«БОЛАШАҚТЫ БІРГЕ ЖАСАЙМЫЗ» КОНКУРСЫ

Мәңгілік елдің Президенті


Қошаманова Гулнара Алимхановна
ОҚО.Арыс ауданы. С.Ерубаев атындағы
жалпы орта мектебі география пәні мұғалімі

Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіз мемлекеті дүние жүзіне танылып, әлеуеті артты. Қазақ халқының бағына біткен біртуар ұлы Н.Назарбаевтың өз елі үшін әкелік қамқорлығы оның барлық істерінен көрініс табады. Ол алдымен елдің саяси-экономикалық жағдайының артуы, халық игілігі үшін жасалған түрлі бағдарламалар мен стратегиялар «Қазақстан-2030» стратегиясы, «100 мектеп, 100 аурухана», «Саламатты Қазақстан», «Қол жетімді баспана» бағадарламалары мен, «Бизнестің жол картасы», «Жасыл ел», «Қазақстан-2050» стратегиясы. Елбасының бастаған қай ісі болса да халық арасында қолдау тапты. Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарда елімізде 758 аурухана, 942 мектеп салынды. «Балапан » бағдарламасын жүзеге асыру барысында Қазақстанда мектеп жасына дейінгі балаларды қамтуды 65,4% ұлғайту мүмкін болды.

«Мәңгілік Ел — ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. «Қазақстан-2050» — Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол» — деп мәлімдеді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2014 ж 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында. Сол Мәңгілік ел болып қалу үшін халықтың бірлігі, білімі, еңбек сүйгіштігі мен Отанға махаббаты болуы керек.

Бұдан әрі Президент: «Соның ішіндегі ең басты мақсат — елімізді дамыған 30 елдің арасына енгізу. Ол мәңгілік Қазақстан жобасы. Ел тарихына нық қадам басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті болып табылады», — дегенге бір тоқталды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы еліміз 22 жылдың ішінде қыруар іс тындырғанын баса айтты. «Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық. Әрбір отандастарымыздың жүрегінде еліне деген шексіз мақтаныш сезімін ояттық. Қазақстандықтар ертеңіне, елдің болашағына сеніммен қарайтын болды», — деді Н.Назарбаев.

Тұңғыш Президентіміздің еліміздің абыройын әлемдік деңгейде асқақтатуы оның сарабдал саясаты мен қоғамдық, әлеуметтік және экономикалық реформаларының нәтижесі. Елбасының білімділігі мен парасаттылығы арқасында бүкіл адамзат танып қана қоймай, оны құрметтейтін мемлекетке айналдық. Бүкіл дүние мойындаған, ұлы саясаткер Елбасы Н.Назарбаевтың қазақ тарихындағы орны ерекше. Ел көшін дұрыс бағытпен бастаған Президент, алдына қойған мақсаттарға халқына және Отанына деген шексіз сүйіспеншілігі арқылы жетті. Елбасы қай жолдауында болмасын барлық тапсырмалар мен міндеттерді халық игілігі үшін қойды. Әрбір ширек ғасырда халықтың өзі ел үшін үлгі боларлық тұлғаны мақтан тұтқан.

1836ж. Бөкей хандығында аса ірі халық- азаттық көтерілістерді басқарған батырлар И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлының ерлігімен мақтансақ, ал 1917-1920 ж. Алаш партиясының басшылары А. Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатовты қазақтың нағыз патриоты десек артық емес еді. Ал бүгінгі күннің біз үлгі тұтатын қадірлі тұлғасы, ол біздің Президентіміз.

  • Мен ұстанатын қағида жастарды еңбекке, білім мен салауатты өмірге, тарихты қастерлеуге үйрету және өз үйі-табиғатына қамқорлық жасау. Адам табиғат жемісі және тіршілік иесі. Табиғат-адам-тіршілік, осы бір қасиетті үш сөздің астарында терең мән жатыр. Адам алғашқы жаратылғаннан күннен бастап табиғатты тұтынып келеді, онсыз күні жоқ. Елбасымыз табиғат үшін де, оның перзенті адам үшін де ерлікке бергісіз істер жасады. Кешегі Семей полигонын жабуы мен ядролық қаруды таратпау туралы жарлығы, елді көгалдандырып ауыз сумен қамтамасыз етуі, қоршаған ортаны сақтау үшін де дені сау ұрпақ қажеттігін ойлап салауатты өмір қағидасын ұсынуы, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және ысырап етпеу, үнемдеу сияқты ұшқыр ойлы бастамасы нәтижесін толық берді десек те болады. Осы жерде елім деген әрбір азаматтың, ел егемендігін алудағы тарихи оқиғаларды ұмытпауы қажет.

Бірақ осы кезеңге жету үшін халықтың басынан біраз қиыншылықтар, кедергілер де өтті. Елбасының сеніп ел басқару тізгініне қойған кейбір облыс әкімдері мен банк басшылары, министрлер халықтың тырнақтап жиған дүниесін тонап, ел асып қашып та жүр. Мүмкін бұл да кедергінің бірі шығар. Сонда да болса Елбасы халқымен бірге болды, тығырықтан шықты, халқына , елдің шуақты ертеңіне сенді. Халқы да онымен әрдайым бірге болып келеді. Көнекөз қариялар патшаға сабыр берсін, санасына берсін деп отырушы еді. Оның да сырын енді білген сияқтымыз. Халық қаламаған көп мемлекет басшылары өз еліне жете алмай сыртта белгісіз өмір кешуде. Ал біздің Президентіміз ел билеу ісінде әлемдік тәжірибені игерді. Жұмысшы, әкім , бай , кедей деп бөлген жоқ. Өз халқын биікке жетеледі, ынтымағын арттырды, әлеуетін нығайтты. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы ел егемендігіне бастама болды. Сол бір қыс айларында Алматы қаласындағы жастардың қаперсіз алаңға шығып, «Қазақстаным менің!»» әнін ұрандата айтып, алдында не күтіп тұрғанын білмесе де таң атқанша, жаурағанына қарамай тұруы Отанға деген сүйіспеншіліктен болса керек. Осы естен кетпейтін күндер сонша жыл өтсе де көз алдымда мәңгіге кетпейтіндей. Жап-жас қыз-жігіттердің үстіне мұздай су шашып, полицейлердің дубинкамен ұрып қууы күтпеген жағдай еді. Ыза кернеген жастар алаңнан таң атқанша кетпей , жақсы хабар күткендей болдық. Анда-санда Үкімет мүшелерінің «жастар қайтыңдар» деген сөзін еміс-еміс есітіп тұрдық. Одан кейінгі қысқы демалыстан келгенде , прокуратураның күнара алып кетіп тергеуінен қатты шаршап, шынын айтсақ кей күндері өмірден безіп кетердей де болдық. Оның үстіне соңғы курста оқитын едім, шығарып жіберсе, ата-ананың алдында абыройсыз болып оқуды қайта көрмес едім. Бірақ сол бір жастардың серпілісінен кейін, елдегі өзгерістер тарихқа бергісіз еді. Сол 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы елде үлкен саяси өзгеріс әкеледі деп ешкім де ойламады. Енді елдің басшысы, жанашыры кім болады екен, тағдырымыз кімге байланысты болады екен деп те қатты алаңдадық. Ел тәуелсіздігін алып, көк байрақ желбіреп, ел тізгіні халқымыздың кемеңгер ұлы Н.Назарбаевтың қолына тиді. Бұрынғы Қазақ Ордасының керегесін көтерген хандарымыз Керей мен Жәнібек болса, ал қазіргі тәуелсіз мемлекетіміздің туын желбіреткен халқы үшін басын тіккен Елбасымыз Н.Назарбаев болды. Ия, тәуелсіздік оңайлықпен келмеді. Ел басында қиын күндер, тарығушылық, сенбеушілік те болды. Бірақ осы бір қиын қыстау күндердің елімізде оңай болмағанын, ендігі жерде осы тәуелсіздік тізгінін мықтап ұстап қалу және сол үшін бүкіл өміріңді арнаудың қажеттігін біздің Елбасымыз дұрыс түсініп шешім қабылдады. Қазақ халқының мәртебесін асқақтатып, жақсы істердің қасында өзі жүрді. Елбасымыз халқын өз соңынан ерте білді және дұрыс жол көрсетті. Қазір Қазақстанда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар тұрады, соларды бір шаңырақ астында ұстап, әрқайсысының тілін тауып, тілі мен дініне шектеу қоймай еркіндік беруі кез-келген азаматтың қолынан келе қоймас. Мемлекетіміз 23 жыл ішінде көркейді, еңсесі көтеріліп, терезесі теңелді. Әсіресе мемлекеттің ішіндегі ынтымақ ұлттардың татулығында. Кеңес Одағы кезінде де Қазақстанның өз орны болды. Тың игеруде орыстар мен украиндар, беларустар қазақ халқымен бірлесе кең даламызды игеріп, дәнге толтырды. Кен орындары, металлургиялық комбинаттар, шахталар толассыз жұмыс істеді. Осы жерде Президентіміз Н.Назарбаевтың: «Ата-бабаларымыз аңсаған азаттық пен тәуелсіздікті алдық. Ендігі мәселе-соны ертеңге жеткізу, келесі ұрпаққа, болашаққа қазақстанның осы тәуелсіздігін аманаттау» -деген кемеңгерлік сөзінің астарында көп мән бар.

Еліміздің тәуелсіздігі- ата-бабамыздың асқақ арманынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс.

Тәуелсіздікпен бірге ел тарихына, көп ұлтты Қазақстан мемлекетіне ұлы жаңалықтар қоса кірді. Өзгеге ұқсамайтын тарихымыз, даму жолымыз, стратегиямыз бар. Қазақ елінің өз бейнесін, дархандығын, жомарттығын, отаншылдық пен рухын дүние жүзіне таныта білген тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев тарихта ойып орын алатын мәңгілік тұлға. Еліміздің әр күнгі жүрек қағысын, қадамын, халықтың тіршілігін түн ұйқысын төрт бөліп ата-анамыздай қамқор болып отырған Президентіміздің қасиеттілігіне ештеңе тең келмейді. Өз қызметін абыроймен атқару тектінің ғана қолынан келеді. Бір отбасындағы адамдардың тағдыры сан қилы болатыны сияқты , ел ішіндегі халықтың да жағдайы түрліше.

