Category Archives: Хабарландыру

ТОПТАМА № 5 — МАТЕРИАЛ, КВИТАНЦИЯ ЖІБЕРІҢІЗДЕР.


Материал қабылданған соң PDF нұсқасы әзірленеді, мазмұны жарияланады.

Материал қабылданды, төленді деп белгілемейтін болдық. Бірден мазмұны және PDF нұсқасын қараңыздар. PDF нұсқасы баспаханаға жіберіледі. Келген материалдар күнделікті қосылып отырады.

Материалды hat@45minut.kz почтасына жіберіңіздер.
Материал қабылдау және төлем жасау мерзімі: 01.10.2014 ж-12.10.2014 ж

Толық ақпарат оқу үшін: http://45minut.org/toptamalar/toptama5/

«Өрлеу» Ұлттық орталығы» АҚ-ның Директорлар кеңесінің төрағасы Мұрат Абдуламитұлы Әбенов мырзамен Интернет-конференция


Мұрат Әбенов, Мурат абенов15.09.2014 жылдан бастап SZH.KZ- Сұрақ-Жауап сайтында елімізге танымал тұлғалармен интернет-конференциялар сериясын ұйымдастыруды бастады. Көкейіңіздегі сұрақтарды қойып, оған ресми тұлғалардан жауап алуыңызға болады. Интернет-конференцияның алғашқы қонағы – Мұрат Әбенов мырза.

Мұрат Әбенов мырзаға білім саласы мен қазақ тілінің мемлекеттік құрылымдардағы дамуына, оның интернеттегі рөліне қатысты сұрақтарыңыз болса, қойыңыздар.

Сұрақты сайттағы арнайы Интернет-конференция үшін ашылған Мұрат Әбенов санатын таңдап қоюларыңызды сұраймыз.  Ескерте кетейік, сұрақтар 19.09.2014 ж дейін ғана қабылданады және олар жоғарыдағы тақырыптарға ғана қатысты болуы керек.

Интернет-конференция «Қазақстанның Интернет Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жүзеге асып жатыр.

Арнайы 45minut.kz қолданушылары үшін хабарландыру: 45minut.kz Республикалық ұстаздар сайтының қолданушылары Редакция атынан сұрақтарын қоюға болады. Редакция атынан сұрақ қойылған кезде сұрақ қоюшының аты-жөні көрсетілмейді және құпиялылық сақталады. Редакция атынан сұрақ қою үшін redaktor@45minut.kz почтасына хат жолдаңыз… Читать далее

Ресми ақпарат. Сертификат, алғыс хат, топтама құжаттарының заңдылықтары және Редакцияның ресми почтасының іске қосылуы туралы


Республикалық 45minut.kz-45minut.org басылымы тарапынан қызмет көрсетудің сапасын арттыру және нақтылау мақсатында өзгертулер енгізілді. Бұл өзгертулерде Қазақстан Республикасының БАҚ туралы заңы және Білім және ғылым саласындағы аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкестігі басты назарға алынды. Читать далее

РЕСМИ АҚПАРАТ


nn20142015

Құрметті Ұстаздар! Жаңа оқу жылы басталуымен құттықтай отырып, Сіздер үшін қызмет атқаратын Республикалық 45minut.kz — 45minut.org басылымының ресми ақпаратымен таныстырамын.

1. Қызмет көрсету саласында сапалылық, жауапкершілік, кәсібилік шарттарына лайық болу мақсатында 2014-2015 оқу жылы үшін редакцияның ресми және ерікті тілшілері жасақталды.
Ресми тілшілермен таныс болыңыздар, байланыс ақпараттарына хабарласып тапсырыс берулеріңізге болады.
Ресми тілші дегеніміз:
Белгілі аумақта редакция атынан ресми түрде қызмет атқаратын редакция қызметкері. 

Ресми тілшілер — Қызметтік мөр (печать), сертификат, алғыс хат, марапаттау беру құқығы, редакция атынан семинар, жиналыстар, жиындар ұйымдастыру, мекемелермен, ұстаздармен байланыс орнату, газет номерлерін, топтамаларды жергілікті аумақта баспадан шығару және тағы басқа да ресми мүмкіндігі болады.

Ерікті тілші дегеніміз: Редакциямен тікелей жұмыс жасайтын тілшілер.

БАҚ өкілі — Тілшілікке қабылдану шарттары үшін: http://45minut.org/pressa/ адресінде толық ақпарат жазылған.

