адамдар,балалар,қыздар,ұлдар,ит, құстар.

Шаңғы,шана,коньки,аққала құрастырып жатыр.

Олар шаңғы алып орман жаққа бара жатыр.Ана кішкентай қызын алып серуенге шықты.

Олар шана,конькимен сырғанап,аққала құрастырып жатыр.

Жылы,ыңғайлы қысқы киімдерін киіп алған.

Көңілді,мейірімді,қуанышты.

Балалар өзбеттерімен картинадағы заттарды құрастырып қосады және бір-біріне қосу себебін түсіндіреді.

Балалардың шулаған дауысын

Аққала құрастырға -нын көріп тұрмын.

Қардың суығын.

Ойынға белсене қатысады.

Картина бойынша әңгіме құрастыруға ойланады,әңгімеге ат қояды,топ топпен бөлінеді,өз ойларын білдіріп әңгіме құрастырады.

Рефлексивтік жинақтаушы. -Балалар достарыңның әңгімелерін қалай бағалайсыңдар?

Әңгімеге байланысты балаларға мінездеме беру. Сабаққа белсене қатысқан балаларды мадақтау.

Қыс-мезгілі қандай керемет мезгіл.Таңғажайып,қызықты мезгіл. Мен сендерге сабақтан соң өздерің әңгімелеген әңгіме бойынша сурет салуларыңды өтінемін

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Қысқы орман көрінісін бейнелеу

Игереді: Картинадағы суреттердің кейіпкелерін әңгімелеу

Меңгереді: Жоспар бойынша тапсырмаларды мұқият орындау.

Темиргалиева Л.Е.г.Аксу дс Балапан.docx

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s