Кейде ел тәуелсіздігін алу жолындағы қиын күндерде достарыммен бірге болып, қазір соның керемет нәтижесін көргеніме разы боламын. Елу жылда ел жаңа дейді ғой, аз ғана 23 жыл ішінде әлеуетіміз артып, халқымыздың еңсесі көтеріліп ақ қалды. Қазіргі өзімнің туған жерімде ата-бабамыз көрмеген мектепте қызмет етіп, соны мақтанышпен жастарға оны үлгі етіп жүреміз. Елбасымыздың «100 мектеп 100 аурухана » бағдарламасы аясында ауылымызда 2008 жылы жаңа мектептің ғимараты бой көтерді. Мектеп соңғы үлгімен салынып, оқушылар мен мұғалімдерге сабақ өтуге толық жағдай жасалған. Интерактив тақталар мен компьютер сыныптар, спорт зал мен асхана, кітапхана, жылыжай да бар.

«Тірі адамның жүректен аяулы жері бар ма? Рақымдылық, мейірбандылық, әр түрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса еді демек, бұлар-жүрек ісі.»-дейді Абай.

Осы бір сөз тізбектері Елбасымыздың көп еңбегіне дәл келетін сияқты. Өз халқына мейірбандылықпен қарап, адам баласының барлығына өз бауырындай жүрегі жылуы текті адамның ғана қасиеті.

Елбасының пайымынша, «Қазақстан-2050» стратегиясы барлық саланы қамтитын және үздік өсімді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы деп білуіміз керек. «Ол елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту — ортақ парыз, абыройлы міндет болып табылады», — деді Қазақстан Президенті.

Қоғамымызды нығайту мақсатына отансүйгіштікті күшейту , ынтымақтастық пен еңбекті нығайту арқылы қол жеткізуге болады.

Елбасымыздың елді еңбекке шақырып, әрбір азаматына күнкөріс қағидасын түсіндіруі, әрбір кәсіпті терең игеріп мемлекет үшін пайдалы болу жағын ойластыруы нағыз еңбексүйгіштік қасиет. Жастарды еңбекке баулу, ата-ананың қасында жүріп шаруашылықты үйрену, белгілі бір кәсіпке мойын бұру осы кезден басталады. Еңбек еткен әрбір азаматтың өз жемісін жейтіні айдан анық. Баланы жастайынан ерінбей еңбек етуге үйрету, оның ертеңі үшін қажет жағдай. Еуропа мен Америка елдерін жұмыссыздық жайлаған кезде Қазақстанда Елбасы бастамашылық жасаған және партиялық үкімет іске асырған «Жұмыспен қамтудың жол картасы» екі жылда шамамен 400 мың жаңа жұмыс орнын ашуға, 4 мыңнан астам мектептер мен балабақшаларды, ауруханаларды, мәдениет үйлерін, кітапханаларды, 5 мың километрге жуық жергілікті жолдарды жөндеуге, 400-ден астам ауылды абаттандыруға мүмкіндік берді.

Болашақтағы жоғары білімді қазақстандық жеке табысқа қол жеткізіп, тек мықты денсаулығы мен сапалы өмір сүру жағдайы болғанда ғана өз Отанына пайда келтіре алады.

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясықоғамдық бірлестігінің ХІV съезінде:

Қажетті өмір сүру жағдайын жасау үшін:

· халық арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау және ізінше шылым шегуді, нашақорлықты және алкоголді шектен тыс пайдалануды 15%-ға азайту;

· азаматтарды 25%-ға дейін, балалар мен жасөспірімдерді 12%-ға дейін қамтуды қамтамасыз ететін дене тәрбиесімен және спортпен жаппай шұғылдану;

· оларды халықтың өмір сүру сапасын арттырудың маңызды факторы ретінде қарай отырып, экологияға инвестициялар үшін қолайлы жағдайды қалыптастыру;

· жалпыға бірдей экологиялық білім беру жүйесін құру жолымен азаматтардың экологиялық мәдениетін дамыту. Экологиялық ағарту білім беру үдерісінің барлық деңгейінде оқу жоспарларына енгізілетін болады;

· энергия үнемдеудің дәйекті саясатын бір мезгілде енгізе отырып, энергияның балама көздерін дамыту;

· ірі қалалардың «жасыл белдігін» қорғау, таза тұщы су көздерін қорғау, тамақ өнімдерін сертификаттауға қойылатын қосымша талаптарды алға тарту; өзендер мен су қоймаларының су қорғау аймақтарында заңсыз құрылыс салуға, олардың тұрмыстық ағындармен және қоқыспен ластануына қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық бастамаларды қолдау деп көрсетілген.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев ел сенімін ақтаған азамат. Тарих дегеніміз елдің өткені мен бүгінгісі емес пе? Өткен тарихымыздың ақтаңдақ беттері Жәнібек пен Керей Әбілқайырдан бөлініп, жеке қазақ хандығын құрғаннан кейін «Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама», қуғын -сүргін, Ұлы Отан соғысындағы тартқан азабымыз, бүгінгі қол жеткізген тәуелсіздігіміз нағыз қазақтың тарихы. Кейде қазақ ағайындардың бұрын қазақ елі болмағандай, тәуелсіздіктен соңғы өзгерістерді ғана айтып жатады. Мен оны құп көрмеймін, себебі қазақ елі бұрыннан болған, тек жеке дербес ел ретінде 1991 жылы танылдық. «Мақтан елім, мақтанатын ұлың болса егер» деген сөз бар, Еуразия құрылығының дәл ортасында Каспийден Алтайға дейін, Солтүстік қазақ жазығынан Тянь-Шаньға дейін созылып жатқан ұлан ғайыр жерімізді қырағы көзден қылт жібермей, әрбір халықтың терезесін тең, керегесін кең етіп ұстап отырған Елбасымыздың ақыл ойы данышпандыққа тең. Қазақстан халқының күнкөрісін арттыруда алдыңғы қатарлы елдер тәжірибесімен алмасып, оны ендіріп, жастарды еңбек етуге, білім алуға көкірек көзін ашуы ертеңгі күніміздің тұрақты нық жолы. Мемлекеттің ішкі –сыртқы тұрақтылығы, өзге елдермен экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастығы, тарих беттерінің толығуы, халықтың әлеуетінің артуы, қазақ елі ретінде бүкіл әлемге танылуына қол жеткізуі Президентіміздің бір минутта тыным таппай еңбек етуінің, болашақты алыстан болжайтын көрегендігінің арқасы. Сол сара жолды жалғастыру, ел іргесін бұзбай халықты одан әрі алып кету қазіргі жастардың алдыңдағы міндет. Адам жаратылысында жаманды тез үйреніп, жақсылыққа шаршап жететін саналы өмір иесі. Халқымыздың болашағы жастардың қолында болғандықтан , осы жанына жатталып қалатын Елбасымыздың Мәңгілік ел идеясы болуы керек.

Күшті, қуатты мемлекеттер ғана ұзақмерзімдік жоспарлаумен, тұрақты экономикалық өсумен айналысады- деген Елбасының сөзінде көп мән жатыр. Соны айқындау үшін Елбасымыз ел алдына бірнеше мақсаттар мен міндеттер қойды. Бүгінде Отанымыздың жетістіктері – әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы.

1/ Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Оны орындау үшін бастысы сенім мен тұрақтылық

2/ Бізге жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімді 4,5 есеге арттырып, бүгінгі 13 мың доллардан 60 мың долларға жеткізу керек.Еңбек өнімділігі бес есеге өсіп, бүгінгі 24,5 мың доллардан 126 мыңға дейін жетуі керек.

3/ Салауатты өмір салтын ұстану мен денсаулық сақтау саласын дамыту қазақстандықтардың өмір сүру жасын сексен жастан да асыруды қамтамасыз ету.

4/ Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Қазақ тілін даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн», — деп мәлімдеді ол.

5/ Елбасы Үкіметке 2015 жылдың 1 шілдесінен азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа моделін жасап, енгізуді тапсырды. «Ол еңбекақының денсаулық сақтау қызметкерлерінде — 28 пайызға, білім беру қызметкерлерінде — 29 пайызға, әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінде 40 пайызға дейін артуын қамтамасыз етуі тиіс», — деді Мемлекет басшысы.

6/ Дамыған 30 ел қатарына қосылудағы ұмтылысымызды екі кезең арқылы жүзеге асыру қажет. Бірінші кезең 2030 жылға дейінгі кезеңді қамтиды, онда XXI ғасырда «мүмкіндіктер көзін» пайдаланып, жаңғырту серпілісін жасау керек», — деп мәлімдеді Елбасы.

Елбасының осы стратегиялық міндеттерін орындау бүкіл Қазақстан халқының міндеті.«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Жолдауында

«Біз экологиялылыққа баса назар аудара отырып, ұлттық бәсекеге қабілетті брендтер құруға тиіспіз. Нәтижесінде мен агроөнеркәсіптік кешеннің алдына – экологиялық таза өндіріс саласындағы жаһандық ойыншы болу міндетін қоямын»-деді Елбасы Н.Назарбаев. 2009жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс ауданындағы «Жаңа Ақдала» ЖШС жұмысымен танысты.

Мұнда жаңа өнімдерді өсіруден оны соңғы өңдеуге дейінгі ауыл шаруашылығы технологияларын енгізу және аяқталған технологиялық циклді құру эксперименті сәтті жүргізілді. Жоба 2008 жылы іске қосылды. Сол кезде қызанақ 141 гектарға егілді, көкөніс тамшылатып суару әдісімен өсірілді. 800 тоннадан астам өнім жиналды. Биылғы жылы «Жаңа Ақдаланың» егістік алқаптары 1 000 гектарға дейін ұлғайды. Оның 700 гектарына қызанақ, 150 гектарға — бақша дақылдары және тағы 150 гектарға әртүрлі көкөніс егілді . Сол жылы мұнда қызанақты өңдейтін зауыт салынып, пайдалануға берілді. Кәсіпорын тәулігіне 600 тонна өнім шығарады, онда 60 адам еңбек етеді. Жайқалып тұрған жеміс алқабы ауыл және қала тұрғындарын экологиялық таза көкөніс және жемістермен қамтамасыз етуде. Осы егістік алқабына таныстырылым саяхатын жасап, оны күтіп-баптау, суару, ауылшаруашылық зиянкестерінен тазарту жұмыстарына куә болдық. Ал жаз және күз мезгілдерінде жинаған өнімдер ерксіз көз тартады. Осы саяхаттан балалар өзінің келешекте осындай бақ өсірумен айналысу, еңбек етудің қажеттілігі мен өз жұмысын құрметтеудің мәнін түсінді. Сонымен қатар мектеп маңында орналасқан жылыжайға да танысу жұмысын жүргіздік, мұнда қызанақ пен қияр өсірілуде. Еңбек ететін әр азаматқа мемлекет қазір барлық жағдайды жасаған. Орта және шағын бизнесті ұлғайту экономикамыздың басты міндеттерінің біріне айналды. Оның өркендеуіне кең жол ашып берген Елбасымызға алғысымыз шексіз.