2014-2015 жылға белгіленген ресми тілшілер тізімі

  • Аймурзин Темірбек Жұмагелдіұлы — Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша ресми тілші
  • Оразов Жүсіп Бектілеуұлы — Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ресми тілші. Тел: 8 705 236 3049. E-mail: zhusip.orazov@mail.ru

2014-2015 жылға белгіленген ерікті тілшілер тізімі 

  1. Әбдіков Темірхан Қыстаубайұлы — Ж. Байғұттиева атындағы өнер мектебінің тәрбие ісінің орынбасары, Арыс қаласы
  2. Кулымбетова Асмагул — Қызылорда облысы
  3.  Спанова Гулнар — Ақтөбе қаласы. Тел:  8 701 425 1753
  4. Cаймағанбетов Берік Рахманұлы — Қызылорда облысы
  5. Сапарова Лаура Асылбекқызы. Атырау облысы, Мақат ауданы Х. Санбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі. E-mail: saparova7878@mail.ru
  6. Сембі Жансая Хасанқызы. БҚО. Теректі ауданы. Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Е-mail : Sembi74@mail.ru
  7. Ережепова Гүлмира Бақтыгерейқызы. Ақтөбе қаласы. Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде математика пәнінің оқытушысы. E-mail: gulmira.yerezhepova@mail.ru
  8. Жұрмағамбет  Қобылан Қалтайұлы. Ақтөбе қаласы №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің тарих пәні мұғалімі. E-mail: kobylan@inbox.ru
  9. Жақсылықова Әлия Бекболатқызы. Ақтөбе қаласы, Есет батыр атындағы АОМКЛИ-ның қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі.  Телефоны: 87057446097, 87025392622 Е-mail: aliyarahat1978@mail.ru

БІЗ ҰСТАЗДАР ҮШІН ҚЫЗМЕТ ЕТЕМІЗ


Құрметті Ұстаздар! Ұстаздар үшін ашылған республикалық 45minut.kz басылымының ресми ақпараттарымен таныс болыңыздар. Редакция алқасы жазғы демалыстан кейін қалыпты жұмысын жалғастырады.

Жазғы демалыстардан кейін оқу жылы басталуы қарсаңында Ұстаздар үшін редакция тарапынан атқарылатын қызметтерімізде жұмыс жоспары нақтыланып, өткен жылдардың тәжірибесіне сай жұмыстар нақтыланды. Атап айтқанда, қызмет көрсету сапасын арттыру және тиімділігін нақтылау мақсатында жанашыр Ұстаздардың ұсыныстары ескерілді. Редакция жұмысына жанашыр ұстаздарымыздың болуы Ұстаздар үшін атқарылатын қызметтерімізде ерекше ынта сыйлайды және сапалы қызмет атқаруға талпындырады.

Редакцияның жаңа жұмыс жоспарымен таныс болыңыздар:

  1. Материалдар жарияланымы және сапалылық деңгейі
  2. Сертификаттар, топтамалар, әдістемеліктердің уақытылы әзірленіп, жеткізілуі
  3. Редакция тілшілерінің жаңа құрамы және аймақтық тілшілердің ерекше мәртебелері
  4. Оқушыларға арналған жеке ақпараттық онлайн ресурс
  5. Ұстаздарға арналған «Жаңа білім жаңа ғасыр» конкурсының жалғастыру және онлайн негізге оңтайластыру
  6. Іс-тәжірибе алмасу бағыты бойынша жаңа ақпараттық, білім беретін ресуртармен шығармашылық байланыс орнату

ОҚО облысы. «Қазақстан — 2050» стратегиясы: «Бір халық — бір ел — бір тағдыр» өнер фестивалі


oko_logo

ОҚО облыстық мектеп, аудан \қала\ мектеп оқушылары

арасында өткен «Қазақстан — 2050» стратегиясы:

«Бір халық — бір ел — бір тағдыр» — айдарымен өнер фестиваліндегі

қазылар алқасының қорытындысы бойынша

Ш Е Ш І М І

ОҚО облыстық білім басқармасының 2013 жылғы №1321 бұйрығы негізінде наурыз-сәуір айларында облыстағы мектеп оқушылары арасында «Қазақстан — 2050» стратегиясы: «Бір халық — бір ел — бір тағдыр» — айдарымен өнер фестивалі өткізілді.

Фестивальдің мақсаты: Қазақстан балаларын елжандылыққа баулу, қазақтың рухани ұлттық құндылықтары – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауын, туған елдің тарихын, мәдениетін ұрпақтар арасында насихаттау, бойында рухани өнері бар балалардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау, оларды сахна төріне шығарып одан әрі дамыту.

Жыл сайын өткізіліп, дәстүрге айналған, облыс көлеміндегі жалпы білім беретін мектептер арасында өткізілген өнер фестивалінде бірнеше ұжымдар сарапқа салынып, іріктелді. Түрлі таланттарды жарыққа шығаратын өнер сайысы барысында аса белсенділік танытқан аудандар жүлделі орындарға ие болды. Читать далее

Жариялануға әзірленудегі жаңалықтармен таныс болыңыздар:


  • Республикалық конкурстың 2014 жылдың оқу мерзімінің аяқталуына орай қорытынды нұсқасы

  • Матрица.КЗ басылымымен бірге өткізілген конкурс қатысушылар тізімі және нәтижесі

  • 45minut.kz Республикалық газетінің кезекті нөмірлері

  • Технология, бейнелеу, сызу пәндері бойынша 5-11 сынып оқушыларына арналған шығармашылық жобалар байқауы

  • Атыраудағы конференция

  • БҚО облысындағы семинар және конкурс

  • Қызылорда облысы семинарының № 2 топтамасы

« Older Entries