Сақпан аспабы


Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

№2 арнайы жалпы білім беру мектебінің

музыка пәні мұғалімі Нуримова Баян Жуматовна

Сабақтың тақырыбы: Сақпан аспабы.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Сақпан аспабы туралы түсінік беру, жасалу ерекшелігі, ұлттық және басқа да аспаптар туралы білімдерін жетілдіру. 2. дамытушылық : Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін, шығармашылығын дамыту.

3. тәрбиелік:Қазақтың ұлттық аспаптарын мақтаныш тұтуға тәрбиелеу, музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру.

Әдісі: Әуен тыңдату, сұрақ-жауап, көрсету, ойын, түсіндіру.

Көрнекілік: Сөзжұмбақ кестесі, сақпан аспабының суреті, аспаптар суретімен карточкалар, өнер адамдарының суреттері .

Пәнаралық байланыс:Қазақ тілі, әдебиет, тарих.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі :

— Қайырлы күн қонақтар!

Қайырлы күн балалар!

Бүгінгі күн бәріңізге сәтті өтсін!

2.Үй тапсырмасын тексеру: Сұрақ –жауап алу.

Қыс

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Демалысы — үскірік, аяз бен қар

Кәрі құдаң-қыс келіп, әлек салды

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып

Аязбенен қызарып, ажарланды (Абай)

-Бұл өлең жолдарында жылдың қай мезгілі бейнеленіп тұр?(Қыс)

— Қыс мезгілінде табиғатта қанда өзгерістер болады? (Суық, аяз болады, қар жауады)

— Қыс мезгілінде қандай мерекені тойлаймыз?(Жаң жыл)

-Қыс мезгілінің айларын атаңдар.(Желтоқсан, қаңтар, ақпан)

Үйге жаттауға қандай ән берілді? («Қыс қызығы»)

«Қыс қызығы» әнін орындау.

3.Жаңа сабақ:

Қызығушылығын ояту. Сөзжұмбақ шешу.

1. Нотаның атауы.(Си)

2. Ұлттық аспап. (Домбыра)

3. Дәулеткерейдің күйі.(Қосалқа)

4. Аспап. (Скрипка)

5. Нота.(Фа)

6. Музыкалық шығармадағы дыбыстың белгіленуі.(Нота)

Д

о

м С

б к

ы р

р иФ

САҚ ПАН

и о к о

с а т

а а

л

қ

а

-Сөзжұмбақты дұрыс шештік. Ортасында шыққан сөзді оқиық.

-Қандай сөз пайда болды? (Сақпан)

-Ендеше, бүгінгі сабақтың тақырыбы сақпан ұлттық аспабы туралы болады.

Сақпан – ежелден келе жатқан қазақтың сілкімелі музыкалық аспабы. Бұл аспап өзге аспаптардан өзіне ғана тән үнімен ерекшеленеді.

Аспапты жасап шығару шеберге аса үлкен қиындық тудырмайды. Ені 2-3 см, ал ұзындығы 10-15 см болады. Аспап жұқа тақтайшадан жасалады. Әуелі бірнеше тілшелерді дайындап, бір біріне қаттап бекітеді және сыртын өрнектермен әшекейлейді

Ертеде үй тұрмысында, әсіресе мал шаруашылығында кеңінен қолданылған.Қойшылар көктемгі төлкезінде бұласпаптың дыбысымен мал қайырған.Диқан-бағбандар егістікке қонған құстарды үркіту үшін қолданған. Кейбір өнерпаздар сақпанмен өзінің әуенін сүйемелдеген. Сөйтіп, сақпан музыкалық аспап дәрежесіне көтерілді.Бұл аспап сілкіп ойналады. Қазіргі кезде бұл аспаптар “Сазген”, “Адырна” көне аспаптар ансамбльдері мен әйгілі “Отырар сазы” оркестрінде қолданылып жүр.

4.Сергіту сәті.Көңілді әуенге би қимылдарын орындау.

5.Ой толғаныс.

а)Дидактикалық ойын: «Дыбысы бойынша аспапты тану»

Ойынның шарты: Оқушылардың қолына күнделікті естіп жүрген таныс аспаптардың суреті бар карточкалар таратылады. Үнтаспадан қай аспап тыңдалса, сол аспаптың суреті бар карточканы дұрыс ажыратып көрсетулері керек.

Жұмбақтар шешу:

1. Ұзын мойны

Екі ішек

Қатар-қатар тепкішек

Басып көрсең бір-бірлеп

Үн шығады күмбірлеп. /Домбыра/

2. Кепкен жарғақ,

Шеңберге керiлген,

Соқсаң сарнап,

Үн шығады төгiлген. /Барабан/

3.Бір нәрсе көлемі үлкен едәуір зор

Айтқаны әп-әдемі өлең мен хор

Әрпі бар доп-домалақ доп сияқты

Оқыса үйренеді оқыған қол. /Нота/

4.Бір нәрсе қараңғыда қаймалайды

Азынаса көмейінде мал жылайды

Құйрығын қара жерге тіреп алып

Келеді баяғының әнін салып. /Қобыз/

б) Дидактикалық ойын: «Мұны кім істейді?»

Шарты: Суреттерге қарап сұрақтарға жауап беру.

— Әнші не істейді? (Ән орындайды)

— Күйші не істейді? (Күй тартады)

— Сазгер не жазады? (Ән жазады)

— Биші не істейді? (Би билейді)

6.Бекіту.

— Сақпан қандай аспап?

— Неден жасалады?

— Басқа аспаптардан айырмашылығы қандай?

— Ертеде бұл аспапты кімдер қолданған?

— Қазіргі заманда сақпан аспабы қайда қолданылады?

7.Оқушыларды бағалау.

8.Үйге тапсырма.

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s