С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебінде Елбасы жолдауын қолдау мақсатында «Болашақты бірге жасаймыз» атты онкүндік өтті. 10 «А сынып оқушылары мектепте салауатты өмір салтын насихаттап, жас жеткіншектер арасында темекі мен нашақорлықтың зияны, одан айығу жолдары туралы пікір алмасу өткізді. Қазіргі кезде статистикалық мәліметтер бойынша темекі шегу, әсіресе ер адамдар арасында көптеген қатерлі дерт туғызып отырғаны мәлім. Олар жүрек инфаркті, миокард, жүйке аурулары, бүйрек пен белсіздік аурулары. Қазақстандағы ер адамдардың, әйелдерге қарағанда өмір сүру ұзақтығы 9 жылға кеміген. Бұл насихат жұмыстарын тек оқушылар арасында емес, бүкіл ауыл-қала хақының арасында жүргізу де өте тиімді. Ол үшін біз 1 кг алма мен 1 қорап темекінің бағасын салыстырма түрінде сызып, ағзаға пайдалысын қолдануды ұсындық.

Күнделікті сабақ кестесіне сай 3-4 сабақтардан кейін баланың белсенділігі мен психикасына шаршау болдырмас үшін дене жаттығуларын жасау да жақсы іс. Әсіресе өз сыныбымызда өткен «Салауатты өмір қағидасы атты » атты тәрбие сағаттарында баланың өз денсаулығын күтуі мен темекі және алкогольдан аулақ болудың қажеттілігіне көз жеткізді. Әр бала өзінің күнделікті тамақтану, дене жаттығуларын жасау түрлерін, көптеген аурулардың қалай алдын алуға болатыны туралы жаңалықтарын қосты. «Жастар ел тірегі» атты айдармен 10-11 сынып оқушылары арасында спорт жарыстары өткізілді. «Табиғат Елбасы көзімен» атты экологиялық кеш өткізіп, атмосфераның, судың , орманның, топырақ пен өсімдіктердің адам үшін маңызын түсіндіріп, барлық балаларды табиғатты қорғауға шақырдық. Жыл сайын Су күні, Құстар күні, Жер күні мерекесін өткізуге дағдыланған оқушылар өз шығармашылығы бойынша пікір алмасты.

Сонымен қатар «Мәңгілік Ел!» айдарымен сурет көрмесін өткізіп, өз туындыларын оқушылар ашық оймен айқыштады. Осының нәтижесі ретінде табиғат қорғау саласы бойынша жасалған 8 «А » оқушысы Саламат Рысханның «Табиғат Елбасы көзімен» атты ғылыми-зерттеу жұмысы Облыс көлемінде ІІ-орынға, өлкетану жұмысы бойынша жасаған 10 «А» сынып оқушысы Әлімхан Ұлжалғастың «Келешегі кемел ауыл» тақырыбындағы зерттеу жұмысы жас ғалымдар зерттеуінде жүлделі орындарға ие болды. Мектеп оқушылары арасында түрлі сауықтыру , ағаш егу және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Елбасы жолдауын қолдау мақсатында өткізілген «Болашақты бірге жасаймыз» атты 10-күндік іс-шарасының жоспарын ұсынамын.

Тақырыбы Іс-шаралар
1 «Ұлт денсаулығы-ел қуаты» Ашық тәрбие сағаты.
2 «Жастар ел тірегі» Спорт жарысы.
3 «Табиғат Елбасы көзімен» Экологиялық кеш.
4 «Мәңгілік Елдің ұландары!» Сурет көрмесі
5 «Ана мен бала еліміздің байлығы» Сыныптан тыс жұмыс.
6 «Сенің қолыңнан келеді»

Мүгедек жандарды қолдау үшін акция ұйымдастыру.

Әңгіме сұхбат өткізу.
7 «Білімді ұрпақ-ел тұтқасын ұстайды» Көшбасшы сайысын өткізу
8 «Кәсіпкерлік-еңбек жемісі» Дөңгелек үстел өткізу.
9 «Қазақстан сарбазы-ел қорғаны» Әскери музыкалық кеш.
10 «Мәңгілік елдің -Мәңгілік тілі!» Шығарма жазу, презентациялық слайдтар жасау.

«Бақыт бағасын білгеннің қасында ғана тұрады ». Қазақ қонақжай, кеңпейілді, салт-дәстүрін сақтаған, батыры мен билерін қадір тұтқан халық. Баянды бақытымыз үшін Тұңғыш Президентімізбен мақтанамыз. Әрбір қоғамдағы қиыншылық пен жетістік тұрақты туындап отыратын үрдіс. Уақыт өткен сайын елдегі жұмыссыздық жойылып, әркім өз кәсібін соған қарай несібін тауып келеді. Елбасымыз айтқандай , елге жаны ашитын әрбір азаматтың нақты істерге араласатын сәті туды. Ұлы саясаткер, кемеңгер, Ұлт көшбасшысының жанына топтасып, еліміз бен халқымыздың әл-ауқатын жақсарту үшін, ел алдына қойған барлық тапсырмаларын орындауға бар күшіміз бен білімімізді, тәжірибемізді салып күш салайық, Президентімізді қолдайық!

болашақ.pptx

Реклама
«БОЛАШАҚТЫ БІРГЕ ЖАСАЙМЫЗ» КОНКУРСЫ

Оқушыларға шығармашылық қабілеттерін дамыту арқ ылы ғылыми-зерттеу ізденісін жасауға бағыт беру


Альбосынова Гүлжан Мырзатайқызы

32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы

орта мектебінің қазақ тілі мен

әдебиеті пәні мұғалімі Арыс қаласы

Түйіндеме

«Адам ұрпағымен мың жасайды» — дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз — оқу. «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман», — деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі — білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет – оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті ,сондай-ақ менің де міндетім болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Жоллдауы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің алдына үлкен мақсаттар қою арқылы Дамыған 30 елдің қатарына кіру жоспарын ұсынып отыр. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін , ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар екендігін айқын да нақты айтып берді.Ол-Мәңгілік Ел идеясы.Осы мақсатта бірнеше міндеттер қойды. Олардың бірі-озық және бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін құру.

Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру. Сонымен бірге Елбасы «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек және мектеп түлектері қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау,өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс.» ,-деді.

Білім – ел қазынасы,халқымыздың білімділігі еліміздің байлығының ең маңызды бөлігі десек, яғни бар ғылымның бастауы – мектеп. « Елдің келешегі — бүгінгі жастардың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында »- деп,Елбасымыз бізге үлкен міндет артып отыр.

Бүгінгі аумалы-төкпелі заманда білімді, білікті, өздігінен тығырықтан шығар жол таба білетін іскер және өмірге икемді адам тәрбиелеуді қажет етіп отырғандықтан мұғалімнің басты міндеттерінің бірі – мектеп қабырғасында жеткіншектерді жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау және білімдерін шыңдау арқылы ғылыми жетістіктерге жеткізу.

Питер Клаин: «Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі.»-деген.Қазіргі таңда білім беру жүйелерінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Білім беру жүйелерінің жаңа модульдері құрылуда.Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың бірі – жалпы білім беретін орта мектептерде қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі ғылымдарының қайта жаңартылуы болып табылады. Солардың бірі: «Қазақ тілі ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды.Қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді.Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар.Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік Тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн»,-деп , Елбасы тұжырымдады. Ал талапқа сай ана тілімізде білім берудің шарты –қазақ тілінің абыройын көтеріп, маңыздылығын жоймай, Мемлекеттік мәртебесін биіктету.

Білім беру жүйесінің қайта жаңғыртылуы баланың шығармашылық дарындылығын тануға және болжам жасауға жаңа көзқарасты талап етуде.Дарынды балаларды тану –нақтылы бір баланың дамуына талдаумен байланысты ұзақ үрдіс. Дарындылықты бір ғана әдіспен анықтау мүмкін емес.Дарынды баланы тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп сатылап анықтау қажет. Баланың білімін оқушы деңгейінен шығармашылық деңгейге жеткізуде дамыта отырып, проблемалық оқытудың орны ерекше. Оқытуды өнермен ұштастыру, әрбір оқушының шығармашылықпен жұмыс істей білуіне жағдай жасау арқылы ғылыми-зерттеушілік ізденісін қалыптастыруға болады.Ол үшін баланың жас ерекшеліктеріне сай шығармашылық қабілеттері,олардың белгілі бір іс-әрекетке бейімділігі арқылы анықтауға болады.Бейімділік-оқушының белгілі бір іс әрекетпен айналысуға бет бұрысы. И.Левитов: «Іс-әрекет қорытындысында жаңа бір нәрсені үйренуі және олардың даралық бейімділіктерінің, қабілеттерінің, тәжірибелерініңкөрінуі –шығармашылыққабілет болып табылады.»,-деген болса, ал А. Құнанбаевтың жетінші қара сөзіндегі: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі — «ішсем, жесем,ұйықтасам»деп тұрады,екіншісі – «көрсем, білсем»дел, ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, «ол неге үйтеді», «бұл неге бүйтеді»деп,көзі көрген,құлағы естігеннің бәрін сұрап,тыныштық көрмейді», — деген ой-тұжырымды растайды.

Сабақта және сабақтан тыс уақытта шығармашылықты дамытудың сан алуан түрлері бары белгілі. Соның барлығы дерлік оқушының жеке ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуіне негіз бола алады. Өйткені, шығармашылық ізденіс болмай,ғылыми-ізденісін бастау мүмкін емес.Ол үшін тек сабақ барысында жұмыс жасауға үйрету мүмкін емес. Сабақтан тыс уақытта мұғалім «ақылшы», «кеңесші»,»бағыт беруші» болуға міндетті. Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру үшін олардың өзгермелі әрекеттерін ескере отырып,айналадағы нақты құбылыстармен, таныс нысандарды зерттеумен байланыстырудың маңызы зор.Сонымен қатар бала бейінділігін анықтаған соң, жеке қабілетін ескеру керек.

