ХАБАРЛАНДЫРУ


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАСЫЛЫМ ЖАНАШЫРЫ ТӨСБЕЛГІСІ

Құрметті Ұстаздар! Республикалық 45minut.kz басылымына 2017 жылға «БАҚ өкілі — Тілші» қабылдау жүргізілуде. 

«БАҚ өкілі — Тілші» болу үшін hat@45minut.kz почтасына резюме жіберіңіздер.

Сұрақтар бойынша 87770876843 (Whatsapp) арқылы редакция нөміріне хабарласыңыздар. 

«БАҚ өкілі — Тілші» қатарына қабылданған ұстаздарға арнайы төсбелгі беріледі.

Реклама

Педагогикалық әдіс. «Шабуыл мен Қорғаныс»


Жамбыл облысы Шу ауданы Көктөбе ауылы
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
«Жамбыл атындағы орта мектебі» КММ
Тарих пәні мұғалімі: Джумабеков Данияр 1 санат

Мен бүгін мектепте қайталау сабағына арналған жаңа әдіс тәсіл ойлап таптым. Тәжірибеден өткізіп қолданып көріп едім,  керемет шықты. Қайталау сабағына қатыспаған бір оқушы қалмады.

Педагогикалық әдіс.  «Шабуыл мен Қорғаныс»

Оқушыларды бес топқа бөліп алдым. Әр топта бес оқушыдан менде негізі. Еденге бормен шеңбер сызамын да ортасына бір орындық қоямын. Сосын ортаға бір оқушыны шақырып отырғызамын сол орындыққа. Сосын барлық топқа сіздер үш парақ қағаз шығарып үшеуіне үш түрлі сұрақ жазып мыжып алдарыңызға қойыңыздар деп тапсырма бердім. Бірінші топқа шабуыл дегенде олар қолындағы үш ішіне сұрақ жазылып мыжылған қағазды шеңберге түсіру керек. Орындықта отырған оқушы шеңбердің ішіне түскен барлық сұраққа жауап беріп өз тобының беделін қорғайды, лақтырғанда шеңберге түспей қалған, түсіп тұрып шығып кеткен сұрақ жазылған қағаздарға жауап бермейді. Егер орындықта шеңбердің ортасында отырған оқушы жауап бере алмаса, сұрақтарды лақтырған топтың оқушылары қамалды жаулап алды деп еспетеліп орынын босатып береді. Егер шеңберге түскен барлық сұраққа жауап берсе ол жеңімпаз қорғаушы болып келесі шығатын топтан оқушының атын атап шақырады. Ойын осылай топтан топқа алмасып жалғасып кете береді.

Ескерту. Рабочий шум міндетті түрде болады. Сабақ қызық әрі тез біткенін білмей қалып оқушылар: «Уақыт бітіп қалды ма?» — деп ойын сабаққа деген қимастықпен шықты.

Республикалық семинар туралы видео материал


03.12.2016 жылы Қостанай облысы, Таран ауданы, Новоильинов мектебінде Республикалық семинар өткізілді. Мектептің шығармашылық белсенділігі жоғары дәрежеде.
Мектеп ұжымы видео материал әзірлеп, Мектептің әлеуметтік желісінде жариялады.
Ұстаздар үшін үйренетін іс тәжірибе

Мектептің әлеуметтік желідегі адресі: https://vk.com/clubschool34456

«Эстафеталық сұрақ»


Жамбыл облысы Шу ауданы Көктөбе ауылы
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
«Жамбыл атындағы орта мектебі» КММ
Тарих пәні мұғалімі: Джумабеков Данияр. 1 — санат

Құрметті әріптестер. Сабақ беру барысында жаңа әдіс ойлап таптым. Атын «Эстафеталық сұрақ» деп қойдым. Бұл әдіс тәсілім үй тапсырмасын еске түсіру мен талдауда, жинақтауда сәтті нәтижесін көрсетті, үш сабақта Блум бойынша және үш бөлімінде де сынап көрдім. Нәтижесі керемет болды. Бұрынғы үйренген әдіс тәсілдерден шаршаған оқушыларға жаңалық болды. Читать далее

“Білім болашаққа бастар жол” тақырыбындағы республикалық семинардың қорытынды материалы


Гүлмира Мұратқызы Наурызбаева,
Түркістан қаласы, Некрасов атындағы
№9 мектеп-гимназия директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

“Газет – халықтың құлағы, көзі һәм тілі”деп, А.Байтұрсынов айтқандай, әлеуметтік желі бойынша Қазақстанда (әлемде) белді, белгілі, танымдық сайттар қарқынды дамуда. Соның ішінде ұстаздардың төл басылымына айналған Серпіліс газеті, 45minut.kz газеті мен сайттарының атқарған өрелі істерін ерекше айтып өтуге болады. 45minut.kz  сайтында ұйымдастырылатын байқаулардың, Акцияның ҚР бойынша қатысушы мұғалімдері бір-бірімен тәжірибе алмасып, танысып, достасып ара жіктері ажырамай қарым-қатынастары өз ара нығаюда. Осы жылдың қаңтар, ақпан айында өткізілген байқау мұғалімдердің еңбегін кең тұрғыда таратып, сабақтан бөлек оларды ғылыми мақала және баяндама жазуға баулып, БАҚ-та жариялауға үйретті.
Редакция тарапынан орасан зор еңбектің жемісін бағалап, нәтижесінде белсене қатысқан мұғалімдерді «Шығармашыл, тәжірибелі ұстаз» төсбелгісімен, диплом, Алғыс хаттармен марапаттады.

Читать далее

Республикалық семинарға қашықтан қатысушы ұстаздар пікірлері


Түркістандағы семинарға қашықтан қатысушы ұстаздардың бірнеше пікірлерін жариялап отырмыз. Қазіргі уақытта қашықтан қатысушы ұстаздарға сертификаттары әзірленуде.

3 желтоқсанда өтетін Қостанай облысы, Таран ауданында өтетін Республикалық семинарға қатысуға шақырамыз.
Ал, 14 желтоқсанда Қостанай облысы, Рудный қаласында семинар өткізілу үшін әзірленуде. Читать далее