Cайт ережесі


Республикалық 45minut.kz-45minut.org басылымы — Ұстаздың білім және тәрбие берудегі еңбектерін интернетте жариялауға арналған. Ұстаздарға материалдарын сайтқа орналастыруға мүмкіндік жасалған. Сайтқа орналастырылған материалдарға Сертификат беріледі.
МББ аты: «Республикалық 45minut.kz» газеті
Куәлік: № 12341-Г 19.03.2012 ж
Тарату аумағы: Қазақстан Республикасы
МББ тілі: қазақша, орысша, ағылшынша
Негізгі тақырыптық бағыты: білім беретін, ғылыми, танымдық, жарнамалық
Редактор: Нағиев ІЗГІЛІК Байдрахманұлы
Сайт Ережелерімен таныс болыңыздар.  Сонымен іске сәт!   Ұстаздарды Интернет әлеміне шақырамыз!

http://www.45minut.kz  сайтын қолдану ережелері

  1. Сайтқа материал жариялайтын Ұстаздардың толық аты-жөні, мектебі, қай жерден екендігі дұрыс толтырылған Ұстаз туралы мағлұмат толық деп есептеледі.
  2. Бұл сайтта, әрбір Ұстаздың сабағы өз атымен толықтай көрсетіліп тұруына кепілдік береді.
  3. Сайтқа сабақ орналастыру, тіркелу басқа Ұстаздың көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін,  ол жағдайда сабақтар Ұстаздың өз атынан жариялануы міндетті.
  4. Сайт Ұстаздарға арналған болғандықтан, Сұрақ-жауап, Пікірталас арқылы өзара тәжірибе алмасуларыңызға, пікірлесуге өтініш білдіреміз. Сол жағдайда өзге де Ұстаздарға көрнекі сабақ болып сақталады.
  5. Сайт барлық пәннің ұстаздарына арналған, сондықтан сабақтарды жарияласа болады. Қосымша сабақ тақырыптары қосылады.
  6. Сайтқа өзге де Ұстаздарды шақырып, Интернет арқылы білім жетілдіруіне, өзара тәжірибе алмасуға көмектесіңіз.
  7. Сайтқа сабақтары өз атымен материалы жарияланған Ұстаздарға ғана Сертификат беріледі. Сертификат Ұстаздың еңбегінің Интернетте жарияланғанына кепілдік береді.  Сертификат алу үшін арнайы Тапсырыс парағын толтырып жіберу қажет.
  8. Болашақта сайт арқылы конкурстар, кездесулер ұйымдастырылатындықтан осы шарттарды қолдану Ұстаздардың Интернеттегі жұмысына жеңілдік әкеледі.

Республикалық 45minut.kz-45minut.org басылымы тарапынан қызмет көрсетудің сапасын арттыру және нақтылау мақсатында өзгертулер енгізілді. Бұл өзгертулерде Қазақстан Республикасының БАҚ туралы заңы және Білім және ғылым саласындағы аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкестігі басты назарға алынды.

Материалдың жарияланғаны туралы сертификаттың берілуі туралы:

Материал жарияланғанын білдіретін Сертификат құжаты Республикалық 45minut.kz-45minut.org басылымы тарапынан берілетін ресми құжат болып есептеледі. Ресми құжат сертификат иесінің материалы Республикалық 45minut.kz-45minut.org басылымына қатысты ақпарат құралында жарияланғанына кепілдік береді. Аттестаттаудан өту кезінде осы шарттар бойынша сертификаттың заңдылығына Республикалық 45minut.kz-45minut.org басылымы құқықтық жағынан жауапты екендігін мәлімдейді.

Сертификаттың заңдылық шарттары:

  1. Сертификатта көрсетілген материалдардың www.45minut.org басылымында жариялануы;
  2. Материалдың жарияланғаны туралы сертификаттың тіркеу нөмірі болуы;
  3. Редакцияның мөрінің болуы;
  4. Жауапты тұлғалардың қолдарының қойылуы;
  5. Сертификат туралы ақпараттың http://www.45minut.org порталында Сертификат тізімі бөлімінде жариялануы;

Редакция тарапынан берілетін алғыс хат, мадақтама және өзге де ынталандыру құжаттарының берілуі туралы:

Республикалық 45minut.kz-45minut.org басылымы басылым қызметінде белсенді қызмет атқарған, ақпараттық қолдау көрсеткен және қоғамдық негізде таралымға көмек көрсеткен тұлғаларға алғыс хат, мадақтама және өзге де ынталандыру құжаттарын береді. Бұл құжаттар редакцияның ризашылық ниетін білдіретін құжаты болып есептеледі.

Ақпараттық жауапкершілік туралы:

Қызмет көрсетудің сапасын арттыру және нақтылау мақсатында  Редакцияның @45minut.kz ресми почтасының іске қосылғаны туралы мәлімдеймін.  Редактор, Жауапты хатшы, Редакцияның ресми тілшілері және ерікті тілшілері @45minut.kz үшін ресми аккаунттар іске қосылады. Редактор, Жауапты хатшы,  Ресми тілшілер, Ерікті тілшілер туралы ақпарат БАҚ өкілдері бөлімінде жарияланған. Редакция БАҚ өкілдері бөлімінде жарияланған ақпарат негізінде қызмет көрсетеді.

Ресми хаттар туралы:

Ресми хаттар  Республикалық 45minut.kz-45minut.org басылымының мекемелермен, жеке тұлғалармен ресми түрде хабарласу хаты және басылым атынан тапсырылатын ресми хаты деп есептеледі. Ресми хатта көрсетілген ақпараттар Редакцияның ұстанымын білдіреді. Ресми хаттар www.45minut.org  порталында http://www.45minut.org порталында Ресми хаттар бөлімінде электронды тіркеу негізінде  тіркеледі және жарияланады.

Республикалық 45minut.kz-45minut.org басылымы
Редактор: Ізгілік Байдрахманұлы Нағиев

Реклама