Қабілет – адамның бір іс-әрекетті орындауда әрқилы деңгейде көрінетін жеке қасиеті.Қабілеттілік –адамның мінез-құлқын реттеп ,оның тіршілік етуіне қызмет етеді,психикалық әрекеттің негізіне,шартына айналады.

Психологтар бала қабілетінің екі түрлі деңгейі болатынын дәлелдейді. Соның бірі, шығармашылық әдіс – жаңа нәрсені ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. Ол үшін оқушыға бағыт –бағдар бере отырып, баланың өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беру керек. Оқушының өз бетімен жұмыс жүргізуі – шығармашылық қабілетті дамытудың басты жолы. Шығармашылық тапсырмалар беру арқылы балаға өз бетімен іздену іс-әрекетін жасауға мүмкіндік туғызып,ғылыми-зерттеу ізденісін жасауына бағыт беруге болады.

Шығармашылық – жаңа нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі болса, ал шығармашылық қабілетті анықтау – мұғалімнің ең басты міндеті. Ұлы ойшыл М.Горький: «Адамдағы дарындылық қасиет туа бітті қан арқылы берілетіні де, одан қалды жүре пайда болатыны да бар.Туа бітті болатыны – тұқымқуалаушылық. Бұл қасиет өсіп те кететін, өшіп те қалатын үрдіс.Сондықтан оны үнемі шыңдап отырмаса өшіп қалуы да ғажап емес.»,-дейді.

« Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақ Перзенті» және «Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады.» -деген Елбасы сөзі қазіргі патриоттық сезімімен Отанға деген сүйіспеншілікпен қатар, ана тілімізге жанашыр әр қазақстандықүшін келешек ұрпағымыздың алдына үлкен мақсаттар мен міндеттер жүктеді. Сол үшін дарынды оқушыларды қолдау – ел болашағын ойлау екенін ескерсек, оқушының шығармашылық және ғылыми-зерттеу іс-әрекетін қолдап, мүмкіндіктер қарастыруымыз керек. Ол мүмкіндіктер мыналар:

-оқушыға ізгілік тұрғысынан қарау;

-оқыту мен тәрбиенің бірлігі;

-оқушының танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;

-оқушының өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;

-танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту;

-оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орайоқыту, оқу үрдісін оқушының сезінуі;

Жеке-дара қабілеттерін дамыту үшін қажетті шарттарды қамтамасыз ету керек. Олар: оқушы ынтасын,дербестігін қамтамасыз ету және табиғи түрде өзін-өзі таныта білуіне жағдай жасау.

Дарындылықтың табиғаты шексіз.Осы дарындылық пен шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі ең тиімді болып есептеледі.

Зерттеушілік, ізденушілік-бала табиғатына тән құбылыс. Білуге деген құштарлық,бақылауға тырысушылық,тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттербалаға тән дәстүрлі мінез.

Зерттеу – дарынды балаларды оқытудың негізі. Олай болса мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуға көмектесуіміз қажет. Оған қол жеткізетін тиімді жұмыс түрінің бірі – оқушылардың ғылыми қоғамына енгізу.

Педагогикалық үрдісте баланың дарыны ашуда оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығы қажет. Өз бетінше ізденіс жасауына мұғалім бағыт-бағдар беріп,бірлесіп жұмыс жасау арқылыбаланың танымдық қабілетін, өмірге деген өзгеше көзқарасын дамытып, ізденуге құштарлығын шыңдай түсу керек.

Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып,өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі ашады.

Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. Дарынды бала қойылған проблеманы тұтастай көре біліп, оған байланысты болмыс сырларынкөптеп шешуге, белгісіз нәрселерге зер салып қызығады.түсініксіз нәрсені білуге ынтызарлық, түрлі сұрақтарға жауап іздеп,ой әрекетімен шұғылдануға бейім келеді. Сондықтан мектеп оқушыларының бейімділігін дамытужұмыстарын ұйымдастыру- басты мақсат, ғылыми проблема болып табылады. Сол үшін мұғалім оқушыға жоба жаза алатынын және жақсы идеялардың барлығы да жазу кезінде болатынын түсіндіріп, оқушының жазуға деген қызығушылығын арттырса, сонда бала зерттеу жұмысын жазуға талпынады. Бірақ таңдалатын тақырыпты жазар алдында «мені не қызықтырады?» , «қандай тақырыпты зерттеуге болады?» деген сұрақтарға жауап беру керек.

Зерттеу жұмысын жазу, шығармашылықпен айналысу оқушының шешімін қабылдауына дағдыландырады,аналитикалық ойлау қабілетін дамытады.

Оқушыны ғылыми-зерттеу жұмысына қатыстыру үшін оны қызықтырып, зерттеу талабын қалыптастыру керек. Ол үшін шешім қабылдап, ақпарат алып, оны басқаларға жеткізу әдістерін үйрету, бағыт беру керек. Мұндай жауапты да ауыр жүкті арқалап жүрген ұстаздардың ролін ерекше пайдалана отырып, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін дамыту үшін төмендегідей мақсат қоюға болады:

-психологпен бірлесе отырып,дарынды баланы анықтау;

-сабақта және сабақтан тыс ғылымға икемді дарынды баланы анықтау;

-ғылымға деген жағымды көзқарасын қалыптастыру;

-танымдық белсенділіктерін жетілдіру;

-ата-анасымен байланыс жасау;

-баланы «оқушы ретінде» емес,досың, сырласыңдай әңгімеге тарта білу;

-«дұрыс емес» демей,бағыт беру;

-мақсат қоя білуге талпындыру;

-нақты шешім қолдануға дағдыландыру;

— жаңа тапсырмалар беру, орындалуын қадағалау.

Оқушыларды ғылыми-ізденіске бағыт беруде күнделік жаздырудың ролі де ерекше. Оның маңызы оқушыларға практикалық та, теориялық та көмек бере алатыныда. Алайда жаңа ғасырға қадам жасауда жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі болу керек. Ол өмірдің әр тетігіне үңіліп, тығырықтан шығар жол таба білуге даяр болу керек.

Ғылым әлемді өз қажетіне қарай өзгертуде белсенді адамзат таным қызметінің көпғасырлық дамуының нәтижесі болып табылады. Ал оқушының ғылыми-ізденісі осы нәтижеге жетудің бастамасы бола алады. Интеллектуалдық жәнешығармашылық қабілеті жоғары балалардың өз бетімен білім алу мүмкіндігі болуы тиіс. Яғни, мұндай оқытуды бала өзі анықтайды, өзі басқарады, өзі жүзеге асырады.

Ендеше, мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып,ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектесуіміз керек.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақ елінің болашағы – бүгінгі жастар. Ұстаздар оларға қалай білім берсе, Қазақстан сол дәрежеде семғайды, өзін әлемге танытады.»-деп атап көрсетті. Яғни, әрбір елдің болашағы, оның білім ордасы мектебінде шыңдалады.

XXI ғасыр ұрпақтарының тілімізді ту етіп,келесі ұрпақтарға тапсыруына, жылдар мен ғұмырлардан туған тілімізді дамытып, биіктете беруіне үлесімізді қосу – парыз. Бұл тұрғыдан қарасақ, жас ұрпақтың рухани ерік-жігерін ана тілі арқылы көтере білу – біздің борышымыз.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерді алдындағы шәкіртінің рухани жетілуіне, әсіресе, сөздік қорының бай болуына, сондай-ақ жас ұрпақтың бойына салт-сана мен жаңа деңгейдегі мәдени талаптарды қатар сіңіру арқылы оларды тұрлаусыз уақыттың сынынан сүрінбей өтуге тәрбиелеу бағытындағы жұмыстар төңірегінде ізденіспен жүргізуді талап етеді. Шығармашыл әрі дарынды тұлға қалыптастыру, білім мен тәрбие беру – мемлекеттік істің ең маңыздысы.

Қазіргі таңда оқушының шығармашылық және ғылыми-ізденісін дамытуда мұғалімнің өзіне де үнемі ізденіс пен зерттеу тәсілдерін қажет етеді. Осыған сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті сабағында жиі кездесетін көнерген сөздерді қолдану ерекшеліктерін ескерген жөн. Бұл орайда тіл дамыту үрдісінде оқушының өзіндік ізденісінің,яғни зерттеуші, ізденуші ретінде әрекет етуінің маңызы зор екені байқалады. Ал мұғалім оқушыларды дағдыландырып,меңгеруге жетелеуі тиіс. Бұл — оқушылардың білімге, ғылымға деген ынтасын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, диалектикалық дүниетанымын ұштау, өмірге деген мақсат-мүддесін айқындау. Осы мақсатта Ж.Аймауытовтың: «Баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын — оқыту мен тәрбие» деген сөзін ұстанып,12 жылдық эксперимент сыныптарының 8 сынып оқушысы Жүсіпбек Жәния деген оқушыма «М.Әуезовтың «Абай жолы»роман-эпопеясындағы көнерген сөздер» тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізуді ұсындым. Баланың ізденуі мен қызығушылығы – көнерген сөздердің ұмытылып кетпей, қайта жаңғырып, ана тіліміздіңбайлығы – көнерген сөздерді қолдана білу арқылы өз үлесін қосу болып табылады.Өйткені, Президентіміз Н.Ә.Назарбаев: «XXI ғасырда жеңіл-желпі жүріп өтуге болмайды.»-деп, Дамыған 30 елдің қатарына кіру жоспарын ұсыну арқылы Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болғандығын айта келіп, бір мақсат, бір мүдде, бір болашаққа деген сенімнің айқындығын нақтылады.

Ж.Баласағұнның:

Бала білім жолын қуса десеңіз,

Бесігінде-ақ білім жолын көсеңіз.

Білім үйрет сәбиіңе,тарылма,

Уыздайын сүттей сіңір қаныңа.- деген даналық сөзі дарынды да қабілетті оқушыларды ғылымға баулып,ғылым арқылы егемендігімізді дамытуға үлес қосып,оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытып, табиғи дарындылығын пайдалана отырып,ғылыми белсенділігін дамыту жолында аянбай еңбек етуден жалықпайық,құрметті ұстаздар!

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасында Бейіндік оқытуды дамыту Тұжырымдамасы жобасы. – Астана, 2009жыл.
  2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
    2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
  3. Мұғалімге білім мектеп оқушысының психологиясы жөнінде. Редакцияны басқарған А. Люблинская. – Алматы, 1981– 176 б.
  4. http://www.bnews.kz caйты
  5. Н.Назарбаев “Біздің халқымыз жаңа өмірге бейімделуі керек”.”Егемен Қазақстан”. 31 мамыр. 2000 ж.
  6. Білім беру сапасы – Қазақстан Республикасының тұрақты даму ұстанымдарын және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету кепілі» атты материалдар жинағы ,2009 жыл
  7. Республикалық ғылыми –әдістемелік журнал «Мектептегі ғылыми жұмыс» № 4,6. Бет: 13, 19, 21

Альбосынова Гүлжан.docx

«БОЛАШАҚТЫ БІРГЕ ЖАСАЙМЫЗ» КОНКУРСЫ

Аспаптық орындауда оқушы шығармашылығын қалып тастыру


«Болашақты бірге жасаймыз» конкурсына

Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қалалық Ж.Байғұттиева атындағы
өнер мектебінің домбыра бөлімінің ұстазы
Құдасбекова Забира Өміртайқызы

Кез келген өнер өздігінен дамымайды. Музыкада алғашқы баспалдағынан басталып, өріс алады. Аспаптық орындауда қара домбыраның құдіретін сезіндіру, қос ішектің үніне елтіп, әр бір дыбыстарды ұғыну үлкен тағат пен төзімді талап етеді. Оқушыны жеке тұлға ретінде дамыту үшін әрбір ұстаз өзінше еңбек етеді. Шәкіртті зерттей білу үшін, оны түсіну қажет.

2.Шәкірттің жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал жасау. Ұстаз шәкіртке өзінің

іс-әрекетімен үлгі болу және ықпал ету керек. Сөйлеу шеберлігі бай, өзінің саласына баланы қызықтыра білу. Ұстаздың әрдайым ізденіс үстінде болуы басты шарт деп білемін. Қазақтың қасиетті қара домбырасын сөйлетіп, осы аспапты қастерлеп үйретуге деген жас жеткіншектердің құмарлығын оятып, қызықтыра білу үшін, домбыра аспабын үйрету 3 сала бойынша жүргізіледі.

1.Құйма құлақ — бұл дәстүр арқылы күйлеріміз сонау ерте заманнан қазіргі заманға дейін жетті. Құма –құлақ дегеніміз яғни айнытпай қайталап беру.

2.Сан жүйесімен үйрету жолы, яғни төте жол.

3.Кәсіби нота сауаты арқылы домбыра аспабын үйрету үшін, оқушының орындықта дұрыс отыруы, сол қол, оң қолдың өз жұмысын дұрыс атқарылуын қадағалау қажет. Мұғалім әрдайым оқушының жас ерекшелігіне, дене бітіміне, қабілетіне, ынтасына қарай әрекет ету керек.

Оқушының аспаппен, нотамен, пернедегі ноталармен, танысқаннан кейін мұғалім баланың оң қол, сол қолына арнап жаттығу береді. Жаттығуды әрдайым үздіксіз жасау керек. Оқушыда жиі кездесетін кемшіліктерді болдырмау үшін оны уақытысында байқау керек. Жиі кездесетін кемшіліктерге: қолдың білезік буынын қатайтып алу, перненің алдына қарау, сол қолдың алақанын пернеге жапсырып үстау, шынтақты көтеру, сұқ саусақтың әлсізденуі, төмен, жоғары қағыстардың тепе-теңдігінің болмауы, саусақпен пернені нық баспау яғни дыбыстың таза естілмеуі, сол иықты көтеру.т.б. жатады.

Оқушының аспапты меңгеруде кездесетін кемшілігін көріп, оны болдырмау, сөзді баланың тілімен яғни түсінікті етіп мысалдап жеткізе білу керек. Сондай-ақ оқушыға күйді ойнап беру, бірге қосылып орындау, күй табақ тыңдау, үйге берілген тапсырманы баланың шамасына қарай беру,баланың өз бетімен нота жүргізіп оқуына ықпал жасау болса, ұстаз оқушының қабілетіне, өзіндік ерекшелігіне қарап дамытады. Біздің салада сабақ әрбір оқушымен жеке өтілетіндіктен, әр шәкіртке оның қабілетіне, ынтасына байланысты жеке бағдарлама жасалады. Ұстаз педагогика, психология, арнаулы аспапта үйрету тәсілімен жетекшілік ету бағытын жүйелі жоспарлайды.

Шәкірт өз бетімен үйде тапсырманы орындау үшін, оған сыныпта берілген тапсырманы түсіндіріп, өз қатесін өзі жөндеуге, нотаға жиі қарауды талап етеміз. Ал қиын шығарманы бөліп-бөліп жаттап, техникалық күрделі жерлерін меңгеру үшін жаттықтырып, тек содан кейін ғана аяғына дейін орындағаны жөн. Ары қарай шығарманың көркемдік жағына екпініне, стиліне мән беріп, автордың ойын жеткізе алуға күш саламын. Мұғалім оқушының шығарманы түсініп, ырғақ пен әуенін бұзбау, саусақтардың дұрыс қойылуын позицияны бөле білуін, дыбыстың тазалығын орындау әдісін, шығарманың толыққанды орындалуын балаға түсііндіріп, оған көмектесе отырып талап ету керек. Баланы сахнаға шығарып үйрету үшін өзіне деген сенімділігін қалыптастыру керек. Концерттерде жиі өз өнерін көрсеткен оқушы сахнаға бейімделе бастайды. Екі мектепті қатар үлгеру үшін, балаға үлкен жауапкершілік, ата-аналар тарапынан қолдау, түсіністік қажет. Дұрыс тәрбиеленген шәкірт үлкен жетістіктерге жетеді. Сеніміміз ақталып жатса, бұл ұстаз үшін үлкен жетістік.

1994 жылы аудандық Темірлан елді мекенінде өткен жас музыканттар байқауынан оқушысы Каленова Мадина І -ші орын иегері атанды . Шәкірті Әміреев Айдар Украйнада өткен халықаралық «Восточный базар» атты байқауда ІІ-орын иеленді.

Аудандық мұғалімдер конференциясында 2009 жылы қатысып І-ші орынды ,тіл мерекесіне байланысты термешілер байқауынан ІІ-орынды иеленді. Облыстық ІІІ «Маханбет оқулары» байқауында күй жанры бойынша шәкірті Жандар Фариза ІІ-орын иеленді. Облыстық «Ұрпақтар сабақтастығы-дәстүр жалғастығы» байқауында шәкірті Дәрібаева Маржан І-орын иеленіп, қаржылай көлемде қомақты сыйақы алды. Халықаралық ІХ –ші «Күншуақ» байқауында дәстүрлі ән жанры бойынша шәкірті Баяш Гүлмира Гран-приді иеленіп, ұстазы дипломмен марапатталды. Осы байқауда шәкірті Дәрібаева Маржан І-орынды иеленіп ұстазы арнайы дипломмен марапатталды.Шымкент қаласында өткен

І-ші Республикалық «Жұлдызға жол» атты конкурста шәкірті дәстүрлі ән жанры бойынша Игібай Зарина І-орынды иеленді.

Ұстазы мен «Үлгілі ұстаз» дипломымен және алғыс хатпен марапатталдым.

Алматы қаласында өткен бесінші халықаралық, Республикалық «Ғұмырдария» байқауына оқушы дайындағаным үшін алғыс хат берді.

Шәкірттерім Жұмабай Тоғжан, аспаптық орындау бойынша ІІ-орынды, Әділбек Шынар дәстүрлі ән бойынша ІІІ-орынды иемденді. Халықаралық Х-Күншуақ байқауынан шәкіртім Әділбек Шынарға І-орын бұйырды.

Алматы қаласында өткен ІІ- Республикалық «Жаз мереке» атты байқауда Абдысалы Аружан дәстүрлі ән жанры бойынша ІІ-орын иеленді. Ұстазы мен шәкірті арнайы дипломмен марапатталды. Осыншама жетістік өздігінен келе салған жоқ. Тынымсыз төккен тердің өтеуі. Шәкіртің жетістігі-ұстаздың еңбегі.

Өз еңбегіңнің дәмі шәкірттің жеңісінде ғана байқалады.

Wed, 30 Apr 2014 22:39:01 +0400 от izgilik19@mail.ru <izgilik19@mail.ru>:

Сәлем. Хатыңыз Республикалық 45minut.kz басылымы редакторы Ізгілік Байдрахманұлы Нағиевтің почтасына жеткізілді. Хат тақырыбына сай тиісті жауап хат жазылады. Ескерту: Хат және материалды қандай тақырып бойынша жібергеніңізді анықтап жазып жіберіңіз. Редактор почтасына такырыбы түсініксіз болып келген хаттар өшіріледі. Редакция бойынша ресми ақпараттар www.45minut.org сайтында....
«БОЛАШАҚТЫ БІРГЕ ЖАСАЙМЫЗ» КОНКУРСЫ

Модельді ауыл кітапханасы: тұрғындарға қызмет к өрсетудің жаңа сапасы мен мүмкіндіктері


БҚО, Ақжайық ауданы ,Мерген ауылы

Мерген орта жалпы білім беретін мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі Нигметова Маншук Ханзадақызы

Қай дәуірде де қоғамның мәдени өмірінің,мәдени тарихының бірден-бір көрсеткіші-кітапхана.Мемлекет мәдениетін танытатын да-кітапхана.Өткен тарихты өшірмей,ұлт жадын мәңгілік сақтайтын мекен де кітапхана.

Олай болса,Мерген модельді ауылдық кітапханасы 2007 жылдың маусым айында «Модельді кітапхана» мәртебесіне ие болды.Мұнда оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі,оқырмандар залы,ақпараттық –библиографиялық бөлім,әдіскерлік бөлімдері жұмыс жасауда.

Кітапхананың жеке сайты бар ғаламтордағы жеке сайты

Интернет желісі арқылы да оқырмандарға көмек көрсетіліп,сұранысы толық қанағаттандарылды.

Кітапхана 2007 жылдан бастап автоматтандырылған кітапханалық жүйе «Кабис» модулі орнатылып электронды каталог бойынша жұмыс жасап келеді.2008 жылдан өлкетану материалдарын цифрлау жұмыстары жүргізіле бастады.

Кітапханадағы кітап қорыларын толықтыру да-маңызды орынға ие.Кітапханадағы қазіргі кітап қоры-18217.Оқырман саны 940

Кітап қоры үнемі жергілікті және атақты ақын-жазушылардың жаңа кітаптарымен, салалық әдебиеттермен толықтырылып тұрады. Кітаптың ауыл өміріндегі орнының өзгеруіне байланысты бүгінгі күні кітапхана тұрғындарды кітап оқуға тартумен қатар,ақпаратқа еркін қол жеткізуін де қамтамасыз етеді.

Кітап пен оқуды алға жылжытуға бағытталған ірі жобалар іске асуда,жаңа технологиялар мен оқырмандарға қызмет көрсету түрлері енуде.

Тұрғындарға құқықтық ақпарат ұсыну-бүгінгі ауыл кітапхансының ең маңызды жұмыс бағыты.Осы орайда,өлкетану бойынша электронды мәліметтер базасын,толық мәтінді құқықтық мәліметтер базасын құрастыру базаларын ұйымдастырылды.

Оқырмандардың өлкетану ақпараттарына деген сұранысы өсіп келеді.Өлке тарихына,ауыл,село,көше тарихына байланысты көптеген деректер жинақталды.

2008 жылы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ұйымдастырған «Ауыл энциклопедиясы» атты сайыс жарияланған болатын. «Ауыл энциклопедиясын» әзірлеу барысында өз ауылының көне тарихын іздестіруде көптеген жұмыстар жүргізілді. Бұған ауыл тұрғындар да атсалысып,көнекөз қариялардан шежірелер жазылып алынды.Ауылдың кешегісі мен бүгінгісі байланыстырылып,ауыл келбеті айқын көрініс тапты. Осы «Ауыл энциклопедиясы»сайысы нәтижесінде мазмұнды,тарихты терең қамтыған ауылдың энциклопедиясы жоғары бағаланды,ауданның әзірлеген бағалы сыйлығына ие болып,бұл «Ауыл энциклопедиясы» ғаламторға жіберілді. «Ауыл энциклопедиясын» жазудағы мақсат-туған өлке тарихын,мәдени мұрасын.өлке шежіресін зерттеп,көпшілікке ұсыну. 2009 жылдың ақпан айында Ақжайық ауданының 80 жылдығына арнап«Ақжайық аудандық тарихи – танымдық анықтамалықтың» авторы Қоспаев Бақтығали Дінішұлымен кездесу кеші болып өтті.

2008 жылы қазан айында жерлес ақынымыз Хамза Есенжановтың 100 жылдығына арнап «Туған жердің адал перзенті» тақырыбындағы байқауға қатысып, үздік әдістемелік көмек құралын дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды. 2009 жылдың қазан айында «Бір ауыл – бір кітап» акциясы аясында Сағынғали Сейітовтың дайындалып 2-ші орын,

2010 жылы Жұбан Молдағалиевтың 90 жылдығына арнап

«Ел жадынан өшпейтін Жұбан ақын» тақырыбында әдістемелік көмек құралы дайындалып 2-ші орындарға ие болып,бағалы сыйлықтармен марапатталды

2010 жылдың қазан айында ауылымыздың әуесқой сазгері,күйші, Батыс Қазақстан күйлерін насихаттаушы Аманғали Қайсағалиевтың

«Ой — өрнек», «Өткенге ізет» кітаптарына ауданаралық тұсаукесер кеші болып өтті.

Ақжайық аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі ұйымдастырылған 2011 жылдың сәуір айында Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтарымыз» атты тақырыптағы шараға сценарий мен әдістемелік көмек құралы дайындалып, бағалы сыйлыққа ие болды.

Ақпараттық технологиялардың дамуы ауыл кітапханаларын да алға басуға ынталандырады,қазіргі күнгі ауылдық кітапханасы заманауи жабдықталған ауыл тұрғындарының ақпараттық көшбасшысы болып табылады.Жаңа жұмыс тәсілдерімен таныстыру,ауыл тұрғындары арасында кітапхананың беделін арттыру мақсатында біршама жұмыс атқарылып келеді.Ол үшін оқырмандарға қызмет көрсету жұмысының инновациялық әдістері бойынша кітап көрмелерін ұйымдастыру,негізгі кітапханалық құжаттарды жүргізу,өлкетану материалдарын цифрлау,оқырмандарды тартудың жаңа әдістері,кітапхананың тақырыптық,шығармашылық шаралар ұйымдастырылып тұрады.

Ауылдың көркеюі,ауыл тұрғындарының ақпараттық мәдениетінің қалыптасуы осы шағын ауыл кітапханасынан бастау алады.Шағын кітапхананы ауылдағы мәртебелі орынға айналдырып отырған ауыл кітапханашыларының еңбегі қөзге көріне бермейтін ұсақ жұмыстардан тұрады Осы жұмысты өз мәнінде жүргізе білу әр кітапханашының жеке қабілетіне,ой-өрісінің кеңдігіне,іскерлігіне тікелей байланысты. Модельді ауылдық кітапхананың мәртебесін арттыру үшін алдағы уақытта әлі де ауқымды жұмыстар атқаруға міндеттенеді.

«Мұхтар Әуезовты оқимыз» атты халықаралық акциясы шеңберінде өткен «Ең үздік иллюстратор» тақырыбындағы облыстық байқауына Сақтай Нұрлыбек қатысып Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының директоры З.Өтешеваның алғыс хатымен марапатталды.

2013 жылдың 28 қазан күні Ж.Молдағалиев атындағы ғылыми-әмбебап кітапхана кешенінде ұйымдастырылған «Ақжайық-өлкем,ғажайып көркем!»атты шараға ауылымыздың әуесқой сазгері, Батыс Қазақстан өлкесі домбырашы-күйшілердің шығармаларын орындаушы және насихаттаушы,«Қарттарым-қазынам» облыстық байқаудың бас жүлдегері,«Ой өрнек», «Өткенге ізет» кітаптарының авторы Аманғали Қайсағалиевтің «Өнер жолы үлгі болар жастарға»атты әдеби сазды қонақжай көрсетілді.Мұнда оның «сегіз қырлы,бір сырлы» екенін дәлелдейтін бейнетаспамен көрсетіліп, «Ой-өрнек», «Өткенге ізет» кітаптарының ролі насихатталды.Сонымен қатар ағамыздың «Келіңіз көріңіз…» бесасық ойынының қыр-сырын ұғындырып,бұл шараның жастар ғана емес ересек жандардың өзін қызықтырды. Кеш соңынан ағамыздың өзі шығарған бірнеше әндері орындалды.

Осы жылдың 28 қарашасында «Ақпараттық технологиялар дәуіріндегі ауыл кітапханаларының келбеті» атты облыстық конференция ұйымдастырылып, оған «Ақпарат әлеміне қолжетімділік» тақырыбымен озық тәжірбие көрсетіп Ж.Молдағалиев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Р.Ж.Исатаеваның алғыс хатымен Ермуханова Л.Б марапатталды.

«БОЛАШАҚТЫ БІРГЕ ЖАСАЙМЫЗ» КОНКУРСЫ

«Болашақты бірге жасаймыз»


БҚО, Ақжайық ауданы ,Мерген ауылы

Мерген орта жалпы білім беретін мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі Нигметова Маншук Ханзадақызы

Кітап білім бұлағы. Кітап білімнің қайнар көзі. Онсыз, яғни кітапсыз өмір сүру XXI ғасырда мүмкін емес екендіге мәлім. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетелейді. Әр адам кітаптың бетің ашқан сайын оның әлемінің тылсым табиғаттын, жаңа құндылықтарды үйренеді . «Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол» деп текке айтылмаған. Кімде де болса білімділікке сәл-пәл болсада құштарлығын дамытуға көмектеседі. Кітап оқыған адамның шетте калмасы анық.

Қазіргі заманың техниканың дамуына байланысты «кітапханалардың болашағы жоқ» деген сөздің қисыны келмейді. Себебі, компьютер адамның денсаулығыны, әсіресе көзіне зиян. Егер кітапхана болмаса бізден көз қалама. Сондықтанда болашақ адамның өз қолында — кітапхананың әлі де болса маңызы бар екенің дәлелдейік.

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» — деген еді Ғабит Мүсірепов.
Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. «Кітап маған тақтан да қымбат», — деп атап көрсеткен Шекспир.

Біз бастауыш буындарды кітаптың асыл да , қымбат қазына екенін бойларына сіңіруіміз керек деп ойлаймын. Өйткені өскелен ұрпақ , ертеңгі ел тірегі. Біз болашақты мына өсіп жетіліп келе жатырған бүлдіршіндердің арман қиялдарымен көреміз. Сондықтан балаларымыз білікті де , білімді болсын десек оларды кітапқа дос етіп тәрбиелеуіміз керек. Кітапқа деген баланың қызығушылығын арттыру. Менің ойымша қазіргі кезде оқырман баланың қызығушылығын арттыру үшін «балабақша — мектеп – кітапхана – мұғалім – ата – ана» деген ара – жігі ажырамайтын схемамен жұмыс жасау қажет. Бала балабақша табалдырығын аттаған күннен бастап кітаптың құдіретін ұғындыру. Жыртпауға, сызбауға, боямауға үйрету.

Бастауыш сынып ұстаздары алдарында отырған бүлдіршіндерді 1- сыныптан бастап кітапқа деген қызығушылықтарын арттырып отыруы тиіс. Мектеп кітапхансымен, қала берсе ауылдық кітапханасымен тығыз байланыста болуы керек. Әр сабақтарда оқушының қандай қосымша кітаптарды оқыдың? Оның мазмұнын айтқызып сыныптастарының алдында мені мына оқушы әдеби кітаптарды көп оқиды өйткені сөздік қоры молайған деп мадақтап отырсақ , ертесіне қасындағы құрбылары да өзінің қандай кітап оқып жүргенін айтып отырады. Балаларға әр кез сіздер ертегі немесе басқа да қосымша кітаптарды оқысаңдар тілдерің жатығып, сөздік қорларың молаяды деп айта отыру керек. Кітап оқыған да сыныптың білім сапасы жоғарылайды, жолдастық сезімі оянады.Рухани жан дүниеге демеу беріп, адамның адами қасиетін арттыратын да осы кітап.Сондықтан кітап оқу әр адам үшін қажет,кітап көбірек алғыр ойлауға баулып,албырт сезімді тежеуге,ішкі барлық ойлау және сезіну қабілетімізді қалыптастыратын сезім тәрізді ми гимнастикасы болып табылады.Кітаппен шындап жұмыс істей алмау біреулердің кітапқа деген сүйіспеншілігін мұқалтса,енді біреулерді жүйесіз,ойланбай оқуға әкеліп соқтырады. Ол үшін оқу мәдениеттілігін игеру керек.

Оқу дегеніміз — бұл кітап мазмұнымен танысып, автордың кітаптағы ойын ұғыну,Оқу — бұл графикалық белгілермен берілген басқа біреудің ойын меңгеру.Оқу мәдениеттілігі алдымен оқуға деген көзқарас қалыптастырудан, оқырманнан кітап арқылы әлемді танып және оқудан өзіне пайда ойлауға тырысуынан басталады.Басқаша айтқанда,оқырман кітапты жеңіл уақыт өткізу үшін емес,өздігінен білім алып, өз еңбегін ұйымдастыруға және жетілдіруге пайдаланған жөн.

Кітап — ол дос, жұбатушы, басшы,біздің түсініксіз және белгісіз болып қалған ойымыз бен сезімімізді қалыптастыруға көмекші; кітап өзінің мазмұнымен нәр татқызып,рухани қолдау береді.Болашаққа жаңа ғана қадам басқан баланың оқуына ата-ана мен мұғалім бірлесе отырып басшылық жасап, бағыт беріп жіберу қажет.Оқушыны өз бетімен кітап оқуға үйретуде оқушы сауаттанады, сөз қоры ұлғаяды, ойын еркін жеткізе алады. Сөйлегенде мәдени, әдеби тілде көптеген сөздердің баламасын тауып айтып, өз ойы бойынша мазмұндап айта алады. Көркем әдебиетті үнемі оқитын оқушылар суреттер бойынша сөйлегенде шешендік қабілеттерін де көрсете біледі сөз таңдай алады.

Оқушыны өз бетімен кітап оқуға үйрету, оны қалыптастыру оқушыны өмірге дайындаудың негізі болып табылады. Міне сонда ғана біз болашықты бірге жасауға өз үлесімізді қоса аламыз. Өйткені болшақ мына өскелең ұрпақ, бүлдіршіндеріміз сауатты , білімді, білікті болса еліміздің алдыңғы қатарда болары сөзсіз.

«БОЛАШАҚТЫ БІРГЕ ЖАСАЙМЫЗ» КОНКУРСЫ

«Балықтар. Қосмекенділер»


Ақтөбе облысы. Хромтау ауданы

Аққұдық орта мектебі

Бастауыш класс мұғалімі

Сагиндыкова Асемгуль Сабыржановна

Дүниетану (1-3 сынып)

Өткізген: Сагиндыкова А.С.

Сабақтың тақырыбы: «Балықтар. Қосмекенділер»

Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: Оқушылардың балық түрлерін білуге, саны азайып бара жатқан балықтар, балық шаруашылығы, балықты қорғау туралы түсінік беру, білімдерін арттыру.
ә) дамытушылығы: Оқушылардың іскерлігі мен танымдық белсенділігін, зейінін, шығармашылығын дамыту.
б) тәрбиелігі: Оқушылардың экологиялық тәрбие беру, ізденімпаздыққа, мейірімділікке және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты таныстыру
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сурет, салыстыру
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызбалар, слайдтар, музыка, сергіту сәті.

Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен амандасу
ә) оқу – құралын тексеру

Сәлемдесейік иіліп,

Жылы жүзбен жымиып.

Қызығы мол сабақта,

Ойнайық та, күлейік.!

ІІ.Психологиялық дайындық

Қорқытпаймыз құстарды

Қызықтаймыз ұшқанды.

Үркітпейміз аңдарды,

Жасамаймыз дұшпандық

III.Үй тапсырмасын тексеру:

Сөзжұмбақ:

1.Үй құсы

2.Тау құсы

3.Өте сақ құс

4.Орман дәрігері

5.Ең әдемі, сұлу құс

6.Адамдарға өте жақын жүретін құс

— Қане, балалар қандай сөз шықты (құстар)

Үй жұмысын тексеру (құстар туралы )

3-класс 1-класс

  • 3-класс
  • Құстардың қандай түрлерін білесіңдер? Әңгімелеп бер.
  • Құстар туралы ауа райы болжамдарын айту
  • 1- класс
  • Құстар неше топқа бөлінеді? Құстар балапандарын қалай азықтандырады?
  • Үй құстарын бағып-күту жөнінде әңгімеле.

Ауа-райы болжамдары:

1.Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді.

2.Қарға қарқылдаса, қар жауады

3.Көкек қатты, әрі жиі шақырса-күн жылиды.

4.Қарлығаштар аспанда самғап ұшса, күн ашық болады.

5.Ерте көктемде қарға суға шомылса, күн жылиды. т.б.


ІV. Қызығушылықты ояту сатысы:

Ал енді келесі жұмбақты шешесіңдер. Бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы да осы жұмбағымызбен байланысты:
Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт айламен ұстайды. (Балық)

Бүгін біз жануарлар әлемінің бір түрі – балықтармен танысамыз. Балықтар қайда тіршілік етеді?
— Суда.
— Судың қандай түрі бар, есімізге түсірейікші?
Мұхит Теңіз
Өзен Көл.

V. Мағынаны ажырату сатысы
Мұғалімнің түсіндірмесі:
Балықтар дүние жүзіндегі кез келген су қоймасында (мұхит, теңіз,көлдер,өзендерде )тіршілік етеді.Балықтар — омыртқалы жануарлар. Балықтар тек суда ғана тіршілік етеді, сондықтан олардың дене пішіні мекен ететін орны мен тіршілік жағдайларына байланысты алуан түрлі болып келеді. Енді балықтың сыртқы құрылысына назар аударайық.(Балықтың суретін көрсету)
1.Балықтардың денесі қабыршықтан тұрады.
2.Балықтар өмір бойы желбезек арқылы тыныс алады.
Бастың артқы және бүйір жағында жалпақ желбезек қақпалары болады. Желбезектер осы қақпақтардың астында орналасқан.
3.Жүзбе қанаттары тепе-теңдікті сақтап,бағытын анықтай алады,яғни балықтың жүзу кезіндегі түрлі қимылдары, олардың қанаттарының түрліше қозғалуына байланысты. Балықтар қос қанаттары арқылы су ішінде денесін бұрып отырады. Егер қос қанаттарын денесіне таяп байласақ, олар бауырын судың бетіне қаратып қалқып су бетіне шығады
4.Балықтардың ілгері қарай қозғалуына құйрық қанаты басты органы болып табылады, ол денені басқару қызметін атқарады.
5.Барлық сүйекті балықтардың торсылдағы болады.Ол судың төмеңгі қабаттарына дейін баруға мүмкіндік жасайды.
Балықтардың адам өміріндегі маңызы өте зор. Балықтан тамақтық продуктылар өндірумен қатар тіршіліктік маңызы бар пайдалы витамин, қоректік ұн тыңайтқыштық түктер де өндіріледі.Жылына миллиондаған балықтар ауланады да,балықтардың саны азаюда.Сондықтан арнайы су қоймаларында балықтар қолдан көбейтіледі.

6.Бекіре балықтарында сүйек болмайды. Олардың етінен әр түрлі балық тағамдарын және ысталған тағамдар әзірлейді. Бекіре еттері көптеген тағамдар әзірлеуге жарайды. Бекіре тек Каспий теңізінде, Еділ мен Жайық өзендерінде ғана мекендейді. Ұзындығы 5 м-дей, салмағы 200 кг-га дейін. Бекіре тұқымдас балықтардың ішіндегі семізі және еті жұмсағы. Бекіре балықтары саудаға суытылған, мұздатылған және ысталған түрде түседі, сонымен қатар оны балық өнімдерін және әр түрлі балық консервілерін өндіруде қолданады.
7. Балықты кез келген жерден аулауға болмайды және кез келген адам балықты аулай алмайды оған әдейі рұқсат қағазын алу керек. Тек қана бекіре емес балық түрлері өте көп.
Шортан, жайын, көксерке, алабұға, дельфин, аққайран, сазан, кит
8.
9. Оқулықпен жұмыс:
Мәтінді түсіндіру.Тізбектеп оқыту

10.
11.Сергіту сәтін өткізу.

VI. Ой толғаныс сатысы.

Алабұға
… Жолаң-жолаң сауыры,
Балықтың бұл тәуірі.
Екі көзі сап-сары,
Ауыра ма бауыры.
Алабұға үйірі
Сияқты бір иірім.
Қоңыр-жасыл жотасы,
Жасыл-сары бүйірі…

Жайын
… Білем десең, біліп көр.
Қармағыңа іліп көр.
Жайын үшін сөз бе екен.
Бақа, шаян, сүліктер.
Толағайы толағай,
Және мешкей, қомағай.
Түсе қалса қармаққа,
Әрең тартар он ағай…

Сазан
… Айқайлама, ұрыспа,
Тіпті аңырын тыныста,
Сазан нағыз сақ балық.
Жоламайды дыбысқа…

Ойын: «Мейірімді жүрек»

Тау суындай мөлдір болыңыз, табиғаттай мейірімді болыңыз, раушан гүліндей әдемі болыңыз, бұлбұлдай әнші болыңыз, күндей күлімдеп жүріңіз, жұлдыздай жарқырап жүріңіз, аққу құсындай бақытты болыңыз, өміріңіз ұзақ болсын!

Открытый урок 1-3 класс.docx

Открытый урок 1-3 классе.pptx

«БОЛАШАҚТЫ БІРГЕ ЖАСАЙМЫЗ» КОНКУРСЫ

Физика сабағында деңгейлеп оқыту технологиясын пайдаланып, білім сапасын көтеру


Қостанай облысы Таран ауданы
Таран ауылы Таран ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің №1 орта мектебі
Құлмағанбетова Күлсара Шамшенқызы І санатты Физика пәні мұғалімі

Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі прогрессивті реформаланып, әлемдік білім кеңістігіне енудің алғашқы қадамдарын басып келеді. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымның теориясы мен оқыту үрдесі де түбегейлі өзгерістерге ұшырау үстінде. Соған орай оқытудың парадигмасы өзгереді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болады.

Осыған орай оқытудың деңгейлеп оқыту технологиясын өз тәжірибеме қолданып жүрмін.

Педагогикалық – технологияның ерекшелігі:

Оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізуге оқу ақпараттары көлемінің ұлғаюы,оқушыларға түсетін «салмақтың» артуы себеп болды.Деңгейлеп оқыту — оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес,оқушыларға қойылатын талаптардың әр түрлілігі арқылы жүзеге асырылады. Оқушы өз бетімен білім алып, өзін-өзі басқару арқылы өз бетімен дами алатын тұлғаға айналады.

Үлгермеушіліктен құтылып, мемлекеттік стандарттың ең аз қажетті мазмұнын меңгеруге кепілдік береді.

Оқушының жеке қаблетіне сәйкес бағытта шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай туады.

Оқыту үрдесінің барысында әр оқушының белгілі бір мерзім аркалығындағы дамуын үздіксіз қадағалайтын мониторинг жүргізуіне мүмкіндік туады.

Оқушы жеке қаблетіне сәйкес бағытта «өмір бойы білім ала алатын тұлғаға» айналады.

Қазіргі кезде мектептерде барлық оқушыларға бір өлшеммен қарау әлі де басым орын алып отыр. Ал аталған технология оқушылардың өз бетінше білім алу барысында олардың жеке қабілеті мен мүмкіндіктеріне, қызығушылығына, психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім деңгейіне жетуіне жетелейді.

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты : Әр бір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етуі.

Бастапқы ғылыми идеялар:

1.Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді.

2. Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

3. Деңгейлеп-саралап оқыту құрлымында білімді игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады : ең төменгі (минималды базалық) бағдарламалық, күрделенген деңгей.Базалық деңгей — мемлекеттік стандарт бойынша анықталған ең төменгі шек.

Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.

4.Оқушының жеке тәжірибесіне негізделген деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болу үшін :

— жеке тұлға ерекшеліктеріне;

— психикалық даму ерекшеліктеріне /есте сақтау қабілетінің ерекшеліктеріне , ойлану қабілеті, зейін ерекшелігіне,өзінің эмоциясын басқара біліуіне/;

-пән бойынша білімді игеру деңгейіне /оқушының білімімен іс-әрекет тәсіліне назар аударып, көңіл бөлу керек.

Оқушы мен мұғалім іс-әрекетінің жүйесі:

Кезеңдер Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Дайындық Оқушылардың оқу материялын базалық, бағдарламалық, күрделенген деңгейлер бойынша меңгеруін анықтау
Диагностикалық Білімді меңгеру деңгейін анықтайтын тапсырмаларды дайындау. Оқушылардың білімді меңгеру деңгейін диагностикалау. Оқушылардан сауалнама алу, сынып жетекшілерімен, оқушылар және олардың ата-аналарымен әңгімелесу. Диагностика нәтижелері менөз қызығушылықтары

негізгі пәнді оқу деңгейі таңдалады. Оқушы өзіндік таңдау жасайды.

Оқушыларды

топтарға бөлу

Оқушыларды топқа бөлуді ұйымдастыру:әр топ үшін оқу мазмұнын анықтау. Әр деңгейде оқытуға қойылатын нақты талаптардыдайындау. Дайындалған талаптарды оқушыларға ұсыну. Белгілі топты оқушының таңдауы.Топтардағы оқыту.

Талаптарының жобасын талқылауға қатысу.

Деңгейлеп оқытуды жүзеге асыру кезеңі Оқушылардыңтоптардағы жұмысын ұйымдастыру Таңдалған топта өзінің оқу іс-әрекетін ұйымдастыруы.
Деңгейлеп оқыту жағдайында білімді меңгерту нәтижелерін бағалау кезеңі Атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша оқушыларды бағалау

/кері байланыстың дұрыс орнауы,жүзеге асуы.

Жеткен нәтижелер бойынша өзара бағалауды және өзін-өзі бағалауды жүзеге асыру.

Жалпы, менің оқытудағы өз проблемам оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі-оқушыларға деңгейлік тапсырма беру.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында өз іс тәжірибемде жаңа технологияларды қолданамын. Соның ішінде Ж.Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту әдісін пайдаланамын. Деңгейлеп оқыту технологиясының өзіндік ықпалы зор. Оқушыларға өздік жұмысын ұйымдастырып өткізуге көмегін тигізеді. Оқушылар өздік жұмыстарын орындап, білімдерін мониторингтік жүйе арқылы өздері бағалап, диагностикалауға қол жеткізеді. Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы мынандай 4 түрге бөлінген:
1) репродуктивтік деңгей-жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты.
2) алгоритмдік деңгей-мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпараттыпайдалана отырып орындайды.
3) Эвристикалық деңгей оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді.
4) Шығармашылық деңгей-оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді. Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады. Мысалы:

9 сыныпта Бүкіл әлемдік тартылыс тарауын қайталау мақсатында өткізген сабағымның құрылымы ұжымдық оқыту, саралап, деңгейлеп оқыту. Тарау бойынша топқа бөліп, әр топқа осы тақырып бойынша деңгейлік тапсырмалар беремін.
І-деңгей:
мынадай сұрақ беремін: Бүкіл әлемдік байланыс принципі, физика заңдылығының жалпыламалығы. Проблемалық сұрақтар беремін.
1. Неге жер күнге құлап түспейді?
2. Жердің өз осінен айналуының пайдасы мен зияны
3. Қай жерде салмақ артық, полюсте ме, экваторда ма?
ІІ-деңгейде: есептер шығарылады: өте жақсы оқитын оқушылар С белгісімен белгілен. Жақсы оқитындарға В белгісі, нашар оқитындарға А белгісіндегі есептер беріледі.
ІІІ-деңгейде: жазу мен сызуды ой тұрғысынан ойлаудың Венн диаграммасын қолданамын. Жер мен Күн ұқсастығы.
ІV-деңгей: шығармашылық есептер, мәнжазбаларын қорғап шығады.
11 сыныпта өткізген «электромагниттік тербелістер» тақырыбында деңгейлеп оқыту әдісін қолдандым.
І деңгей бойынша есептер графопроектор арқылы түсіндіріледі.
ІІ деңгейде сұрақтар беріліп, тест тапсырмалары беріледі
ІІІ-деңгейде күнделікті өмірден мысалдар келтіру.
ІV деңгей бойынша шығармашылық деңгей өздері құрастырған сөзжұмбақтарын шешеді.
9 сыныпта«Реактивті қозғалыс» тақырыбын өткізгенде көрнекі мысалдармен түсіндіремін.

Тәжірибелік тұрғыдан оқушылардың назарын зымыран жасау тарихында туындаған проблемаларға аударамын. Бұл жерде ғарышты игерудегі Циолковскийдің, С.П. Королевтің еңбектеріне тоқталып, ғарышқа сапар шегіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысқан ғарышкерлер Ю.Гагарин,Тоқтар Әубәкіров, Т. Мусабаев еңбектерін баяндаймын.
8 сыныпта«Электр құбылыстары» тарауын қорытындылау сабағымда да деңгейлік тапсырмалар.
І –деңгей бойынша сұрақтар 13 сұрақ қойылады. 13 сұраққа 5 балл беріледі.
ІІ деңгей бойынша семантикалық карта толтыру. Оқушы өзі ізденіп картаны толтырып береді. 10 балл

ІІІ деңгейде денелердің электрленуіне мысал келтіру. Денелерді электрлендірудің зиянды жақтары 15 балл
IV деңгей бойынша шығармашылық деңгей өздері дайындаған мән жазбаларды қорғап шығады. 20 балл.

Есептер шығару барысында оқушы физикалық шаманы есептейді және заңдар мен заңдылықтарды тағайындайды. Оқушыларды олимпиадаға дайындауға эксперименттік есеп беріп отырамын. Оқу әдісін қайталау, пысықтау сабақтарында сөзжұмбақты оқушылардың білімін бағалау үшін пайдаланамын. Үлкен тақырыптар мен тарауларды қайталағанда оқушыларға үйде осы тақырып пен тарау бойынша сөзжұмбақ құрастырып әкелуді тапсырамын. Мұндай тапсырманы оқушылар бар ынтасымен орындайды.

  1. Осы тұрғыда физика пәні бойынша диагностикалық әдіспен оқушының ойлау-логикалық қабілетін зерттедім. әр тарау бойынша берілген деңгейлік тапсырмалардың тиімділігі сол тоқсан аяғында жақсы көрсеткішке жетті.

Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушыларды физика пәніне қызықтыру көрсеткіші.( соңғы 3 жыл)

сыныбы 2010-2011 2011-2012 2012-2013
1 7 35,7
2 8 38,4
3 9 42,1
  1. Әрине, тиімді де орынды пайдаланылған педагогикалық технология сапалы білім негізі бола алады. Бүгінгі шәкірт ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі. Мұндай сабақтарда оқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлігі қалыптасады. Болашақ өмірінде белгілі бір кәсіби мамандықты таңдап алуға септігін тигізеді.

ҰБТ-ге қатысқан оқушылар нәтижесі:

Барлық оқушылар саны Қатысқандар саны Орташа балл Білім сапасы Үлгірімі
11 сын. ҰБТ

ҰБТ

ҰБТ Оқу жылы ҰБТ Оқу жылы ҰБТ
2006-2007 10 2 14 45% 100% 100% 100%
2009-2010 8 1 13 48,3% 100% 100% 100%
2010-2011 10 3 16 50% 100% 100% 100%
2011-2012 5 5 16 80% 80% 100% 100%

2011-2012 оқу жылында бір оқушы «5»-ке тапсырып «Алтын белгі» иегері болды.

Қорытынды:Деңгейлік оқыту оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамытумен қатар, оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді.

Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылар арасында жарысу жағдайын туғызады және әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкесті жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасайды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
  2. “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2011 ж
  3. «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2012 ж
  4. Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 – 2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
  5. “Физика” журналы №4, 2009
  6. “Қазақстан мектебі” журналы №8, 2008

Конференция Областной.rar (25506624)

Кулмаганбетова Г..doc